Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат

Описание

ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.

Работа состоит из  1 файл

Туберкулез.docx

— 334.77 Кб (Скачать документ)

Бәрі  де түсінікті: егер сіз вирусты жұқтырып алғаны мүмкін адаммен жыныстық қатынасқа  түсуге тәуекел ететін болсаңыз (адамдардың бәрі бірдей шындығын айтпайды, әрі  сіз ауруды сырт келбетіне қарап  ажырата алмайсыз, онда оны қалай  біле аласыз) әрі мүшеқапты қолданбасаңыз, онда сіз — есіңізден адасқансыз. Мүшеқап сіздің өміріңізді сақтап қалуы  мүмкін. Мүшеқаптардың миллиондаған адамдардың өмірін ЖҚТБ-дан сақтап қалғандығы еш күмәнсіз.

Егер  сіз мүшеқапты пайдаланып жүрген болсаңыз, оның сапалы екендігіне көз  жеткізіңіз. Мүшеқаптар ыстық жерде, әсіресе пайдалануға дейін көп  ай бойы сақталса, жарамсыз болып қалады. Бұған қоса ауруды жұқтырып алу қаупін азайту үшін   спермицидті қолданыңыз. Егер сіз (қынапты ылғалдандыру үшін) любрикантты пайдаланғыңыз келсе, судың негізінде жасалған және спермициді барын қолданыңыз. Майдың негізінде  жасалған любриканттар санаулы минуттың ішінде сақтандырғышты ерітіп жібереді.

Бірақ өзіңізді алдамаңыз: егер сіз мүшеқапты  пайдаланып жүрген болсаңыз, бұл еш жүкті болмайсыз, немесе ешқандай инфекцияны жұқтырып алмайсыз дегенді білдірмейді.

Егер  сіз вирусты тасымалдаушы бір  немесе бірнеше адаммен үнемі  жыныстық қатынаста болсаңыз, мүшеқаптың көмегімен бе әлде онсыз ба маңызды  емес, онда күндердің күнінде ауру жұқтырасыз. Бұл спорт машинасымен  үнемі қауіпсіздік белдігін тағып  алып, жол жүру ережелерін елемей, апат болса да, өлмеймін деп ойлап жоғары жылдамдықпен жүрумен бірдей. Қауіпсіздік  белдігі қауіпті азайтады, бірақ  жарақат алмайсыз деген кепілдік бермейді.

 

Аборт ЖҚТБ-дан  құтқармайды

Мүшеқаптар  қатерді 85-95%-ға төмендетеді, бірақ мен  өмірімде оған сенбес едім. Оны пайдаланса да, ауру жұқтырып, аяғында өлген  адамдар бар. Кейбіреулер ойлағандай мүшеқаптар соншалықты қауіпсіз емес. Медицина әдебиеттерінде былай делінген: «Жыныстық қатынас қауіпсіздеу  болу үшін мүшеқапты пайдаланыңыз». Мәселе біздің естігіміз келген нәрсені  ғана естуімізде. Біз «Мүшеқапты пайдаланса, жыныстық қатынас қауіпсіз», — дегенді  естиміз. Жақын арада біреу: «Аборт сізді балалы болудан сақтағанымен, ЖҚТБ-дан құтқара алмайды», —  деген.

 

Әйелдер де мүшеқап іспетті сақтандырғышты қолдана алады

Қазір мүшеқаптың жаңа түрі бар. Ол кәдімгі  мүшеқаптың материалынан жасалынады, бірақ әйелдің ішкі ағзасында  орнықты тұруы үшін арнайы құрылыммен нығайтылған. Бұндай сақтандырғыш қосымша  қорғаныш жасайды. Мәселе әйел мен еркек  жыныстық қатынасқа түскенде, бұл  жұқа резеңке кімнің қолданғанына қарамастан, әйел ме, әлде еркек пе, бәрібір, орнынан  шығып немесе жыртылып кетуі мүмкін. Бәрі де болуы мүмкін, бірақ ешбір  адам бұны әбден кеш болмайынша байқамайды. Бұйым неғұрлым тығыз әрі қалың  болса, адамдар соғұрлым оны пайдалануды  құп көрмейді. Екеуіне де көрінбейтін  әрі білінбейтін мінсіз сақтандырғыш жоқ, дегенмен, кейбіреулердің айтуынша, әйелдердің сақтандырғышы мінсіздікке  жақын, бұған қоса оны көп рет  қолдануға болады. Дүние жүзі бойынша  олардың 35 миллионы сатылған.

 

Мүшеқаптар  сенушілердің ЖҚТБ мәселесіне деген  жауабының бір бөлігі болуы тиіс

Қауымдар  мүшеқаптар жайлы мәселеге жауап  іздегенде, әр түрлі ойда болады. Мынадай  мысал: бір адам қауым жетекшісіне  қан құю нәтижесінде вирусты  жұқтырып алғанын және енді жұбайының  денсаулығы не болатынын уайымдайтынын  айтады. Олардың екеуі де АҚТҚ-ға тексерістен өткен. Соның нәтижесі: ері вирусты жұқтырып алған, ал зайыбы жұқтырып алмаған. Енді оған қандай ақыл-кеңес  беру керек? Әрине, бірден-бір дұрыс  ақыл — ерлі-зайыптының екеуіне  егер сақтанбай жыныстық жақындасса, зайыбының өміріне қауіп төніп  тұрғанын   түсіндіру. Бірақ егер олар жақындасқанда үнемі мүшеқапты  дұрыс пайдаланатын болса, онда зайыбының  ауру жұқтырып алу қаупі азаяды. Бұндай жағдайда ерлі-зайыптыларға сақтандырғышты пайдаланудың артықшылығын айтпау —  ақымақтық, тіпті әдейі кісі өлтірушілік  болар еді.

Осындай жағдайдағы қауіп-қатерді қарастырайық. Егер екеуі де жыныс арқылы таралатын  емделмеген мерез (сифилис), соз (гонорея), теңгеқотыр (шанкроид) және басқа да ұзаққа созылған аурудан аман болса, бір рет жақындасқанда АҚТҚ-ны жұқтырып алу қаупі жарты пайыздан аз. Ал мүшеқапты пайдалану бұл  қауіпті тағы он есе азайтатынын  білеміз. Демек, егер сіз мүшеқапты  дұрыс қолдансаңыз, әйеліңізден  не күйеуіңізден АҚТҚ-ны жұқтыру қаупі 2000-ның біріне қарағанда аз дегенді  білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, орта есеппен бұндай ерлі-зайыптылардың  ауру емес жұбының біреуі АҚТҚ-ны жұқтыруы үшін шамамен 2000 рет жыныстық жақындасуы тиіс. Әлбетте, бұл жағдай 20 реттен кейін  болып қалуы мүмкін және 10000 реттен кейін де болмауы мүмкін. 2000 рет  — бұл жүздеген ерлі-зайыптылармен  не болып жатқанын бақылаудан шығаруға болатын орташа көрсеткіш.

Сонымен, сенуші үшін кейбір жағдайда сөз әйелінің не күйеуінің өмірін сақтап қалу жайлы  болғанда, сақтандырғышты пайдалануға  деген ешқандай кедергі болмайтындығы  анық. Бұл жолмен қаншалықты алысқа баратынымыз белгілі бір қауымға  байланысты, бірақ мен айтып өткендей, олардың ұстанатын дәстүрлері мен  мәдениеттері бір-бірінен өте алшақ.

 

Атастырылған  екі жастың алдындағы таңдау

Кейбірде  ЖҚТБ-дан орасан зор жапа шеккен елдердегі бірқатар қауымдардың  жетекшілері жұптар АҚТҚ-ға тест тапсырмайынша, олардың некесін қиюдан бас тартады. Егер олардың біреуі не екеуі де вирусты жұқтырған болса, олардың  неке қиюына тыйым салады. Жеке өз басым  Киелі кітаптың ішінен осы әрекетті құптайтын ешбір аятты білмеймін. Біздің адамдарды қамқорлыққа және жауапкершілікке шақыру керектігіміз айдан анық. Егер әйел де, еркек те АҚТҚ-ны жұқтырған болса, онда медицина тарапынан алғанда, неге оларға үйленуге болмайды деген дәлелді көрмеймін  және олардың, мәселен, ракпен ауыратын екі аурудан қандай айырмашылығы бар. Қайта, балалы болмас бұрын ең бастысы  балаларының ауру жұқтырмауы үшін, тіпті кейбір дәрі-дәрмектерді жүктілік кезінде қабылдағанда қауіпті  азайтатын  болса да, екеуінің де әбден ойланғаны  жақсы.

