Сыйға тарту шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 06:23, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Сыйға тарту шарты ұғымы .......................................................................... 6
1.2 Сыйға тарту шартының элементтері............................................................ 7
1.3 Сыйға тарту шартының нысаны................................................................... 9
1.4 Сыйға тарту шартының тараптары................................................................14

ІІ. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1 Сый алушының сыйды алудан бас тартуы..................................................16
2.2 Сыйға тартуға тыйым салу.............................................................................16
2.3 Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту.................................................17
2.4 Сыйға тартудың күшiн жою...........................................................................17

III. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

3.1 Сыйға тарту шарты бойынша тараптарының құқықтары мен міндеттері.19
3.2 Сыйға тарту шарты бойынша жауапкершілік..............................................20
3.3 Сыйға тарту шартының тоқталуы..................................................................21

Қосымша материалдар.......................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
СІЛТЕМЕЛЕР.......................................................................

Работа состоит из  1 файл

Сыйга тарту шарты - Азаматтык кукык.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта  нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.

       Нақты  сыйға тарту затын зат, құқық  түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық  мүлкiн немесе өзiнiң барлық  мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады.

Ф. Карагусовтың пікіріне назар аударуға турарлық. Ол азаматтық  құқықтың жекелеген объектісі бола алатын мүліктерды анықтап бөлу керек деген пікірді алға тартады.[12]

Қарастырылып отырған пікірдің методологиялық маңызы бар, ол тек сыйға тарту шартының сұрақтарын ғана емес, сонымен қатар басқа пәні (нысанасы) мүлік және мүліктік құқықтар болып табылатын шарттарды қарастыруда мәні бар. Сыйға тату шартының нысанасы болып азаматтық айналымнан алынған заттар және азаматтык құқықтың дербес объектісі бола  алатынмүліктік құқықтар табылады. Сондықтан көрсетілген сыйга берілетін мүліктік құқық тек сыйға беруші мен сый алу-шынын арасында ғана мәні болмай ол басқа да түлғалардың «Қатысуымен азаматтық айналамызда кеңінен қолдануға жарамды болуы керек.

Сый алушының міндеттемеден  босатылу жағдайында әдетте айдың пәні болмайды. Бұл кезде сый алушы сый берушіден мүлік алмайды. Сыйдың йысанасы "болып сый алушы жсткен хетістіктер саналады, бірақ оны азаматтық қүқықтың қандай да бір объектісі ретінде бағалауға болмайды. Осы жағдайда сый алушы сыйдың арқасында өзінің мүлкін сақтап қалады. Бірақ оның құрамы сый алушы босатылатын міндеттеме сияқты нақты емес сыйга беруші борышкерді үшінші тұлғалар алдындағы міндетінен босатқан кезде де үқсас жагдай пайда болады. Осындай қайшылықтар салдарынан сыйға тартуды реттейтін заңнама біздің ойымызша өзгертулерді керек қылады. Сыйға тарту шарттардың қатарынан сыйға алушы сыйға беруші немесе үшінші тұлға алдындағы міндеттемесінен босатылатын жағдайларды алып тастау керек.

Сыйға тарту шартының нысанасын ол қандай түрге жататындыгы  әсер етеді. Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің 516-бабына сәйкес жалпы пайдалану мақсатында затты  немесе құқықты сыйға тарту қайырымдылық деп танылады. Қарастырылған норманың мазмұнынан біз қайырымдылық нысанасы болып тек зат немесе мүліктік құқық табылатынын көре аламыз.

Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға  сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады.

       Мұндай  сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.

        Шарт көне құқықтық құрылымның  бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы  құқықтың икемді түрі екендігін  көрсетеді, ол арқылы әртүрлі  қоғамдық қатынастарды реттеуге  болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты  рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.

Шарт туралы мұндай көзқарастар  нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінде және басқа  да елдердің азаматтық кодекстерінде  тәртіптелген.

Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтанда, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: "шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады". Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.

Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.

2. Шарт еркіндігі. Азаматтық  заңның негізгі бастауларының  бірі Азаматтық кодекс айқындаған  шарт еркіндігі болып  табылады (АК-тің 2-бабының 1-тармағы).

Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда:

  1. шартты жасау не жасамау;
  2. шарт бойынша серікті жақты таңдау;
  3. шарттың түрін таңдау;

4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.

Тараптар заңдарда көзделген  шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабынын 2-тармағы).

 

1.3 Сыйға тарту шартының нысаны

 

 Сыйга тарту шартының  азаматтық айналымдағы ерекшеліктеріне қарай заң шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарты жасалса, жалпы ереже бойынша ауызша нысанда жасала-ды, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 151, 152-баптарының нормалары қолданылады.

Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазбаша түрде жасауды талап етеді. Жазбаша нысаны жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға болып және сый мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап етіледі. Мұндай талап занды тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ережелерімен байланысты. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болу керек (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал кері жағдайда занды тұлға органдарды (материалды жауапты тұлғалар) жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бұл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасағаны басқа да жазбаша жасалған құжаттармен дәлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды занды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын жұмысшыларды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатынастар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі мүмкін (ҚР АК 1-бабы, 3-тармағы).Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларында дәл көрсетілмегендігіне қарамастан, егер сыйға шартын мемлекеттік тіркеу талап етсе, ол жазбаша жасалған.

Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды  қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру, символдық  беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты:

1) заңды тұлға сый  берушi болған және сыйдың құны  заң актiлерiнде белгiленген он  айлық есептiк көрсеткiштен асатын;

2) шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда жазбаша түрде жасалуға тиiс.

Ауызша жасалған сыйға  тарту шарты осы тармақта көзделген  жағдайларда жарамсыз болады.

Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты мемлекеттiк  тiркелуге тиiс.    

Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.

Шартқа осы Кодекстің 4-тарауында көзделген екі жақты  және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады.

Екіден көп тараптармен  жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады.

Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін.

Шарттан туындаған міндеттемелерге, осы тараудың ережелерінде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбір түрлері туралы ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстің  268-377-баптары).

Шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше  туындамаса, осы тараудың  ережелері қолданылады.

 Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді.

Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Тараптар заңдарда көзделген түрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады.

Тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.

Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген  реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпты көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.

Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып  белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызмет  өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді.

Шарт тараптар үшін оны  жасасу кезінде қолданылып жүрген заңдармен  белгіленген міндетті ережелерге (императивтік қалыптарға) сәйкес келуге тиіс.

Егер шарт  жасалғаннан кейін шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшін міндетті ережелер заңдармен белгіленген болса, жасалған шарттың ережелері оның күні бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгілегендегіден басқа жағдайларда, өз күшін сақтайды.

Шарт бойынша тарап  өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бір нәрсе  беруі керек болса, бұл ақылы  шарт болып табылады.

Бір тарап екінші тарапқа  одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.

Егер заңдардан шарттың  мазмұнынан немесе мәнінен өзгеше туындамаса, шарт  ақылы болуы мумкін.

Шарттың орындалуы тараптардың  келісімімен белгіленген баға бойынша  төленеді.

Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкілдік берілген мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады.

Шарт жасалғаннан кейін  бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі.

Ақылы шартта баға көзделмеген  және шарт ережелерін негізге ала  отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезінде осыған ұқсас жағдайларда  әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есептеледі.

Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады (осы  Кодекстің 393-бабы).

Тараптар өздері жасасқан шарттың ережелері олардың шартты жасасуға дейін пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгілеуге құқылы.

Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзімі  көзделсе, осы мерзімнің аяқталуы, шарт бойынша тараптар міндеттемелерінің  тоқтатылуына әкеліп соқтырады.

Қолданылу мерзімі көрсетілмеген шарт тараптардың онда белгіленген міндеттемелерді орындауы аяқталып біткен кезге дейін қолданылады деп танылады.

Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы тараптарды осы мерзім біткенге дейіи орын алып келген шартты бұзғандық  үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Коммерциялық ұйыммен  жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін  әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін  белгілейтін шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және т.б.).

Коммерциялық ұйымның  заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнінде біреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.

Тұтынушылардың кейбір категорияларына жеңілдік беру заңдармен  жол берілетін жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтің  бағасы, сондай-ақ  жария шарттың  өзге ережелері тұтынушылардың бәріне бірдей болып белгіленеді.

Тұтынушыға тиісті тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкіншілігі бола тура коммерциялық ұйымның жария  шарт жасасудан бас тартуына жол  берілмейді.

Коммерциялық ұйым жария  шарт жасасудан негізсіз жалтарған  жағдайда осы Кодекстің 399-бабындағы 4-тармақта көзделген ережелер қолданылады.

Шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер олар осы  Кодекстің 3 және 382-баптарымен белгіленген  талаптарға сай келетін болса, тараптардың  қатынастарына іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады.

Информация о работе Сыйға тарту шарты