Әлеуметтік қамсыздандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:47, статья

Описание

Конституцияның 28 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтарына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгіжалағы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермелеп отырады»,-делінген.

Содержание

Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақысы туралы

Работа состоит из  1 файл

_Кукык реф (2).doc

— 90.50 Кб (Скачать документ)

                                          Жоспар:

 

  1. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
  3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
  4. Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақысы туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері

           Конституцияның 28 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтарына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгіжалағы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермелеп отырады»,-делінген.

Азаматтардың  ең төменгі жалақы және зейнетақы алу кепілдігі заңды түрде белгіленген, жалақы мен зейнетақының ең төменгі деңгейі аңықталған және қамтамасыз етілген.Бұлардан басқа тағы да әлеуметтік норматив (зейнетақыны, жәрдемақыны, әлеуметтік төлемдер,айыппұл, салық, басқа да төлемдерді есептеу үшін) «есептік көрсеткіш» қолданылады. Мысалы, 2002 жылғы 12 желтоқсанындағы «2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зейнетақы мен жалақының ең төменгі мөлщері 5000 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш 872 теңге болып белгіленген, ал 2004 жылы 919теңге болып белгіленген. Жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандығу туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы заңымен реттеледі.                      Осы заңмен жасына сай зейнетақы тағайындау мен төлеудің мүлдем жаңа механизмі көзделген:

  • дербес жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы зейнетақыны жинақтау;
  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек жылдарын есепке ала отырып зейнетақы төтеу жөніндегі мемлекеттік Орталықтан зейнетақы тағайындау.

Мысалы, Орталықтан жасына байланысты толық зейнетақы  төлемдегі қазіргі кезде еркектер 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа толғанда тағайындалады, бірақ олардың еңбек стажы 1998 жылдың 1 қаңтарында еркектерде 25, әйелдерде 20 жыл болуы тиіс.

 

Зейнетақымен қамсыздандырудың басты принциптері:

  • дербес зейнетақылық жинақтау принципі;
  • зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу;
  • азаматтардың зейнетақылық қорланудың мемлекеттік немесе мемлекеттік емес зейнетақылық қорларында жүзеге асырылуын таңдау құқығын қамтамасыз ету;
  • азаматтардың ең төменгі зейнетақы алу кепілдігі;
  • әр азаматтың еңбекке жарамды жасында зейнетақылық қор жинақтауға қатысу міндеттілігі;
  • еңбекке жарамды азаматтың өзінің жасы ұлғайған кезіндегі зейнетақысымен өзі қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігі;
  • азаматтың ерікті түріндегі қосымша зейнетақымен қамсыздандыру құқығы болып табылады

         Қолданылып жүрген заңдар  әлеуметтік қамсыздандырудың түрлерінің қатарына қызметкерлерді жұмысқа уақытша жарамсыздығы, әйелдердің жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылармен қамсыздандыруды көздейді.

        Аталғандармен қатар мүгедек болып қалған асыраушысынан айрылған және де өзге де заңды реттерде әлеуметтік қамсыздандыру «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты берілген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі.

Заңмен анықталған мүгедектердің  әртүрлі санаттары:

       Мүгедектердің үш тобы-жалпы сипаттағы сырқаттығына, еңбек үстіндегі жарақат алуына кәсіби сырқаттығына байланысты мүгедек болғандар, әскери қызметшілер арасынан мүгедек болғандар, экологиялық төтенше жағдайларға және т.б. зардаптарға байланысты мүгедек болып қалғандар тобы  беріледі.

        Жұмысқа жарамсыздық деңгейіне орай дәрігерлік -әлеуметтік сараптау комиссиясы мүгедектік тобын белгілейді және мүгедектіктің барлық мерзіміне жәрдемақы тағайындайды.

        Мүгедектігі бойынша тағайындалатын жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына, санатына байланысты болады және жыл сайынғы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрінеді.

      Асыраушының қайтыс болуын айғақтайтын , қайтыс болған адамның отбасы мүшелерінің жұмысқа жарамсыздығы, қайтыс болған адамның отбасындағы жұмысқа жарамсыз мүшені қайтыс болған адамның қамқорлығына болғанына жатқызу фактілерін құрайтын күрделі заңдық құрам асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алудың негіздемесі болып табылады.

      Әлеметтік қамсыздандыруға өзге де заңдық негізде азаматтарға жасына байланысты жәрдемақы мен төлеуді жатқызған жөн. Жасына байланысты азаматтарға зейнетақы төлеу жөніндегі  Мемелекеттік орталықтан, жасы ұлғайған кезде зейнеткерлік жинақ қорларынан зейнетақы төлемдеріне «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген құқық жоқ болған не ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем мөлшерде зейнеткерлік төлемдер алған кезде тағайындалады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру:

       Бұл мәселе 2003 жылдың  25 сәуірінде қабылданған «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі.Заң 2005 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетінін айта кеткен жөн болар еді.

       Осы заң азаматтарды әлеуметтік  қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі ретіндегі міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.

      Міндетті  әлеуметтік сақтандыру –еңбек ету қабілетінен айрылуына және жұмысынан айрылуына, сондай ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын , кепілдік беретін шаралар.

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

                                        1-тарау. Негізгі ережелер

 1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің шығаратын бұйрықтары,

үкімдері, нұсқаулықтары, ережелері, еңбек тәртібінің ережелері;

2) Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау-

өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда

орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының,

қауырттылығының жай-күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта

жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау

мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

3) еңбек қауіпсіздігі –еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды

және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген

қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

4) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – қызметкерге зиянды және қауіпті

өндірістік факторлардың әсері жоқ, не олардың әсерініі деігейі қауіпсіздік

нормаларынан  аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;

5) Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың берілген

функцияларды  орындауы кезінде нормативтік-техникалық және жобалау

құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына

сәйкестігі;

6) Өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің нормативтік-

техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің

талаптарына сәйкестігі;

7) Зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндірістік

Факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе

сырқаттануына, не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп

соқтыратын еңбек жағдайлары;

8) Зиянды өндірістік фактор – әсері қызметкердің сырқаттануына немесе

еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, және (немесе) оныі өрпақтарының

денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

9) Демалыс уақыты – қызметкердң еңбек міндеттерін орындаудан бос және

оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;

10) Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналған,

сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары атап өтетін дәстүрлі

мерекелер;

11) Еңбек гигиенасы – қызмекерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік

ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі

санитарлы.-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;

12) Азаматтың қызметші – ақылы лауазымды және азаматтың қызмет

міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатындағы лауазымдық міндеттерді

атқаратын адам;

2-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен

міндеттері

1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек

қатынастары тараптары мүдделерінің. тепе-теңдігіне қол жеткізу, жұмыс

ң өндірістің тиімділігі мен бәсекелестік қабілетін арттыру жөніндегі

мүдделерін ескеру кезінде қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін

қажетті құқықтық жағдайлар жасау, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін

қамтамасыз ету болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері экономикалық

өсуге, экономикалық өсуді ынталандыру арқылы адамдардың әл-ауқатын, еңбек

өнімділігі мен экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған еңбек

қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын құқықтық

реттеу болып  табылады.

8-тарау. Еңбекке ақы төлеу

120-бап. Жалақының мөлшері

1. Қызметкердің айлық жалақысының мөлшері орындалатын жүмыстың

күрделілігіне (еңбек нормаларына, еңбек міндеттеріне) саны мен сапасына

байланысты  сараланып белгіленеді.

2. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған

және еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған біліктілігі жою қарапайым

еңбек қызметкерінің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының

заң актілерінде белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауы

тиіс.

121-бап. Айлық жалақының ең төмен мөлшері

1. Айлық жалақының ең төмен мөлшері – еңбек нормаларын орындаған

және осы Кодексте белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтағанда

қалыпты жағдайларда істеген біліктілігі жоқ қарапайым (онша күрделі емес)

жұмыс үшін .ызметкер айына алатын еңбекақынң ең төменгі деңгейі.

2. Айлық жалақының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының заң

актілерінде жыл сайын белгіленеді және оған қосымша ағылар мен үстемеақылар,

өтемақылар, сыйлықтар және басқа ынталандыру төлемдер енбейді.

3. Келісімдерде ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында, ұйымның

қаржы-экономикалық қызметінің нәтижелеріне орай айлық жалақының,

Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген айлық жалақыны.ң ең

Төменгі мөлшерінен кем болмайтын ең төмен мөлшері белгіленуі мүмкін.

122-бап. Сағаттық еңбекақы

Жұмыс күні толық болмаған кездегі нақты орындалған жұмыс үшін,

сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыс үшін келісімдермен,

ұжымдық, еңбек шарттармен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен сағаттық

еңбекақы белгіленуі мүмкін.

123-бап. Жалақыны индекстеу

Жұмыс беруші қызметкерлердің жалақысын индекстеуді ұйымның қаржы-

экономикалық қызметінің нәтижелеріне орай және Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық актілерінде тиісті кезеғге  белгіленген инфляция деңгейін

ескере отырып, келісімдерде, ұжымдық шартта, еңбек шартында және (немесе)

жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен жүргізеді.

124-бап. Еңбекақы жүйесі

1. Қызметкерлердің еңбегіне ақы мерзімді, кесімді немесе өзге де еңбекақы

жүйелері  бойынша төленеді. Төлем еңбектің жеке және (немесе) ұжымдық

нәтижелері  үшін жүргізілуі мүмкін.

2. Жұмыс беруші қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын

жұмыстың сапасын арттыруға мүдделілігін арттыру үшін сыйлықақы беру

жүйесін және материалдық көтермелеудің басқа да нысандарын енгізе алады.

125-бап. Еңбекақы жүйесін белгілеу

1. Ұйымдардағы еңбекақы жүйелері мен материалдық көтермелеудің

нысандары қызметкер өкілдерінің келісімі бойынша ұжымдық шарттарда немесе

жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.

2. Ұлттық компаниялар қызметкерлерінің еңбекақы жүйесі қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен үлгі ереже негізінде белгіленеді.

Информация о работе Әлеуметтік қамсыздандыру