Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2013 в 18:50, дипломная работа

Описание

Азаматтык құкығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқык теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз кажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категориянын, негізінде азаматтық құкығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құкық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.

Содержание

1. АЗАМАТГЫҚ ҚҰКЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ;
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ;
3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МӘМЛЕЛЕРІ;
4. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ;
5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ;
6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Работа состоит из  1 файл

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС.doc

— 146.00 Кб (Скачать документ)

      Мемлекеттік   тіркеу  қажетті  құжаттар    тіркеліп,   арыз  берген  кезден  бастап  15  күннен   кешіктірілмей   жүргізілуі  тиіс.

     Мемлекеттік   қауіпсіздікті,  құқық  тәртібін  қамтамасыз  етуді, қоршаған  ортаны,  азаматтардың  меншігін,  өмірі  мен  денсаулығын  қорғау  мақсатында  тауарлардың,  жұмыстың  немесе  қізметтің  кейбір  түрлерін  өндіру  мен  сату  істері  мемлекеттік  лицензиялар  арқылы  жүзеге  асырылады.

Лицензия  дегеніміз   шаруашылық  жүргізуші  субьектінің  белгілі  бір  қызмет  түрімен  айналысуға  немесе  белгілі  бір  іс-әрекет  жасауға  құзырлы  мемлекеттік  орган  беретін  рұқсат. Лицензиялар беру тәртібін, жоғарыда айтылған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі “лицензиялау туралы” заң күші бар Жарлығымен реттеледі.

      Лицензияланатын  қызметпен айналысу құқығына  лицензия қызметтінің осы түріне  қойылатын талаптарға біліктілік  деңгейі сай келетін субъектілерге беріледі. Лицензия беруді заң актілері мен Үкімет белгілеген мемлекеттік органдар жүргізеді.

                Азаматтық құқық қатынастарының объектілері.

       Мүліктік  және жеке мүліктік емес игіліктер  мен құқықтар азаматтық құқық  объектілері бола алады.

       Мүліктік  игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтын және қозғалатын мүліктер болып бөлінеді.

     Жылжымайтын  мүлікке: жер учаскелері, үйлер,  ғимараттар, көпжылдық екпелер және  жермен тығыз байанысты өзге  мүлік, яғни орнынан олардың  мақсатына сай емес шығынсыз  ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңізкемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі.Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге де мүліктер де жатқызылуы мүмкін.

     Жылжымайтын заттарға жатпйтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар, қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.

    Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасының құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.

     Азаматтық  құқық қатынастарының мазмұны,  бұл – біріншіден, осы құқық  қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері және екіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске асырудағы іс- қимылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

    1. АЗАМАТГЫҚ ҚҰКЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ;

2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ;

3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МӘМЛЕЛЕРІ

4. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ

5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж

 

А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.

 

Нарбинова, М, М, Зиятова, Ж. К. Конститутциялық құқық [Мәтін]: әдістемелік нұсқаулар / Шығыс Қазақстан мемлекет-   тік ун-ті.- Өскемен: ШҚМУ, 2003.- 50 б.

 


Информация о работе Азаматтық құқық