Адамды саудаға салу қылмысының жасалуы мен күресуінің шаралары. Адамды саудаға салудың криминалогиялық смпаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 08:02, научная работа

Описание

Адамды өз еркінен тыс жұмыс істеуге мәжбүрлеу ісі «құлдық» деген терминмен ең алғаш рет ежелгі Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай, Грекия, Рим және әлемнің басқа да аймақтарында пайда болған. Адамзат тарихында адам сату, оның еңбегін қанау фактілері өте жиі кездеседі. Сондай-ақ адамның еңбегін қанаумен қатар, жезөкшелікке салу да – ежелгі замандардан бері келе жатқан үйреншікті жағдайлардың бірі. Әйтсе де бұл иманы мен ар-ұятын жоғалтпай, салт-дәстүрге қатаң бағынып келген біздің халқымыз үшін тосын жайт болғаны сөзсіз.

Работа состоит из  1 файл

Мұратбекқызы Ақмарал.doc

— 63.50 Кб (Скачать документ)

Адамды  саудаға салу қылмысының жасалуы  мен күресуінің шаралары

Адамды саудаға  салудың криминалогиялық смпаттамасы.

 

        Адамды өз еркінен тыс жұмыс  істеуге мәжбүрлеу ісі «құлдық»  деген терминмен ең алғаш рет  ежелгі Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай, Грекия, Рим және әлемнің басқа да аймақтарында пайда болған. Адамзат тарихында адам сату, оның еңбегін қанау фактілері өте жиі кездеседі. Сондай-ақ адамның еңбегін қанаумен қатар, жезөкшелікке салу да – ежелгі замандардан бері келе жатқан үйреншікті жағдайлардың бірі. Әйтсе де бұл иманы мен ар-ұятын жоғалтпай, салт-дәстүрге қатаң бағынып келген біздің халқымыз үшін тосын жайт болғаны сөзсіз.

        Мысалы, Ата Заңымыздың 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары » делінген. Яғни, біздің Негізгі заңға сәйкес мемлекеттің ең басты құндылығы, заңнамамен қорғалатын ең басты әлеуметтік қазына ол – адам өмірі, құқықтары және бостандықтары. Бұрынғы қылмыстық заңда Қазақстанда адамды саудаға салу үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі дәуірде де қазақ жерінде кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу мәселесі туындамаған.

             Адам саудасының, соның ішінде кәмелетке толмаған балаларды саудалаудың мақсаты – сатып алушыдан пайда көру болса, екінші жағынан баладан құтылудың жолы болып та келеді. Әрине сатып алушының баланың қандай ма бір органын немесе тәнін пайдалану, сату арқылы пайда табуы, немесе оны басқа да арам пиғылды мақсатын іске асыру үшін қолдануы мүмкін. Мысалы, баланы құлға айналдыру, қылмыс жасауға тәрбиелеп шыңдау, жезөкшелікпен аналысатын пайда көзіне айналдыру және т.б. Қазіргі заманғы кәспкерлік бизнесте «Сұраныс ұсыныстан туад, ұсыныс сұраныстан туады», деген сөз бар. Бұның өзі сатып алу- сату үшін адам ұрлау – детальдық бизнестің қайнар көзіне айналып бара жатқандығы жиі айтылып жүр.

             Экономикалық өсімі мен географиялық  жағынан қолайлы орналасуына  орай, Қазақстан «тірі туар» бизнесінің айы оңынан туған бірден-бір елге айналып отыр. Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ – Т.Т.) статистикасына сүйенсек, соңғы 8 жылда адам саудалаудың құрбаны болған 858 адамның 763-і Қазақстанда тіркеліпті. Құлдық қанатын кеңінен жайған елдер (13 ел) тізіміндегі екінші орында – БАӘ (43), үшінші орында – Түркия (21), төртінші орында – Ресей (10), бесінші орында – Израиль (6) тұр. ХКҰ-ның мәліметі бойынша, 858 құрбанның 410-ы – Қазақстандықтар, 362-сі - Өзбекстандықтар, 40-і-ы – Қырғызстандықтар, 15-і – Тәжікстандықтар, 13-і - Ресейліктер екен. Яғни құлбазардың көрігін қыздырушылар құлдардың басым бөлігін бізге көршілес Өзбек елінен әкеліп сатады деген сөз. Мұндай мәліметтер кеше Астанада ХКҰ-ы мен ІІМ бірлесіп өткізген адам саудасымен күрес жөніндегі дөңгелек үстелде жария болды.

            Қазіргі таңда қылмыстың бұл түрін ауқымды Трансұлттық проблемалардың қатарына жатқызсақ та қателеспейміз. Криминология көзқарасынан алатын болсақ, бұл қылмыстың жасалуынан көптеген мемлекеттерге залал келіп отыр, сол себепті бұны осындай көлемдегі проблема ретінде қарастырылады.

         Адамды саудаға салу — қазіргі қоғамның ең бір залалды құбылыстарының бірі, бұл мәселе әлемдік құқық қорғаушылармен 1903 ж. көтеріле басталған. Бұл мәселенің етек алуы Ұлыбританиядан Еуропа континеталдық мемлекеттеріне жезөкшелік мақсатымен әйелдерді сатудан бастама алады.Осылайша «ақ құлдық» термині пайда болды,алайда, уақыт өте келе, бұл термин жалпылама «адамды саудаға салу» терминімен ұштасып кеткен. Басқа мемлекеттерге «хат жазысу бойынша жұп табу», үй қызметшісі, даяшылар және фотомодельдер, т.с.с. ретінде әйелдерді тасымалдау оларды жезөкшелік-бизнеске енгізудің ең бір кең таралған нысаны болып қалыптасты.

        Сол  уақыттан бері адамды саудаға  салу әрдайым сараптаманы қажет ететін болды, сонымен қатар көптеген даулар мен дискуссиялардың пәні болып табылады. Бірақ, көптеген ресми құжаттарға, публикацияларға, және бұл мәселе бойынша ғылыми еңбектерді қарастырсақ, жалпы алғанда «адамды саудаға салу» деген терминді қозғағанда ол бірден «әйелді саудаға салу» мағынасымен ассоциацияланады  және бұл жерде әйелдерді жезөкшелікке, порнобизнеске, жыныстық саладағы әрекеттерге жұмылдыру үшін саудаға салынатындығын атап өткен орынды.

        «Адамды  саудаға салу» ұғымы бұдан да кеңірек мағынада қарастырылғаны жөн: бұл қылмыстың жәбірленушісі ретінде жасына, жынысына қарамастан кез-келген тұлға бола алады. Саудаға салудың мақсаты ретінде зорлы неке, зорлы еңбек, үй шаруасында пайдалану, өндіріс пен агросекторларға пайдалану, тапсырыс бойынша немесе зорлап бала тапқызу,  жыныстық бизнесте пайдалану сияқты бағыттарды көрсетуге болады. Ер адамдарды әйелдерге қарағанда жиі құрылыс салу, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларында; ал балаларды – қайыршылыққа, қайыр сұрауға салу салаларында пайдаланады; ал кез келген жынысты және кез-келген жастағы тұлғаларды — олардың ішкі мүшелерін трансплантацияға пайдаланады. Әсіресе, жас балалар саудасының өршу себебі олардың организміне сұраныс басым. Биоинженерлік технологияның қарыштап дамығаны сонша, адам ағзасындағы маңызды мүшелердің ең қымбаты өз құнын жоғалта бастаған. Айталық, сау өкпенің құны – 116,4 мың АҚШ долларына тең екен. Бүйректі 91,4 мың долларға сатып алуға болады. Ал жүректің бағасы бүйрекке қарағанда арзан көрінеді, яғни 57 мың АҚШ долларына сатып алуға, не сонша ақшаға жүрек ауыстыруға болады. ДНК молекуласының 1 грамы – 1,3 миллион долларды құраған. Адам ағзасында өндірілетін антидене ең қымбат мүше саналады. Оны сатқан қожайын 7,3 миллион АҚШ долларына ие болады. АҚШ медициналық және қауіпсіздік ұйымдарының есептеуінше, бүгінде бір адамның құны 45 миллион доллардан асады екен!

            Американың адам репродукциясы  орталығы мамандарының айтуынша, денсаулығы жақсы әйел 8 жыл өзінің 32 аналық жасушасын сату арқылы 224 мың АҚШ долларына дейінгі мөлшерде пайда таба алады екен. Еркектер де дәл осындай қаржыға кенелуі үшін өз ұрығын 20 жыл ішінде айына 12 рет беру арқылы «баюға» мүмкіндігі бар көрінеді. Осылайша, адамды тірілей түгіл, бөлшектеп сату арқылы жұмыр басты пенденің тағдырына қиянат жасалып жатыр.

        1997 жылы  ЕҚЫҰ адамды саудаға салу қылмысының  құрбаны болғандардың нақты санын  атады [1].

       Ол 1997 жылдың соңғы сараптамалары бойынша — 175 000 адам, ал қазіргі таңда бұл сан 700 000-нан 4 000 000-ге дейін ауытқу ортасында. ИТАР-ТАСС көрсетуі бойынша Қазақстан, Ресей, ТМД елдерінен және Орталық Еуропа елдерінен тек қана АҚШ-на 50 мыңнан астам әйелдер мен қыздар жезөкшелікке, құлдық еңбек етуге сатылып жатқаны анықталып отыр.

       Біздің мемлекетімізде бұл мәселе он шақты жылдар бұрын етек ала бастады. Бұл мәселені өзге мемлекеттерге қарағанда тежеп тұрған құбылыстардың қатарына мемлекеттік идеологияны, ұлттық менталитетті, экономикалық тұрақтылықты және құқық қорғау органдарының қызметін жатқызуға болады [2].

        Қазіргі  таңда адамды саудаға салуға  толық анықтаманы 2008 жылдың 4 маусымында  Қазақстан Республикасымен ратификацияланған  «Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық  ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын  толықтыратын Адамдарды, әсіресе,  әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама» бере алады. Осы құжат бойынша «адам саудасы» күш қолданамын деп қорқыту және оны қолдану немесе мәжбүрлеудің басқа да нысандарын қолдану, ұрлау, алаяқтық, алдау, билікті асыра пайдалану, пайда табу жолымен адамдарды қанау мақсатында арбауды, әкетуді, жасыруды, сатуды жүзеге асыруды білдіреді.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінде осы санатқа

байланысты бірнеше баптар болғандықтан ол;

-         адамның дене мүшелері мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (113 бап);

-         адамды ұрлау (125 бап);

-         бас бостандығынан заңсыз айыру  (126 бап);

-         саудаға салу (128 бап);

-         кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен  айналысуға тарту (132 бап);

-         адамды оның тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен алыстатуға және оны – ата – аналары, таныстары мен құқық қорғау органдары үшін белгісіз жерде ұстауға бағытталған қасақана ұрлау, пайдалану сияқты қылмыстық әрекеттерді құрайды.

          Адамды саудаға салу әлем бойынша өте кең ауқымды қылмыс болып табылады, және ол қылмыстық әрекеттердің өте жылдам дамитын түріне жатқызылады, және ол есірткі мен қару сатуға қарағанда әлеуметтік бақылауды айналып өтетін қылмыс болып табылады.

           Адам саудасы күнен-күнге азаюдың орнына, толастамай дамуы болашақ тағдыры толғандыратын кімді болса да, бей-жәй қалдырмайды жалпы жылына 800 000 адам, әсіресе әйелдер және балалар шекаралар арқылы сатылып және сатып алынып жатыр, және бұл қылмыстың көлемі тоқтамай етек алуда. Европол (Еуроодақтың полициялық одағы) мәліметтері бойынша, адамдарды саудаға салудан түсетін жылдағы пайда 19 миллиард АҚШ долларына дейін жетеді.

            Әйелдерді жыныстық мақсатта пайдалану үшін саудаға салу көптеген миллиард доллар айналымды жасырып отырған көлеңкелі нарық болып қалыптасты.Бұл қылмыстың құрбаны Ресей, Қазақстан, Украина және бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің әйелдері мен қыздары болып табылады, және осындай сипаттамасымен әйелдің әлемдегі беделіне нұқсан келтіріп отыр. Егер де мемлекеттегі азаматтардың басым бөлігі потенциалды тұрғыда тауар ретінде қарастырылып, олар сатылып немесе сатып алына алатын болса, мемлекеттегі демократия туралы қалайша сөз қылуымызға болады?!

            Адамды саудаға салу өте терең криминализацияланған құбылыс болып табылады, ол әлемдегі мемлекеттердің басым бөлігінде таралған, және олардың жағдайында көрініс тапқан. Қылмыстың бұл түрі әлеуметтік теңсіздікті тудырады, еңбек нарығына кері әсер етеді, адамдар «қорын» азайтады, адамдар ресурсына зардаптар әкеледі.

           Адамды саудаға салу саласындағы қылмыстық әрекеттердің нысанынының кейбір түрлерін атап өтуге болады: ол қарапайым фотоконкурстардан бастау алып, адамды ұрлау немесе «тірі тауар» ретінде оларды туған-туыстарынан сатып алумен ұштасады. Бұл – бірінші тәсілі. Екінші бір тісілі – ол қыздарды фотосуреттері бойынша таңдау, тапсырыс беруші таңдағаннан соң сол қыз соларға сатылады. Үшінші, дамып келе жатқан түрі – ол «екінші толқын». Бұнда осыған дейін сатылған әйелдер, туған жерлеріне қайтып келіп, өзі сияқты басқа қыздарды осындай сауда-саттыққа түсіреді, алайда, екінші толқын ретіндегі әйелдер ерекше сұрыптаудан өткізіледі. Төртінші бір түрі – қарапайым жеке тұлғалар арқылы. Отандық немесе шетелдік серіктестеріне қарыз болып қалу сияқты өзге де себептер негізінде, қыздар мен әйелдерді, балаларды сату арқылы борышын өтеу. Бесінші – сұлулық конкурстарын жариялау, фотосуреттер конкурсын жариялау, фотомодельдер мен манекеньщицалар ретінде жұмысқа қабылдау туралы конкурстар жариялау. Ал алтыншы тәсілі — бұл ең көп таралған түрі. Бұл тәсілге душар болушылар алдын-ала білуі де мүмкін – қайда бара жатқандығын, не істеу үшін екендігін. Жетінші кең тараған түрі – «неке агенттіктері», яғни шетел мемлекеттерінде жақсы жігіттермен таныстырып, дәулетті үйге әйелдік ету сияқты, т.с.с.

             Бұл тәсілдер туралы сөз қылғанда, біз газет беттеріндегі қарапайым, еш заңбұзушылығы жоқ хабарландырулар да осы қылмыстың бастауы екенін атап өткеніміз дұрыс. Көптеген агенттіктер мен фирмалар  18 бен 30 аралығындағы қыздар мен әйелдерді шетелдік жақсы беделді фирмаларға жұмысқа тұрғызу мақсатында барлығын ресми түрде рәсімдеп , жөнелтіп жатады. Кейін, олардың қайда жоқ болып кеткенін, неліктен хабарсыз кеткенін — ешкім білмей қалады. Бұл — адамды саудаға салудың құрбаны болғандығының  басты белгісі.

              Сонымен қатар, жиі жағдайларда,  әйелдер мен қыздар бұндай әрекеттердің құрбаны болып қалуына достық та себеп болады. Бір таныстары екінші таныстарына айтып осындайға душар етеді. Бұл – біз жоғарыда атап өткен, «екінші толқын» әрекеттері. Адамды сатуды ұйымдастырушы 200 доллардан 5000 долларға дейін сыйақы алады. Сол себепті, бұл әрекеттер — олар үшін табысты, өнімді болып табылады.

              Балалар мен әйелдерді саудаға салушылар  сатылған адамдарды  шекара арқылы түрлі тәсілдермен өткізеді. Кейде олар формальды тұрғыда еңбек агенттіліктері арқылы, туристік агенттіктер арқылы әрекет етеді. Ал кейде тіпті қолдан жасалған жалған құжаттар арқылы да жөнелтіліп жатады. Бұндағы ерекшелік,  сатылып жатқан адамның өзі қандай мақсатты көздеп бара жатқандығын білер-білместігінде. Егер де білетін болса, онда оларды жалған құжаттар арқылы өткізу ешқандай проблема туындатпайды. Ал егер де білмесе, онда біз атап өткен формальды құжаттар өз «көмегін» көрсетеді.

             Енді күресу мәселесіне келетін болсақ. Бұл қылмыспен күресу ретінде Қазақстан Республикасының көптеген шетелдік ұйымдармен біріге қызмет етуін атап өтуге болады. Ең қомақты әрекеттердің бірі ретінде АҚШ пен Қазақстанның ұйымдасқан қызметін атауға болады. Бірнеше қылмыстық істер бойынша қылмыскерлер ұсталып, олардың барлық жасалған әрекеттері ашылып, құрбандары мүмкіндігінше табылып, отандарына қайтарылып, ал қылмыскерлердің өздері жазаларын өтеуде.

             Адамды саудаға салудың құрбаны болғандарға көмек және қорғау көрсету мақсатында құрылған арнайы ұйымдар мен мекемелер бар, сол сияқты арнайы орталықтар да көмек көрсетіп жатыр. [4].

 Бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен де бұл мәселе туралы аз ескертіп жатқан жоқ. [5].

            Көптеген күресу және алдын алу жұмыстарын мемлекеттік емес ұйымдар атқарып жатыр. Олар ақпараттық кампаниялар жүргізуде, қатер қаупі туындағандар үшін тренингтер өткізуде, шетелге шығушы азаматтар үшін ақпараттық ескертпелер жасау, т.с.с. Олардың оң әрекеттері пайдасын тигізіп жатыр.

           Жалпы әлемді шырмаған бұл мәселенің алдын алу үшін біздің елімізде де барлық шаралар қолға алынуда.Бірақ, ең бастысы, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жер-жерде ақпараттық қамтамасыз етуді, халыққа сақтық мәселесін кеңінен түсіндіруді қолға алған жөн. Сондықтан, әлемдік ауқымды бұл проблеманы алдын алуда, тым болмаса, мынадай шараларын жүзеге асыру қажет:

- кез келген  құлдық көріністеріне және құлдық  саудасына қатаң тыйым салу, егер  кей жерлерде болсын құлдыққа сату байқалған жағдайда, оған қатаң жаза шараларын қолдану;

- жоспарланған  құлдық және құлдыққа сатуды  жасауға дайындалғандарды, яғни  зорлау сияқты әрекеттерге жазалау шараларын барынша қатаңдату;

Информация о работе Адамды саудаға салу қылмысының жасалуы мен күресуінің шаралары. Адамды саудаға салудың криминалогиялық смпаттамасы