Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат

Описание

Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.

Работа состоит из  1 файл

УМК ХЖК готовый + .doc

— 917.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан мемлекеті азаматтық  проблемасын идеяландырудан, оған таптық тұрғыдан қараудан бірден бас тартты. Азаматтардың қоғамдағы жағдайларына (мүліктік, таптық, партиялық және басқа) тәуелсіз бірігуіне жұмылдыруда  мұның ерекше мәні бар. Сөйтіп азаматтарды бір – біріне қарама – қарсы әлеуметтік таптарға бөлу принціпі жойылды. Мемлекеттің әлеуметтік негізін оны өз меншігі деп есептейтін барлық азаматтары құратыны заңды түрде танылды. Бұл мемлекетке өте ауыр да күрделі жауаптылық жүктейді. Мәселе мынада, қоғамды әр түрлі мүліктік жағдай мен топтарға бөлу оларды бір – біріне жауласуға итермелейді.

 Азаматтықты әлеуметтік-саяси  құбылыс ретінде қарастырылған  жөн, өйткні ол қазіргі заманғы  мемлекеттіліктің құрылуы мен  өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мн мемлекеттің саяси және құқықтық байланысы ретінде түсінсек, онда құбылыстың тұтастық сипаты туралы мәселе түсіп қалды. Азаматтық оған тән барлық сипатты белгілрімен, қырларымен тұтас әлеуметтік – саяси құбылыс ретінде өмір сүруін тоқтатады және өзіндік жекелеген құбылысқа айналады. Мұндай жағдайда біз азаматтықтың мәнін, маңызы мен ролін, өркениетті мемлекеттің өмір сүруі жағдайында оның объективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айырыламыз. Оның үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы қатынастардағы барлық көріністерімен қатысты болады.

  Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен құқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына сілтеме жасаған жөн. Құқық пен құқықтық норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол құбылыстың бір бөлшегі. Құқықтың жеке нормасын алып, тіпті оны жан-жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекеттің құқықтық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. 

  Біз көрсетілген екі құбылысты (құқық және азаматтық) азаматтықты жекелеген азамат арқылы анықтаудың нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай-ақ азамат мәртебесі құқықпен емес, құқықтық нормалармен белгіленетін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге азаматтық ретінде оның мәні, ерекшелігі құқықпен, құқықтық жүйемен белгіленген.

  Азаматтықты тұтас саяси-құқықтық құбылыс ретінде қарастырған кезде ғана, тек оның демократиялық мемлекет жағдайында объективті қажеттілігін ғана емес, сондай-ақ оның мемлекеттің өзінің өмір сүруі мн дамуындағы мәнін де түсінуге болады. Азаматтық қоғамның табиғи – тарихи даму процесінің жемісі бола тұра, мемлекеттің әлеуметтік негізі болып табылады. Іс жүзінде азаматтық мемлкеттің өз тұрғындарының саяси – құқықтық көрінісі болып табылады. Ол мемлекет тұрғындарды тудырады және ол оның “меншігі” болып табылады деген сөз емес. Бәрінен бұрын, керісінше, тұрғындар мемлекетті құратын факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан азаматтыққа, азаматтықтың мемлекетке ықпал ету шамасын анықтап, белгілеу үшін саяси – құқықтық маңыз беріледі. Сөз жоқ, мемлекет те азаматтыққа осылайша ықпал етеді.Осы салада жүріп жатқан процестер түсінікті болу үшін, азаматтықтың кеңістік кезеңдегі саяси-құқықтық құбылыс ретінде қалыптасу ерекшелігін жалпылап болсада көрсеткн жөн. Осы процестің елеулі ерекшеліктерінің бірі азаматтық институтына таптық көз қарас болып табылады. Азаматтық институты да барлық әлеуметтік құбылыстар сияқты идеяландырылған. Ол Маркстік-Лениндік ілімге негізделген және социолистік емес мемлекеттерде танылған, жалпыәлеуметтік көзқарастан түбірімен өзгеше жаңа көзқарас болды. Бұл көзқарастың мәні неде?

