Адам өлтіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 13:29, курсовая работа

Описание

ҚР Конституциясының 1-бабына сай адам құқықтары мен бостандықтары, оның ар-намысы мен қадір-қасиеттері қоғамның және мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітіліп, Қазақстанның өркениетті мемлекеттер қауымдастығына енуін айқындады. Жеке адамға қарсы қылмыстар мен күрестің құқықтық механизимдер тиімділігін арттыру мәселесі үнемі назар аударуды талап етеді. Жеке басты, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіндегі мәнділік жеке басқа мейілінше қауіпті, қол сұғушылықтың жолын кесумен жазалауға арналған қылмыстық заңнаманы иеленеді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-4
1.ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша адам өлтірудің ұғымы. Адам өлтіру қылмысының құрамы......................................................................................5-8
2.Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайлары...............................................9-31
Қорытынды.......................................................................................................32-33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................34-35

Работа состоит из  1 файл

Адам өлтіру.doc

— 162.00 Кб (Скачать документ)

Бұл саралауды шартты деп қарастыру керек. Себебі кез-келген объектілік белгі қылмыстың субъективтік жағынан көрініс тауып жатады. Ал адам өлтірудің аса жоғары қауіптілігі қарақшылықпен, бандитизммен немесе бопсалаушылықпен астасып жатыр. Бірақ осылайша саралау ҚК 96-бабы 2-бөлімі бойынша нақты адам өлтіру түрін дұрыс саралауға көмектеседі.

Жалпы Қазақстан Республикасы ҚК-нің адам өлтіруді бұлайша саралауы толық сипатқа ие. Адам өлтірудің кейбір түрлерін ажыратуда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Адамның өмiрi мен денсаулығына қарсы кейбiр қылмыстарды саралау туралы» 2007 жылғы 11 мамырдағы N 1 Нормативтiк қаулысы маңызды рөл атқарады.

Екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру —  ҚР ҚК 96-бап. 2-б. «а»-т.

Зардаптарының аса ауырлығымен  сипатталады. Осыған ұқсас белгі  бұрынғы Қылмыстық кодексінде де болған, сондықтан сот практикасы оны бағалаудың өзіндік критериін жасаған болатын. Екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру біртұтас қылмысты білдіреді. Барлық жәбірленушілерге зиян не бір мезгілде, немесе қысқа уақыт аралығында жасалады, яғни ең бастысы айыптының іс-әрекеті бір ниетке бағытталған — екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру.

Уақыт аралығының алшақтығы  немесе басқа да бірегей ниетін білдіретін жағдайларда адам өлтіру ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «а»-тармағы бойынша сараланбайды. Мұндай жағдайларда ҚК 96-бабы 2-бөлімі «н»-тармағы қолданылады (ҚК 97-100-баптарында көзделген әрекеттерден басқа, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумындағы «Азаматтардың  өмірі мен денсаулығына қол сұғушылыққа  жауаптылықты белгілейтін заңдылықтарды  соттардың қолдануы туралы» 1994 жылғы 23-желтоқсанындағы № 7 қаулысында (1996 жылы 20-желтоқсанында № 11 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) былай деп көрсетілген: «егер қылмыс бір немесе бірнеше әрекет арқылы қысқа уақыт аралығында орындалса жәбірленушіне де айыптының бірнеше адам өлтіруге тікелей немесе жанама ниетінің болғаны анықталса ол екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтірген жағдай деп саралануы керек. Айыптының ниеті бірнеше адамды өлтіруге бағытталып, бірақ аяқталған қылмыс ретінде — екі немесе одан да көп адамды өлтіргендік деп қарастырмайды, себебі — қылмыс субъектісінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша оның бірнеше адамды өлтіру ойы жүзеге аспай қалды». Бұл жағдайда айыптының әрекетін ҚК 96-бабының 1-бөлігі және 24-баптың 3-бөлігі бойынша және басқа сараланатын белгілердің болуына қарай ҚК 96-бабы 2-бөлімі «а»-тармағы бойынша саралануы керек.

Мұнда айыптының бір  мезгілде бір адамды өлтіріп, екінші адамды өлтіру мақсатында шабуыл жасау әрекетінің еш қатысы жоқ. Себебі екі адамды өлтіру бір қылмысты білдіреді. Осынысымен де ол бірнеше рет жасалған адам өлтіруден ерекшеленеді. Осы жағдайда жазаны бірегей қылмыс жиынтығы ережелері бойынша белгілеу дұрыс болар ма екен. Қылмыстық құқық ғылымында оны шешудің бірнеше жолдары көрсетілген болатын. Мысалы, Л. В. Иногамова-Хегайдың ойынша бір адамды өлтіру туралы норма «екі немесе одан да көп адамдардың өміріне қауіп төндіру нормасының бүтіні емес, мазмұнының бөлігі ғана», ал «бүтін мен бөлікті салыстырғанда бүтіннің жеңетіні белгілі»2. Барлық әрекеттерді бір қылмыс деп есептеу бұл қылмыстың қауіптілігін төмендетіп, айыптының жауапкершілігін жұмсартар еді. Осыған байланысты сот практикасы заң талап етіп отырғандай мұндай жағдайларда саралау жолымен қарастыруы керек.

Дегенмен, бұл жолдың да өз қиыншылығы бар. Қылмыстың жиынтығы деп танылған жағдайда жаза 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде қолданылады. Ол айыптының бастаған ісін аяқтауға, яғни тірі қалған куәгерлерді де өлтіруге итермелейді, бұл жағдай қылмыс жиынтығына жатпайды. Мұндай қарама-қайшылықты шешу үшін заңды қолдану керек, яғни жиынтық деген ұғымды нақтылау қажет.

Екі немесе одан да көп  тұлғаларды бір мезетте өлтіру әртүрлі  себептердің болуын жоққа шығармайды, мысалы, қызғаныш сезімімен бұрынғы әйелін өлтіру және жасаған қылмысты жасыру мақсатында кездейсоқ куәгерді өлтіру. Егер осы себептердің бірі ҚК 96-бабы 2-бөлімінде қарастырылса, онда ол саралауда көрсетілуі керек. Басқа адамды өлтіру ниеті алдында жасаған адам өлтіру қылмысын жасыру мақсатында кейіннен пайда болса, ол екі адамды өлтіру деп сараланбайды. Әрбір жасалған қылмыс жеке саралануды қажет етеді.

Бір уақытта бір адамды өлтірген және екінші адамды абайламай  өлтірген айыптының әрекетінде бұл қарастырылып отырған қылмыстың құрамы жоқ, ол екі қылмыстың жиынтығы: адам өлтіру жәбірленушіне абайсызда кісі өлтіру қылмыстары ретінде сараланады.

Егер екі немесе одан да көп адамды өлтіру көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалса, бұл әрекет ҚК 96-бабы 2-бөлімі «а» және «е» тармақтары бойынша саралануы керек.

Егер екі адам өлтірудің  біреуі жеңілдететін мән-жайларда жасалса (97-100-баптары) онда ҚК 96-бабы 2-бөлімі «а»-тармағы қолданыла алмайды.

Қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарына қатысты адам өлтіру — ҚР ҚК 96-бап. 2-б. «б»-т.

Адам өлтірудің бұл  түрі аса қауіпті қылмыстар қатарына жатады, себебі мұнда тек жәбірленушінің ғана емес басқа да объектілерге: тұлғаға  өзінің қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін немесе кәсіби не қоғамдық борышын орындауға байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғылады.

Осы қылмыс бойынша жәбірленушілер қызметтік міндетін атқарушы (лауазымды немесе басқа да адамдар), сондай-ақ кәсіби немесе қоғамдық борышын орындаушы азаматтар немесе олардың жақындары болуы мүмкін. Бұл қылмысты жасағанда айыпты жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе қоғамдық не кәсіби борышын заңды түрде атқаруына қарсы тұрады немесе сол үшін өш алады. Мысалы, браконьердің өзін ұстаған адамды өлтіруі, тергеуге немесе сотта куәгер ретінде жауап берген адамды өлтіру.

ҚК 96-бабы 2-бөлімінің  осы тармағы бойынша жауаптылыққа тартқанда адам өліміне себеп болған әрекеттің қашан жасалғандығы маңызды емес.  Жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе кәсіби борышын атқару кезінде ғана өлтірілуі шарт емес.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумындағы «Азаматтардың  өмірі мен денсаулығына қол сұғушылыққа  жауаптылықты реттейтін заңдылықтарды  соттардың қолдануы туралы» 1994 жылғы 23-желтоқсанындағы № 7 қаулысында (1996 жылы 20-желтоқсанында № 11 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) былай деп көрсетілген: «егер қылмысты жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе кәсіби борышын атқару кезінде жасауға байланысты саралау кезінде заң жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе кәсіби борышын атқаруындағы қандай заңды әрекеттері айыптының оған қарсы қылмыс жасауына әкеп соққанын анықтауы керек».

Қызметтік борышын жүзеге асыру дегеніміз — адамның  мемлекеттік немесе басқа да кәсіпорында, мекемеде жұмыс істейтіндігіне қарамастан өз міндетіне жататын әрекеттерді жасауы.

Қоғамдық борышты атқару дегеніміз — кез келген азаматтың  өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті, сондай-ақ қоғам немесе жеке адамдар мүддесін көздейтін кез келген басқа әрекеттерді орындау (қылмыстың алдын алу, қылмыскерді ұстау, т. б.). Р. Э. Оганян, А. Г. Кибальник, И. Г. Соломенко қызметтік борышты әдеттегі еңбек келісім шартымен белгіленген қызметтік шеңбердегі міндеттерді атқару деп таниды. Қызметтік борышты жүзеге асыру деп, адамның жәбірленушінің жұмыс істейтін мемлекеттік немесе өзгедей кәсіпорындарға, ұйымдарға қарамастан қызметтік борышын жүзеге асыру әрекетіе тануға болады. Қоғамдық борыш – адамның тиісті атқаратын міндетіне кірмейтін қоғамның міндеті үшін атқаратын әрекеттер3.

Қоғамдық борышты атқару деп кез келген азаматтың әлеуметтік жүктелген мінденттерді атқаруы, сол сияқты қоғамның немесе жекелеген адамның мүдделері үшін басқа да қызметтерді жүзеге асыруын тануға болады (құқық бұзушылықтың жолын кесу, қылмыскерді ұстау және басқалар).

Қылмыстық, азаматтық  істердің, сондай-ақ материалдың сотта  қаралуына, алдын ала тергеудің  жүргізілуіне не үкімнің сот шешімінің  немесе өзгедей сот актісінің  орындалуына байланысты судьяның, прокурордың, тергеушінің анықтама жүргізуші адамның, қорғаушының, сарапшының, сот приставының, сондай-ақ олардың жақындарының өміріне қастандық жасау (не өлтіру) арнаулы норма — ҚК 340-бабы бойынша жауаптылыққа апарады. Құқық қорғау органдарының адамы болып табылмайтын, бірақ өзін айыпталушыға сондаймын деп таныстырған жәбірленушіне қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттер жасаған адамның өміріне қастандық жасау ҚК 96-бабы 2-бөлімінің «б»-тармағы бойынша саралануы тиіс.

Кәсіби борышқа адамның  кәсіби мәртебесі жүктейтін міндеттер жатады. Қылмыстық заң тек қызметтік міндетті не кәсіби немесе қоғамдық борышты атқарушы адамдарға ғана емес, олардың жақындарын да қорғайды. Жақындар деген түсінікке тек арғы-бергі туыстар ғана жатпайды, сонымен қатар достық, сүйіспеншілік қатынастағы (қалыңдық, күйеу бала, достар, т. б.) адамдар да жатады.

Жақын адамды өлтіру жәбірленушінің қызметтік кәсіби немесе қоғамдық борышты атқарумен байланысты болады, оны өз қызметін атқарудан бас тартқызу мақсатында немесе сол қызметі үшін өш алу мақсатында жасалады.

Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі  адамды өлтіру, сол сияқты адамды ұрлауы мен не адамды кепілге алумен ұштасқан жағдайда адам өлтіру — ҚР ҚК 96-бабы 2-б. «в»-т.

Адамның дәрменсіз жағдайы  дегеніміз — адамның физиологиялық немесе басқадай себептермен (әлі жас, қартайған, ауру, кеміс: соқыр, керең, ақсақ, шолақ, т. б.) қылмыскерге жөнді қарсылық көрсете алмауы. Адам өлтірудің бұл түріне ұйықтап жатқан немесе қатты мас адамды, сондай-ақ басқа бір себептермен есінен таныған адамдарды өлтіру де жатады. Бұл жағдайда жәбірленушінің дәрменсіз екендігі айыптыға белгілі болуға тиіс.

Шындығында, жас сәбиді, қарт адамды, мүгедекті өлтіру айыптының  аса қатігездік танытып жасағанын, жүрексіздігін көрсетеді. Сондықтан сот практикасы мұндай адам өлтірулерді аса қатігездікпен жасалған қылмыс деп қарап келді. Ұйықтап жатқан немесе қатты мас адамды өлтіру қылмысына келетін болсақ ол кінәлінің аса қатігездігін білдіре қоймайды. Ал дәрменсіз жағдайы айыптыға белгілі болғанына қарамастан адам өлтіруді заң шығарушылар жеке сараланатын белгі деп тауып, оны аса қатігездікпен байланыстырмай отыр. Соған қарамастан көпшілігі Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабы 2-бөлімі «в»-тармағын ұйықтап жатқан, мас немесе ессіз жатқан адамды өлтіруге қолдануға болмайтынын айтады.

 Бұл қылмыс объективтік жағынан да қауіпті, себебі жәбірленуші ұйықтап жатқанда, есін білмей жатқанда, қатты мас күйінде жатқанда немесе басқа да себептерге байланысты есінен танып жатқанда қылмыстық әрекеттің нәтижесіне жету әлдеқайда жеңілдейді. Мұндай қылмыс субъектілік жағынан да қауіпті, себебі құрбанның дәрменсіз халде жатқанын білу қылмыстық ниеттің жүзеге асуын жеңілдетеді, тіпті арандату рөлін де атқаруы мүмкін. Қылмыскерге құрбанның өз өміріне қол сұғушылық жасалатынын білмеуі, сондықтан да оған еш қарсылық көрсетпейтіндіктен оны өлтіру оңай шешілетініне сенімді болады.

Жәбірленушінің дәрменсіз  жағдайы кінәліге байланыссыз жағдайларда  туындауы да мүмкін. Жәбірленушінің дәрменсіз  жағдайы бағаланатын белгілер қатарына жатады. Дәрменсіз жағдай қандай болса да соттың бағалау заты болуы тиіс. Бұл адамның жасына да қатысты. Егер жас бала немесе қарт адам жақсы қаруланған болса және қаруды жақсы меңгерсе олөздігінен дәрменсіз деп саналмайды. Сондай-ақ қарттық шақтың балалық шақпен салыстырғанда нақты нормативтік шегі жоқ. Сот практикасы кімді «егде тартқан» деп есептеуде қиындыққа ұшырап келеді. Бұл факттілік мәселе болар. Бірдей жасаған бір адам жасына қарай дәрменсіз болса, екіншісі дәрменсіз болмайды.

Осы сияқты ауру да дәрменсіздікті білдірмейді. «Аурулардың ішінде адам өлтірушіге қарсыласа алатындары да болады, себебі олардың аурулары қылмыскерге белсенді қарсыласа алатын немесе одан қашып кететін қабілеттерін жоғалтпайды»4.

Дәрменсіз жағдайдағы адамды өлтіруді жәбірленушінің басқа да: кенеттен шабуылдау, жасырын немесе сұрқия жолдармен өлтіру сияқты себептерге байланысты адам өлтірушіге қарсыласа алмайтын жағдайлардан ажыратып алу керек. Оған мысал ретінде мергеннің оқ атуы, жасырынып тұрып шабылдау, кенеттен пышақ салу, жарылғыш заттарды қолдану, тамақпен улау және т. б. келтіруге болады. Егер жәбірленуші оны өлтіруге ниеттенген айыптының кесірінен дәрменсіз күйде қалса (жарақаттау, байлау, оңаша жерге апару, т. б.), онда ҚК 96-бабы 2-бөлімі «в»-тармағы қолданылмайды.

Екінші ұштастырылған  жағдайға ҚК 96-бабы 2-бөлімі «в»-тармағында алғаш рет аталып, соңғы кездері  көбейіп кеткен кепілге адам алу  жәбірленушіне адамдарды ұрлау жағдайы жатады. Қаруланған қылмыскерлерге ұсталған адам әдетте дәрменсіз болып қалады. Бірақ адамды ұрлаған немесе кепілге алған жағдайда адам өлтіруді ұрланған немесе кепілге алынған адамның ғана өлуі емес, басқа да адамдардың өлімі (мысалы, ұрлауға кедергі жасаушы немесе кепілді босатуға тырысқан) деп те түсіну керек.

 Жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру — ҚР ҚК 96-бап. 2-бөлімі «г»-т.

Бұл қылмыс түрі үшін жауаптылық қатаң, себебі мұнда қылмыскер әйелді ғана өлтіріп қоймай, бойына жан  біткен, бірақ әлі өмірге келмеген ұрпақты да өлтіреді.

Бұл тармақты қолданудың бірден-бір шарты — әйелдің жүкті екендігін айыпты білуге тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» N1 Нормативтік қаулысында былай деп көрсетілген: «айыптының жәбірленушіні өлтіру кезінде оның жүкті екенін білгенін анықтау жеткілікті, мұнда оның жүктілік мезгілінің, тұқымның өміршеңдігінің, әйелдің жүктілігіне байланысты қандай да бір медициналық есепте тұруының еш маңызы жоқ» айыпты адам әйелдің жүктілігін сырт пошымынан, әйелдің өз сөзінен немесе медициналық құжаттармен танысу арқылы біле алады. Әйелдің жүкті екендігін білмеген адам бұл тармақ бойынша жауапқа тартылмайды. Және де, қылмысты осы тармақпен саралау үшін іштегі баланың әйелге қастандық жасау нәтижесінде одан бұрын өлгендігінің заңдық маңызы жоқ.

Егер айыпты адам әйелді жүкті екен деп ойлап өлтірсе, бұл әрекет екі қылмыстың жиынтығымен  сараланады — біріншіден, жүкті  екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру және жай немесе басқа да ауырлататын мән-жайлармен сараланататын адам өлтіру. Жәбірленушіні шатастырып, басқа адамды өлтірген жағдайда да қылмыс осылай сараланады (өлтіруге тиісті жүкті адамның орнына қателесіп айыпты ондай жағдайда емес басқа адамды өлтіреді).

Информация о работе Адам өлтіру