1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы. Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 22:25, реферат

Описание

Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.
Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.

Работа состоит из  1 файл

Мектептің революциялық қайта құрылуы және.docx

— 28.14 Кб (Скачать документ)

        Мектептерді педагогикалық кадрлармен  қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық  институттардың, техникумдардың және  педагогикалық курстардың желісі  артты. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің  материалдық жағдайы жақсарды.

        30-жылдары жетіжылдық және орта  мектептердің желісінің тез қарқынмен  өсуімен ондағы оқушылардың санының  артуымен сипатталады, негізінен  жоғары және орта сыныптардың  (Ү-Х) есебінен. Жетіжылдық мектептердің  саны 1927-28 оқу жылы 6554 тен 1937-38 оқу  жылы 34199-ға жетті. Орта мектептердің  саны соған сәйкес 1775-тен 9909-ға  өсті. Оқушылардың жалпы саны 11466 мыңнан 1927-1928 оқу жылында 29562 мыңға  дейін 1937-1938 оқу жылында өсті. 

     Мектеп  туралы қаулылар.

        30-жылдардың бас кезінде орта  және жоғары мектеп туралы  партия мен үкіметтің бірнеше  қаулы-қадарлары қабылданды. Бұл  қаулылар орта және жоғары  мектептің дамуы мен оның оқу-тәрбие  жұмысын қайта құрудың және  педагогика ғылымының теориялық  жетістіктерін айқындап берді.  Сонымен қатар біз бұл партия  мен үкіметтің қаулыларына баға  бергенде, кезінде елеуші кемшіліктер  жібергендіктен атап өткен жөн.

        1931 жылы 5 қыркүекте “Бастауыш және  орта мектеп туралы” қаулы  шыққаннан кейн мектеп оқушыларының  жалпы даярлығына мән беру  ерекше артты. Бірақ 4 наурыз 1937 жылы Халық ағарту комиссариатының  қаулысымен еңбек сабағы оқу  жоспарынан алынып тасталды.

        20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың  бас кезінде көпшілік политехникалық  мектеп туралы, мектептің өмірімен  байланысы кең өріс алған қозғалыс  Халық ағарту комиссариатының  саясаты мен мектеп тәжірибесінде  кеннеттен негізсіз өзгерістерге  әеп соқтырды. Мектеп пен педагогикалық  оқу орындарына өздеріне тән  емес міндеттер жүктелді: базалық  мекемелердің өндірістік жоспарын  орындауға қатысу, өндірісте тәртіп  нығайту үшін күрес, мәдени-ағарту  жұмыстарының белгілі көлемін  орындау. “Проект әдісі” педагогикалық  институттарда, техникумдарда әмбебеп  әдіс ретінде міндетті енгізілді. Қалыптасқан жағдай  “Бастауыш және орта мектеп туралы” (1931 жылы, 5 қыркүектегі) қаулының кезекті “бұрмалаушылықты” болдырмауда мәні орасан зор болды. Сонымен қатар қаулыда еңбекке оқыту және тәрбиелеу идеясына елеулі соққы беріліп, нұсқан келтірді. Екінші жағынан, қаулыда политехникалық білім беруді іске асыруда теория мен практиканың бірлігі мәселесіне ерекше мән берілді және бүкіл оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі оқу мен тәрбие мақсаттарына бағындырылуға тиіс екендігі атап көрсетілді.

        “Бастауыш және орта мектептің  оқу бағдарламалары мен режимі  туралы” (1932 жылы, 25 тамыздағы) қаулыда  мектепте оқу жұмысын ұйымдастырудың  негізгі түрі сабақ деп атап  көрсетілді. Ол оқушылардың бригадалық  жұмысын және басқа да оқу  жұмысының ұжымдық түрлерін қамтыды.  Бірақ осы қаулыда мақұлданған  оқу бағдарламаларының қағидалары  шығармашылық жұмысты қатаң көрсетілген  шектеушілік пен көптеген орындауға  тиісті талаптардың жағдайында  тежеп отырды.

