Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 20:57, реферат

Описание

Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке қылмыс деп қылмыстық заңда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және Ерекше бөлімнің бір бабымен ғана сараланатын қылмысты айтамыз .

Работа состоит из  1 файл

Кылмыстын коптиги реферат ЕСІМҒАЛИҚЫЗЫ АЙГЕРІМ КСК-202.docx

— 29.62 Кб (Скачать документ)

Қылмыстың жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттің біреуі үшін де сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық  жауаптылықтан босатылмаған болуы  керек, осыған байланысты Қылмыстық  кодекстің 65, 66, 67, 68, 69, 73, 76-баптарында көрсетілген  шын өкінуіне байланысты қылмыстық  жауаптылықтан босап, қажетті қорғану  шегінен асқан кезде қылмыстық  жауаптылықтан босату; жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық  жауаптылықтан босату; жағдайдың  өзгеруіне байланысты қылмыстық  жауаптылықтан босату; ескіру мерзімі  өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан  босату; айыптау үкімінің ескіру мерзімі  бойынша жазаны өтеуден босату, айыптау  үкімінің ескіру мерзімі бойынша  жазаны өтеуден босату, рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде  қылмыстық жауаптылықпен жазадан  босату сияқты фактілер қылмыс жиынтығында  орын алмауы керек.

Егер мұндай мәселелер  болса, онда ондай іс-әрекетте қылмыстың  жиынтығы болмайды. Заң әдебиетінде  қылмыстың жиынтығы идеалдық және нақты (реалды) болып екі түрге бөлінеді.

Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі  баптары, бір баптың әр түрлі бөліктері, тармақшалары бойынша сараланатын  екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз. Қылмыстың идеалдық жиынтығына Ш-ның іс-әрекеті мысал  бола алады. Ш. өзінің танысы К-ның саяжайына  келеді. Ш. К-нің саяжайда қатты мас  болып, ұйықтап жатқанын көріп, одан кек алу мақсатымен, есік терезені сыртынан мықтап бекітіп, дәлізде тұрған 10 литр бензинді саяжай ішіне шашып, от қояды. Өрттен саяжай өртеніп, ішіндегі К. ауыр жарақат алып 4 тәуліктен  соң ауруханада қайтыс болады. Ш. бір  әрекетпен (К-нің саяжайын өртеу  арқылы) екі қылмыс істеді: 1) бөтеннің мүлкін өрт жіберу арқылы қасақана құрту (87-бап, 2-бөлігі, “а” тармағы); 2) кісіні кек алу мақсатымен қасақана өлтіру (96-бап, 1-бөлігі).

Егер кінәлі адам бір әрекет арқылы бір мезгілде қылмыс істеуге  оқталумен бірге екінші бір біткен қылмыстың құрамын орындаса бұл  да қылмыстың идеалдық жиынтығы болады.

Мысалы У. төртінші қабаттағы  пәтерінде тұрып жолда өтіп бара жатқан өзінің жек көретін танысы С-ны ауыр жаралау мақсатымен төртінші қабаттан С-ға қаратып жұдырықтай тас  лақтырады. Тас С-ға тимей Ж деген  әйелге тиіп, оған ауыр дене жарақатын  түсіреді. Осы мысалдан У-дың бір  әрекетінен екі қылмыс жасағанын  көріп отырмыз. Оның біріншісі С-ға ауыр дене жарақатын салуға оқталу, екіншісі Т-ға абайсызда ауыр дене жарақатын  түсіру. Қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына (баптың бөлімдеріне, баптың тармақшаларына) жататын қылмыс жасауын айтамыз. Қылмыстың жиынтығын идеалдық және нақты деп бөлудің теориялық та, практикалық та маңызы зор. Қылмыстың нақты жиынтығының зияндылығы идеалдық жиынтыққа қарағанда қомақты болады, сол үшін де оған қатаңырақ жаза мөлшері белгіленеді. Онын үстіне Қылмыстық кодекстің 54-бабының 1-бөлігінің “а” тармағына сәйкес қылмыстың нақты жиынтығында бұрын бір қылмыс істеген адамның жаңадан қылмыс істеуі, қылмыстардың қайталануы, жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады.

Қылмыстың жиынтығын нормалар бәсекелестігінен ажырата білу қажет. Нормалар бәсекелесі Қылмыстық кодекстің  Ерекше бөлімінің бірнеше баптарын бірдей қамтитын бір қылмыс арқылы көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде  сот Қылмыстық кодекстің бірнеше  баптарынан сол іс-әрекетке тән бір  бапты ғана бөліп алып, іс-әрекетті сол бойынша саралайды11.

Жалпы және арнаулы нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма  қолданылады.

Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсететін қылмыстық  құқылық нормаға артықшылық беріледі.

Егер бір қылмысты іс-әрекет екінші бір қылмыстың міндетті белгісі  ретінде көрінсе, қылмыстың жиынтығы болмайды. Мысалы: қызмет өкілеттігін  пайдаланып қиянат жасау жеке қылмыс (307бап), ол сонымен бірге бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың тәсілі ретінде көрінуі де мүмкін (176-баптың 2-бөлігі, “в” тармағы), соңғы жағдайда барлық іс-әрекет бір қылмыс болып  табылады да, қосымша 307-баппен саралануға жатпайды.

4. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ

 

Бұрын қасақана жасаған қылмысы  үшін сотталғандығы бар адамның  қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (13-бап, 1-бөлігі).

Қылмыстың қайталануын білу үшін бұрын міндетті түрде сотталғандығы, бұрынғы істеген қылмысы үшін жазаны толық немесе ішінара өтеуі, соңғы қасақана қылмысты істегенде  сотталғандық атағының болуы шарт. Яғни, қылмыстың қайталануы, көптік қылмыстардың ішіндегі ең қауіпті түрінің  бірі. Қасақана қылмыс істеп, сол үшін сотталып, одан тиісті қорытынды шығармай, тағы да қасақана қылмыс істеудің өзі  мұндай адамдардың мемлекет, қоғам, жеке азаматтардың мүддесіне қауіптірек екендігін көрсетеді. Осыған орай Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 1993 жылғы 24 маусымдағы "Жаза тағайындағанда соттардың заңды дұрыс қолдануы туралы" № 3 қаулысына сәйкес соттардың  назары бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалаудың қатаң шараларының қолданылуы керектігіне аударылды. Қылмыстың қайталануы соттың мұндай адамдарға қатаңырақ жаза тағайындауына негіз береді және бұрын сотталғандығы бар адамдарға заң бойынша жазаны өтеу түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге тағайындалады.

Қылмыстық құқық теориясында  қылмыстың қайталануы фактілі және ресми болып бөлінеді.

Адамның бірінші істеген  қылмысы үшін сотталғандық атағының бар-жоғына қарамастан тағы да жаңа қылмыс істеуі фактілі қылмыстық, қайталау деп саналады12.

Сотталғандық атағы жойылмаған немесе одан арылмаған адамның жаңа қылмыс істеуі ресми қылмыстық, қайталау болып табылады.

Ресми қылмыстық қайталау деген атақтың болуы кінәлі адамның  іс-әрекетін саралауға, оған жаза тағайындағанда немесе бас бостандығынан айыру  жазасына сотталғанда жаза өтеу колониясының түрін белгілеуге, сондай-ақ шартты жазаны, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстыруды, қолдану, қолданбау мәселесінде сотталғандықтан  арылу немесе оны жою сияқты мәселелерді  шешуге тікелей әсері бар.

Ресми қайталану жалпы, арнаулы, жай, күрделі, пенитенциарлық, қауіпті, оса қауіпті болып бірнеше  түрге бөлінеді.

Жалпы қайталану деп сотталғандығы  бар адамның кез келген жаңа қылмыс істеуін айтамыз. Мысалы ұрлық жасап  сотталып, жазасын өтеп келген адамның  бұзақылық жасауы.

Жалпы қайталанудың қылмысты саралау үшін әсері жоқ, ол тек  жазаны даралағанда және тағайындағанда ғана есепке алынады.

Арнаулы қайталану деп  сотталғандығы бар адамның бұрынғы  істеген қылмысына ұқсас немесе біртектес жаңа қылмысты істеуін  айтамыз. Мысалы ұрлық, бұзақылық үшін бұрын сотталған адамның сотталғандығы  жойылмай тұрып тағы да ұрлық, бұзақылық  істеуі.

Қылмыстық, кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір баптары бойынша  істелген қылмыс құрамының күшейтілген  түрінің болуы немесе болмауы  соңғы қылмысты істеуден бұрын соған  ұқсас қылмыс үшін сотталғандығының болуы немесе болмауына байланысты болады. Мысалы, бұрын қасақана кісі өлтірген адамның тағы да қасақана кісі өлтіруі (96-бап, 2-бөлігі, "н" тармағы) және т.б13.

Жай қайталану деп бір  рет қана сотталғандығы бар адамның  жаңа қылмыс істеуін айтамыз.

Ал, күрделі (көптік) қайталануға  екі немесе одан да көп сотталғандығы  бар адамның жаңадан қылмыс істеуі жатады.

Пенитенциарлық қайталану  деп бұрын қылмыс істегені үшін бас  бостандығынан айыру жазасына сотталып, адамның жазаны өтеп болған соң немесе соны өтеу барысында тағы да қылмыс істеп, бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы айтылады.

Қайталанулар жайлы Кодекстің 13-бабында былай дейді: "...2. Қылмысты қайталаудың ішіндегі ең ауыр түрі қауіпті және аса қауіпті қайталану  болып табылады.

3. Қылмыстың қайталануы:

а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет  бас бостандығынан айыруға сотталған  болса, осы адам қасақана жасаған  қылмысы үшін бас бостандығынан  айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауіпті  деп танылады.

Қылмыстардың қайталануы:

а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас  бостандығынан айыруға сотталған  болса, осы адам қасақана жасаған  қылмысы үшін бас бостандығынан  айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан  айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы  үшін бас бостандығынан айыруға  сотталған жағдайда;

в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған  болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған  жағдайда аса қауіпті деп танылады.

4. Он сегіз жасқа толмаған  адамның жасаған қылмысы үшін    соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте  белгіленген тәртіп бойынша алынып  тасталған немесе жойылған соттылық  қылмыстың қайталануын тану кезінде  ескерілмейді.

5. Қылмыстардың қайталануы  осы Кодексте көзделген негіздер  мен шектерде неғұрлым қатаң  жазаға әкеп соқтырады”.

 

 

1 Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001. 58 бет.

2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі,  11-бабы.

3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 125, 165, 231, 233, 312 - баптары.

4 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі,  176-бабының 1-бөлігі..

5 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2000, 120-бет.

6 Бұғыбаева Қ. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы, 2003. 86-бет.

7 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 106, 107, 223-баптары.

8 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі,  11-бабы, 2-бөлігі.

9 Бұғыбаева Қ. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы, 2003. 90-бет.

10 Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001. 58 бет.

11 Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001. 68 бет.

12 Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001. 77 бет.

13 Бұғыбаева Қ. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы, 2003. 111-бет.


Информация о работе Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері