Қазақтардың жоңғарлармен күресі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:22, реферат

Описание

Есім ханнан соң қазақ хандығында бірнеше жылға созылған өзара қырқыс басталды. Соңында хан болып Есім ханның ұлы Жәңгір сайланды. Оның хандық қызметі (1628-1652) жоңғар басқыншылығына қарсы үздіксіз күрес жағдайында өтті.

Работа состоит из  1 файл

дастандики.docx

— 17.89 Кб (Скачать документ)

    Қазақтардың жоңғарлармен күресі

 

 

    Есім  ханнан соң қазақ хандығында бірнеше жылға созылған өзара қырқыс басталды. Соңында хан болып Есім ханның ұлы Жәңгір сайланды. Оның хандық қызметі (1628-1652) жоңғар басқыншылығына қарсы үздіксіз күрес жағдайында өтті.

    XVIІ  ғасырдың 20 жылдарының  соңында Ойрат  одағы ыдырады.  Хошоуыттар тайпасы Тибетке көшті, торғауыттар Солтүстік Қазақстан арқылы төменгі Еділге қоныс аударды. Қалған ойраттар бірігіп 1635 жылы Шығыс Қазақстанда Жоңғар хандығын құрды[1]. Осы уақыттан бастап-ақ ұзақ уақытқа созылған, екі жақты да әбден қалжыратқан қазақ-жоңғар соғысы басталды.1635 жылы жаңа ғана таққа отырған Батур қоңтайшының қолы Жетісуға басып кіріп, қазақ жеріне тереңдей еніп, бейбіт ауылдарға ойран салды. Осы шайқастың барысында Жәңгір сұлтан тұтқынға түседі де, тек бір жылдан соң босатылып, жоңғарлардың өмірлік бітіспес жауына айналады. Жәңгір хан жоңғарларға қарсы қырғыздармен одақ құрды. 1643 жылы 50 мыңдық жоңғар әскері Қырғыз Алатауының біраз жеріне, Шу  өзенінің жоғарғы сағасына басып кірді. Жәңгір хан әскерін жинап үлгірмеді де, өзі 600 адамдық қолмен Жоңғар Алатауының тар жылғасында қоңтайшының әскерін қарсы алды. Ашық  шайқаста аз қолмен күші мен саны  басым жауға бетпе-бет келудің мүмкін еместігін түсінген Жәңгір хан айлаға көшеді, ол жоңғарларды шатқалдан өткізбес үшін ор қазуға, оған қоса дуал тұрғызуға бұйрық береді. Осы шайқаста қазақтар алғаш мылтықты қолданды. Осыған қарамастан қазақ-қырғыз қолын жоңғарлардың жойып жіберу қаупі төңді, алайда дәл осы сәтте төртқара руына жататын Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың Самарқан қолы келіп жетеді. Жәңгір хан жеңіске ие болды да, он мыңға жуық әскерінен айырылған Батур қоңтайшы үлкен шығынмен бейберекет кейін шегінді.

    1652 жылы жоңғарлар Ресейден оқ-дәрі, қару-жарақ сатып алып, зор даярлықпен  қазақ-қырғыздарға шабуыл жасады. Жалпы бұл жолғы соғыс қазақ  пен қырғыз елі үшін өте  ауыр тиген соғыс болды. Қырғыздар  жоңғар қоңтайшысына тәуелділігін  мойындауға мәжбүр болды. Қанды  шайқастың бірінде  жекпе-жекте  Жәңгір хан қаза тапты. Қазақтар  жеңіліп, Алатау етегін жоңғар  көшпенділеріне тастауға мәжбүр  болды.

    60 жылдары қазақ-жоңғар қақтығысы  ұсақ соқтығыстармен шектелді, алайда  Қалдан Бошоқты қоңтайшы тұсында  ірі ауқымдағы әскери әрекет  жанданды. Жәңгірдің ұлы Тәуке  хан (1680-1715) жоңғарларды тоқтата  алмады, 1681 жылы Қалданның әскері Шу өзенінен өтті. 1683-84 жылдардағы жорықтар нәтижесінде Сайрам қаласы басып алынып талқандалды, жоңғарлар Ферғана  алқабына басып кірді. XVIІ ғасырдың 90 жылдары жоңғарларды Сыбан Раптан қоңтайшы билеген кезде қазақ-жоңғар қатынасы ерекше шиеленісіп кетті. Күшті қарсылықпен ұзаққа созылған соғыс Қазақ хандығын әлсіретті. Жекелеген ірі шайқастардағы жеңістерге қарамастан, қазақтар Ертістегі, Тарбағатайдағы және Жетісудағы жерлерінен бірте-бірте айырылып, шығысқа қарай шегіне берді.  

    XVIII ғасыр басындағы  Қазақ хандығының  жағдайы Жоңғар  агрессиясының күшеюі  

    XVII ғасырдың 80 жылдары жоңғар қоңтайшысының  қазақ жеріне жорықтары жанданды, олар Оңтүстік Қазақстан мен  Сырдария сауда қалаларын, сонымен  қатар маңызды керуен жолдары  өтетін аумақтарды басып алуға   ұмтылды. Қалдан қоңтайшы (1671-1699) 1681-1865 жылдары Оңтүстік Қазақстанға  бірнеше шабуыл жасады, оның нәтижесінде  Сайрам қаласы қиратылды.

    Оның  мұрагері Сыбан Раптан (1699-1729) басқыншылық  соғысты жалғастырды. XVIIІ ғасырдың басында басқыншылардың әскері сарысу өзеніне дейін жылжыды, олардың  әскерінің бір бөлігі Орта жүздің солтүстік шығыс аудандарына  басып кірді. 1710 жылы Қарақұм ауданында  Тәуке хан жауға қарсы ұйымдастыруды  талқылауға барлық жүздердің өкілдерін  жинады. Жоңғарларды шығысқа шегіндірген  әскер құрылды. Қазақ саяси жүйесі ішкі саяси проблемаларды шешуге тамаша мүмкіндік берді. XVII ғасыр  басындағы реформадан кейін қауымаралық  пен сословие аралық алауыздық сот  ісінің шегінен сирек шықты және ешқашан қарулы  күреске жеткен жоқ. Бірақта XVIIІ ғасырда сыртқы саяси ахуал бірден өзгергенде, реформа  нәтижесінде орталықсыздандырылған  қазақ хандығы сыртқы жағдайдағы өзгерістерге дайын емес болып шықты.

    Бұл 1715 жылы  Тәуке  хан өлген соң  анық байқалды. Жоңғар тарапынан төнген қауіпке байланысты хан ролінің жоғарылауы керектігін сезінген сұлтандар жоғарғы билеуші орны үшін шиеленіскен күресті бастады. Ұзақ тартыстан соң хан болып Қайып сайланды (1715-1718).

    Көп ұзамай жоңғарлар шабуылын тағы  жаңғыртты. 1716 жылы олардың әскерінің  басты бөлігі шабуылын Іле өзенінен Аягөзге қарай бағытпен бастады. Бір уақытта басқа отрядтары  Сібірге жылжыды. 1718 жылы көктемде жоңғарлар мен қазақтар қолы арасындағы Аягөз өзенінде үш күндік қантөгіс, шайқастың алғашқы күндеріндегі жеңістерге қарамастан, қазақтардың жеңілісімен аяқталды. Өзара жауласқан Әбілхайыр мен Қайыптың келіспеушілігі, сонымен қатар жоңғарлардың тылдан оқыс соққысы шайқастың нәтижесін шешіп берді. 1718 жылы жоңғар әскері Арыс өзенінде басқа қазақ отрядтарын талқандады.

    1718 жылы Қайып хан өлді де сұлтандардың  жоғарғы билік үшін күресі  қайта жанданды. Ең қолайлы кандидатура  жас жігерлі Әбілхайыр болды,  бірақ төре тұқымының күшеюін  қаламаған билер шоғыры ынжық  әрі жігерсіз Болатты (1718-1729)  таңдады. Алайда соғыс жағдайында  қауым демократиясына бас тігу  өзін ақтамады да, Болат хандықты  басқарудан қалды. Орталық биліктің  әлсіздігі жағдайында Кіші жүз  бен Орта жүз қауымының бөлігі  өздерінің егемендігін шектеп, Әбілхайырды  хан сайлады (1718-1748). Осылай  қазақ хандығының ыдырау процессі басталды. Ташкентте ақ киізге Жолбарыс көтерілді, ал Орта жүздің бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындады. Бұл тұлғалар жоңғарларға тойтарысты ұйымдастыра алатын еді, алайда мұны сезіну үшін қазақтарға 1723 жылғы Ақтабан шұбырындыны бастан өткеруіне тура келді.

    Жоңғарларға қарсы бір майданның жарылуы  қазақ жасақтарының қорғаныс қабілетіне кері әсер етті. Сұлтандар шоғыры арасындағы ұрыс-керіс жоңғар қоңтайшыларының  қазақтарға бірқатар ірі соққылар беруіне  қолайлы жағдай туғызды.

    1723 жылы көктемде жоңғар әскері  Қаратау арқылы талас өзенінің  алқабына басып кірді. Қазақтар  бұл уақытты қыстаудан көшуге  дайындалып, шабуылды күтпеген еді.  Мұнда барлық қазақ жұрты қырғынға  ұшырады да, тірі қалғандары малдары  мен мүліктерін тастап қашуға  мәжбүр болды.

    Аяқ астынан кедейленген және ашыққан  көшпенділер тобы Бұхара мен Самарқан оазисін толтырды. 1724-25 жылдары жоңғарлар  Түркістан мен Ташкентті басып  алып талқандады. Егіншілік, қолөнер  мен сауда Сырдарияда тоқтады. Бұл оқиға қазақтар арасында “Ақтабан шұбырынды” ретінде белгілі. Нәубет жылдардағы басқыншылармен күресте қазақ болған құрбандарды халық ауыр азамен еске алады.

      Пайдаланатын  әдебиеттер: 

  1. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана /дореволюционный период/

      - А., 1988.

  1. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ және хандар шежіресі. - А., 1991.
  2. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVІІ-нач. ХХ вв. - А., 1971.
  3. Тынышпаев М. История казахского народа. - А.. 1993.
  4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 2-том. - А., 1998.
  5. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства /1635-1758/. М., 1965.
  

 

Информация о работе Қазақтардың жоңғарлармен күресі