Салык кукыкбузушылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 04:07, реферат

Описание

Қоғам даму тарихында еш бір мемлекет салықсыз өмір сүрген емес. Себебі, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке белгілі бір ақшалай қаражат көзі қажет, ал олар тек қана салықтар арқылы ғана жүзеге асырылады. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі болғандықтан, оның уақытында және толығымен мемлекет қазынасына түсіп отыруы қазіргі нарықтық экономикадағы күрделі де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтанда, ондағы салық санкцияларын қолданудың маңызы өте зор.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………...3

Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану
Салық құқық бұзушылықтар және салық санкциаларының экономикалық мазмұны, алыптау ерекшеліктері...............................................................................5
Салық бақылауы салық әкімшілігінің негізі ретінде қолданылуы ...........15

Қорытынды................................................................................................................Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………...………...

Работа состоит из  1 файл

салык коргау.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

   Аймақтық мониторингке  жататын салық төлушілердің тізбесін  уәкілетті мемлекеттік орган  белгілейді.

  Мониторингке жататын  салық төлеушілер уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен салық есептілігін тапсырады.

 Фискальдық  жадысы бар бақылау-касса машиналарын  қолдану.

1. Қазақстан Республикасының  аумағында сауда операцияларын  жүзеге асыру кезінде немесе  қолма-қол ақша, банктік төлем  карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану және тұтынушының қолына бақылау чегін беру арқылы жүргізіледі.

Осы аталған ереже:

  • жеке кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа): қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі шеңберінде бір жолғы талон немесе патент негізінде жүзеге асыратындарының; егер салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бері алты ай өтпеген болса; қызметін шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратындарының;
  • салық төлеушілердің: қызметін осы Кодекстің 391-397-баптарында белгіленген арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратындарының; квитанцияларды, билеттерді, талондарды, пошта төлемі белгілерін немесе ҚР Қаржы министрлігі бекіткен нысан бойынша есептесу чектеріне теңестірілген қатаң есептіліктің басқа да құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсету бөлігінде жүзеге асыратындарының;
  • Адвокаттардың ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

Фискальдық жадысы бар  бақылау-касса машиналарын қолдану  мен пайдалану тәртібін ҚР Үкіметі  белгілейді. Фискальдық жадысы бар  бақылау-касса машиналары – тауарлар сату мен қызмет көрсету кезінде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тіркеу үшін пайдаланылатын, ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін, фискальдық жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) банктік компьютерлік жүйелер. Уәкілетті мемлекеттік орган ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін бекітеді.

Фискальдық жадысы бар  бақылау-касса машиналарын қолдану  кезінде мынадай талаптар қойылады:

  1. қызмет басталғанға дейін фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарын тіркеу қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында жүргізіледі;
  2. техникалық қызмет көрсетуге фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарын қою жүзеге асырылады;
  3. фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарының чегін беру жүзеге асырылады;
  4. фискальдық жадысы бар бақылау-касса машиналарына салық органдарының енуі қамтамасыз етіледі.

 

 

Қорытынды

 

Салықтар - мемлекеттің өмір сүруінің және қоғамның экономикалық, әлеуметтік өркендеуінің алғы шарттарының бірі болып табылады. Қоғамның даму тарихында ешбір мемлекет салықсыз өмір сүрмеген. Өйткені, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша өз функцияларын атқару үшін мемлекетке белгілі бір ақшалай қаражаттар қажет, ал олар тек салықтар арқылы жиналады. Салық және салықтық түсімдер еліміздегі мемлекеттік бюджетінің түсімдерінің 80%-ын құрауда. Осы қаржы бюджетке дұрыс түсу үшін салық заңының бүзылмауын, оның дұрыс орындалуын қадағалау қажет.

Кез келген салық жүйесіне тән қасиет - ол салық салудың ауыртпалығы болып табылады. Бұндай салық ауыртпалығының болуы - кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін төмендетеді және салықтан жаппай қашуға жағдай жасайды. Салықтық құқық бүзушылықтармен күресудің әдісі - ол салық санкцияларын қолдану больш табылады. Салық санкцияларын қолдану дегеніміз ол салық ауыртпалығынан салықты төлеуден жалтаруға қарсы күресудің алғы шарты негізінде туындап отыр.

Салық қызметінің ең басты функцияларының бірі - ол салықтардың уақтылы және толығыменен төленуін бақылау болып табылады. Яғни, салық санкциялары салықтардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ететін құрал болып саналады.

Көптеген мамандардың пікірінше, мемлекетте салықтарды жинау деңгейін тек фискалды органдардың жүргізетін қатаң бақылауына ғана емес, сонымен бірге, сәйкесінше заңды жетілдіруге сүйене отырып көтеруге болады. Салық заңын жетілдіру салық төлеушіге қысым жасамай салық салынуына бағытталу керек.

Қазақстанда алемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын превентивті шараларын дамыту керек. Біздің елімізде көбінесе салық берешектері салық заңын толығымен білмегендіктен, салық заңының күрделілігінен туындап отыр. Сондықтан, менің ұсынатыным салық төлеушіге тиімді, әрі түсінікті салық заңын құру, негізінен превентивті шараларды дамыту, салық органдарынң салықтарды жинау бойынша қзметін жақсарту, оларға еңбекақыны көбейту арқылы жемқорлыққа жағдай жасамау сияқты шараларды қолдану керек. Осы ұсынылған шаралардың бәрін қосып жүзеге асырған жағдайда, тиімді салық жүйесін құрып, еліміздегі экономиканы көтеру мәселесін біршама шеше аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ò.Ô.Þòêèíà “Íàëîãè è Íàëîãîîáëîæåíèå”. Ìîñêâà. “ÈÍÔÐÀ–Ì”,1999æ.
  2. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексі. 2005ж. 12 маусым
  3. Мельников В.Д., Ильясов К.К. “Финансы”. Алматы-2001ж.
  4. Инструкция N43 “Об административных положениях по налогам и другим обязательным платежам в бюджет” от
  5. Ô.Ñ.Ñåéäàõìåòîâà “Íàëîãè â Êàçàõñòàíå”. Àëìàòû,2002æ.
  6. К.А.Аттапханов “Фискальная система государства”. Алматы  “Ғылым”,1999ж
  7. ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû» ²ûëìûñòûº Êîäåêñi. 2006 æ.
  8. Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы”Кодекс.2005ж. 30 қаңтар.
  9. А.И.Худяков“Налоговое право Республики Казахстан”. Алматы, “Жеті Жарғы”,1998ж
  10. Налоги и налогообложение” под ред. В.Г.Князева, Д.Г.Черника Москва-“ЮНИТИ”,1997ж.
  11. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі жинақ. ( Жалпы бөлім) 2002ж
  12. Б.Аимаков “Становление и развитие налоговой системы Казахстана”//Вестник по налогам и инвестициям 2001ж.N3-4
  13. Материалы    периодических    изданий    «Бюллетень    бухгалтера», «Налогоплательщик».
  14. Қазақстан Республикасы Президентінің “Салықтар мен   бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Заң күші бар Жарлығы.   1997ж. 1 маусым.
  15. М.Т. Оспанов“Налоговая реформа и гармонизация налоговых отношений”.Санкт-Петербург, 1997ж.

1Ò.Ô.Þòêèíà “Íàëîãè è Íàëîãîîáëîæåíèå”. Ìîñêâà. “ÈÍÔÐÀ–Ì”,1999æ.

 

2 Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексі. 2005ж. 12 маусым

3Мельников В.Д., Ильясов К.К. “Финансы”. Алматы-2001ж.

 

 

4 “Инструкция N43 “Об административных положениях по налогам и другим обязательным платежам в бюджет” от

5 Ô.Ñ.Ñåéäàõìåòîâà “Íàëîãè â Êàçàõñòàíå”. Àëìàòû,2002æ.


Информация о работе Салык кукыкбузушылык