Азаматтық құқықтық обьектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:23, курсовая работа

Описание

Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе. Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау болатынын сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ 2
I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 4
1.1. Азаматтық құқықтар обьектілеріне жалпы сипаттама......................4
1.2. Азаматтық құқықтар обьектілерінің түрлері.......................................5
II.МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАР 6
2.1. Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу) 6
2.2. Бағалы қағаздар 9
III.МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР 16
3.1. Мүліктік емес өзіндік құқықтардын ұғымы мен түрлері 16
3.2. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 30
СІЛТЕМЕЛЕР 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................33

Работа состоит из  1 файл

Азаматтық құқықтың обьектілері Тұрақбаева Айгерім МП(К)-203.doc

— 240.00 Кб (Скачать документ)

      -моральдық зиянды өтеу үшiн қажет болған кезде зиян келтiрушiнiң кiнәсiнiң нысанын (қасақана ниетпен, абайсыздық) назарға алулары қажет.

      Сот  моральдық зиянның ақшалай нысандағы  өтемiнiң мөлшерiн анықтау кезiнде  iс материалдарымен негiзделген  басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, жәбiрленушiге келтiрiлген моральдық зиян үшiн жауапкершiлiк көтеретiн азаматтың отбасылық және мүлiктiк жағдайын назарға алуға құқылы.

      8)"Жаппай  саяси қуғын-сүргiн құрбандарын  ақтау туралы" Заңның  22-бабымен  саяси қуғын-сүргiн құрбандарына келтiрiлген зиянды өтеудiң ерекшеліктерi көзделгенiне соттардың назары аударылсын. Осы ерекшелiк саяси себептер бойынша қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдарға мүлiктiк және мүлiктiк емес зиянның 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бас еркiнен айыру орындарында болған әрбiр айы үшiн ақталушының әлеуметтiк қорғау органдарына жүгiнген күндегi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрттен үшiндей мөлшерiнде өтеуге жататынын бiлдiредi. Алайда мүлiктiк және мүлiктiк емес зиян өтемiнiң жалпы сомасы 100 айлық есептiк көрсеткiштен аспауы қажет. 

      Моральдық  зиянға ақша нысанында өтем  жасау жәбiрленушiнiң жеке басымен  ажырамас байланыста болғандықтан  осы өтем, өтем есептелген (сот  өндiрген), бiрақ ақталған адам қайтыс болуы себептi алынбаған жағдайлардан басқа кезде, жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарының мұрагерлерiне берiлмейдi.

      Соттар "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер  құрбандарын ақтау туралы" Заңның 26-бабындағы  осы Заңның 18-24-баптарының  күшінің Заң күшіне енгенге дейін ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына қолданылатыны туралы нұсқауын Заң қабылданғаннан кейін ақталған адамдардың құқықтарын шектеместен 18-24-баптардың қолданылуына кері күш береді деп түсіну қажет.[19]

      9)Соттардың назары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 922-бабының 1-тармағына, 923-бабының 1 және 2-тармақтарына, 951-бабының 3-тармағына сәйкес:

     мемлекеттік  органдардың заң актiлерiне сәйкес  келмейтiн актiлер шығаруының;

     заңсыз  соттаудың; 

     заңсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тартудың;

     бұлтартпау  шарасы ретiнде қамауға алудың, үй тұтқыны етiп ұстаудың, ешқайда  кетпеу туралы қолхат алудың;

     тұтқынға  алу түрiнде әкiмшiлiк жазасын  заңсыз қолданудың;

     психиатриялық  немесе басқа емдеу мекемелерiне заңсыз орналастырудың;

     заңнамалық  актiлермен көзделген өзге жағдайлардың (мысалы, "Әскери қызметшiлер мен  олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтік қорғау туралы" Заңның  14-бабымен әскери қызметшiлер  дене жарақатын алғанда, лауазымынан немесе әскери атағынан заңсыз төмендетiлгенде, келiсiм-шарт шарттарын сақтамау жағдайларының) нәтижесiнде ақша нысанында азаматқа келтiрiлген моральдық зиян оны келтiрушiнiң кiнәсiне қарамастан мемлекеттiк қазынаның (республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң қаражатының) есебiнен өтеледi.

      10)Мемлекеттiк  қазынаның есебiнен (республикалық  немесе жергiлiктi бюджет) ақша түрiнде  моральдық зиянға өтем жасау  туралы талаптар бойынша жауапкерлер  мемлекет болып табылатындықтан,  осы санат бойынша қаралатын iстердi соттар мемлекеттiк қазына өкiлiнiң тұрған жерi бойынша анықтауы керек.

      Мемлекеттiк  қазынаның өкiлi Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлiгi не мемлекеттiк  қазынаның мүдделерiн бiлдiру жөнiнде  арнайы өкілеттікті иеленген  өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар бола алады.

      Соттар  мемлекеттiк қазынаның өкiлiн,  сондай-ақ тиiстi бюджет бағдарламасының  әкiмшiсiн анықтауға және оларды  жәбiрленушiлердiң ақша нысанындағы  моральдық зиянды мемлекет қазынасының  есебiнен өтеу туралы талаптары бойынша iстердi қарауға қатыстыруға тиiс.

      11)Жоғары  қауiптiлiк көзi келтiрген моральдық  зиян үшiн өтем өндiру туралы  азаматтардың талаптарын қараған  кезде соттар, егер осы зиянның  жойқын күштің немесе жәбiрленушiнiң  қасақана ниетiнiң салдарынан не жоғары қауіптiлiк көзiнiң зиян келтiрушiнiң құқыққа қайшы әрекеттерiнiң нәтижесiнде оның ырқынан шығып кетуiне байланысты келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, жоғары қауiптiлiк көзi иесiнiң моральдық зиян үшiн ақша нысанында өтем жасауға тиiс екенiн назарда ұстаулары қажет.

      Соттардың,  жәбiрленушiнiң жоғары қауiптiлiк  көзiмен қауiпсiз жұмыс iстеу  ережесiн бiле тұра қасақана  бұзуын (иттер мен басқа да  үй жануарларын айтақтау; зоопарктерде  және олар қамауда ұсталатын  басқа да жерлерде жабайы жануарларды айтақтау; өрт қаупi бар, жарылғыш, ионданушы және адам денсаулығына қауiптi басқа да нәрселер мен заттарды пайдалану тәртiбiн бұзу) дәлелдейтiн, оның жәбiрленушiге моральдық зиян келтiруiне жәрдемдесетiн әрекеттерiн жәбiрленушiнiң қасақана ниетi деп түсiнгенi жөн.

      Жоғары  қауiптiлiк көзiнiң құқыққа сай  иелiктен шығып кетуi деп, жоғары  қауiптiлiк көзi иесiнiң үшiншi адамның  кәдуiлгi жағдайларда жоғары қауiптiлiк  көзiн оның еркiнен тыс пайдаланып  кетуiн болдырмайтын тиiстi әрi жеткiлiктi шараларды қабылдауын түсiну қажет.

      Жоғары  қауiптілiк көзiн иеленген адамдар  құқыққа қайшы әрекеттерiмен жәбiрленушiге  мүлiктiк зиян келтiрген жағдайда, моральдық зиянды өтеу жөнiндегi мiндеттердi осындай зиянды келтiрген  адамдар тiкелей өздерi көтередi. Егер жоғары қауiптiлiк көзi оның иесiнiң кiнәсi болған кезде де құқыққа сай иелiктен шықса, онда мүлiктiк зиян үшiн жауапкершiлiк үлес тәртiбiмен зиян келтiрушiнiң тiкелей өзiне, сондай-ақ жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесiне жүктеледi.

      12)"Сақтандыру қызметi туралы" Заңмен  және автокөлiк құралдары иелерiнiң немесе тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандыру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілермен сақтандырушының жәбiрленушiге келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiгi сақтандырылмайтынына соттардың назары аударылсын. Сақтандыру ұйымдарына (сақтандырушыларға, қайта сақтандырушыларға) сақтандыру оқиғасының туындауына байланысты үшiншi адамға моральдық зиянды өтеу жүктелмейдi. Сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда моральдық зиянды өтеу жөнiндегі мiндет автокөлiк құралының иесiне немесе тасымалдаушыға жүктелуге тиiс. 

      Егер  ерiктi сақтандыру шартында сақтанушының  мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарын  сақтандыру көзделсе, онда сақтандыру төлемдерi ерiктi сақтандыру шартының ережелерiне сәйкес жүргізiлуге тиiс.

      13)Соттарға  Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексiнiң 951-бабының 4-тармағына  сәйкес жеке тұлғалардың мүлiктiк  құқықтарының бұзылуы моральдық  зиянға ақшалай нысанда өтем жасау мүмкiндiгiн терiске шығаратынын, атап айтқанда: мүлiктi иеленуге, пайдалануға және басқаруға байланысты құқықтарды; құқықтық қатынастарға қатысушылар арасында пайда болатын мүлiктiк талаптарды (мүлiктiк немесе мiндеттемелiк құқықтар, оның iшiнде азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге, мiндеттемелердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына байланысты және т.б.), сондай-ақ авторлардың өздерi тудырған шығарма немесе ашқан өнертабысы үшiн сыйақы алу құқығын; мұрагерлiк құқықтарды түсiну қажет екенiн түсiндiру қажет.

      Егер iстi қарау кезiнде сот азаматтардың  мүлiктiк құқықтарының бұзылуы  оның жеке мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуымен  қатар орын алғанын анықтаса, онда мүлiктiк зиянды өтеу туралы  талапты қанағаттандырумен қатар мүлiктiк емес зиянды өтеу туралы талап та қанағаттандыруға жатады (тұрғын үйге қол сұқпаушылықты бұза отырып, жәбiрленушiнiң үйiн заңсыз иелену; тұтынушының сапалы тауарға құқығын бұзу; тауардың фирмалық атауына құқықты бұзу; артықшылықпен сатып алу құқығын бұзу және т.с.с.).

      Азаматтық  Кодекстiң  352-бабының қағидаларына  орай, егер міндеттемені тиісті  түрде орындамау несиегердің  мүліктік құқықтарының бұзылуымен  байланысты болмаса, Азаматтық  Кодекстiң 272-288-баптарында көрсетiлген мiндеттемелердi орындамау мүлiктiк емес зиянды өтеу үшiн негiз бола алады. Борышкердiң мүлiктiк құқықтарын қозғайтын мiндеттемелердiң тиiсiнше орындалмауы (мысалы, займ шарты бойынша алған ақшаны қайтарудан жалтару; сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған заттың құнын төлеу немесе мәмiле затын беру бөлiгiнде мiндеттемелердi орындамау және т.б.) Азаматтық Кодекстiң 951-бабының 4-тармағына сәйкес моральдық зиян ақша нысанында өтелуге жатпайды.

      14)Бiрнеше  заңды немесе жеке тұлғалардың  заңсыз әрекеттерiмен жәбiрленушiге келтiрiлген мүлiктiк емес зиян Азаматтық кодекстiң  287-бабының 1-4-тармағы мен 932-бабына  сәйкес осындай зиянды келтiрген адамдардың ортақтасып немесе үлес бойынша толық көлемде өтеуiне жатады.

      15)Жәбiрленушiге  жас балалар немесе кәмелетке толмағандар не заңмен белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi не әрекетке қабiлеттi, бiрақ денсаулығына байланысты өз әрекетiнiң мәнiн түсiнуге және оларды басқаруға қабiлетi жоқ азаматтар мүлiктiк емес зиян келтiрген жағдайда соттар оларды өтеудi Азаматтық кодекстiң 925-930-баптарында белгiленген ережелер бойынша жүргiзедi.

      16)Моральдық  зиянды өтеу туралы талаптар  азаматтың жеке басымен тығыз  байланысты болғандықтан, тұтынушылардың  құқықтарын қорғау жөнiндегi қоғамдық  бiрлестiктердiң тұтынушылардың белгiсiз  шеңберiн келтiрiлген моральдық  зиянды өтеу туралы арыздарын  соттар Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң  150 және 155-баптарына сәйкес қозғалыссыз қалдырулары қажет.[20]

      17)Азаматтық  кодекспен көзделген жағдайларда  ғана мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың  осы құқықтарды бұзған адамдардың  кiнәсiне қарамастан сот қорғауына жататынына соттардың назары аударылсын. Қалған жағдайларда моральдық зиянды өтеу зиянды келтiрушiнiң кiнәсі анықталған жағдайларда жүргiзiледi.

      Талапкер  талап арызында оның нақтылы  мүлiктiк емес өзiндік құқықтарының  бұзылуын растайтын дәлелдемелердi және осы құқықтарды қорғау тәсiлдерiн көрсетуге мiндеттi. Мүлiктiк емес зиян үшiн ақшалай өтем жасау туралы талабын бiлдiрген жағдайда талапкер, оның пiкiрiнше, оған келтiрiлген мүлiктiк емес зиянның өтелуiн қамтамасыз ететiн өтем сомасын көрсетуi қажет.

      Азаматтардың  қылмыстық процестi жүргiзушi органдар  келтiрген моральдық зиянға ақша  нысанында өтем жасау туралы  талаптары азаматтық сот iсiн  жүргiзу тәртiбiмен қарауға жатады.

      18)Азаматтардың "Мемлекеттiк баж туралы" Заңға   сәйкес моральдық зиянды өтеу туралы талаптары мүлiктiк емес сипаттағы талаптар сияқты, арыз берiлген күнде тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 50 процентi мөлшерiнде мемлекеттiк баж төлеуге жатады.

      Талапкер бiр талап арызында мүлiктiк сипаттағы және моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қойған жағдайда, олар мәлiмдеген әрбiр талап үшiн, егер талапкер "Мемлекеттiк баж туралы" Заңға сәйкес мемлекеттiк бажды төлеуден босатылмаған болса, олардың әрқайсысы бөлек-бөлек мемлекеттік баж төлеуге жатады.

      Азаматтық  iс жүргiзу кодексiнiң  110-бабына  сәйкес сот талапкердiң арыз  берген кезде арыз берiлген  күнде тиiстi қаржы жылына республикалық  бюджет туралы заңмен белгiленген  айлық есептiк көрсеткiштiң 50 процентi мөлшерiнде төлеген мемлекеттiк бажын жауапкерден талапкер пайдасына өндiруге, ал егер арыз берген кезде талапкер мемлекеттiк бажды төлеуден босатылған болса, аталған баж сомасын сот шешiмi бойынша талапкердiң пайдасына өндiрiлген моральдық зиянның ақшалай өтемiнiң мөлшерiне қарамастан, жауапкерден жергiлiктi бюджет кiрiсiне өндiруге мiндетті.

      19)Моральдық  зиянды өтеу туралы әрбiр iс  бойынша шешiмнiң Қазақстан Республикасы  Азаматтық iс жүргізу кодексiнiң  221-бабында көрсетiлген талаптарға  сәйкес:

      -жәбiрленушiге моральдық зиян келтiрген құқық бұзушылықтың сипатын мұқият сипаттауды;

      -жәбiрленушiнiң құқық бұзушы бұзған мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары мен игілiктерiн көрсетуiн;

      -жәбiрленушi шеккен жан азабы, сондай-ақ заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң iскерлiк беделiн кемсiту туралы мәлiметтер келтiрудi;

      -мүлiктiк емес құқықтарды қорғау тәсiлi (құқық бұзылмай тұрған кездегi жағдайды қалпына келтiру; бұзылған өзiндiк мүлiктiк емес құқықтың салдарын жою; моральдық зиянның ақшалай өтемiн өндiру), сондай-ақ, егер мүлiктiк емес құқықтарды қорғау мүлiктiк емес зиянның ақшалай өтемiн өндiру арқылы жүзеге асырылса, ақшалай өтемнiң мөлшерiн негiздеудi;

      шешiм  шығару кезiнде басшылыққа алынған  материалдық құқық нормаларын  көрсетудi қамтуға тиiс екенiне соттардың назары аударылсын.

      Сот  шешімнiң қарар қабылданатын бөлiгiнде  жауапкершiлiктiң түрiн (субсидиялық,  үлестей, ортақ, жеке-дара), сондай-ақ  ақша нысанында моральдық зиян  өтемiн өндiру көзiн (жеке тұлғаның  мүлкi немесе заңды тұлғаның банктiк шотындағы ақшаның, мемлекет қазынасының есебiнен) көрсетуге тиiс. Мемлекеттiк қазынадан ақша нысанында моральдық зиянға өтем өндiру кезiнде сот мемлекеттiк қазынадан ақша нысанында моральдық зиянға өтем өндiру туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң орындалуын заңмен белгіленген тәртiппен қамтамасыз ететiн тиiстi бюджет бағдарламасының әкiмшiсiн көрсетуге мiндеттi.

20. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың моральдық залалдың орнын толтыру жөнiндегi заңды қолдануы туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы .№10  қаулысы бойынша күшiн жойды деп танылған болатын.[18]

    

 

 

                                                     Қорытынды

Информация о работе Азаматтық құқықтық обьектілері