Абылай хан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 18:34, реферат

Описание

Қалмақтар қандыбалақ жекпе-жек шайқастың жүлдегері, қан майданда қазақтың талай батырын мерт қылған Қалдан Сереннің үлкен баласы Сары Манжаны (қазақтар оны Сарша, Шаршы деп атап кеткен) шығарады. Екі мәрте қалмақ батырының күші асып, қазақ қолының сағы сынады. Сол кезде Әбілмәмбет хан: «Батырлар қайда мына иттен кек алатын!» – деп айқай салады.Сабалақ осы қанды майданда алғаш рет көзге түседі. Жекпе-жекке шығып, Шаршы батырды өлтіріп, жауға «Абылайлап» ат қояды. «Кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып, тұйғынша түйіліп, үш кіріп, үш шыққанда қалмақ торғайдай тозып, іріген ірімшектей бытырап қаша жөнелді», – дейді халық аңызы.

Работа состоит из  1 файл

Абылай хан.doc

— 26.00 Кб (Скачать документ)

Абылай  хан

(1711-1781) 

       Абылайдың азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі «қанішер» Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Түркістанды қалмақтар басып алғанда Көркем Уәли өліп, Әбілмансұр далаға қашып шығады да, аман қалады. Әбілмансұр барған жерінде ата-тегін жасырып күн кешеді. Бұл туралы Абылай заманынң шежіресі Бұқар жырау: 

            «Ай Абылай, Абылай,

            Сені мен алғаш көргенде

            Тұрымтайдай ұл едің,

            Түркістанда жүр едің...

            Қалтақтап жүріп күнелткен

            Түйесін баққан құл едің...— 

деген. Шашы өскен, қара тұмақ киген, жұпыны киімі  бар балаға сонда Төле би «Сабалақ»  деп ат қойыпты.

       Абылай 22 жасқа шыққанда Төле биге сәлем  беруге келген Бөгенбай батырмен кездесіпті. Бөгенбай қалмақтарға барлауға барғанда Сабалақты бірге ала кетеді. Бөгенбай өте сыншыл жан екен: адамның да, малдың да асылын бір көргенде таниды екен. Сабалаққа батасын беріп, астындағы Нарқызыл деген тұлпарын ұсынып: 

            Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің,

            Мінезің қазақтағы хан  екенсің.

            Жазғы салым қалмаққа аттанамыз,

            Соған да керек болар  жан екенсің!— 

депті.

       1733 жылы Уса Серен бастаған жоңғар қолы Қара Ертіспен келіп, Зайсанға, Аягөзге жетіп, Қарқаралы, Баянауыл тауларынан асып, Кәрітауға ат басын тірейді. Қабанбай мен Бөгенбай бастаған Орта жүз қолы Өлеңті өзені мен Кәрітау арасындағы жалпақ аңғарда жаумен шайқас салады. Шығыс дәстүрі бойынша, шайқас жекпе-жектен басталады. Қалмақтар қандыбалақ жекпе-жек шайқастың жүлдегері, қан майданда қазақтың талай батырын мерт қылған Қалдан Сереннің үлкен баласы Сары Манжаны (қазақтар оны Сарша, Шаршы деп атап кеткен) шығарады. Екі мәрте қалмақ батырының күші асып, қазақ қолының сағы сынады. Сол кезде Әбілмәмбет хан: «Батырлар қайда мына иттен кек алатын!» – деп айқай салады.Сабалақ осы қанды майданда алғаш рет көзге түседі. Жекпе-жекке шығып, Шаршы батырды өлтіріп, жауға «Абылайлап» ат қояды. «Кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып, тұйғынша түйіліп, үш кіріп, үш шыққанда қалмақ торғайдай тозып, іріген ірімшектей бытырап қаша жөнелді», – дейді халық аңызы.

       Сабалақ осы жеңістен кейін Абылай атанады. Ол атқа заңдылық берген Әбілмәмбет хан. Жеңіске жеткен белгісіз батырды хан өзіне шақырады. Сол сәт Көкбай ақынның дастанында былай суреттеледі.  

           «Шырағым неге шаптың «Абылайлап»?

           Босады жүйкем қатты, ағамды ойлап.

           Әкең кім? Ел-жұртың кім? Туғаның кім?

           Жөніңді бастан-аяқ айтшы  жайлап».

           Бала айтты: «Қазақ-қалмақ ерегесі,

           Мұндайда ердің қозар  делебесі.

           Қысылған соң аузыма түсіп кетті

           Атам – Абылай, мен  болам – немересі». 

       Әбілмәмбет  «Ой, бауырым!» деп, Сабалақпен жылап  көрісіп, табысып, «тақ иесі – осы» деп өзінің орнын береді. Ал, анығында Абылай бірден хан болмаған, үлкен беделге ие болып, сұлтан атанып, Әбілмәмбетпен билікті қатар жүргізді. Хан болып 1771 жылы, Әбілмәмбет дүниеден өткен соң ғана сайланды.

       Абылай  отызға жетпей, алғыр, жігерлі, қайрат-қуаты мол кезде ел билігіне араласады. Әкеден балаға, баладан немереге, одан шөбере-шөпшекке жеткен атадан қалған сөз бойынша, Абылай шапшаң, кескінді, ашаң жүзді, күлсе өмір бойы қабақ шытпайтындай, ал қаһарға мінсе өмірі күлмейтіндей адам болыпты.

       Абылай  көп ойланып, көп толғанып, төніп  келе жатқан тәуелділіктен құтылудың  бір-ақ жолы барын жақсы түсінді. Ол – ел бірлігіне қол жеткізу  және әлде кімдер басына алмайтындай  қазақтың қарулы күшін құру еді. Бұл  мақсатты арманын белгілі дәрежеде жүзеге асырды деуге болады. Үйсін Төле би, Қаз дауысы Қазыбек, Бұқар жырау оның ақылшыларына айналды. Ханның қамал бұзған батырлары, ел қорғаны Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Уақ Сары, Баян батыр, Олжабай батыр, Тарақты Байғозы, Шанышқылы Бердіқожа, Балтакерей, Тұрсынбай батыр, Жанатай, т.б. болған.

Информация о работе Абылай хан