Атастырылған  жұптың біреуі ауру, ал екеншісі сау  адам болса, олар расымен қиындыққа  душар болады. Өйткені олар ұзақ мерзімдік қатынасқа түсетіндіктен, жыныстық жақындықтың салдары екеуінің бірінің өлімімен бітуі мүмкін. Алайда, меніңше, осылардың барлығы да тек  жеке басқа берілер ақыл-кеңеске  жатады, бірақ қауымның қатаң ережелері  бола алмайды.

 

Шылым шегу ше?

Мен жақында Бурунди еліндегі көптеген қауым жетекшілерімен мүшеқапты  пайдалану жайлы мәселені талқыладым. Мен олардан шылым шегуді мақұлдайсыздар ма деп сұрадым. Олар мақұлдамайтындығын айтты. Мен олардың фильтрі бар  және фильтрі жоқ шылымды шеге алатынын, бірақ фильтрі бар шылым  әлдеқайда қауіпсіздеу әрі одан адам өлімі азырақ екендігін айттым. Сонымен, егер олардың темекі тартуды  әдетке айналдырып, өз райынан қайтпайтын достары болса, онда олар оған фильтрі  бар темекі тартуға ақыл бермес пе еді? Олар оған фильтрлі шылымның қаншалықты қауіпсіздеу екендігін түсіндірмес  пе еді? Немесе олар бұны адамдарды  одан да көбірек шылым шегуге жігерлендіру деп ойлар ма еді?

Олар  шылым шегуге қаншалықты қарсы болса  да, темекінің одан бетер қауіпті  болғанын қаламайтындықтарын айтып, келісті. Және фильтрі бар шылым шегетіндердің  фильтрсіз шылымды шегетіндерге қарағанда ауыру қаупі азырақ болатынын түсіндіретін мемлекеттік  жарнаманың қажеттігімен келісті. Мен  бұл дәлелдің мүшеқап мәселесіне де көп жағынан қатысты екенін нұсқадым. Егер біреу (біздің насихатымызға  құлақ аспай) бәрібір тәуекелге  бел байлап, ауру жұқтырған адаммен  жақындасқанның арқасында өлетін болса, онда оған осы біртіндеп келетін  ажалдан қалай аман қалу керектігін ескерту біздің міндетіміз емес пе?

Мен үшін мәселе түсінікті: біз адамдарды  пәктік пен адалдықты сақтап қалуға жігерлендіру үшін қолымыздан келгеннің  бәрін істеуіміз керек. Бірақ  сонымен бірге егер олар өз жолдарымен жүруді таңдаса, өлімнің қатерін  азайту мүмкіндігі бар екендігін  түсіндіру біздің міндетіміз.

 

АҚТҚ —  дамуға қатысты мәселе

АҚТҚ  — дамуға қатысты мәселе. Кедейлік ЖҚТБ-ның таралуына септігін тигізеді. Білімнің аздығы, дәрігерлік жәрдемнің  жетіспеушілігі, нашар байланыс, жоқшылық балаларды кездейсоқ жыныстық қатынас  арқылы ақша немесе нан табуға мәжбүрлейді. Осы тұйыққа тірелген жоқшылықтан  бірігіп арылуымыз керек. Егер барлық назарымызды тек қана АҚТҚ-ға шоғырландыратын  болсақ, бұл ЖҚТБ-ның таралуын тоқтатпайды.

Мәселен, ауру жұқтырған жезөкшені алайық. Егер ол еркектердің ұсынысынан бас  тартса, күнделікті нанын қайдан табады? Оның балаларын кім асырайды? Дәрі-дәрмекке кім ақша төлейді? Осы мәселені шешетін  алдын алу науқандары (профилактикалық  кампаниялар) жеткіліксіз. Бізге істің  ыңғайын табу керек. Міне, сондықтан  да экономиканың өсуі ЖҚТБ-ға қарсы  қарудың бірі болып табылады: инвестицияларды  тарту, бизнес пен халықаралық сауда-саттықты жігерлендіру. Кішігірім банктер, кіріс  әкелуге бағытталған іс-шаралар  және басқа өзіне-өзі жәрдем беру бағдарламалары әрбір жан басының  жалпы табысын арттырғаны үшін ғана емес, сонымен қатар АҚТҚ-ны —  жұқтырғандардың өмірлерін қайта  құрып әрі жетімдердің амандығын  сақтауда негізгі рөлді атқаруға тиіс. Біз көріп отырғандай, ЖҚТБ ешқандай емі де, қарсы вакцинасы  да жоқ қатерлі ауру. Жалғыз ғана үмітіміз адамдарға инфекциядан  қалай сақтана алатындығын үйрету. Егер ешбір емі не вакцинасы болмаса, ал сақтандырғыштарды сатып алуға  жүз миллиондаған адамның бәрінің  бірдей қалтасы көтермейтін болса, не істеуіміз керек?

