ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 09:26, реферат

Описание

Осы стандарт 1998 жылғы 1 шiлдеден және сол күннен кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржы есептiлiгi үшiн күшiне енгiзiлдi. 1999 жылғы мамырда 10-“Баланс күнiнен кейiнгi оқиғалар” ХБЕС-н қабылдау нәтижесiнде (1999 жылғы редакция) осы стандарттың 63 (с), 64, 65 (а) және 74(с)-параграфтарына өзгерiстер енгiзiлдi. Аталған өзгерiстер 2000 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын жылдық қаржы есептiлiгi үшiн күшiне енгiзiлдi. ТТК-нiң мынадай түсiндiрмелерiнiң 1-ХБЕС-на қатысы бар:

Работа состоит из  1 файл

1 ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты.doc

— 47.00 Кб (Скачать документ)


                     1-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты

 

Қаржы есептiлiгiн ұсыну:

 

Осы стандарт 1998 жылғы 1 шiлдеден және сол күннен кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржы есептiлiгi үшiн күшiне енгiзiлдi. 1999 жылғы мамырда 10-“Баланс күнiнен кейiнгi оқиғалар” ХБЕС-н қабылдау нәтижесiнде (1999 жылғы редакция) осы стандарттың 63 (с), 64, 65 (а) және 74(с)-параграфтарына өзгерiстер енгiзiлдi. Аталған өзгерiстер 2000 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын жылдық қаржы есептiлiгi үшiн күшiне енгiзiлдi. ТТК-нiң мынадай түсiндiрмелерiнiң 1-ХБЕС-на қатысы бар:

 

     8-ТТК “ХБЕС-ын алғаш рет негiзгi есеп принциптерi ретiнде қолдану”

 

     18-ТТК “Жүйелiлiк – баламалы әдiстер”

 

     27-ТТК “Жалгерлiктiң заңдық нысаны бар операциялардың мәнiн анықтау”

 

     29-ТТК “Ақпаратты ашып көрсету - қызмет көрсетуге концессиялық келiсiмдер”

 

Кiрiспе

 

1.       Осы стандарт (1-ХБЕС (1997 жылғы редакция)) ХБЕС 1-“Есеп саясатын ашып көрсету”, 5-“Қаржы есептiлiгiнде ашып көрсетiлуге тиiстi ақпарат” ХБЕС және 13-“Айналымдық активтер мен қысқа мерзiмдi мiндеттемелер ұсыну” ХБЕС Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарын ауыстырады. 1-ХБЕС (қайта қаралған) 1998 жылғы 1 шiлдеде немесе сол күннен кейiн басталатын есеп кезеңдерi үшiн күшiне енгiзiледi, алайда, оның талаптары қазiргi стандарттардың талаптарына сәйкес келетiндiктен, оны көрсетiлген мерзiмге дейiн қолдану мақұлданады.

2.       Осы стандарт ол ауыстыратын стандарттардың талаптарын ХБЕСК “Қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну тұжырымдамасына” сәйкес келтiредi. Бұған қоса, ол Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары бойынша берiлетiн қаржы есептiлiгiнiң сапасын:

(а)     оның ХБЕС-на, ақпаратты ашып көрсету жөніндегі барлық талаптарды қоса, қолданылатын әрбiр стандартқа сәйкестiгi туралы мәлiмденетiн қаржы есептiлiгiне сәйкестiгiн қамтамасыз ету;

(b)     ХБЕС талаптарынан шегiнудiң барынша сирек жағдайлармен шектелуiн қамтамасыз ету (сәйкес келмеу мысалдары бақылауда болады және қажет болған жағдайда қосымша нұсқаулар шығарылады);

(c)     есептiлiктiң, есеп саясаты мен ескертулердiң және барлық иллюстрациялы қосымшалардың әрбiр негiзгi нысанына арналған ең төменгi талаптарды қоса, қаржы есептiлiгiнiң құрылымы бойынша нұсқауларды ұсыну және

(d)     кәсiпорын қызметiнiң мұндiлiгi, үздiксiздiгi, стандарт болмаған жағдайда есеп саясатын таңдау, жүйелiлiк және салыстырма ақпарат ұсыну сияқты мұселелер бойынша практикалық талаптар орнату (Тұжырымдаманың негiзiнде) есебiнен жақсартуға арналған.

3. Пайдаланушылардың пайдалар мен залалдар туралы есепте көрсетiлген “пайдаға” қарағанда неғұрлым кең өлшем жасалған “қызмет нәтижелерi” туралы неғұрлым толық ақпаратқа деген қажеттiлiгiн есепке алу мақсатында, осы стандарт қазiргi кезде пайдалар мен залалдар туралы есепте ұсынылмайтын басқа кiрiстер мен залалдарды қаржы есептiлiгiнiң негiзгi нысандарында көрсету жөніндегі жаңа талаптарды белгiлейдi. Есептiлiктiң жаңа нысаны меншiктi капиталды “дұстүрлi” мұқият тексеру ретiнде бағаналы нысанда, не қызмет нәтижелерi туралы жеке есептiлiк нысаны ретiнде ұсынылуы мүмкiн. ХБЕСК Басқармасы 1997 жылғы сәуiрде қызмет нәтижелерiнiң өлшем әдiстерiн және ұсынуды қайта қараумен принципiнде келiстi. Осы жобаға сәйкес, бәлкiм, алдымен қызмет нәтижелерi туралы ақпаратты ұсыну және ХБЕСК Тұжырымдамасына сәйкес ондай ақпаратты ұсыну мақсаттары арасындағы өзара байланыс қаралатын болар. Сөйтiп, ХБЕСК осы салада ұсыныстар әзiрлейдi.