        “Бастауыш және орта мектеп  туралы” қаулыда педагогикалық  жоғары оқу орындарында мектеп  пен мұғалімге әдістемелік көмек  беру жөнінде елеулі жұмыс  жүргізуді талап етті.

        1934 жылы 15 мамыр айындағы Халық  Комиссарлар Кеңесінің “Мектептерде  азаматтық тарихты оқыту туралы”  және “Бастауыш орта мектепте  жағырафияны оқыту туралы” (1935 ж) қаулыларына сәйкес кейбір  педагогикалық институттарда тарих  және жағырафия факультеттері  ашылды.

        1930 жылдары жалпыға бірдей бастауыш  білім енгізіле бастағанда, мектеп  жүйесі мен оқушылар саны тез  қарқынмен өсе бастады, осыған  орай мектептерді маман педагогикалық  кадрлармен қамтамасыз ету проблемасы  ерекше күн тәртібіне қойылған  мәселелердің бірі болды.

        Партия 1936 жылғы 4 маусымдағы “Халық  ағарту комиссариаты жүйесіндегі  педагогикалық бұрмалаушылықтар  туралы” қаулысында педагогикалық  ілім жалпы алғанда ғылым жат  ілім деп танылды. Бұл қаулыда  өрескел жіберілген кемшіліктердің  біріне педалогияны буржуазиялық  ғылым деп біржақты сынауын  жатқызуға болады.

        Педалогтарға тағылған ең негізгі  кінә -  олардың оқушылар арасында  зерттеу және тесті жүргізуін  “партия тарапынан бұрын сыналған”  жалған буржуазиялық әдіс деп  бағаланды. Оқушылардың ақыл-ой  дамуы мен дарындылығын зерттеу  үшін қолданылған бұл әдістерді  “оқушылардың қажетсіз, кеңес мектебінің  міндеттеріне қайшы келетін буржуазиялық, таптық педалогиялық ілімді кеңсе  мектебі жағдайына сын көзбен  қарамай енгізу” деп өрескел  бұрамаланған еді. Осы қаулының  негізінде көптеген педалогиялық  оқу орындары жабылып қалды.

        Қазіргі жағдайда сол кездегі  педалогтардың балалардың ақыл-ой  әрекетінің дамуы мен қабілеттілігін  зерттеу үшін қолданылған диагностикалық  зерттеу әдістерін де бүгінгі  мектеп тәжірибесінде балалардың  қабілетін дамытуда кеңінен қолданылуда.  Бұл қаулы 20-жылдардың бас кезінде  мектеп өміріне кеңінен енгізіле  бастаған әртүрлі оқу пәндерін, оқытудың белсенді әдістерін,  оның ішінде ынтымақтастық педагогика  идеясын қолдану бағытында дамуын 30-жылдары буржуазиялық педалогия  деп бағалаған болатын-ды.

        30-жылдардағы педалогиялық бұрмалаушылықтар  туралы қаулыда негізінен шәкірттердің  қабілетін дамытуға тиым салды. 70 жылдан астам уақыт кеңес мектебінде білім беруде формализм мықтап орын тапты. Қаулының кемшілігі барлық шәкірттерге бірдей білімнің деңгейін ұсына отырып, қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіншілігі болмады.

        20-жылдардың бас кезінде халық  ағарту саласында кең өріс  алған барлық, демократиялық қағидалар,  мейлі ол аяғына дейін ойластырылмаған,  кейбір кемшіліктері болғанымен, 30-жылдары Сталиннің жеке басына  табынудың қалыптасуы жағдайында  және әкімшілік бәрін жоққа  шығарды.

        Біз бүгін 30-жылдарда қабылданған  партия мен үкіметтің мектеп  туралы қаулыларын бағалағанда; 20-жылдардағы мектепке тән жаңашылдық  ізденістерді бірден-бір жоққа  шығарған құжат ретінде қарауымыз  керек.

        30-жылдардағы жоғары мектеп пен  орта мектептің жалпы білім  берудің қажетті деңгейін қамтамасыз  ете алмады, политехникалық білімді  ғылым негіздерін терең меңгеруден  бөліп қарастырды, оқушыларды жоғары  оқу орындары мен техникумдарға  түсуге даярлау міндеттерін жеткіліксіз  шешкен болатын-ды.

        Бұл кемшіліктерге қарамастан, 30-жылдардың  бас кезіндегі орта және жоғары  мектеп туралы қаулыларының Қазақстанда  мектеп жүйесі мен педагогикалық  кадрларды даярлауда ерекше роль  атқарды. 

     Кеңестік  педагогиканың қалыптасуы мен дамуы.

        Жаңа кеңестік педагогиканың  негізін қалаған халық ағарту  ісінің көрнекті қайраткерлері – Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский және басқалары болды.

        Кеңес педагогикасында алғашқы  жылдары тәжірибенің жалпы мақсаты  тұжырымдалды. Бұқара халықтың қызығуы  мен дүниеге келген жаңа қоғамның  қажеттілігін бейнелей келіп,  кеңестік педагогика буржуазиялық  педагогикалық теорияның дарашылдық, ұлтшылдық, бисаяси және басқа  да қағидаларына адамзаттық алдыңғы  қатарлы ойының ұлы идеяларын  қарсы қойды: гуманизм, ұжымшылдық, интернационализм, демократизм, жеке  тұлғаны жан-жақты дамытудың қажетті  алғышарттары және шарты ретінде  оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру.  Бұл идеялар белгілі “Бірыңғай  еңбек мектебінің мектебі туралы  ережелері” мен “Бірыңғай еңбек  мектебінің негізгі қағидалары”  тарихи мәні бар мемлекеттік  құжаттарында айқын көрініс тапты.  Бұл құжаттарда тәрбие мен  білім берудегі гуманизм және  демократизм, мектептегі өзін-өзі  басқарудың және шәкірттер мен  мұғалімдердің өзара жаңабілім  қарым-қатынасының идеялары бекітіліп  және педагогикалық тұрғыдан  негізделді.

        Тәрбие және білім беру мәселелері  қызу талқыланды, әсіресе, 20-жылдардың  бас кезінде жаңа экономикалық  саясатқа көшу аяқталуға жақындаған  кезде күшейе түсті. Бұл күрес  төмендегідей негізгі педагогикалық  мәселелердің төңірегенде болды:  тәрбие үрдісінің мәні, оның ненгізгі  бағыттығы, кеңес мектебінің мақсаттарымен  міндеттері қандай.

         Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау  “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі  қағидалары” атты диклорацияға  анық та айқын көрініс тапты.  Диклорация революцияға дейінгі  мектептерге тән тәрбиенің милитаристік  және ұлтшылдық бағыттарын қатты  сынға алды.

        Ұлтшылдық – шовенистік тәрбиеге  кеңестік педагогика патриоттық  және интернационалистік тәрбиені  қарсы қойды.

         Кеңестік педагогика өнерді баланың  танымдық қабілеттіктерін дамытудың  рухани бейнесін қалыптастырудың,  жоғары идеялы мен дүниеге  эстетикалық қатынастар ең күшті  құралы ретінде жоғары бағалады.

        20-жылдары педагогикадан алғашқы  кеңестік басшылық пайда болды.  Кеңес педагогикасын дамытуда  Павел Петрович Блонский (1884-1941) ерекше роль атқарды. Ал “Педагогика” (1922) және “Педагогика негіздері” (1925) оқулықтарын жазды. Осы жылдары А.П.Пинкевичтің “Педагогика” оқулығы жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары ескі педагогикалық мұраны қайта қарауға және тәрбие және білім беру мәселелерін жаңаша шешуге талпынды. Сонымен қатар олар аяғына дейін өздерінің кейбір ескі теориялық көзқарастарының шектелушілігін жеңе алады. Бұл ең алдымен тәрбие мәселесін анықтауға қатысты. Тәрбие балаға мақсатты, ұйымдасқан, ұзақ мерзімге әсер ету деп дұрыс түсіндірді, бірақ авторлар тәрбие үрдісінің тәрбиеші мен тәрбиеленушінің белсенді қарым-қатынасы үрдісі ретінде тәрбие үрдісінің екі жақтылық сипатын аталмады.