 

Африканың тәжірибесі

Бірнеше апта бұрын ғана мен осы мәселенің  шешімін аса қажет ететін, яки  ауру күллі ұрпақтың қырылып қалуына  қауіп төндіріп тұрған елге барып  келдім. Угандада Африканың кез келген басқа елдеріне қарағанда ЖҚТБ ауруы  кеңінен таралған болатын. Бұл елді көбіне ЖҚТБ-дан азап шеккен ел деп  болжауға болатын еді, бірақ жағдай басқаша. Уганданы әділ әрі ержүрек  жетекшілер басқаратыны сөзсіз. Онда нәтижесі әлемдегі ең табысты деп  саналатын науқандардың бірі ұйымдастырылды.

Африканың басқа бірнеше елдерінде ЖҚТБ мәселесі соншалықты кезек күттірмейтін қиын мәселе болса да, үкімет басы ол туралы тіс жармауды жөн көрген. Бір елде дәрігерлер АҚТҚ-ны жұқтырғандардың  санын нақты білгендеріне қарамастан, ресми түрде олардың санын  төмендетіп айтқан. Егер адамдар сіздің еліңізде ЖҚТБ-ға шалдыққан аурулардың көп екенін білсе, үлкен компаниялар  сізбен бірге қызмет істеуден бас  тартады, туристер келмейтін болады. Экономика құлдырайды және күтім  көрсетуге мұқтаж өлім аузындағы  мыңдаған аурулардың үстіне жұмыссыздық  пен үдеп келе жатқан жоқшылық қосылады.

Уганда  үкіметі елдегі үлкен мәселені ашық мойындады. Бұл халықаралық ұйымдардың көмек беруіне, сонымен бірге  халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізуге  мүмкіндік беріп, түсіндіру, алдын  алу жұмыстарына жол ашты. Егер сіз шын мәнінде біреудің сол  аурудан өлім үстінде жатқанын ресми  түрде мойындамасаңыз, адамдарға  қалайша өлімнің негізгі себебі осында деп айтуға болады. Орталық  Африканың кейбір бөліктерінде жүк  таситын машинаның әрбір үшінші жүргізушісі және түні бойы сыраханаларды  кезіп жүрген жас қыздардың тең  жартысы ауру жұқтырған. Жалпы алғанда  сол аймақтардың әрбір бесінші  тұрғыны ауру жұқтырған. Бірқатар эксперттердің  айтуынша Африканың кейбір қалаларында  жыныстық қатынасқа белсенді жастағылардың  тең жартысы ЖҚТБ-дан өлуде.

 

АҚТҚ басқа  да жыныстық қатынастан жұғатын аурулар  іспетті таралады

Мен екі бірдей қызынан айырылған  бір анамен кездескен едім. Оның бет-жүзін қайғы басқан болатын. Ол маған қыздарының қалай қайтыс болғандығын әңгімелеп берді. «Олар  өмірден тым жас кетті ғой, одан да менің өлгенім артық еді», — деді ол. Африкада инфекция әрдайым  кез келген жыныстық қатынастан жұғатын  аурулар іспетті: еркектен әйелге, әйелден  еркекке таралады. Осы елдерге  ат басын бұрған еуропалықтар санаулы  ғана жыныстық қатынаста болғандарына қарамастан, елдеріне ауру жұқтырып қайтады.

1988-жылы  мен бірінші рет Уганда еліне бардым. Денсаулық сақтау және Білім беру министрліктерінің өтініші әрі шақыруы бойынша бірнеше күн бойы 20 мың адаммен сұхбат жүргіздік. Біз мектептерге барып, оқушылардан кімнің ЖҚТБ-дан қайтыс болған адамды өз көзімен көргенін сұрағанда, олардың жартысы қолын көтерді. Ал екі жылдан кейін олардың барлығы дерлік қолын көтерді.

Біз ашық аспан астында африкалық  үлкен әрі шулы оркестрдің сүйемелдеуімен жиналыс өткіздік, сонымен бірге  аудармашылардың көмегімен жеке ақыл-кеңес бердік. Екі мың жарымдай жергілікті тұрғындар біз мәліметтермен  бөлісіп, сұрақтарға жауап бергенше, үш сағат бойы алаңда орнынан тапжылмай  тұрып бізді тыңдады. Тыңдаушылардың көбісі әдетте бұл тәрізді іс-шараларға  қатыса бермейтін ер адамдар болды. Олар ЖҚТБ ауруы сол аймақтағы  әрбір адам үшін өлім мен өмірдің  мәселесі болғандықтан келген еді.

 

Тест тапсырудың үлкен маңызы бар

Көптеген  жастар маған келіп, анализ тапсырғысы келетінін айтып өтінді. Олардың  уайымдарының орынды себебі болды. Олар неке қиюға келген екі жастың біреуі ауру жұқтырған болып шығуы әбден  мүмкін екендігін, солайша екіншісін  өлімге итермелейтінін біледі. Оларға не істеу керек? Оларға өмірлерінің  соңына дейін сақтандырғышты байқап пайдаланыңдар деп айтуға тіпті  аузың бармайды.

Ал  балаларды не істейміз? Әйел адам егер нәрестелі болса, оған өзінің сүті арқылы инфекция жұқтыратынын түсінеді. Ол өз баласын өлтірмейтініне көз жеткізу  үшін, тест тапсыруды қалайды.

Маған күйеуі басқалармен жиі болатындығын уайымдап жүрген бір әйел келді. Оның күйеуі соңғы он жыл ішінде талай  рет әйелінің көзіне шөп салғанын мойындады және олардың екеуі  де өздерінің қайтыс болған таныстары  сияқты оның да ауру жұқтырып алғаны әбден  мүмкін екенін біледі. Сол адамдар  әрдайым қорқынышпен өмір сүреді: олар тек ақыл-кеңеске ғана мұқтаж емес. Олардың кейбіреулеріне дереу  тест тапсыру қажет. Біздің қолымыздағы  ЖҚТБ-ға қарсы ең мықты қарулардың бірі — анализ тапсыру. Өйткені ол вирустың тасымалдаушысын анықтауға  көмектеседі, солайша адамдар өздерінің  сүйіктілерін немесе кездейсоқ жыныстық қатынасқа түскен адамды өлтірмеу үшін қадамдар жасай алады. Басқалары  жұбайының не серігінің аурудан  аман екендігін біліп, егер бір-біріне деген адалдықтарын сақтаса, өмірлерінің  соңына дейін АҚТҚ-ны жұқтырудан қорықпай-ақ сақтандырғышсыз жақындаса алады.

 

Өмірдің соңына дейін жыныстық бір серіктеспен  болу

Уганда  үкіметінің күйзеліске қарсы әрекеті  тез әрі айтарлықтай нәтижелі болды. Ешқандай екі ойлы өтініш түспеді. Жауап айқын әрі анық болды: «Қауіпсіз  жыныстық қатынас дегеніміз —  өмірлерінің соңына дейін некелескен, пәктігін сақтаған екі жастың арасындағы жыныстық қатынас. Егер сіз шынымен  бұлай істей алмасаңыз, онда, мүшеқап  сіздің өміріңізді сақтай алу мүмкін.»

Африканың көптеген үкімет басшылығын вирустың дәрігерлік емдеу жолы арқылы таралуы  мазалайды. Кейбір аймақтарда ауруларға  қан құю үшін өткізілген қанның әрбір  бесінші литрінің вирусы бар болып  шықты. Бір қуантарлық жайт, енді Африканың  барлық жерінде дерлік бүкіл донорлық қанды тексеретін қажетті жабдықтар  бар. Сонымен қатар бір рет  қолдануға жарамды дербес инелер мен тазартқыш (стерилдейтін) құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі жанға батады. Африкада ЖҚТБ-дан өздері де білмей ауру жұқтырған  қаншама дәрігерлер мен медбикелердің  қаза тапқанын ешкім білмейді. Сондықтан  инфекция түскен қан мен құрал-жабдықтың  қаншалықты қауіпті екенін білу денсаулық  сақтау ұйымдарының науқанды ісінің маңызды бір бөлігі болды.

Информация о работе Туберкулез