Туберкулез как понятие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:43, реферат

Описание

Туберкулез ауруы жайында медициналық ғылымның дами түсуіне үлкен әсер еткен жай – 1882 жылы Роберт Кохтың ауруды қоздырушы микробты ашуы болды. Бұл микроб микроскоп арқылы қарағанда таяқшаға ұқсас болғандықтан туберкулез таяқшасы, немесе оны ашқан ғалым құрметіне Кох таяқшасы, немесе микробтар дүниесіндегі орнына байланысты туберкулез микобактериясы деп аталады. Неміс ғалымның бұл еңбегінің дүние жүзілік маңызы зор болды. Себебі осы микробты пайдаланып, бұл аурудың жұғу жолдарын, адам ағзасына оның қалай кіретінін, қай мүше құрылыстарын тезірек зақымдайтынын, қандай дәрілердең ем болатынын және аурудан сақтану жолдарын іздеп, зерттеу жұмыстарын жүгізуге мүмкіндік туды.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 26.23 Кб (Скачать документ)

Туберкулез –  адам баласында ерте заманнан кесел  болып келе жатқан аурулардың бірі. Атадан балаға мұраға қалдырған малдай тұқым қуалап, мыңдаған қыршын жастарды қызғалдағынан солдырып, талайларды өмір бойы мүгеде еткен аурулар арасында туберкулез алдынғы қатарда орын алады.

Атақты неміс  ғылымы Роберт Кох 1882 жылы Берлин академиясында  сөйлескен сөзінде: «егер біз  аурудың халық үшін зиянын айтқанда оның өлшемі есебінде әрбір аурудан өлгенде алсақ, онда адамзат өміріндегі ең қатерлі оба, тырысқақ сияқты аурулар туберкулезден әлдеқайда көп кейін тұрар еді», - деп атап көрсетті. Біздің заманымызға дейін сақталған жазбалардан туберкулез ауруының ертедегі Египет, Вавилония, Греция, Персия, Қытай халықтары арасында кең тарағанын көреміз. Туберкулез ауруы жөніндегі алғашқы еңбек медицинаның атасы Гиппократ қаламынан шыққан. Ол өз еңбегінде ауруды қалай емдеу керектігі жайлы ақыл-кенес береді, тазалық сақтаудың, тағамды дұрыс іше білудің маңыздылығына көңіл аударады. Бұл ауру жайлы қызықты деректерді атақты Авиценна еңбектерінен де көреміз.

Туберкулез ауруы  жайында медициналық ғылымның дами түсуіне үлкен әсер еткен жай  – 1882 жылы Роберт Кохтың ауруды қоздырушы  микробты ашуы болды. Бұл микроб микроскоп  арқылы қарағанда таяқшаға ұқсас  болғандықтан туберкулез таяқшасы, немесе оны ашқан ғалым құрметіне  Кох таяқшасы, немесе микробтар дүниесіндегі орнына байланысты туберкулез микобактериясы деп аталады. Неміс ғалымның бұл еңбегінің дүние жүзілік маңызы зор болды. Себебі осы микробты пайдаланып, бұл аурудың жұғу жолдарын, адам ағзасына оның қалай кіретінін, қай мүше құрылыстарын тезірек зақымдайтынын, қандай дәрілердең ем болатынын және аурудан сақтану жолдарын іздеп, зерттеу жұмыстарын жүгізуге мүмкіндік туды.

Туберкулез ауруынан өлім де көп болды. Дарындары шарықтап тұрған шағында Белинский, Веневитинов, Кольцов, Суриков, Чехов, Плеханов, Ш. Уалиханов сияқты ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері осы туберкулез ауруынан құрбаны болды.

Туберкулез қоздырғышы: туберкулез аурудың қоздыратын микробтың  бірнеше түрлері бар. Ауруды қай  ортада қоздыруына байланысты, олар: 1) адам, 2) сиыр және ірі қара мал, 3) құс, 4) тышқан, 5) балық және бақа сияқты суық қандылар туберкулезінің микробы болып бөлінеді. Солармен қатар туберкулез микробының өте майда, басқа микроб өте алмайтын, сүзгілерден өтіп кететін түрі де бар. Бұл микробтар түрлері микроскоп арқылы қарағанда бірдей болмағандықтан, аурудың туберкулез микробының қай түрімен шалдыққанын лабораторияда арнаулы тексеру арқылы біледі.

Әдетте халық  арасында сырқат көбінесе 85-87 проценті туберкулез микробының адамда болатын  түрімен қоздырылады. Одан кейінгі орында сиыр және құс туберкулезі микробтары тұрады. Ал микробтың қалған екі түрі адам үшін зиянды емес, олар адамда туберкулез ауруын қоздыра алмайды.

Туберкулез микробы  сыртқы ауа әсеріне айрықша төзімді. Қаранғы, күн түспейтін, ауасы сирек  тазартылатын бөлмелерде микроб аурудың қақырығында 5-6 айға дейін, ауру ластанған киімдерде, жиhазда, кітаптарда 3-4 айға дейін өзінің тіршілік жайын сақтай алады. Лабораториялық анализдермен туберкулез микробын ылғалды топырақта, көше шаңында, әсіресе жай ағатын арық суларынан 4-12 айға дейін кездеседі.

Көптеген ғалымдардың  зерттеу жұмыстары арқасында  туберкулез микробының майда – 30, айранда - 18, ірімшікте – 70 күнге дейін тірі қала беретіні анықталды. Бұл микробтың төзімділігі соншалықты, оларды пастеризация жасағаннан кейін де табуға болады. Ал тоңазытылған сүтте 2 айдан 8 айға дейін тірі қала береді.

Туберкулез микробы  ыстыққа да төзімді. Егер сүтті 50 градусқа дейін ысытса микроб 12 сағаттан кейін, 65 градусқа дейін ысытса 30 минуттан кейін өледі. Микробты құрту үшін заттарды қайнату қажет, ал басқа заттарды дезинфекциялау немесе залалсыздандыру керек. Туберкулез миробы дезинфекция үшін қолданылатын 15 процент қарбол қышқылының ертіндісінде 24 сағаттан, 10 процент лизол ертіндісінде – 12 сағаттан, 5 процент хлорамин ертіндісінде – 2 сағаттан кейін өледі.

Міне сондықтанауруға көмек көрсеткенде, ауру бөлмесін тазалағанда елеусіз қалған бұрыштардағы немесе жүк астындағы шаңдарда, ауру пайдаланған үй-мүліктерінде туберкулез микробының ұзақ сақтала алатындығын естен шығармау керек. Дезинфекциялық шаралардың орындалуын қадағалау қажет.

Туберкулездің жұғу жолдары: туберкулез ауруының халық  арасында тарауы үшін барлық жұқпалы  аурулардағы сияқты үш буынның болуы  шарт. Олар: 1) жұқпалы ауру себепсіші  немесе инфекция көзі, 2) жұқпалы микробын тарататын әртүрлі факторлар, 3) осы  микробты қабылдағыш, сезімтал ағза. Егер осы буынның бірі болмай қалса, жұқпалы ауру таралмайды.

Туберкулезді тарататын  басқы себепкер – ауру адам. Бұлардың ішінде аса қауіптісі туберкулездың  ашық түрімен, яғни сыртқа ортаға өз микробын шығаратын сырқаттар. Ал аурудың жабық түрімен (микроб шығармайтындар) ауратындар өз айналасына зиянсыз деп есептеледі.

Жабық түрімен ауырғандарға әрдайым дәрігер белгілеген уақытта өзінің туберкулез микробын шығаратын – шығармайтынын тексертіп отыруға қажет, аурған адам режим сақтамаса ауру ашық түріне айналады. Туберкулез микробы ауру адам ағзасынан қақырықпен, сілекеймен, термен, іріңмен, дәреттерімен бірге шығады.