        П.П.Блонский мен А.П.Пинкевичтің  еңбектері кейбір кемшіліктеріне  қарамастан, педагогиканың дамуына  бір қадам алға басқандық болып  табылады. А.П.Пинкевич “Еркін тәрбие  теориясының” кейбір қағидаларын  сынға алғандығын атап айту  қажет.

        1927-1930 жылдарда кеңестік педагогикада  жан-жақты пікір талас өткізілді.  Пікір талас кезінде көптеген  өзекті мәселелер талқыланды: педагогиканың  әсер ету саласы, тәрбиенің қоғамдық  өмірдің басқа да құбылыстарымен  байланысы, бала дамуында ұйымдасқан  жеке стихиялық әсердің ролі. Кейбір педагогтар ұйымдасқан мектеп тәрбиесі үрдісін адамды әлеуметтік қалыптастырудың барлық үрдісімен бірдей қарастырды, ұйымдасқан тәрбие үрдісінің ролін кішірейту есебінен ортаның ролін асыра бағалады. Педагогика пәнінің басқа да дұрыс емес анықтамасы берілді.

        Педагогикалық пікір талас дидактика  мәселелерін жедел талдауға көмектесті. 1927 жылдың өзінде белгілі болды,  мектептерде енгізілген Мемлекеттік  Ғылыми Кеңестің (ГЗС) кешенді  бағдарламалары өзінің ғылыми  негіздерін көрсетті.

        Кеңестік дидактиканың негіздерін  талдауда Н.К.Крупскаяның еңбегі  ерекше. Ол тек ғана педагогиканың  бұл саласында жалпы мәселелерін  қарастырып қойған жоқ, сонымен  қатар жеке әдістеменің мәселелерін,  әрбір оқу пәнінің білімдік  және тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол жаратылыстануды оқытуға ерекше  мән берді, ғылыми-жаратылыстану  пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік  көзқарасын қалыптастыруда ерекше  роль атқаратындығын атап өтті.

        Оқыту әдістері мәселесіне тоқтала  келіп, жеке әдістемелер сабақта  оқушылардың белсендігін және  дербестігін қамтамасыз етуді  Крупская талап етті, оларды ұжымда  ұйымдасқан түрде әрекет етуге,  дәйектер мен құбылыстарға ізденіс  тұрғысынан қарауды қалыптастыруға  үйретті. Крупская мектептің міндеті  тек ғана оқушыларды біліммен  қаруландыру ғана емес, сонымен қатар олардың бақылағандығын, таным қабілеттіліктерін және белсенділігін дамыту, өз бетімен жұмыстың дағдысын, ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру екендігін атап көрсетті.

        20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық  және ғылыми қызметімен белгілі  болған кеңес педагогикасының  көрнекті өкілі Станислав Теофилович  Шацкий (1878-1934). Ол халықағарту ісінің  бірінші тәжірибе станциясын  ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы  жас кеңес педагогикасының негізгі  практикалық және теорияылқ міндеттерді  шеше білді. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы  еңбекпен ұштастыруға ерекше  мән берді.

        Еңбек мектебі құрылысының алғашқы  онжылдығында кеңес дидактикасы  бұл бағытта елеулі табыстарға  жетті. Сонымен қатар шетел  теорияларына сын көзбен қарамау,  сынып-сабақ жүйесін жоққа шығару, ауызша оқыту әдістерін менсінбеу,  оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің  ролін төмендету аңғарылды.

        Кеңестік педагогиканың алдына  бірінші күндерден бастап, балалар  ұжымын ұйымдастырмайынша, тәрбие  міндеттерін жемісті шешу мүмкін  еместігі белгілі болды.

Информация о работе 1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы. Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары