Адам өлтіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 13:29, курсовая работа

Описание

ҚР Конституциясының 1-бабына сай адам құқықтары мен бостандықтары, оның ар-намысы мен қадір-қасиеттері қоғамның және мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітіліп, Қазақстанның өркениетті мемлекеттер қауымдастығына енуін айқындады. Жеке адамға қарсы қылмыстар мен күрестің құқықтық механизимдер тиімділігін арттыру мәселесі үнемі назар аударуды талап етеді. Жеке басты, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіндегі мәнділік жеке басқа мейілінше қауіпті, қол сұғушылықтың жолын кесумен жазалауға арналған қылмыстық заңнаманы иеленеді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-4
1.ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша адам өлтірудің ұғымы. Адам өлтіру қылмысының құрамы......................................................................................5-8
2.Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайлары...............................................9-31
Қорытынды.......................................................................................................32-33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................34-35

Работа состоит из  1 файл

Адам өлтіру.doc

— 162.00 Кб (Скачать документ)

Жүкті әйелді өлтіргенде айыптыда жәбірленушінің өліміне қатысты тікелей ниет те, жанама ниет те болуы мүмкін. Өлтіру себептері әртүрлі болғанымен, олардың қылмысты саралауға ықпалы болмайды. Мысалы, жүкті әйелді қызғаныштан өлтірген адам ҚК 96-бабы 2-бөлімі «г»-тармағы бойынша жауапқа тартылады.

Аса қатігездікпен  жасалған адам өлтіру — ҚР ҚК 96-бап. 2-б. «д»-т.

Жәбірленушіні аса қатігездікпен  қасақана өлтіру айыптының ерекше аюандық  әрекеттерге баруы, адамгершілік шегінен  шығуы, садизмді қарастырады.

Аса қатігездікті мынадай мән-жайлар сипаттайды:

  • өлтіру тәсілі (жәбірленушінің денесіне көптеген жарақат салу, көму, ас, су бермеу, уландырып қинау, қышқылмен күйдіру және т. б.);
  • өлтірер алдында немесе өлтіргенде садистік қылық көрсету (қинау, зорлау, жанын күйзелту);
  • жәбірленушіні жақындарының көзінше өлтіру, оларды күйзелту.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» N1 Нормативтік қаулысында былай деп көрсетілген: «қасақана өлтіруді аса қатігездікпен жасалған ретінде сипаттайтын мән-жайларға баға бергенде аса қатігездік тек объективтік әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар айыптының өз іс-әрекетіне психикалық қатынасымен де сипатталатынын ескеру қажет».

Аса қатыгездіктің нысандары болу үшін айыпкер өлтірер алдында немесе өлтіріп жатқан кезде жәбірленушіні қинайды, жанын күйзелтеді, не алдын ала әдейі қинап өлтіреді (денесіне көптеген жарақат салады, ұзақ уақыт жанын қинайтын береді, денесін күйдіреді, аштықта, шөлдетіп ұстайды, т. б.).

Айыпты жәбірленушіні өлтіру мақсатында дене жарақаттарын жасап, соңында оны  бензинмен өртегеннен кейін жәбірленушінің өлуі де аса қатігездікпен жасалған деп есептеледі.

 Қылмыстық құқық доктринасы тікелей де, жанама ниет бұл болмыстың нәтижесінің болуын сезетін алдын-ала көріп-білуден тұрады деп санайды. Яғни кінәлі сонда әрекетінің сипатын сезініп, аса қатыгездікпен әрекет етеді, аса қатыгездік болып табылатын басталған нәтижені қалайда немесе саналы түрде жол береді.

Бір-бірінің көзінше  жақын қатынастағы бірнеше адамды кезекпен өлтіру аса қатыгездікпен істелген деп қарастырылу керек.

 Жақындар деген ұғымды заңнама жәбірленушіге туыс адамдар ғана емес, сонда қарым-қатынастағылар да (заңды некеде емес жұбайы, күйеуі мен әйелі, қамқоршысы т. б.) жатады деп түсіндіреді. Өкінішке орай, қазіргі уақытқа дейін аталған санатқа қатысты адамдар шеңберін анықтауға бірдей көзқарас жоқ та, қылмысты саралауды мейлінше күрделендіреді. Біз бұл сұрақты шешуде аталған санаттағы адамдар жайлы сөз болғанда, тек ата-анасын, балаларын, асырап алғанын, асырағанды, туған және немере аға-қарындастарын, ата-әжелерін, немерелерін, жұбайларын, заңды некеде емес жұбайын қарастырмай, жақын есебіндегі басқа адамдарды да қарастыру керек, ол үшін мұндай оқиғаларда адамдардың өзара қатынасын түбегейлі тексеру керек. Сол сияқты әйелі мен күйеуі саналмайтын ғашық адамдарға, достарға қатысты қылмыс істелгенде адами фактор ретінде осындай аса маңызды сәтті есепке алу керек.

Аса қатыгездік ретіндегі ауырлатылған белгіні дұрыс қолдануды көптеген тергеушілер мен соттар сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан іздеуге тырысады. Алайда, ҚР ҚІК 241-бабы 1-тарауының сот-медициналық сараптама тек өлімнің себебін, денсаулыққа келген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін ғана белгілейді деп айтылған. «Аса қатыгездікті» анықтауды заң сот-медициналық сараптаманың құзырына бермейді. Сондықтан, С. В. Бородиннің пікірінше, кісі өлтірудегі аса қатыгездікті анықтауда сот-медициналық сараптаманың қорытындысын назарға алмау керек. Кейбір жағдайларда дене зақымдарының сипаты мен жәбірленушінің өлімінің себебі туралы сарапшының қорытындысы басқа дәлелдермен жинақталып, аса қатыгездікпен кісі өлтіруді саралауға мүмкіндік береді. Мұнда, қандай жағдайларда да аса қатыгездік медициналық емес, заңдық ұғым екенін естен шығармау керек5.

Аса қатыгездікпен өлтіргенде, кінәлі әрекетінің аса қатыгездік сипатын, сондай-ақ бұлай кісі өлтіруге саналы түрде жол бергенін сезінуі керек. Жоғарыда айтылғандай, аса қатыгездік кінәлінің объективтік әрекетінен ғана емес, психикалық қарым-қатынасынан да байқалады.

Бірақ «аса қатыгездік»  ұғымы «медициналық» емес, «құқықтық». Кісі өлтірудегі бұл сараланған белгінің болу-болмауы туралы мәселені өркениетті қоғамда адамгершілік, моральдық нормаларға сай, тергеу немесе сот органдары шешеді.

Сарапшы — дәрігерлердің  құзырына өлтірудің нақты тәсілінде  өлер алдында жәбірленушінің ерекше зәбір көргендігі туралы сұрақты шешу кіреді. Мәйіттің көзін құртуды немесе оны бөлшектеуді мәйітті жәбірлеу мен аса қатыгездік таныту деп әрдайым қарастырмау керектігін айта кеткен жөн. Егер бұл әрекеттер кісі өлтіруді жасыру, сондай-ақ жәбірленушінің етін пайдалану (каннибализм) мақсатында істелсе, аса қатыгездік белгісін құрамайды.

Аса қатыгездіктің мотивтері әр түрлі болады: қастық, қызғану, кек, пайдакүнемдік және т. б. Олар ҚК 96-бабы 2-бөлімінің «д»-тармағы бойынша кісі өлтіруді саралауға әсерін тигізбейді.

Кісі өлтіруді саралаудағы  көптеген қателіктер аса қатыгездікті куәландыратын жағдайлар өзіндік мәнге ие болуымен байланысты.

Бұл көбінесе, кісі өлтіру процесінде көптеген дене жарақатын  аса қатыгездікпен салудан байқалады. Жарақаттың көп болуы кінәлінің аса қатыгездігімен ғана емес, оның қозу күйімен, жағдайды бағалай алмаушылығымен, құрбанның қатты қарсыласуында қолындағы құралының немесе әрекет қабілетінің жетімсіздігінен басталған қылмысты тез аяқтауға тырысушылығымен шарттасады. Жарақаттар санын оның салынған уақытымен, ниеттің қалыптасу сәтімен, кісі өлтіру мотивімен, істің мән-жайымен салыстыра бағалау керек.

Аса қатыгездікпен істелген кісі өлтіруді білу үшін кінәліде аса  қатыгездікпен қылмыс істеу ниетінің болғанын анықтау қажет.

Кісі өлтіру ҚК 96-бабы 2-бөлімнің «д»-тармағы бойынша кінәлі аса қатыгездік көрсетуге арнайы ұмтылғанда ғана емес, ол құрбанның өмірін алуда бұл тәсілдің ерекше азапты екенін сезініп, әдейілеп соған бару оқиғасында да саралануы мүмкін.

Көптеген  адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіру — ҚР ҚК 96-б. 2-б. «е»-т.

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» N1 Нормативтік қаулысында былай делінген: «Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруді саралау үшін белгілі адамды өлтіру ниетін жүзеге асыра отырып, кінәлінің басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп төндіретін тәсілді қолданғанын саналы сезінгенін анықтау керек».

Демек, кісі өлтіру тәсілінің  өзі маңызды-жалпыға қауіпті, яғни көптеген жағдайларда мұндай кісі өлтіру тәсілі (өртеу, жару, автоматтық қарумен шоғырланған топқа ату, бірнеше адамы бар автомобильді апатқа ұшырату т. б.) көптеген азаматтардың өміріне қауіпті болып табылады.

Кісі өлтірудің бұл  түріне әр түрлі автоматтық құралдар көмегімен кез келген адамның өміріне қауіп төндіретіндей тәсілдер де жатады. Адамдар жоқ жерде бір адамды өлтіру процесінде бірнеше адамды өлтіретіндей құралдарды пайдалану қарастырылған белгінің болуын білдірмейді. ҚК 96-бабы, 2-бөлімінің «е»-тармағы бойынша қасақана кісі өлтіруді саралауда кінәлінің қолынан жәбір көрген адам саны мәнге ие болмайды. Тек бір адамның өмірден өтуі егер өлтіру тәсілі бірнеше адамның өміріне қауіп төндірсе, ҚК 96-бабы, 2-бөлімінің «е»-тарамағын қолдануға тыйым салмайды. Мұнда басқа адамға өлім келтіру қаупі тек болжам емес, шынайы болуы керек.

Кісі өлтірудің қарастырылған  бұл түрінде кінәлі белгілі бір  адамды өлтіргенде тікелей ниетпен әрекет етеді. Кінәлінің басқа адамның өміріне немесе денсаулығына зиян келтіруі жанама ниет формасында байқалады. Егер басқа адамның өміріне қауіпті тәсілмен бір адамды өлтіру бірнеше адамның қазасына әкелсе кінәлінің әрекеті ҚК 96-бабы, 2-бөлімінің «а», «е»-тармақтары бойынша саралауға жатады.

Егер аталған әрекет бір адамның өлімі мен басқа  адамның зиян шегуіне әкелсе, саралау  ҚК 96-бабы, 2-бөлімінің «е»-тармағы  және денсаулыққа зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚК-ң  сәйкес баптарымен ҚК баптарының жиынтығы бойынша жүргізілуі керек.

Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен кісі өлтіру оқиғасында кінәлінің қалауындағы емес, басқа адам өлсе, бұл әрекетті ҚК 96-бабы, 2-бөлімнің «е»-тармағы бойынша саралау керек.

Ұйымдасқан  топ немесе алдын ала келіскен адамдар тобының жасаған кісі өлтіруі — ҚР ҚК 96-бабы, 2-бөлімі, «ж»-тармағы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5-мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыспен күрес мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңымен енгізілген өзгерістер нәтижесінде ҚР 96-бабы, 2-бөлімінің «ж»-тармағын, бұрынғы редакциясында қарастырылғандай ұйымдасқан топ жасаған кісі өлтіру деп қана емес, алдын ала келіскен ұйымдасқан топ немесе алдын ала келіскен адамдар тобы жасаған кісі өлтіруі деп саралау керек.

Адамдар тобы, алдын ала  келіскен адамдар тобы ұғымы ҚР ҚК 31-бабында көрсетілген, ол қылмысқа қатысу формаларын анықтайды:

  1. Егер қылмыс жасауға екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын сөз байласпай бірлесіп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады.
  2. Егер қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады.
  3. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.

Пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен қорқытып алушылықпен, бандитизммен ұштасқан кісі өлтіру — ҚР ҚК 96-бабы, 2- бөлімінің «з»-тармағы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» N1 Нормативтік қаулысында пайда табу мақсатымен жасалған кісі өлтіруді «өзі үшін немесе басқа адамдардың материалдық пайда табуы (ақша, заттар, мүлік құқығы, тұрғын алаң құқығы, үшінші адамнан сыйақы алу т. б.) немесе материалдық шығыннан құтылу (мүлікті, қарызды қайтару, қажеттілікті өтеу, мүліктік міндеттерді орындау, алимент төлеу т. б.) мақсатында жасалған кісі өлтіру деп сараланды».

Пайда табу мақсатымен кісі өлтіру деп, материалдық пайда табу мақсатында, соның ішінде бақталасты жою, мүліктік құқықтарға ие болу, материалдық шығындардан құтылу (қарызды қайтару, алимент төлеу, басқа мүліктік міндеттерді орындау) үшін жасалған кісі өлтіру танылады.

Пайдакүнемдік — қылмыстардың, соның ішінде кісі өлтірудің саралаушы  белгісі. Пайдакүнемдік мотив көбінесе мүліктік қылмыстарға тән, бірақ  заң пайдакүнемдік ұғымын тек меншікке қарсы қылмыстармен байланыстармайды. Пайдакүнемдік туралы айтқанда көптеген басқа қылмыстар жайлы да сөз болады. Осыған орай С. Бородиннің көзқарасымен келіспеуге де болмайды. Ол «пайдакүнемдік барлық қылмыстан алыс емес» дейді де, «Қылмыстық кодексте негізгі себебі пайдакүнемдік болмайтын қылмысты табу мүмкін емес ...» деп санайтын Б. С. Волковпен келіспейді6. Пайдакүнемдік кінәлі материалдық пайда көретін қылмыстарға тән. Кісі өлтірудегі пайдакүнемдік мотив кең мағынадағы материалдық пайданы қамтиды. Оны тәжірибедегідей тек мүлік пен ақшаны иелену деп түсінбеу керек. Кісі өлтірудегі пайдакүнемдік-кісі өлтіруге дейін кінәлі иеленбеген материалдық пайданы иелену ғана емес, болашақта немесе қазір қандай да бір материалдық шығындардан құтылу.

Істелу тәсіліне қарай  пайдакүнемдікпен кісі өлтіру әр түрлі: тікелей шабуылдан-уландыруға дейінгі белсенді әрекет немесе әрекетсіздік жолымен кісі өлтіруден тұрады. Егер пайдакүнемдік қасақана кісі өлтірудің мотиві болмаса, онда адам өлтірген соң жәбірленушінің мүлкін иеленумен байланысты кінәлінің әрекетін бөтен адамның меншігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚК-ң бабымен, ал кісі өлтіруді ҚК 96-бабының 1-бөлімімен немесе 2-бөлімінің сәйкес тармағымен саралау керек. Мәселен, жәбірленушіні қарызын бермегені үшін өлтіру оқиғасын пайдакүнемдік ниетпен істелді деп қарастыруға болмайды. Өйткені кінәлі мұндай тәсілмен қарызын алу немесе материалдық пайданы көру мүмкін еместігін жақсы түсінеді. Бұлай өлтіру негізінде пайдакүнемдік емес, кек жатыр, сондықтан ҚК 96-бабы, 2-бөлімінің «з»-тармағы бойынша саралау дұрыс емес. Сондай кекпен кісі өлтіруге кінәлі келтірген шығынды өтеуден жәбірленушінің бас тартуымен байланысты кісі өлтіру жатады. Мұндай жағдайларда саралау ҚК 96-бабының 1-бөлімі (егер ҚК 96-бабы 2-бөлімінің басқа да саралаушы белгілері болмаса) және ҚК 327-бабы бойынша (егер бұл қылмыстың құрамының бүкіл белгілері болса) саралау жүргізіледі.

ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясы бұл саралаушы белгіде  пайдакүнемдік ниеттің болуын өзгертпейді, олардың болуы кісі өлтірушінің мақсатынан анықталынады. Пайдакүнемдік ниетімен кісі өлтіруден кекпен кісі өлтіруді кінәлінің мүлкіне қол сұққанынан немесе қандай да бір мүліктік шығын келтіргенінен ажыратуға болады (мысалы, кінәлінің мотоциклін өз бетінше пайдаланғаны үшін көршісін өлтіру). Кісі өлтіру мотиві ретінде пайдакүнемдік ниет түсінігі мейлінше тар және нақты, сараңдық пен пайдакүнемдік жеке бастың қасиетіне тән.

Жалдап кісі өлтірудің  айырмашылық шектері міндетті белгілері  қатысушылар арасында рөлдерді бөлу болып табылады. «Тапсырушы» қылмысты ұйысдастырушы немесе арандатушы ретінде болады. ҚР ҚК 28-бабы, 8-тармағына сай, ұйымдастырушы — қылмыс істеуді ұйымдастыратын немесе оның орындалуына жетекшілік ететін, қылмыстық топты ұйымдастырушы адам немесе қылмыстық қауымдастықты ұйымдастырушы адам, ал арандатушы — аталған баптың 4-тармағына сай, басқа адамды көндіру, сатып алу, қорқыту немесе басқа да тәсілдермен қылмыс істеуге итермелеген адам болып табылады.

Тапсырушы мен тапсырысты орндаушының әрекетін саралауда негізгі айырмашылықты есепке алу керек. Сыйақы үшін қасақана кісі өлтірген адамның әрекетін ҚК 96-бабы, 2-бөлімінің «з»-тармағы бойынша саралау керек, ал бұл кісі өлтіруді ұйымдастырушыны итермелеген адам әрекеті ҚК 28-бабы және 96-бап, 2-бөлімнің «з»-тармағы бойынша сараланды.

Информация о работе Адам өлтіру