Салык кукыкбузушылык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 04:07, реферат

Описание

Қоғам даму тарихында еш бір мемлекет салықсыз өмір сүрген емес. Себебі, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке белгілі бір ақшалай қаражат көзі қажет, ал олар тек қана салықтар арқылы ғана жүзеге асырылады. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі болғандықтан, оның уақытында және толығымен мемлекет қазынасына түсіп отыруы қазіргі нарықтық экономикадағы күрделі де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтанда, ондағы салық санкцияларын қолданудың маңызы өте зор.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………...3

Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану
Салық құқық бұзушылықтар және салық санкциаларының экономикалық мазмұны, алыптау ерекшеліктері...............................................................................5
Салық бақылауы салық әкімшілігінің негізі ретінде қолданылуы ...........15

Қорытынды................................................................................................................Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………...………...

Работа состоит из  1 файл

салык коргау.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

4) Салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдер сомаларын ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылығының шотына салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;

5)  Нұсқамасы болған  ретте, тексерілетін зағды тұлға  мен жеке кәсіпкерлердің банк  шоттары бойынша жасалатын операцияларды, осы шоттарда ақша бар–жоқтығын тексеруге салық органдары қызметкерлерін жіберуге;

 

Уәкілетті органдардың  салық төлеушілерді тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі өзара әс-әрекеті.

Салық төлеушілерді тіркеу есебін жүзеге асыру кезінде салық қызметі органдары мынадай:

1. Заңды түлғаларды  мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді  және таратуды жүзеге асыратын;

2. Статистика жүргізетін;

3. Салық салумен байланысты  объектілерді және салық салу  объектілерін есепке алу және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын;  

4. Лицензиялар, куәліктер  немесе рұқсат беру мен тіркеу  сипатындағы өзге де құжаттарды  беретін;

5. Жеке тұлғаларды  Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты  жері бойынша тіркеуді жүргізетін;

6. Азаматтық хал актілерін  тіркеуді жүзеге асыратын;

7. Нотариаттық іс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;

8. Қорғаншылық пен  қамқоршылықты жүзеге асыратын  уәкілетті орындармен;

9. Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейтін басқа да  уәкілетті органдармен өзара  іс-әрекет жасайды.

Салық тексеруі – салық  қызметі органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.  Салық тексеруін салық қызметі органдары ғана жүзеге асырады.

Салық тексеруі мынадай  түрлерге бөлінеді:

  1. Құжаттық тексеру;
  2. Рейдтік тексеру;
  3. Хронометраждық;

Құжаттық тексеру мынадай  түрлерге бөлінеді:

  • Кешенді тексеру – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;
  • Тақырыптық тексеру – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жеке түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;
  • Қарсы тексеру – егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байлансты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жайғдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;

Рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге қатысты олардың Қазақстан Республикасының заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:

  1. Салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;
  2. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
  3. Лицензияның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;
  4. Акцизделетін өнімді өндіру, сақтау және сату ережесін сақтауы талаптарын орындауы мәселелері бойынша жүргізеді.

 Хронометраждық зерттеуді  салық органдары салық төлушінің  нақты кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргізді. Хронометраждық зерттеу уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.

Салық тексеруін жүргізу, Қазақстан Республиксының заң актілерінде  белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға тиіс.

 Салық органы заңды  тұлғаның өзіне салық тексеруінің  жүргізілуіне қарамастан заңды  тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін  тексеруге құқылы.

Салық тексерулері мынадай  мерзімділікпен жүргізіледі:

  • Кешенді – жылына бір реттен жиі емес;
  • Тақырыптық – салықтың және бюджеткке төленетін басқа да міндетті төлемнің белгілі бір түрі бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес.
  • Осы баптың бірінші тармағында көзделген шектеулер мынадай жағдайларда қолданылмайды:
  • Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу кезінде, сондай-ақ салық төлеушінің өтініші негізінде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда. Бұл орайда тексеру салық төлеушінің өтінішін алғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізілуге тиіс;
  • Жер қойынауы пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзімі өтуіне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізе кезінде ;
  • Қарсы тексеруді жүргізу кезінде;
  • Қайтарылуға қойылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығына салық төлеушінің өтініші негізінде тақырыптық тексеру жүргізу кезінде;
  • Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексерулер кезінде;
  • Нақты салық төлеушіге қатысты уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргізілетін кезектен тыс құжаттық тексеру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген негіздер бойынша.

Берілетін нұсқамаларда көрсетілетін салық тексерулерін жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Құрылымдық бөлімшесі  бар заңды тұлғаға салық тексеруін жүргізген кезде салық тексеруін жүргізудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

Ерекше күрделі мәселелерді  тексеру кезінде салық тексеруін  жүргізудің мерзімін салық қызметінің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлімшесі  жоқ заңды тұлға үшін елу жұмыс күніне дейін, құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін сексен жүмыс күніне дейін арттыруы мүмкін. Ерекше күрделі мәселелер салық қызметінің жоғары тұрған органының салық төлеушіге тапсырылатын негізделген жазбаша шешімімен расталады.

Салық тексеруін жүргізу  мерзімі құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық  төлеушіге беру кезі мен салық  тексеруін жүргізу кезінде сұралатын  құжаттарды салық төлеушінің табыс  етуі аралығындағы уақыт кезеңінде, сондай-ақ салық органының мәліметтер мен құжаттарды сұратып алу кезінде тоқтатыла тұрады.

Хронометраждық зерттеулерді жүргізу мерзімі уәкілетті мемлекеттік  орган бекіткен хронометраждық зерттеулер жүргізу тәртібіне сәйкес белгіленеді.5

Салық тексеруін  жүргізу негіздемесі.

1. Салық тексеруін жүргізу үшін мынадай деректемелерді:

  1. Нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;
  2. Нұсқама шығарған салық органының атауын;
  3. Салық төлеушінің толық атауын;
  4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
  5. Тексеру түрін;
  6. Тексеретін адамдардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын;
  7. Тексеру жүргізілетін мерзімін;
  8. Құжаттық тексерулер кезіндегі тексерілетін салық кезеңін қамтитын нұсқама негіздеме болып табылады.

2. Рейдтік тексеру  тағайындалған кездегі нұсқамада  аумақтың тексерілетін учаскесі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, көрсетілуге тиіс.

3. Тақырыптық, қарсы тексерулер  тағайындалған кезде нұсқамада  салықтың және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдердің  тексерілетін түрі көрсетіледі.

4. Нұсқамаға салық  органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрімен расталуға және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.

5. Тексеру мерзімі  ұзартылған жағдайда қосымша  нұсқама ресімделіп, онда бұдан  бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні көрсетіледі.

6. Бір ұйғарым негізінде бір ғана салық тексеруі жүргізілуі мүмкін.

Салық тексеруін  жүргізудің басталуы.

Салық төлеушіге (салық  агентіне) нұсқама берілген кез салық  тексеруін жүргізудің басталуы болып есептеледі. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамдарды салық төлеушіге (салық агентіне) қызмет куәлігін көрсетуге міндетті. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамы, рейдтік тексеруді қоспағанда, салық төлеушіге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды.

Рейдтік тексеру жүргізілген  кезде салық төлеушіге танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі  және оның көшірмесі табыс етіледі. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшірмесін алғаны туралы түпнұсқаға белгі қояды.

Салық төлеушінің (салық  агентінің) нұсқаманы алудан бас  тартуы салық тексеруін жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

Салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі  салық есептілігіне салық төлеушінің өзгерістер мен  толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

Салық тексеруі аяқталған  соң салық қызметі органының  лауазымды адамы мыналарды:

  • салық тексеруінің жүргізілген орнын, акті жасалған күнін;
  • тексерудің түрін;
  • салық қызметі органының салық тексеруін жүргізген лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын;
  • салық төлушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын не толық атауын;
  • салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін;
  • салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге тексеру жүргізуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын;
  • алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
  • тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін салық  төлеуші (салық агенті) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
  • Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығын егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;
  • салық тексеруінің нәтижелерін көрсете отырып, салық тексеруінің актісін жасайды;

Салық тексеруінің актісі салық төлеушіге тапсырылған  күн салық тексеруі мерзімінің аяқталуы болып есептеледі. Салық тексеруінің  аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеру актісіне тиісті белгі қойылады. Салық тексеру актісіне қажетті құжаттардың көшірмелері, салық қызметі органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салық тексеруі барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.  Салық тексеруі актісі кем дегенде екі дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды. Салық тексеруі актісі салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі, ол нөмірленуге, бау өткізілуге және салық қызметі органының мөрімен куәландыруға тиіс.

Салық тексеруі актісінің  бір данасы салық төлеушіге (салық  агентіне) тапсырылады. Салық төлеуші  салық тексеруі актісін алған  кезде оны алғаны туралы белгі  қоюға міндетті.

Камералдық  бақылау .

1. Камералдық бақылау – салық төлушілер берген салық есептілігін және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы жүзеге асыратын бақылау.

2.  Камералдық бақылау  тікелей салық органының орналасқан  жері бойынша жүзеге асырылады. 

Салық органы салық есептлігін қателіктер тапқан, салық есептілігінде келтірілген мәліметтердің арасынан қайшылық табылған, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес салық төлеушіге жіберілген қателіктерді өз бетінше жоюы үшін, сондай-ақ салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшуі үшін хабарлама жіберіледі.

Салық төлеушілер мониторингі .

1. Салық төлеушілер  мониторингі салық төлеушілердің  нақты салық салынатын базасын  анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнын қалыптастырудың негізділігіне талдау жүргізу, қаржы, валюта заңдарын, қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметін байқау жүйесін қолдану жолымен жүзеге асырылады.

2. Электронды мониторинг  – осы баптың 1-тармағында белгіленген  электронды қол қоюмен расталып, электрондық құжат нысанында  ақпарат беретін мониторинг түрі.

3. Салық төлеушілердің  мониторингі республикалық және  аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.

     Республикалық  мониторингке жататын салық төлушілердің  тізбесін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейді.

Информация о работе Салык кукыкбузушылык