Азаматтық құқықтық обьектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:23, курсовая работа

Описание

Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе. Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау болатынын сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ 2
I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 4
1.1. Азаматтық құқықтар обьектілеріне жалпы сипаттама......................4
1.2. Азаматтық құқықтар обьектілерінің түрлері.......................................5
II.МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАР 6
2.1. Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу) 6
2.2. Бағалы қағаздар 9
III.МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР 16
3.1. Мүліктік емес өзіндік құқықтардын ұғымы мен түрлері 16
3.2. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 30
СІЛТЕМЕЛЕР 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................33

Работа состоит из  1 файл

Азаматтық құқықтың обьектілері Тұрақбаева Айгерім МП(К)-203.doc

— 240.00 Кб (Скачать документ)

            Осылайша, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заңмен жылжымайтын мүлікке құқықтарды міндетті мемлекеттік тіркеу ережесі енгізіліп, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге өтініш ету мерзімі белгіленді. Міндетті мемлекеттік тіркеу жүйесі, мысалы, Ұлыбритания, Италияда және басқа да көптеген елдерде бар. Заңның 9-бабына сәйкес, тұлға кұқықтың пайда болуынан бастап, алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен тиісті орынға жүгінуге тиіс. Ал, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру сот тәртібімен жүзеге асырылады. Одан басқа, көрсетілген мерзімді бұзғаны үшін жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғалар үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қаралған. Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркемеген заңды және жеке тұлғалар оны қолданысқа енгізген күнінен бастап алты ай ішінде, яғни, 2008 жылдың 20 ақпа­нына дейін өздерінің құқықтарын тіркеуге міндетті. Жоғарыда айтылғандай, заң тіркеу тәртібін жетілдіруге, жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылардың азаматтық құқық­тарын және заңды мүдделерін толық қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

             Сонымен қатар, құқықтық кадастрға жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілер (әуе, теңіз кемелеріне және т.б.) туралы деректер кіретіндігі анықталған. Заңда меншік иесінің және басқа да адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында құқық иесінің арызы бойынша мемлекеттік тіркеуді уақытша тоқтату мүмкіндігі қарастырылған. Құқық иесі тіркеуді уақытша тоқтату туралы өтінішпен өзінің контрагентіне жылжымайтын мүлік объектісіне оның тиісті құқықтары тіркелген кезге дейін оған басқа адамдардың құқықтары немесе тараптардың кез келгенінің ерік білдіруіне қатысты туындайтын жаңа ауыртпалықтар тіркелмейтін кепілдікті беру мақсатында, сонымен қатар, құқық иесі құқық белгілейтін құжатты жоғалтып алғанда, болмаса мүлікке құқықтарды оның еркінсіз жоғалтудың негізсіз тәуекелдері туындайтын өзге де жағдайларда жүгіне алады. Жаңа заң құқықтық кадастрда тіркеу негізінде жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы жоғалған немесе бүлінген жағдайда құжатты қайта қалпына келтіру құжаттың тіркеу ісінде сақталатын көшірмесінен түпнұсқа беру арқылы жүргізілетінін айтады. Айта кету қажет, қабылданған заң мүдделі тұлғаларға заңдық талаптар, оның ішінде талап арыз беру, сот актілеріне шағымдану фактісі, жер учаскесін алып қою туралы шешім, кепілақы туралы келісім (қолхат), алдын ала шарт және өзге де деректерді тіркеу туралы тіркеу органына өтініш ету мүмкіндігін береді.[5]

             Заңдық талаптарды мемлекеттік тіркеу–жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұруға, құқықтық ауыртпалықтарын белгілеуге әкеп соқпайды. Алайда, заңдық талаптарды тіркеу қажеттігі мүдделі тұлға құқықтық кадастрдан деректер (жылжымайтын мүлікке құқықтары және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасын) алған кезде жылжымайтын мүлікке үшінші тұлғалар тарапынан заңдық талаптардың бар екендігінен мәлімет алады. Заңға сәйкес құқықтық кадастрдан ақпарат (жылжымайтын мүлікке кұқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасын, жылжымайтын мүлігі бар немесе жоқ екендігі туралы анықтаманы), сондай-ақ, құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірмей берілуге тиіс. Заңның негізгі жаңа енгізулерінің бірі үйлерді, ғимараттарды және сол сияқтыларды техникалық зерттеу қызметін (техникалық түгендеу) мемлекет монополиясына беру, яғни, осы қызметті мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жүзеге асыруы болып табылады. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамаларын анықтауға байланысты монополиялық қызмет мемлекеттік мекемелер арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, Ресейде Құрылыс және тұрғын-коммуналдық кешені бойынша Мемлекеттік комитетімен, уәкілдік берілген «Ростехинвентаризация» федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорынмен, Германияда Техникалық қадағалау бірлестігі мемлекеттік органымен, Италияда Экономика және қаржы министрлігінің Аумақтық агенттігімен, Ұлыбританияда жергілікті муниципалитет жанындағы жоспарлауға байланысты арнайы бөлімшелермен жүзеге асырылады. Бұрын жылжымайтын мүлікті техникалық түгендеу қызметі заңнамалық деңгейде реттелмеген, нарық субъектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның өкілеттіктері де айқындалмаған еді. Осылайша, техникалық түгендеу қызметінің бәсекелестік ортада болуы және осы қызметке мемлекет тарапынан бақылаудың болмауы, техникалык түгендеуге орай қызмет көрсету нарығының субъектілеріне біліктілік талаптарының жоқтығы жұмыс сапасының төмендеуіне, мүліктің техникалық сипаттары туралы бұрмаланған ақпарат берілуіне соқтыратын. Сонымен қатар, заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды, онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің қажетті шарты ретінде үйлерді, ғимараттарды мемлекеттік техникалық түгендеудің негізгі ережелерін анықтайды.[11]

             Мемлекеттік техникалық тексеру бастапқы және кейінгі зерттеуді, сондай-ақ, ғимараттарға, құрылыстарға, олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беруді қамтиды. Бастапқы тексеру жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жүргізіледі. Кейінгі тексеру ғимараттарды, құрылыстарды немесе оның құрамдастарын реконструкциялау, қайта жоспарлау, жабдықтау нәтижесінде техникалық немесе сәйкестендіру сипаттамалары өзгерсе, осындай сипаттамалардың өзгеруі техникалық паспортта кейінгі тексеру жүргізбестен көрсетілуі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, оның ішінде кадастрлық нөмірі, орналасқан жері өзгерген кезде іске асырылады. Қабылданған заңдар жылжымайтын мүлікке құқықтарды бекітуге және қорғауға, азаматтар мен заңды тұлғалардьң құқықтарын жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауға, халыққа мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын арттыруға, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін жеңілдетуге бағытталған.[6]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР

3.1. Мүліктік  емес өзіндік құқықтардын ұғымы  мен түрлері

Азаматтық құқық пәнінің  элементтерінің бірі мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар болып табылады (АК-тің  1-бабы). Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені, олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.[2]

Азаматтық кодекстің 115-бабында  азаматқа тиесілі мүліктік емес өзіндік  игіліктер мен құқықтардың үлгі тізбесі келтірілген, оған жататындар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі атак, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қолсұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар. Азаматтық құқық объектілерінің бұл тобының ерекшелігі мынада: 1) бұл құқық Кодексте "личные неимущественные" деген термин екі түрде аударылған: "мүліктік емес жеке, мүліктік емес өзіндік" деп. 2) мүліктік емес сипаты бар, яғни материалдық мазмұны болмайды; 3) абсолютті құқықтың санатына жатады, яғни бұл құқықтарды ешкім де бұза алмайды; 4) бұл құқықтар ешкімге тапсырылмайтын, әрі өзгеге берілмейтін құқық.[3]

Аталған белгілерге қарап, мүліктік қатынастар тұлғаның өзінің ыңғайына қарай қалыптасып, ал мүліктік емес өзіндік игіліктер жеке тұлғадан ажырамайтындығын көреміз.

Азаматтық кодекс мүліктік емес өзіндік игіліктерді азамат туған сәтінен бастап алатын (жеке мүліктік емес өзіндік игіліктердің бірінші деңгейі) және азаматқа заң  арқылы берілетін (жеке мүліктік емес өзіндік игіліктердің екінші деңгейі) деп бөлінеді.

Мүліктік емес өзіндік  құқықтардың мүліктік құқықтарды иеленушілерімен  байланыс дәрежесіне қарап, мүлікке  қатысы жоқ мүліктік емес өзіндік  құқық және мүлікпен байланысы бар  мүліктік емес өзіндік құқықтар деп ажыратылады.

Мүліктік емес өзіндік  құқықты көздеген мақсатына қарай  мынадай түрлерге бөлуге болады: а) азаматтың өмір сүруін қамтамасыз ететін мүліктік емес өзіндік құқықтар (мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы және т.б.); ә) азаматтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін мүліктік емес өзіндік құқықтар (мысалы, есім алу құқығы, жеке өміріне құқығы және, автор болу құқығы және т.т.).[7]

3.2. Ар-намысты,  қадір-қасиетті және іскерлік  беделді қорғау құқығы

 

АК-тің  143-бабына сәйкес ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді азаматтық-құқықтық қорғау былайша жүзеге асады, яғни азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай келетіндігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы.

АК-тің 143-бабында "теріске шығару" ұғымы ашып көрсетілмеген, тек ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге  кір келтіретін мағлұматтар деп қана жанама түрде айтылған.

Ар-намыс дегеніміз тұлғаның (азамат немесе заңды тұлға) рухани және әлеуметтік болмысына берілетін қоғам бағасы. Ал, қадір-қасиет дегеніміз тұлғаның өзін-өзі бағалауы, өзінің жеке сапаларын  сезінуі, қабілет-қарымын көре білуі, дүниетанымын, қоғамдағы орны мен борышының маңызын іштей түсінуі, өзін-өзі бағалау тұлғаның моральдық және басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік маңызды түйіндерге негізделеді.

Іскерлік бедел тұлғаның кәсіби іскерлік (өндірістік, мамандық) қабілеті жөнінде қалыптасқан қоғамдық пікір.[12]

Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес сот арқылы мынадай мағлұматтар, атап айтқанда: 1) ар-намыс пен қадір-қасиетке кір келтіретін; 2) жауапкер арқылы таратылған; 3) шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар  теріске шығарылады. Аталған талаптардың жиынтығы ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлікке қатысты құқық қатынастарын қорғаудың жалпы негізін құрайды.

Қазіргі кезде сот тәжірибесі мен  ғылыми пікірге сүйенсек, баспасөзде, радио және теледидар хабарларында, кино бағдарламаларында және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында кір келтіретін мағлұматтардың жарияланатындығын көреміз. Сондай-ақ қызмет мінездемесінде, жария түрде сөйленген сөздерде, лауазымды тұлғаға байланысты жасалған мәлімдемелерде немесе бір немесе бірнеше тұлғаның атына бағытталған ауызекі әңгімелерде ондай кір келтірушілік кездесетіні белгілі болып отыр.

Заңда әлгіндей мағлұматтарды таратудың  нысандарына қатысты арнайы талаптар қаралмаған. Дей тұрғанмен ондай  кір келтіретін фактілердің кез  келген сипатта көрінуі оны теріске шығаруға жеткілікті негіз болады.

Кір келтіретін мағлұмат деп азаматтың (ұйымның) қолданылып жүрген заң мен моральдық принциптерді бұзуы туралы (әділетсіздікке бару, ұжымда, тұрмыста теріс қылықтар жасау, өндірістік шаруашылық және қоғамдық қызметтерді, беделді қаралау және т.б. туралы) олардың абыройы мен ар-намысына негізсіз нұқсан келтіруді айтады.

Демек, азамат немесе ұйым туралы кез келген кір келтіретін мағлұматты шындыққа жанаспайды дей  алмаймыз. Ал құқықтық немесе моральдық  жағдайды байыбына бармай теріс бағалаған  хабарлар жөнсіз кінәлауды білдіреді. Егер мағлұмат ар-намысқа, қадір-қасиетке тимесе, онда ол бейтарап сипатқа ие болады, яғни, оны АК-тің  143-бабына сәйкес теріске шығаруға негіз болмайды.[3]

Азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне  және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар қатарына баспасөзде жарияланған теріс мағлұматтар, радио және теледидар арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілген хабарлар, қызмет мінездемесінде және басқа мінездемелерде, жария сөз сөйлеулерде, түрлі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға бағытталған, оның ішінде ауызекі турде айтылған хабарлар жатады. Ауызекі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты болуы мүмкін.

АК-тің 143-бабында кір келтіретін мағлұматтардың теріске шығарылуының арнайы тәртібі бекітілген. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарында азаматқа және заңды тұлғаға қатысты кір келтірушілік мағлұмат жарияланса, онда олар өз кезегінде бұзылған құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін сол аталған бұқаралық ақпарат құралында дәлелді жауабын тегін жариялатуға құқылы.[6]

Егер аталған мағлұматтар  ұйымнан шыққан құжат болса, бұл  құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамға міндетті түрде хабарлана  отырып, мұндай құжат алмастырылуға  немесе кері сұратып алынуға тиіс. Өзге реттерде теріске шығару тәртібін сот белгілейді (АК-тің  142-бабының 2-тармағы).[3]

Мағлұматтарды теріске  шығару жөнінде берілген талап арызда көрсетілген жауапкер осы мағлұматты таратқан адам не тұлға болып табылады. Егер мағлұматты теріске шығару жөніндегі  талап қою бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты болса, онда тиісті бұқаралық ақпарат құралының редакциясы мен кінәлі автор жауапкер болады. Жарияланымдарда және басқалай таратылған әлгіндей мағлұматтарға байланысты автор көрсетілмесе (мәселен, редакциялық мақала), онда іс бойынша сол бұқаралық ақпарат құралы жауапкер болады.

Қызмет мінездемелерінде жол берілген кір келтірушілік мағлұматтарына мінездемені берген және оған қол  қойған адам немесе заңды тұлға жауапкер болып табылады.[4]

Азаматқа немесе заңды  тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тануы туралы сотқа шағымдануға құқылы.

Егер жауапкер соттың шешімін орындамаса, сот оған тәртіп бұзғаны үшін бюджеттің кірісіне өндіріліп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық іс жүргізу  заңдарында белгіленген тәртіп пен  мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртіп бұзушыны сот шешімінде көзделген әрекетті орындау міндетінен босатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-18 баптарына сай, ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау құқығы азаматтардың конституциялық құқығы болып табылады.[14]

Қазақстан Респуликасы  Азаматық іс жүргізу кодексінің 56-бабына сәйкес, осы санаттағы азаматтық  істер азаматтардың, ұйымдардың, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары  мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға талап қойып, сотқа жүгіне алатын өзге тұлғалардың талаптары бойынша қозғалады.

Информация о работе Азаматтық құқықтық обьектілері