4. Осы стандарт, банктердi, сақтандыру компанияларын қоса, ХБЕС-на сәйкес есеп беретiн барлық кәсiпорындарға қолданылады. Ең төменгi құрылымдар, оларды кез келген кәсiпорынның қолдауына ыңғайлау үшiн жеткiлiктi түрде икемдi етiп әзiрленген. Мысалы, банктер осы стандартқа және 30-“Банктердiң және сол сияқты қаржы мекемелерiнiң қаржы есептiлiгіндегі ақпараттарды ашып көрсету” ХБЕС неғұрлым егжей-тегжейлi талаптарына сай келетiн ақпарат ұсынуды әзiрлей алатындай болуға тиiс.

                                                                 Мазмұны

1-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты

Қаржы есептiлiгiн ұсыну:

1-“Қаржы есептiлiгiн ұсыну” Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты (1-ХБЕС) 1 – 104-параграфтарда және А Қосымшада баяндалған. Барлық параграфтардың күшi бiрдей, бiрақ ХБЕСК стандартының пiшiмiн сақтайды, ал бұл стандартты ХБЕСБ қабылдаған. 1-ХБЕС оның мақсаты контексiнде “Халықаралық қаржы есептiлiгi стандарттарына алғысөз” және “Қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну тұжырымдамасына” сабақтастыра оқу керек. Олар егжей-тегжейлi басшылық болмаған жағдайда есеп саясатын таңдауға және қолдануға негiздi қамтамасыз етедi.

Мақсаты

Осы стандарттың мақсаты кәсiпорынның алдыңғы кезеңдердегi өз қаржы есептiлiгiмен де, сондай-ақ басқа кәсiпорындардың қаржы есептiлiгiмен де салыстырмалы болуына қол жеткiзу үшiн жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiн ұсынуға негiз қалау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшiн осы стандартта қаржы есептiлiгiн ұсыну жөніндегі бiрқатар жалпы ескертпелер, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi талаптар айтылады. Жекелеген операциялар мен оқиғаларды тану, өлшеу және ашып көрсету басқа Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарында қарастырылады.

Қолданылу саласы:

1. Осы стандарт Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жасалатын және ұсынылатын жалпы сипаттағы қаржы есептiлiгiнiң барлық нысандарын ұсынған кезде қолданылуға тиiс.

2. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi олардың нақты ақпараттық қажеттiлiктерiне сай келетiн есептiлiктi талап етуге мүмкiндiгi жоқ пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге арналған. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi жеке өзi немесе, жылдық есеп немесе анықтамалық сияқты басқа ресми құжаттардың бiр бөлiгi ретiнде ұсынылатын есептiлiктi қамтиды. Осы стандарт қысқартылған аралық қаржы ақпаратына қолданылады. Стандарт жеке кәсiпорынның қаржы есептiлiгiне және бiр топ кәсiпорынның шоғырландырылған қаржы есептiлiгiне бiрдей қолданылады. Алайда ол Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сай шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн бiр құжаттың ұлттық талаптарға сәйкес бас кәсiпорынның қаржы есептiлiгiн, олардың әрқайсысын әзiрлеуге арналған база есеп саясаты туралы бөлiмде айқын ашып көрсетiлетiн жағдайда, ұсынуға кедергi жасамайды.

3. Осы стандарт, банктер мен сақтандыру компанияларын қоса, кәсiпорындардың барлық түрлеріне қолданылады. Банктер және осы стандарттың талаптарымен келiсетiн сол сияқты қаржы мекемелерi үшiн қосымша талаптар 30-“Банктердiң және сол сияқты қаржы мекемелерiнiң қаржы есептiлiгіндегі ақпараттарды ашып көрсету” ХБЕС-нда белгiленген.

4. Осы стандартта мақсаты пайда алу болып табылатын кәсiпорындар үшiн қолайлы терминология пайдаланылады. Сөйтiп, экономиканың қоғамдық секторының коммерциялық кәсiпорындары да осы стандарттың талаптарын қолдана алады. Осы стандартты қолданғысы келетiн экономиканың қоғамдық секторының коммерциялық емес, мемлекеттік және басқа кәсiпорындарына қаржы есептiлiгiнiң белгiлi бiр жолдарын қалыптастыруда және қаржы есептiлiгiнiң өзiне түзетулер енгiзу талап етiлуi мүмкiн. Ондай кәсiпорындарда қаржы есептiлiгiнiң қосымша компоненттерi ұсынылуы мүмкiн.

Қаржы есептiлiгiнiң мақсаты:

5. Қаржы есептiлiгi – бұл қаржы жағдайы мен кәсiпорын жүзеге асырған операциялардың құрылымдалған қаржы көрiнiсi. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы кәсiпорынның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ кәсiпорын басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi кәсiпорынның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:

(а)     активтер;

(b)     мiндеттемелер;

(c)     меншiктi капитал;

(d)     басқа кiрiстер мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар; және

(e)     ақшалай қаражаттың қозғалысы.

         Бұл ақпарат қаржы есептiлiгiне түсiндiрме жазбаға басқа ақпаратпен қатар пайдаланушыларға ақшалай қаражаттардың болашақтағы тасқынын және, атап айтқанда, уақытқа бөлудi және ақшалай қаражаттар мен олардың баламаларын iздестiрудiң айқындығына болжам жасауға көмектеседi.



Информация о работе ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты