Азаматтық құқықтық обьектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:23, курсовая работа

Описание

Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе. Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау болатынын сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ 2
I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 4
1.1. Азаматтық құқықтар обьектілеріне жалпы сипаттама......................4
1.2. Азаматтық құқықтар обьектілерінің түрлері.......................................5
II.МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАР 6
2.1. Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу) 6
2.2. Бағалы қағаздар 9
III.МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР 16
3.1. Мүліктік емес өзіндік құқықтардын ұғымы мен түрлері 16
3.2. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 30
СІЛТЕМЕЛЕР 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................33

Работа состоит из  1 файл

Азаматтық құқықтың обьектілері Тұрақбаева Айгерім МП(К)-203.doc

— 240.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 187-бабының 1-бөлігіне сәйкес, талап қою заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық  емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға қолданылмайды.

Жеке және заңды тұлғалардың  ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау, моральдық зиян өндіру талаптары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 535-бабына сәйкес, мүліктік емес талаптар ретінде мемлекеттік баж төленетін күнгі айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді.

Мүліктік емес өзіндік  қатынастар, ар-намысты, қадір-қасиет пен  іскерлік беделді қорғау туралы даудың нысанасы болып табылады.[5]

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 18.12.1992 жылғы «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» №6 Нормативтік қаулысында ар-намыс, абырой, іскерлік бедел ұғымдарына кең ауқымда түсініктер берілген.

Атап айтқанда, ар-намыс - тұлғаның рухани және әлеуметтік сапасының деңгейі, қоғамның беретін бағасы, абырой - тұлғаның өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын іштей бағалауы, іскерлік бедел – тұлғаның іскерлік (өндірістік, мамандылық) беделіне қоғам пікірі бойынша тұрақты берілген баға.

Осы санаттағы істерді  қарау барысында тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер бұқаралық  ақпарат құралдарында жарияланған  жағдайда, сот талапкердің жарияланған мәліметтерді теріске шығару туралы өтінішпен мәлімет жарияланған бұқаралық ақпарат құралына өтінішпен жүгінгені туралы уәждерін тексеруі қажет. Себебі, Қазақстан Республикасы АК-нің 143-бабының 4-тармағында бұқаралық ақпарат құралдарында теріске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бір айдың ішінде жарияланым бас тартса не бір айдың ішінде жарияланым жасамаса, сондай-ақ, ол таратылған ретте сотта қаралатыны қарастырылған. Бұл талап Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 19-бабының 3-тармағында да көрсетілген.[17]

Ендігі кезекте, сотта  қаралған нақты талаптар бойынша  қаралған азаматтық істерге тоқталайық:

Талапкер Т. сотқа жауапкер Б-ға ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау, моральдық шығынның ақшалай өтемін өндіру туралы талаппен жүгінген.

Талапкердің талабы төмендегі  мән-жайларға негізделген:

Талапкер мен жауапкер белгілі бір уақыт аралығында азаматтық некеде бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізген. Олар бірге тұрған уақытта араларында Р. есімді ұлдары туылған, бала туылғаннан соң, жауапкер АХАЖ органына әкелікті тану туралы арыз беріп, соның нәтижесінде тууды тіркеу туралы жазбаның «әкесі туралы мәліметтер» бағанында жауапкер баланың әкесі ретінде жазылған. Алайда, 2010 жылы жауапкер сотқа аталып өткен балаға қатысты әкелігін даулау туралы талап арыз түсіріп, талабында баланың әкесі өзі екенідігіне күмән келтіретінін, себебі, соңғы уақыттарда өзінің баланың әкесі екендігіне сезік тудыратын мән-жайлар белігілі болғанын, сондықтан, өзінің әкелігін нақты түрде анықтайтын молякулярлық-генетикалық сараптама тағайындап, азаматтық хал актілері жазбаларындағы өзінің 11.05.2005 жылы туылған Р. Есімді баланың әкесі екендігі туралы жазбаның күшін жоюды сұраған. Жауапкердің талап арызы бойынша қаралған азаматтық істі қарау барысында өткізілген сараптама нәтижесінде жауапкердің балаға қатысты әкелігі нақты анықталып, сот шешімімен жауапкердің әкелікті даулау туралы талабы қанағаттандырылмаған. Жауапкер Б-ның баланың әкесі екендігіне күмән келтіруі, балаға қатысты әкелігін сот тәртібімен даулауы, сот процедурасы, сараптама тағайындалып, оның өткізілуі салдарынан талапкер ыңғайсыз-қолайсыз жағдайға ұшырап, ар-намысыма, қадір-қасиетіме нұқсан келтірді деп санайды. Сондықтан, жауапкердің әкелікті даулау туралы талап арызында баяндалған мән-жайларды шындыққа сай келмейді деп тануды, сондай-ақ, жауапкерден өзінің пайдасына 500 000 теңге моральдық зиян өндіруді сұрайды.

Қазақстан Республикасы АК-нің 143-бабының 1-бөлігіне сай, азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотының 18.12.1992 жылғы №6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» Нормативтік қаулысының 1-тармағына сай, азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтерді тарату деп: баспа жүзінде жарияланған, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарланған, қызметтік, партиялық және басқа да мінездемелерде, арыздарда, әртүрлі ұйымдарға жолданған хаттарда көрсетілген, көпшілік алдында сөйлеу кезінде, лауазымды адамдарға, немесе басқада, оның ішінде бір немесе бірнеше адамға ауызша айтылған мәліметтер танылады. Жеке адам туралы ондай мәлімет тек сол адамның өзіне ғана айтылса, ондай әрекеттерді кір келтіретін мәліметтерді тарату деп есептеуге болмайды.[16]

Қарастырылып отырған  жағдайда, талап арыз мазмұнынан және талапкердің уәждерінен, жауапкердің  талапкерге қатысты шындыққа сай  келмейтін мәліметтерді сотқа түсірген талап арызында баяндағаны және бұл  мәліметтердің мәні жауапкердің балаға қатысты әкелігіне күмән тудыру жағдайы екендігі көрінеді.

Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы туралы» Заңының 50-бабымен тұлғаның әкелікті сот  тәртібімен даулау құқығы қарастырылған.

Олай болса, жауапкер Б. сотқа әкелікті даулау туралы талаппен жүгініп, өзінің Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 8-бабында көрсетілген құқығын жүзеге асырғаны байқалады. Яғни, жауапкер аталған талаппен, онда өзінің сезіктері мен күмән келтіретін уәждерін келтіре отырып, Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы туралы» Заңының 50-бабына сай, оны қарауға өкілетті органға жүгінген.[17]

Мұндай жағдайда, сот, істі қарау барысында анықталған, барлық мән-жайларды бағалай отырып, жоғарыда аталып өткен қолданыстағы заңдар нормалырын басшылыққа алып, белгілі  бір жағдайларға қатысты сезіктену немесе сол жағдайлардың орын алғаныдығына күмән келтіру шындыққа сай келмейтін мәліметтерді тарату болып табылмайды, сондай-ақ, жауапкердің әкелікті даулау туралы талабында келтірген уәждері мен пікірі іс бойынша тараптың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату деп тануға негіз болмайды, себебі бұл жауапкердің аталған талаппен оны қарауға өкілетті органға жүгінуі арқылы өз құқығын жүзеге асыруы деген тұжырымға келіп, талапкердің талабын негізсіз деп танып, оны қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдаған.[7]

Азаматтарға тиесiлi мүлiктiк  емес игілiктер мен өзiндiк құқықтарды қорғау және оларға келтiрiлген моральдық  зиянды өтеу мәселелерiн реттейтiн  заңнаманы сот практикасында  дұрыс әрi бiрыңғай қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:

      1)Азаматтарға  тумысынан немесе заң бойынша  тиесiлi мүлiктiк емес игiлiктер  мен өзiндiк құқықтарды қорғаудың  және азаматтарға келтiрiлген  моральдық зиянды толық өтеудiң  конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудың тиiмдi тәсiлi болып табылатынына соттардың назары аударылсын.

      2)Азаматтардың  жеке мүлiктiк емес құқықтарын  қорғаудың Қазақстан Республикасы  Азаматтық кодексiнiң  (әрi қарай мәтiн бойынша - Азаматтық кодекс) 9 және 141-баптары мен басқа да заңдарға сәйкес соттардың мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтарын қорғау:

      -мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтар бұзылғанға дейiн қолданылған ереженi қалпына келтiру, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың заңнамаға сәйкес келмейтiн актiлерiн қолдануға жатпайды деп тану;

      -мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың бұзылуының салдарын жою;

      -моральдық зиянға ақша нысанында өтем жасау жолымен жүргізiледi.

      -мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтарды сот жоғарыда көрсетiлген тәсiлдердi жинақтай отырып, сондай-ақ олардың әрқайсысын бөлек қолдана отырып қорғайды.

      -мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғаудың Азаматтық кодекспен көзделген тәсiлдерiн соттар осындай құқықтарды қорғау еңбек туралы, неке және отбасы туралы, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау туралы және өзге де заңнамалық актiлермен арнайы тиянақталмаған жағдайларда да қолдануы мүмкiн.

      3) Бұзылуы,  айырылуы немесе кемiтiлуi азаматқа моральдық зиян келтiруге әкеп соғатын мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар деп азаматқа тумысынан немесе заңға сәйкес тиесiлi және оның жеке басымен тiкелей байланысты құқықтар мен игiлiктердi түсiну қажет. Адамға тумысынан тиесiлi игiлiктерге өмiр сүру, денсаулықты, ар-намысты, бостандықты, жеке басына қол сұқпаушылықты, ал құқықтарға - тұрғын үйiне немесе меншiгіне қол сұқпаушылық құқығын, жеке өмiрiнiң немесе отбасының құпиясын, телефон, телеграф хабарларының құпиясы мен хат алысу құпиясы құқығын; атын пайдалану құқығын; өз бейнесiне құқығын; интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне құқығын қорғау туралы заңнамаға сәйкес авторлық құқықты және мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды; емiн-еркiн жүрiп-тұру және тұратын жерiн таңдау, нанымды ақпарат алу құқығын және республиканың заңнамалық актiлерiмен көзделген басқа да құқықтарды жатқызуға болады.

      Моральдық  зиян деп азаматтың құқық бұзушылық,  оған тиесiлi мүлiктiк емес игiлiктер  мен өзiндiк құқықтардың кемiтiлуiнен  немесе олардан айырудан туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет.

      Азаматтың  жан азабы деп адамның кемсiтуге, ызалануға, түңiлуге, ашуға, ұятқа,  қажуға, жайсыздыққа және т.б.  байланысты басынан кешiретiн  эмоциялық-өзiндiк жан күйзелiсi  сезiмдерiн түсiну қажет. Мұндай сезiмдер тiкелей жәбiрленушiнiң өзiне немесе оның жақын туыстарының (ата-анасының, жұбайының, баласының, бауырының, апа-сiңлiсiнiң) өмiрi мен денсаулығына құқыққа қайшы қол сұғуға; бас бостандығынан заңсыз айыруға немесе шектеуге не емiн-еркiн жүрiп-тұру құқығынан заңсыз айыруға; денсаулығына зиян келуiнiң нәтижесiнде, оның iшiнде бет әлпетiне адам танымастай болып жарақат пен сызаттың түсуiнiң салдарынан алғашқы бейнесiнен айырылуына байланысты белсендi еңбек ету және қоғамдық қызметтi жалғастыру мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылуға; отбасылық, жеке және дәрiгерлiк құпияның ашылуына; хат-хабар алмасу, телефон мен телеграф ақпараты құпиясының бұзылуына; азаматтың қадiр-қасиетi мен ар-намысына кiр келтiретiн, шындыққа жанаспайтын мәлiметтердi таратуға; өз атына, өз бейнесiне құқықтарының бұзылуына; авторлық және аралас құқықтарының бұзылуына және т.б. байланысты болуы мүмкiн. Тән азабы деп құқыққа қайшы күш қолдануға немесе денсаулығына зақым келтiрiлуiне байланысты сезiнетiн тәнiнiң ауыруын түсiну қажет.

      4) Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексiнiң  187-бабының 

1) тармақшасына сәйкес  моральдық зиянды өтеу туралы  талаптарға талап қою мерзiмi  қолданылмайды. Бұл ретте соттар "Нормативтiк құқықтық актiлер  туралы" Заңға  сәйкес азаматтардың  мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарын қорғауды көздейтiн заң актiлерiнiң, егер заң актiлерiмен өзгеше тәртiп көзделмесе, олар қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн пайда болатын құқықтық қатынастарға қолданылатынына назар аударулары қажет.

      "Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексiн (Ерекше бөлiм) қолданысқа енгiзу туралы" Заңның  8-тармағымен Азаматтық кодекстiң 922 және 923-баптарымен көзделген жағдайларда келтiрiлген мүлiктiк емес зиян, егер ол 1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн, бiрақ әрi кеткенде 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн келтiрiлсе және өтелмей қалса, өтеуге жататыны көрсетiлген.

      Жәбiрленушiнiң  осындай зиянды өтеу құқығын  көздейтiн заң актісi қолданысқа  енгiзiлгенге дейiн келтiрiлген  мүлiктiк емес зиянды өтеу туралы  талап қанағаттандыруға жатпайды. Мұндай зиян заң актiсi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн азамат жан немесе тән азабын тартқан жағдайларда да қанағаттандыруға жатпайды.

      Егер  жәбiрленушiге мүлiктiк емес зиян  келтiрген құқыққа қарсы әрекет (әрекетсiздiк) заң актiсi қолданысқа  енгiзiлгенге дейiн басталса және заң актiсi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн де жалғасса, онда моральдық зиян заң актiсi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн жасалған құқыққа қарсы әрекетпен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген бөлiгiнде ғана өтеуге жатады.

      5)Азаматтық  кодекстiң  917-бабының 1-тармағына сәйкес моральдық зиянды оны құқыққа қайшы (қасақана немесе абайсыздықтан) жасаған әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

      Моральдық  зиянды толық өтеу деп зиян  келтiрушi тарапынан оның заң актiлерiнiң нормаларының тiкелей талабына сәйкес ол iске асыруға мiндеттi (мысалы, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары ол таратқан шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерге түзету жариялауға; Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң  44-бабына сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi орган моральдық зиянның салдарын жою жөнiнде шаралар қабылдауға тиiс) немесе жәбiрленушiнiң талабы бойынша сот шешiмiмен белгiленген ақша нысанында моральдық зиянға өтем жасау сияқты әрекеттерiн түсiну қажет.

      6) Азаматтық  кодекстiң 952-бабына сәйкес моральдық  зиянға тек ақша нысанында  өтем жасалатындықтан, ал өтемнiң  мөлшерiн сот анықтайтындықтан  өтем мөлшерiн анықтау кезiнде  соттар әдiлеттiлiк пен ақылға  сыйымды қажеттiлiктi негiзге алуы  қажет. 

      Мүлiктiк зиянға ақшалай нысанда өтем жасау мөлшері, егер оның мөлшерін анықтау кезінде сот азаматтың мүліктік емес өзіндік құқықтарының бұзылуына байланысты барлық нақтылы мән-жайларды анықтаса және сот анықтаған өтем мөлшерi талапкер мәлiмдеген талаптардың тиiстi мөлшерде қанағаттандырылуы туралы негiздi тұжырым жасауға мүмкiндiк берсе, ол әдiл әрi жеткiлiктi мөлшерде жасалды деп есептеу қажет.

      Бiрiншi сатыдағы сот өндiрген мүлiктiк  емес зиянға жасалатын өтемнiң  мөлшерi, егер бұл мөлшер жоғарыда аталған заң талаптары мен принциптерге сәйкес келмейтiн болса, аппеляциялық және қадағалау тәртiбi бойынша қайта қаралуы мүмкiн.

      7) Моральдық  зиян үшiн жасалатын өтемнiң  мөлшерiн белгiлеу кезiнде соттар  субъективтi баға ретiнде жәбiрленушiге  келтiрiлген жан азабы мен тән азабының ауырлығын, сондай-ақ осыларды куәландыратын объективтi мәлiметтердi, атап айтқанда:

      -мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың (өмiрi, денсаулығы, жеке бас бостандығы, жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиясы, ар-намысы мен қадiр-қасиетi және т.б.) өмiрлiк маңызын;

      -жәбiрленушiнiң басынан кешкен жан немесе тән азабының ауырлығын (бас еркiнен айырылу, дене жарақатын түсiру, жақын туыстарынан айырылу, еңбек қабiлетiн жоғалтуы немесе шектелуi және т.б.);

Информация о работе Азаматтық құқықтық обьектілері