Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:19, доклад

Описание

Қайта жаңғыру мөдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мөдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

Работа состоит из  1 файл

Қайта жаңғыру мәдениеті.docx

— 47.87 Кб (Скачать документ)

Итальян Ренессансындағындай  Германияда да ең озық дамыған өнер саласы — сурет салу болды. Бұл  салада Альбрехт Дюрер (1471—1528 жылдары), кіші Ганс Гольбейн (1497—1543 жылдары) сияқты дарынды суретшілердің мерейі үстем болды.

Дін

Александр VI

Германияда гуманизм идеялары XV ғасыр ортасыңа қарай тарай  бастады және оларды негізінен прогрессивтік  интеллигенция мен жоғары оқу  орындарының ұстаздары қолдады. Немістің жаңғыру мәдениетінің қалыптасуында  экономикалық факторлар: тау-кен өндірісінің  дамуы, кітап бастыру ісінің жолға  қойылуы мен тоқыма өнеркәсібінің  қарышты қадамы айрықша рөл атқарды. Шаруашылық саласына тауар-ақша қатынастарының еркін енуі және Германияның жалпы  Еуропалық нарықтық процестерге  араласуы адамдардың сана-сезімін өзгертті. Сонымен қатар саяси ыдыраңқылық  жағдайларындағы Германияның өзінде де католиктік шіркеуге, оның озбырлық әрекеттеріне қарсылық күшейе түсті. Сондықтан  да, шіркеуді қайта құру жолындағы  күрес неміс жерінде қарқынды жүргізілді. Осы орайда Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы — Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірінің бастамасы болды. Бұл аударма жүмысы 20 жылға созылды және осыдан кейін іле-шала Библия (Ӏнжіл) ағылшын, француз және т.б. тілдерге де аударылды. Библияның неміс тіліне аударылуы — немістің ортақ әдеби тілінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірі Реформациямен (католиктік шіркеуді реформалау жолындағы қозғалыспен) тығыз байланысты болды. Реформация жолындағы бұл қозғалысты Мартин Лютердің өзі басқарды.

Еуропаның басқа бір елі  — Испанияда Қайта жаңғыру  дәуірі басқа елдерге қарағанда  қарама-қайшылықтарға толы болды. Мұнда  гуманистер католицизм мен католиктік шіркеуге қарсы шыққан жоқ, өйткені оған Испанияда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай өз әсерін тигізді.

Философия

Немістің гуманистік әдебиетінің  белгілі өкілдерінің бірі — Иоганн Рейхлин (1455—1522 жылдары) — «Письма темных людей» деп аталатын атақты сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды.

Нидерландыдағы Қайта  жаңғыру мәдениетінің алыбы Эразм Роттердамский (1496—1536 жылдары) болды. Ол өзін «әлемнің азаматымын» деп атады. Эразмның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі әңгіме» сияқты өмірдің сан-саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Испанияға, Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер мен князьдердің, феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп халыққа қайғы-қасірет әкелетін соғыстарды сынға алды. Бұл түста Нидерландының ұлттық гимнінің авторы Филип Альхонде, суретшілер Питер Брейгел (1525—1569 жылдары), Франс Хале (1580—1660 жылдары) және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландының мәдени өмірінің басты ерекшелігі — қалаларда ғана емес, сонымен қатар, шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьеса, әңгіме шығарудан өнер сайысына түсетін болды. Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне үлкен үлес қосты.

Англияда гуманистік идеялардың орталығы — Оксфорд университетінде өз заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары — Гросин, Линакр, Колет және т.б. жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы Томас Мордың (1478—1553 жылдары) есімімен тығыз байланысты болды. XVI ғасыр бірінші жартысында көркем әдебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. XVI ғ. Лондонда байлар үйлеріндегі жеке меншік театрларды есептемегенде 9 театр жұмыс істеді.

«Глобус» театры

Солардың ішіндегі ең ірісі  — «Глобус» театры — ағылшын  халқының ұлы драматурга, ағылшын  Ренессансының алыбы — Вильям Шекспирдің (1564—1661 жылдары) шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Ерекше атап өтетін бір жайт, ағылшын театрларына барлық сословиенің өкілдері — ақсүйектер де, шенеуніктер де, көпестер де, жұмысшылар мен шаруалар да, қолөнершілер де бара алатын, сондықтан да болар, театр өнерінің өрге басуы, оның демократиялық сипаты — ағылшын қоғамындағы демократиялық жүйенің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Шекспирдің шығармашылығы гуманистік идеяларға толы болды. Оның қыл қаламынан шыққан «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих VI», «Ричард III» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды. Жалпы алғанда, Жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің атымен тығыз байланысты. Ол театр саласындағы реалистік ағымның жаршысы болды. Дүние жүзіндегі барлық театрлар Шекспир мектебінен өтті, ал бұл тамаша дәстүр бүгінгі заманда одан әрі жалғасуда. Жаңа тарихи жағдайда театр әрбір халықтың, әрбір мәдениеттің тынысын жан-жақты беруге талпыныс жасады. Театрлар қойылымдарында, әсіресе Шекспир қойылымдарында этикалық кең құлаш байқалды, әлеуметтік сатира мен өмірлік реализм басты орынға шыға бастады. Ең бастысы — бұл қойылымдарда халықтық рух басым болды.

Жаңғыру дәуірінің қарсаңында Испанияда ұлт-азаттық қозғалыстың  нәтижесінде елдің ұлттық бірігуі  жүзеге асырылды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол астында болған испаңдықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталғанды. Осы бір азаттық  күрес заманында «рыцарьлық»  романдар кеңінен тарады. Бұл жанрдың  негізін қалаушы атақты трагедиялық комедияның «Селестинаның» авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша өдеби дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы, мәңгі өшпес туынды — «Дон-Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес пен «История жизни пройдохи» деп аталатын әйгілі романның авторы, жазушысыншы Франческо де Кеведо (1580—1645 жылдары) одан әрі жалғастырды. Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы, Шекспирмен қатар «Дәуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе де Вега (1562— 1635 жылдары) дүниежүзілік драматургия саласында алдыңғы қатарда болды. Оның атақты туындылары «Би мұғалімі», «Валенсия жесірі», «Құмыра көтерген қыз», «Ақымақ қыз» — халық көңілінен шықты.

XVI ғасыр ортасында Реформациялық  қозғалыстың жеңіске жетуі ұлттық  мәдениеттің жандануына зор ықпал  тигізді. Германияның музыкалық  мәдениеті де сансалалы бай  болып келеді. Әншілік өнермен  қатар балет, опера жанрлары  да қалыптаса бастады. К. Пауман, П. Хопхаймер, Г. Изак сияқты ұлы композиторлар таңғажайып музыкалық шығармалар берді.

 

 

 

Жоспары:

І. Кіріспе:

1) Қайта өркендеу мәдениеті (Ренессанс)

Негізгі бөлімі:

1) Италияндық қайта жаңғыру  дәуірі мәдениеті

2) Қайта өркендеу әдебиеті

3) Қайта өркендеу дәуіріндегі бейнелеу өнері

4) Қайта өркендеу дәуіріндегі  дін және философия

Қорытынды бөлімі:

1)Қайта өркендеу дәуірінің  мәдениетінің мәдениеттегі орны

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

2. Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8

    3. Драч Г.В. Культурология. — Ростов-н/Д., 1995. — С. 217.

    4. Любимов Л. Батыс Еуропа өнері. — Алматы, 1982. — 184-бет.


Информация о работе Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)