Азаматтық институтына таптық көзқарастың мәні мынада, халық тарихи қалыптасқан біртұтас әлеуметтік қауымдастық ретінде қай тапқа жататындығына қарай екі бөлікке, еңбекшілерге және қанаушыларға бөлінді. Азаматтық институтына мұндай көзқарас өзіндік қана емес, прогрессивті, демократиялық және ізгі, тарихи болашағы мол көзқарас деп есептелді. Кеңес мемлекетінің азаматтық туралы заңдары нақ осындай идеялармен дамытылды. Алайда, азаматтық институты жоғарыда аталған қасиеттердің бірде – біріне ие болған жоқ. Біріншіден, азаматтықтың жартыкеш институты құрылды. Оның жартыкештігі азаматтардың екі бөлікке бөлінуінде, бір бөлігіне, яғни еңбекшілерге, формальды түрде құқықтар мен бостандықтардың бүкіл кешені берілді. Бұл бөлек толыққанды азаматтардеп танылды. Қайталап айтамыз, еңбекші азаматтар құқықтар мен бостандықтарды формальды түрде иеленді. Іс жүзінде еңбекші азаматтардың құқықтарымен бостандықтары елеулі дәрежеде бос қиял болды. Толық азаматтығы болмаған мемлекетте, тіпті елдің, мемлекеттің қожайындары деп жарияланғанымен, олардың толыққанды азамат болуы мүмкін емес. Бұл туралы кейін егжей-тегжейлі айтылады.

Азаматтардың екінші бөлігі елеулі дәрежеде құқықтарынан айырылды немесе құқықтары шектелді. Олар барлық саяси, көптеген әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен бостандықтарынан айырылды. Таңғаларлығы сол, халықтардың бұл бөлігі азаматтықтан аласталған жоқ, мемлекеттің азаматтары деп есептелді.

Азаматтық дегеніміз жәй саяси  – құқықтық құбылыс емес, ол азаматтық  қоғамның өз табиғатымен белгіленуі, тұтас болуы және азаматтылық сияқты биік ұғымда көрінуі тиіс. В.Дальдың анықтамасы бойынша – “білім ұғымы мен деңгейі азаматтық қоғам құру үшін қажет ”. 

Азаматтылық бір жағынан, ұлттық, сондай-ақ жалпы азаматтық мораль нормаларын, дағды, әдет, саяси-құқықтық  міндеттерді  игеруден, екінші жағынан, оларды жүзеге асыру қабілетінен көрінеді. Азаматтылық адам тек өзінің жалаң міндетін орындаған кезде ғана емес, сондай-ақ жеке басына келетін зардаптардан қорықпастан мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне қарсы тұрған кезде көрініс табады. Егер тұтас мемлекет, оның жекелеген органдары мұндай қылықтарды ізгі нитпен қабылдай алса, онда олардың өміршең, болашағы болғаны. Сондықтан азаматтылықтың жүйе негіздеушілік қасиеті бар. Азаматтылықтың мұндай қасиеті мемлекет пен азаматтардың арасында қалыптасатын саяси және құқықтық қатынастарда, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке бейтарап қатынасында жүзеге асырылады.

Кеңес мемлекетінің саяси және құқықтық қатынастары  ішкі қарама-қайшылықта болды, сондықтан азаматтылыққа қатыстының бәріне әсер етпеуі мүмкін емес еді. Бір жағынан, КСРО-ның жартылай құқылы азаматтары өтпелі кезеңде, барлық азаматтар 1936 жылдан кейін мемлекеттің уәкілетті органдарын қалыптастыру кезінде “жоғары” саяси белсенділік көрсетті. Бұл процеске азаматтардың барлығының біртұтас ойлап, саясатын біртұтас қолдануды ерікті түрде де, еріксіз түрде күштеу жолымен де жүргізген Коммунистік партия басшылық етті.  Мемлекеттің “халықтық” сипаты туралы мықты идеялық теперіш пен насихат азаматтардың маркстік саяси санасын қалыптастырды. Осы сананы өз “биігінде”қолдау үшін мемлекет азаматтардың барлығында “нысанада”ұстады, біресе азаматтардың үлкен тобына, біресе олардың жекелеген мүшелеріне қатысты саяси террор қолданды. Осындай жағдайда азаматтар санасының қалыптасыу бұлталаң сипат алды, отанды сатып кету мен саяси оқшаулану ұштасып кетті. Бүкіл құрылым (мемлекеттік, партиялық, кәсіподақтық, комсомолдық) саяси сананың тек жағымды жақтарын ғана атап көрсетті, оны сананың негізгі және бірден-бір қасиеті деп есептеді. Саяси оқшаулау туралы айтып қана қойған жоқ, оның мүмкіндігінде қалт жібермеді. Өкілетті органдардың кз келген сайлауы (Кеңестердің барлық буындарында), әсіресе, 1936 жылдан кейін барлық уақытта сайлаушылардың депутаттыққа кандидатқа жүз пайыз дерлік дауыс баруімен өтті. Бұл барша өкімет билігінің “органдар жоғары азаматтылық көрсетудің нәтижесінде қалыптасқанын”куәландыруы тиіс болды. Кеңестер формальды түрде басқа мемлекеттік органдарды – үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларын сайлайды. Сөйтіп, азаматтар мемлекеттік органдардың бүкіл жүйесін төте немесе жанама түрде “қалыптастырып”, “жоғары”азаматтылық көрсетті. Алайда, іс жүзінде бұл мұндайды тарих бдерінен табу қиынға соғатын бұлжытпайтын саяси алдау – арбау болды.

Жоғары азаматтылықты азаматтар  емес, мемлекет, оның органдары қалыптастырды. Құрылған мемлекеттік органдардың  бірден-бір саяси факторы коммунистік  партия, дәлірек айтқанда, партиялық  номенклатураның партия органдарына  басшылық жасаған шағын тобы болды. Бірақ, азаматтар осы құбылыстың мәнін жеке басқа табыну кезінде – ақ (Раскольниковтың Сталинге жазған атақты хатын еске алсақ та жетеді) түсіне бастағанымен не айтуға, не жазуға рұқсат етілген жоқ. Бұл туралы, жеке басқа табыну нәубеті ашылғаннан кейін тарихта болып өткен құбылыс ретінде, айтыла да, жазыла бастады. Кеңес азаматтарының саяси санасының шынайы болмысы туралы жазуға Кеңес мемлекеті таратылғанға дейін рұқсат етілген жоқ. Саяси өмір туралы, Комунистік партияның диктатурасы туралы шындықты батыл айтқан жекелеген азаматтар “өзгеше ойлайтындар” “диссиденттер”аталып, елден қуылды, азаматтығынан айырылды. Жоғары, шынайы азаматтылық көрсеткен мұндай азаматтар мұндай қасиеттен жұрдай адамдар ретінде көрсетілді. Мемлекетті нығайтуға тұрақты “қамқорлық” жасаған Комунистік партия дүниені кері айналдырып, сол мемлекетті ірітіп, ыдыратуға өзінің жағдай жасайтынын сезіне алмады. Адамдардың шағын тобының, тіпті миллиондаған азаматтарды саяси партияға біріктірсе де, өзі туып, өзі соған орныққан “тірегі”- шіріген мемлекетті ұзақ ұстап тұра алмайтынын ол санасына сіңіре алған жоқ. Ол тірек мемлекет пен партияның кінәсінен пісіп – жетілмеген азаматтылық еді. Кеңес мемлекетін фашизмнен қорғау кезінде азаматтардың жаппай көрсеткен азаматтылығын бетке ұстап, бұған қарсылық білдіретіндердің де кездесуі мүмкін. Алайда, мұндай қарсылық негізсіз. Аталған жағдайда азаматтардың жаппай ерлік көрсеткендері рас. Ол шынайы азаматтылық болды, бірақ ол мемлекетке емес, Елге, Отанға қатысты азаматтылық еді. Аталған жағдайда мемлекет үлгісінің үлкен мәнге ие болуы екіталай. Өйткені буржуазиялық мемлекеттердің де, (Англия, Франция, және т.б.) азаматтары сол мемлекеттерден гөрі, өз Отандарын қорғады. 1812 жылы патшалық қатал езгіге қарамастан Ресейді оның қол астындағыбарлық халықтар француздардың шапқыншылығынан қорғады.

Тиісінше, мемлекет және отан - әр түрлі  ұғымда, сондықтан оларға қатысты  азаматтылық сезімі де әр түрлі көрініс  табуы мүмкін. Егер азаматтардың көпшілігі  мемлекетті азаматтық қоғамның шын  мәніндегі ресми өкілі ретінде  қабылдаса, онда ол отан ұғымында ұғынылады. Егер мемлекет өзін - өзінің азаматтарына қатысты күштеу ұйымы ретінде ұстаса, онда саяси оқшаулану процесі туады және азаматтар мемлекетті отаннан дәл айырады. Кеңес мемлекетіне, КСРО-ға қатысты, оның мемлекеттік құрылу нысаны ретінде, азаматтар қайшылықты саяси көңіл күйлерін, сезімдерін, көзқарастарын білдіреді. Бір жағынан, олар мемлекетті қолдайтын, оның жасампаздық, жетілдіру және басқа процестеріне белсенді қатысатын сияқты көрінеді. Ал барлық мемлекеттік әкімшілік, басқару, өкілетті, құқық қорғау, шаруашылық, әскери және басқа органдарда тек азаматтар ғана емес, шетелдіктерде жұмыс істейді ғой. Тиісінше мемлекет тек құрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге азаматтардың күшімен өмір сүрді де. Екінші жағынан, мынадай сұрақ туындайды, ал азаматтар “өз” мемлекетінің тағдырына, оның тарихи болашағына қалай қарайды ? Бұл сұраққа Комунистік партияның аталған идеологтарының теориялық жауаптары дайын болды. Социалистік мемлекет ең прогресивті, демократиялық, гуманды мемлекет болғандықтан, ол бірте-бірте өзін-өзі басқаратын коммунистік қоғамға айналып, ұзақ өмір сүреді. Комунистік идеологтар ең басты факторды, социалистік мемлекет қоғамның табиғи – тарихи дамуы нәтижесінде емес, саяси құрылым жаңаруының объективті заңдылығынан тыс күштеу нәтижесінде пайда болғанын ескермеді. Сондықтан ол күштеу ұйымы ретінде құрылғандықтан, күштеу саясатын тұрақты жүргізді. Оның құрылуына, оның күштеу қызметіндегі сияқты, азаматтардың елеулі бөлігі қатысты. Кеңес мемлекетінің жасампаздығы мен өміршеңдігі азаматтылықтың елеулі түрдегі ізгі және прогрессивті көрінісі емес, керісінше болды. Азаматтылық – табиғатында прогрессивті құбылыс. Алайда, толыққанды азаматтылық болмағандықтан, оның сапасына (азаматтылыққа) да нұқсан келеді. Мұндай нұқсан тек мемлекет құрылымын жасақтауға ғана емес, сондай-ақ оның қызметі мен қызмет нәтижесінде де әсер етте. Өйткені күштеу, әділетсіздік мемлекеттің ресми өкілдері болып табылатын азаматтардың өздерінің, сондай-ақ жай адамдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Егер азамат мемлекет атынан сол мемлекттегі өз азаматтарын олардың кінәсіз екендігін біле тұра, қуғын-сүргінге ұшыратса, олардың азаматтық ар намысы бар деуге бола ма ?   Тіпті, олар алдау-арбаудың жетегінде кеткеннің өзінде олардың объективті түрдегі азаматтылық сезімі болған жоқ. Егер азаматтардың көпшілігі тұтастай халықтарға (чешендерге, ингуштарға, корейлерге, курдтарға, Қазақстанға күштеп көшірілген тағы басқаларына) көрсетілген күштеу саясатына қарсылық көрсете алмаған жағдайда болса, демек, олардың бойында азаматтылықтың толық қалыптасып болмағандығы.

Күштеумен өмір сүретін мемлекет іргесінің  берік болуы мүмкін емес. Азаматтық  институтын сөз жүзінде жариялай және тани отырып, Кеңес мемлекеті  тұрақты түрде іріткі салып, азаматтылық  сезімнің қалыптасуына іс жүзінде мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, ол өз азаматтарының саяси оқшаулануына белсенді түрде ықпал етіп қана қойған жоқ, сонымен бірге өз көрін қазуға әзірледі.

Кеңес мемлекеті қазақ халқының да елеулі бөлігінің азаматтылық  сзімін қалыптастыра алмады. Өкінішке орай, қазақ халқы толық мәніндегі біртұтас ұлттық психологиясы бар ұлтқа айналған жоқ. Қазақ халқының рулық қатынастар белгісі ретінде, жүздерге бөлінуі қазақтардың саяси санасына елулі түрде әсер етті және мемлекеттік органдарды қалыптастыру және оларды жұмыс істесттіру процесінде көрініс тапты. Әрине, бұл прогреске қарсы және жағымсыз әсер еді, сондықтан ұлттық азаматтылыққа қызмет ете алмады. Кадрларды мемлекеттік қызметке тиісті қызметтерді ойдағыдай орындауға қажетті объективті және субъективті қабілеттеріне қарап емес, рулық белгілері бойынша өсіру мемлекеті, оның органдарын нығайтпайды, ыдыратады. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар қызметін жалпы ұлттық мүддені басшылыққа алып емес, шағын топ адамдарының мүддесін көздеп жүргізеді. Әрине, мұның бәрінің бетін ащу оңай емес еді, сондықтан олар ірітуші фактор ретінде жасырын әрекет етті, атап айтқанда, мұнсыз мемлекеттігін нығайта алмайтындығын ғана емес, тіпті одан айрылып қалуы да мүмкін екндігін саналы түрде сезінген, қазақ халқының азаматтық тұтасуына мүмкіндік бермеді. Іс жүзінде, осы мемлекеттіліктің қаз тұруы, қалыптасуы, өмір сүруі үшін бірнеше ұрпағы еңбек ете отырып, басқа ұлттың адамдары сияқты, қазақ халқы да одан айырылды. Өздерінің азаматтық күш – қуатын тотолитарлық мемлекетті құруға арнады, өздерінің қайғылы тағдырын олар өз қалдарымен жасады деп ешкімнің де оларды кінәлауға құқы жоқ. Социалистік мемлекет тарихтың өмірге мезгілсіз келген туындысы болды. Сондықтан табиғи – эвалюциялық жолмен туған мемлекеттерге тән көптеген қасиеттер онда болған жоқ. Ең бастысы – ол өзіне берік әлеуметтік база жасай алмады, рухани үстемдікпен біріккен социалистік мемлекеттілік идеясына, ол идея қоғамдық көңіл –күйге тұрақты түрде сіңірілсе және ол адамдардың  санасында толық салтанат құрғандай әсер қалдырса да, берілген ұрпағын тәрбиелеп, қалыптастыра алмады. Іс жүзінде шынайы азаматтылық көрсете отырып, Кеңес адамдары мемлекеттің тәуелсіздігін қиян – кескі шайқаста сақтап қалды, экономиканың өркендеуі, және басқа салаларда ерлікке тән қайрат жұмсады. Алайда, азаматтық рухы, біріншіден, оның зардап шегуінен,екіншіден, мемлекеттің қаблетті екендігін дәлелдеуге қабілетсіздігінен бірте-бірте сөне бастады. Мемлекеттік билікті иеленген бірден – бір саяси партияның қолындағы қуыршаққа айналған, өзінің объективті заңдарымен қалыптаспаған және соған сүйеніп қызмет істемейтін мемлекеттің қабілетті мемлекет болуы мүмкін емес. Сондықтан Кеңес мемлекеті іс жүзінде өзінің өмір сүруін тоқтатудан көп бұрын азаматтардың саяси санасында саяси ұйым ретінде жойыла бастады. Коммунистік партия мен Кеңес мемлекетінің басшылары мұны сезді және түсінді, сондықтан қоғамдық өмірді мезгіл – мезгіл реформалауға күш салды. 50 – 70 жылдары қоғамдық өмірді реформалау жөнінде күш – қуат жұмсалды. Алайда, бұл талпыныс діттеген жеріне жетпеді, өйткені ол саяси, экономикалық құрылымды түбегейлі өзгерту мақсатын көздеген жоқ. Ал бүкіл саяси құрылымды қайта құру  бастағанда социалистік мемлекет бұған шыдай алмады. Ол қайта құру, тағы да сол социалистік мемлекеттіліктен бас тарту мүмкіндігі “ойына кіріп те шықпаған ” данышпан Коммунистік партияның басшылығымен жоғарыдан жүргізілгендіктен осылай болған жоқ. Коммунистік партия күйреген кезде Кеңес мемлекеті өзінен - өзі тарады, содан соң мемлекеттік құрылым нысаны ретінде тек КСРО ғана емес, сондай – ақ ұйымның ерекше түрі ретінде социалистік мемлекеттің өзі тарап кетті. Тек сонда ғана жоғары рухты бойына сіңіргендей кеңестік азаматтылықтың зардабы мен жартыкештігі толық күйінде айқындалды. КСРО-ны біртұтас мемлекет ретінде сақтау мүмкіндігі туралы референдум өткізілгенде референдумға қатысушылардың 70 пайыздан астамы оны қостап дауыс берді. Біріншіден, сайлаушылардың үштен бірі дерлік КСРО – ның сақталуын қаламады. Бұл кеңестік кезеңде одақтық мемлекеттің сақталуын қаламаған азаматтардың осы бөлігінің саяси еркінің бұрын соңды кездеспеген шынайы көрінісі болды. Жасырын дауыс беру нәтижесінде КСРО – ның сақталуын қалаған миллиондаған адамдар, Ресейдің, Украинаның және Беларусь Республикпсының атынан үш “мемлекеттік пір” қол қойған Беловеж келісіміне қарсылық көрсеткен жоқ. КСРО – ны миллиондаған адамдар беймәлім дүниеге үнсіз шығарып салды. Бұрынғы партия басшылары өз азаматтарының еркін білдіруді қажет деп есептемеді. Кеңес азаматтарының азаматтылық рухы мен саяси санасының шынайы болмысын олар білді. Және дұрыс істеді. Екіншіден, социалистік мемлекет азаматтары ол мемлекетті сақтауды қалай ма немесе рыноктық мемлекет құрғысы келе ме оны сұраған жоқ. Мұндай жағдайда, одан әлдеқайда мәні бүкіл мемлекеттік тетікті социалистік мемлекетке мүлдем қарама – қарсы принцептермен қайта құруға келіп тірелді. Дұрыс ойлай білетін адамдардың бәрінеде түсінікті әңгіме бай да, кедей де, аш та, тоқ та, басқалары да болатын капиталистік қоғам жөнінде еді. Міне, нақ осы жерде социалистік азаматтылық идеясының қабілетсіздігі ашылды. Социалистік мемлкеттің азаматтылығы болған жоқ, социалистік азаматтылық идеясын сақтап қалуға қабілетті, жоғары патриоттық рухтағы азаматы да болған жоқ. Бұл заңсыз өмірге келген мемлекеттің мейлінше заңды мәресі еді.

Қазақстан мемлекеті азаматтық проблемасын идеяландырудан, оған таптық тұрғыдан қараудан бірден бас тартты. Азаматтардың қоғамдағы жағдайларына (мүліктік, таптық, партиялық және басқа) тәуелсіз бірігуіне жұмылдыруда мұның ерекше мәні бар. Сөйтіп азаматтарды бір – біріне қарама – қарсы әлеуметтік таптарға бөлу принціпі жойылды. Мемлекеттің әлеуметтік негізін оны өз меншігі деп есептейтін барлық азаматтары құратыны заңды түрде танылды. Бұл мемлекетке өте ауыр да күрделі жауаптылық жүктейді. Мәселе мынада, қоғамды әр түрлі мүліктік жағдай мен топтарға бөлу оларды бір – біріне жауласуға итермелейді. Мемлекет тек төрелік міндетін ғана атқарып қана қоймай, қоғамдағы күштердің тепе – теңдігін де қамтамасыз етуі тиіс.Саяси экономикалық, әлеуметтік және басқада құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға мүмкіндігі барлардың ғана өздерін толық азаматтарша сезініп, ал әлеуметтік жағынан әлсіз адамдардың өгей баладай сезінбеуіне қоғам тұрақты түрде қамқоршы болуы қажет. Әрине, азаматтардың мүліктік жағдайы әркелкі қабатына бөлінген қоғамда толық құқылық, тең құқылық мүмкіндігі – шартты құбылыстар. Ауқатты азаматтар құқықтық мүмкіндіктерді көбірек пайдалана алады. Мұны жасыруға болмайды.Мұндай ниеттің шынайлылығына, нақ мемлекеттің қолдауына мұқтаж адамдардың көз жеткізгендері жөн. Заң демократиялық, гуманды азаматтардың тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарды әлеуметтік тұрғыда қолдауды көздейтін болуы тиіс. Осындай “нысандағы” заңды әзірлеу мен қолдау ғаламат күш жұмсауды талап етеді. Екіншіден, жалаң теңдік жасау – жартыкеш іс, ең бастысы – нағыз тепе – теңдікті қамтамасыз ету. Сыртқы белгілері бойынша Кеңес заңдарының әлемдегі ең прогрессивті заңдардың бірі болғаны белгілі. Бірақ ол тап ойдағыдай жұмыс істеген жоқ. Сайлау жөніндегі заңдардың барлық демократиялық алғышарттары болды, бірақ сайлаушылардың шын еркін білдірмегендіктен сайлау көзбояушылықпен өтті. Кеңестердің “халық өкілдерінен” тұрған барлық буындары бар биліктің иесі саналғанмен, іс жүзінде партия органдарының айтқандарын орындайтын жалған органдар болды.        

Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді. Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси – құқықтық байланыс ұғынылады.

  “Азаматтық” ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады; 1) адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды. 2) адамның мемлекетпен байланысы саяси – құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез – келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады. 3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.

Информация о работе Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша