Сыйға тарту шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 06:23, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Сыйға тарту шарты ұғымы .......................................................................... 6
1.2 Сыйға тарту шартының элементтері............................................................ 7
1.3 Сыйға тарту шартының нысаны................................................................... 9
1.4 Сыйға тарту шартының тараптары................................................................14

ІІ. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1 Сый алушының сыйды алудан бас тартуы..................................................16
2.2 Сыйға тартуға тыйым салу.............................................................................16
2.3 Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту.................................................17
2.4 Сыйға тартудың күшiн жою...........................................................................17

III. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

3.1 Сыйға тарту шарты бойынша тараптарының құқықтары мен міндеттері.19
3.2 Сыйға тарту шарты бойынша жауапкершілік..............................................20
3.3 Сыйға тарту шартының тоқталуы..................................................................21

Қосымша материалдар.......................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
СІЛТЕМЕЛЕР.......................................................................

Работа состоит из  1 файл

Сыйга тарту шарты - Азаматтык кукык.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

                                               ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ  СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

1.1 Сыйға тарту шарты  ұғымы ..........................................................................   6

1.2 Сыйға тарту шартының элементтері............................................................   7

1.3 Сыйға тарту шартының нысаны................................................................... 9

1.4 Сыйға тарту шартының тараптары................................................................14

 

ІІ. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1  Сый алушының сыйды алудан бас тартуы..................................................16

2.2 Сыйға тартуға тыйым салу.............................................................................16

2.3 Сыйға тарту шартын  орындаудан бас тарту.................................................17

2.4 Сыйға тартудың күшiн  жою...........................................................................17

 

III. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ  МАЗМҰНЫ

 

3.1 Сыйға тарту шарты бойынша тараптарының құқықтары мен міндеттері.19

3.2 Сыйға тарту шарты бойынша  жауапкершілік..............................................20

3.3 Сыйға тарту шартының тоқталуы..................................................................21

 

Қосымша материалдар.......................................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28

СІЛТЕМЕЛЕР......................................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Құқық жүйесі іштей құқық  салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау  үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы  пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды[2] (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1- бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).

       Азаматтық  құқықтар  мен  міндеттер  заңдарда  көзделген  негіздерден,  сондай – ақ  азаматтар мен  заңды тұлғалардың  әрекеттерінен пайда болады. Өйткені  ол әрекеттер азаматтық заңдарда  көрсетілмегенімен, олардың  жалпы  негіздері мен  мәніне  байланысты азаматтық  құқықтар мен  міндеттерді туғызады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылғы 19-маусымда қабылданған "Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады.[3]" Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құкыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-бабы 11-бөлігіне сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі". Егер заң кұжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.

Сыйға тарту азаматтық  құқықтағы ең көне шарттардың бірі болып табылады. Ежелгі республикалық Рим құқығында (Б.э. д. V-I ғ.) сыйға тарту меншік құқығының туындау негіздерінің бірі ретінде есептелді.

Революцияға дейінгі  азаматтық заңдарда сыйға тарту  шарттар құрамынан шығарылып, айрықша  заттық құқықтың туындау негізі ретінде қарастырылды.

1964 жылғы Азаматтық  кодекс бойынша бұл шарт тек  қана нақты шарт ретінде танылды,  яғни сыйға тартушы затты сыйға  алушыға берген сәттен бастап  күшіне енді. Затты сыйға беруге  келісімнің бір өзі ешқандай  құқықтық салдарды туындатпады  және құқықтық қорғалмады.

Классикалық құқықта  сыйға тарту шартының ерекшелігі мен құқықтық жағдайына сипаттама  берілген. Бұл бағытта біз сыйға  тарту шартының ежелгі Римде, Үндістанда және Наполеон Бонапарт кезіндегі Францияда  құқықтық реттелу ерекшеліктерін қарастырамыз.

Қазіргі Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің ерекшелігі, заң  шығарушы нақты сыйға тарту шартын сақтай отырып, бір мезгілде консенсуалды шарт жасасуға жол береді.

Курстық жұмыстың мазмұны  меншік құқығының туындау негізі ретінде сыйға тарту шартын құқықтық реттейтін Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарын, басқа да заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілердің нормаларын зерттеуге негізделген.

Курстық жұмыстың мақсаты. Сыйға тарту шарты ҚР Азаматтық құқықтың Ерекше бөлімінде қарастырылған - Сыйға тарту шартын зерттеу.

Сыйға тарту шарты - мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін бекітеді және меншік құқығының ауысуын реттейді. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделері қамтамасыз етіледі және ол өзіне берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Енді түпкілікті және біржола заттың иесінің ауысуы болады. Сондықтан сыйға тарту шарты мерзімсіз болып табылады.

Сыйға тарту шарты  бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.

Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген ережелер қолданылады.  
      Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.

Нақты сыйға тарту  затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң  барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға  тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден  босату жарамсыз болады.

Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады. Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.

Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыстың алға қойған мақсатына байланысты  мынадай міндеттер туындады:

- Сыйға тарту шарты   ұғымы және элементтерін;

- Сыйға тарту шартының  түрлерін; 

- Сыйға тарту шартының  нысанын т.б. зерттеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

                    

 

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

                 І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ СЫЙҒА ТАРТУ

                                       ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

 

                           1.1 Сыйға тарту шарты  ұғымы

     Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.

Қайтарымсыздылық - сыйға  тарту шартының ең негізгі белгісі болып табылады. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Сыйға тарту (кей кездері) белгілі жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік аймағындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін атқарады.

Сыйға тарту  шарты - мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін бекітеді және меншік құқығының ауысуын реттейді. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделері қамтамасыз етіледі және ол өзіне берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Енді түпкілікті және біржола заттың иесінің ауысуы болады. Сондықтан сыйға тарту шарты мерзімсіз болып табылады.

Сый тартушы сый алушының арасындағы қатынастары (не себептен сыйлағаны) әртүрлі болуы мүмкін, оларды анықтаудың сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану кезінде маңызы болады. Қазіргі жағдайда сыйға беру маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе түсті, олар басқа тұлғаларға көмек ретінде олардың өмір сүруі үшін аса қажетті заттарды қайтарымсыз береді. Мысалы: азық-түлік, киім-кешек. Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау берілуде, кей-кездері сыйға тарту шет ел элементінің айтысуымен де жүргізіледі. Қоғамды әрі қарай адамгершілік тұрғысына тарту барысында сыйға тарту қатынастары басқа да заматтық-құқықтың қатынастар қатарынан нақты орын алады.

ҚР АК бір уақтылы  кәсіпкерлік сипаттағы қатынастарды реттегеннен сыйға тарту шарты  осы кодекс реттеу көзқарасынан үйренішсіз болып көрінеді. Сөзсіз, ақша-мүліктік қатынастарында қайтарымсыздыққа орын жоқ болып көрінеді.[8]

Мүлік шартты жасасу сәтіңде  берілетін болса, онда сыйға тарту  шарты реалды болып келеді. Ал басқа  жағдайда, егер мүлц болашақта берілетін  болса, (шартта осыган қатысты талап  бекітілсе) онда ол консенсуалды болып табылады. Әлдекімге затты немесе мүлікті құқықты тегін беруте уәде ету ие әлдекімді мүліктік міндеттен босату уәдесі егер ол уәде тиісті (жазбаша) нысанда жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегін беру не оны мүліктік міндеттен босатуға айқын ниет білдірген болса, сыйға тарту шарты (сыйға тарту уәдесі) болып саналады және уәде берушіні босатпай тастайды. (АК 506-6. 2- тармағы).

Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы жоғарыда айтып  кеткендей оған қарсы берілетін заттың немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер мүлікке ақы төленетін болса және ол бірнеше мәрте өз құнынан аз төленетіп болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды.

Заңнамада басқа адамның  ауыртпалығы бар мүлікті беруге болады деп көрсетілмеген. Сонда да МВ.Елисеевтің пікірі бойынша нақты емес. Оның ойынша, берілетін мүлікке сыйға берушінің өзінің де құқықтарының ауыртпалығын орнатып сыйға тарту шартын жасауға болады.[9]

Біріншіден, мүлікті бергенге дейін оған иесінің ауыртпалығы болмайды. Бұл жерде несие беруші мен борышкер бір тұлға болып қалуына байланысты міндеттеменің тоқтатылу ережесін ұқсастық бойынша қолдануға болады. Екіншіден, сый әдейі өз пайдасына ауыртпалық орната отырып, осы арқылы сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы талабын бұзады. Бұл айтылған дәлелдеріміз мүлікке бұрынғы ие құқықтарының ауыртпалығы болуы мүмкіндігін мүлдем жоймайды. Бірақ бұл ауыртпалықтар шарт негізінде емес, заң негізінде болу керек және шектелген мөлшерде, жағдайда ғана қолданылады. Мысалы: ортақ меншік режиміндегі, кондиминумдегі, меншік иелерінің, занды сервитутпен байланысты ауыртпалықтарынан құтыла алмайсыз. Бірінші екі жағдайда ауыртпалық өзара болып келеді. Үшіншіде сый алушының жер учаскесі қасында орналасқан сый берушінің жер учаскісіне қызмет етуі мүмкін. Сый алушыға басқа да мүліктік міндеттер жүктелуі мүмкін. Сыйды берген соң сый беруші оны жалпыға пайдалы мақсатта қолданылуын міндеттеуі мүмкін. Сыйға тарту шарты біржақты шарт болып танылады және негізгі құқықтар сый алушы тарабында болады. Сый беруші шарт бойынша негізгі міңдеттерді жүзеге асырады.

Қазіргі кезде сыйға  тарп шартының пәні болып зат сонымен  қатар мүліктік құқықтар табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодекстің 506-6. 2-тармағгы). Нақты сыйға  тарту затын көрсетпей-ақ өзінің барлық мүлкін сыйға тартуга уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту пәні болмайды.

 

1.2 Сыйға тарту шартының элементтері

 

Қандай да бір игілікті қайтарымсыз алу әрқашан сыйға  тарту болып танылмайды. Рим құқығында  қайтарымсыз пайдалану, процентсіз займ және қайтарымсыз сақтау сыйға тарту деп қарастырылмаған " Сыйға тарту болып бір нәрсені уақытша пайдалануға беру немесе ақысыз қызметті жүзеге асыру болып келмейді, тек сезілетін нәрсені (субстанцияны) беру сыйға тарту болып бағалануы мүмкін. Айтылған Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық доктринасында қалыптасқан сыйға тарту шартының түсінігіне және оның пәніне қарама-қарсы келмейді. Егер де сыйга тарту белгілі бір міндеттемеден босатса, онда, бұл әрекетте біз азаматтық-құқықтық міндеттемені борышты кешіру арқылы тоқтату сияқты Азаматтық кодексінің 373-бабымен көзделген әрекеттен өзгешелікті байқай алмаймыз Ойланып қарауға болады. Бір міндеттемелік құқықтық қатынастың дамуы соған негізделген екінші бөлек шарттың пайда болуына екеп соғады ма? Жоғарыда айтылғанның цессияға да қатысты, ягни сыйға беруші үшінші тұлғадан талап сту құқығы берген жағдайға. Ал егер тұлға өзіне қатысты құқық сыйласа, ол сыйға тарту негізінде туындайды яғни қүқыктың пайда болу тетігі цессияға қарағанда өзгеше.

Информация о работе Сыйға тарту шарты