Туберкулездың микробтары ағзаға тыныс алу органдары арқылы, ауру адаммен тікелей қарым-қатынас жасағанда, ауру адамның заттарымен пайдаланғанда және ас қорыту органдары арқылы жұғады. Туберкулезбен үй жануарларда ауырады, сондай-ақ үй жануарлардың сүтін дұрыс қайнатпай немесе етті шала пісіріп жегенде жұғуы мүмкін. Ауырған малдың зиянды әсері осындай малдарды соятын арнаулы қасапханада істейтін адамдар үшін өте айрықша. Қолдағы кішкентай жаралар арқылы өтеді, микробтар қанға түседі. Сондықтан қызмет бабымен мұндай еттерге көп араласатын адамдардың туберкулез ауруының жұғу және одан сақтану жолдары жайында толық мағлуматы болғаны жөн.

Өз өмірінде туберулез микробымен кездеспейтін адам жөқ. Мұны халықты жаппай рентген – флюорография аппаратттарымен тексеру кезінде туберкулез қалдырған өкпедегі ізден (Гон ошағы) көруге болады. Бірақ осыған қарамастан туберкулез микробын қабылдаған адамдардың бәрі бірдей ауыра бермейді. Бұл әр адамның организмінде туберкулез ауруына қарсы қорғаныш күштің және иммунитетің әртүрлі болуына байланысты.

Иммунитет мөлшері  әрдайым бір қалыпта тұра бермейді ол қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен азаяды, ал туберулезға қарсы егу арқасында көбейеді.

Туберкулезбен ауыруға жыл мезгілдерінің де әсері байқалады. Көбінесе туберкулез ауруының асқындауы жене ауру көптеп шыға бастауы көктем айларында жиілеу кездеседі.

Туберкулез ауруының түрлері және олардың негізгі  белгілері.

Жоғарыда атап өткеніміздей, туберкулез микробы қан арқылы бүкіл  денеге жайылады. Міне сол микробтың  адам организміне қай жолмен кіруіне және олардың қай органдарға тұрақталуына байланысты туберкулез ауруы әртүрлі болады. Енді сол туберкулездің көп кездесетін түрлеріне және олардың негізгі белгілеріне тоқтаталайық.

Өкпе туберкулезі. Туберкулез ауруының барлық түрлерін бірге есептегенде оның 85-87 проценті өкпе туберкулезіне жатады. Бұл туберкулез ауруының ең басты тарау жолы ауа екендігін, ал микроб адамға осы ауамен тыныс жолдары арқылы кіріп өкпе ұлпаларына тоқтайтындығын көрсетеді.

Туберкулез микробы  әдетте өкпеге түскеннен кейін қозғалысы  шамалы, ауа айналысы аздау келетін  өкпенің оң жақтағы бөлігінің  жоғары жағына келіп тұрақталады да бірінші ошағын құрайды. Бұл ошақ денесі шыныққан, қайратты денесінде иммунитеті бар адамның өкпе ұлпаларымен қоршалып, әктеліп, қатып қалады. Осындай қоршауда туберкулез микробы белгісіз уақытқа дейін ешқандай белгі бермей қала беруі мүмкін. Міне осы ошақты алғашқы байқаған ғалым атымен Гон ошағы деп атайды.

Адам денесіне жаңадан  көп микроб түссе, немесе сыр білдірмей жатқан бірінші туберкулез ошағы қорғаныш күштерінің азаюына және иммунитеттің жойылуына байланысты қоршауды бұзып шықса туберкулез ауруы басталады.

Туберкулез әртүрлі  басталады. Алғашында өкпедегі тыныс  жолдарындағы микроб ұялаған жерлерде томпақшалар пайда болады. Олардың  кейбіреуі құрып кетеді, ал кейбіреулері бірігіп, көлемі әртүрлі туберкулездық фокус құрайды. Микробтар осы фокустан тез арада лимфа жолдарымен өкпе түбіндегі бездерді шошындырады. Міне, туберкулездық фокус, қабынған лимфа жолдарымен ауырған без үшеуі алғашқы туберкулездық комплекс деп аталады. Бұл өкпе туберкулезінің ең бірінші түрі. Бұл адам еш қиналмайды өзінің ауру екенін де білмейді. Уақытында емделген алғашқы туберкулездіқ комплекс асқынбай, тез жазылады. Туберкулез ауруы әдетте адамның жиі-жиі «тұмаулап», мең-зең болып, дене қызметіне, жұмысқа селқостығы басталады. Тамаққа тәбеті тартпайды.

Туберкулез ауруының өзіне тән алғашқы белгілерінің бірі – дене қызуының көтерілуі. Ауру қатал басталғанда дене қызуы 38 – 39 градусқа дейін немесе одан да жоғары көтеріледі, ал жайлап басталғанда қызу көтерілісі шамалы болады да, әдетте 37,2-37,5 градус шамасында ұсталады. Көбінесе дене қызуы кешкі уақытта көтеріледі, ал дене қызуының таңертен көтерілуі сирек кезігеді. Дене қызуымен қатар туберкулезбен ауырғанда әр уақытта терлегіш пайда болады. Аурудың қатты басталған түрлерінде түнде қатты терлеу арқасында іш киімі және төсек орны су болып кетеді, бұл ауру адамды қатты шаршатады, әрі әлсіретеді.

Аурудың айрықша  белгілерінің қатарында науқастың  салмағын тез жоғалтады, бұл аурудың  аз тамақ ішуі және асқазанның жұмыс  істеуі бұзылып, ішкен тамақтың сіңбей, нашар қорытуына байланысты болады.

Өкпе туберкулезінде өкпе тұсы шаншып ауырады және жөтел пайда болады. Аурудың алғашқы кездерінде аздап жөтеледі, ал туберкулездің созылмалы, өкпеде каверна пайда болған түрлерінде ұзақ жөтеліп, қақырығы көп бөлінеді.

Сырқаттың ең қауіпті белгісі – қан құсу. Бұл сырқаттың өте ауыр екендігін көрсетеді жене қақырықпен қан кеткенде сырқат көп мөлшерде микроб шығарады

Ерте басталған  антибактериялық дәрілермен комплексті емдеу арқасында өкпе туберкулезімен ауырған жүз адамның 80-ін толық жазуға мүмкіншілік туып отыр.

Кеңірдек туберкулезі. Туберкулез ауруының бұл түрі өткір немесе созылмалы түрде басталуы мүмкін. Аурудың алғашқы кезінде сілекей бездерінің бұзығанын байқаймыз. Осының салдарынан аурудың ауызы құрғап, сілекейі азаяды, тамағы жыбырлайды, шашалғыш болады, көмекейі ысып, шаншулар пайда болады. Аурудың дауысы өзгереді, кейде қырылдап сөйлейді. Әдетте кеңірдек туберкулезі жеке кездеспей, өкпе туберкулезімен қосарлана жүреді. Сондықтан кеңірдек туберкулезінің ақыры өкпе туберкулезіне ауысады. Көп уақытқа дейін кеңірдек туберкулезі адам өміріне хауіпті деп есептелініп келді. Қазіргі уақытта аурудың 90 проценті ешқандай зардапсыз жазылады.

Сүйек-буын туберкулезі. Сүйек-буын ауруларының арасында жиірек кездесетіні туберкулез. Барлық, туберкулез ауруының 10 процентке дейіні сүйек-буын туберкулезінің есебіне жатады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетіні омыртқа туберкулезі (40 процент), тізе-буын туберкулезі (40 процент), ал басқа сүйектер туберкулезімен әлгі екеуіне қарағанда сирек ауырады.

Сүйек-буын туберкулезі  өз алдына жекелеп те немесе өкпе туберкулезімен біргеде кездесе береді.

Туберкулездің осы  түрі негізінен алғанда балалар ауруы болып есептеледі, себебі тез өсіп келе жатқан бала сүйегінің қан айналысы өте жақсы болғандықтан жілік сүйектердің кемік бастары туберкулез микробына тамаша ұя болады. Әріне, бұл айтқанымыз сүйек-буын туберкулезі ересек адамдарда болмайды деген сөз емес, бірақ сүйек-буын туберкулезімен ауырғандар арасында ересектер үлесі өте аз.

Сүйектегі ауру туберкулез микробы қан немесе лимфа тамырлары  арқылы тарай бастаған кезде басталады, содан кейін буынға өтеді, ал кейде ауру буында басталып сүйекке өтуі мүмкін.

Сүйек пен буында туберкулез пайда болу үшін жас балалар  өміріне жарақаттану үлкен роль атқарады, ол әсіресе білімбей жатқан микробтарды қоздырып, аурудың асқындауына әсер етеді.

Енді осы сүйек-буын туберкулезінің кейбір түрлеріне қысқаша тоқталып өтейік. Омыртқа туберкулезі (спондиллит). Бұл сүйек-буын туберкулезінің ішінде ең жиі кездесетіні. Туберкулез микробы омыртқа сүйегінің үлпасына ұялайтын болғандықтан сырқат көп уақытқа дейін сыр білдірмей өте береді. Дегенмен алғашқы өзінде-ақ аурудың жүдеп кететінің байқаймыз. Бұл әсіресе жас балаларда анық білінеді. Бала селсоқ, ештенеге көңіл аудармайтын, ойынға қызықпайтын болады. Сүйегі сырқырап ауыра бастайды, басын тік ұстап жүруге тырысады, ауру жүйке жүйесі арқылы бүкіл беліне таралады. Арқа қозғалысы кемиді.

Микробтар омыртқа  ішінде өсіп көбейіп, омыртқа ішін кеміріп, іріңге айналдырады. Арқадағы омыртқалар адам денесін ұстап тұратын тірегі екені белгілі. Табиғи уақытта омыртқалар адам салмағын еш қиындықсыз ұстап тұра алады. Ал ішін туберкулез микробы кеміріп талқандаған омыртқалар өзінен жоғары омыртқалармен адам салмағының қысымында шыдай алмай сынады. әдетте ауырған омыртқалар саны екі-үштен кем болмайды, ал жас балаларда 3-5-ке дейін жетеді. Ауырған омыртқаның сынуы адам денесінің әрқилы болып қисаюына, құыстың пайда болуына әкеліп соғады. Омыртқаны бұзып шыққан ірің ақпа іріңдікке айналады да аурудың санынан, жанбасынан тесіп сыртқа шығады.

Омыртқа сүйегінің сынуы, адам денесінің қисайып қалуы, жұлынды, қан тамырларын, жүйке жүйесінің қысып қалып олардың қызметін бұзады. Осының арқасында аурудың аяқ-қолы жансызданып, сал болып қалуы мүмкін. Уақытылы гипсте емделген жас балаларда омыртқа туберкулезі ешқандай белгі қалдырмай жазылады. Ал, закымданған омыртқа саны бірнеше болып, олар сынған болса адам бүкір болып қалады.

Жанбас ұршығы туберкулезі (коксит). Туберкулездің бұл түріне аурудың алғашқы ұялары жанбас сүйегінде, ортан жіліктің ұршығында орнайды. Аура бастағаннан адам шаршағыш келеді, жүрісі өзгереді. Жас балаларда әлсін-әлсін ақсау пайда болады. Аяқты қозғағанда қатты ауыратын болғандықтан науқас балдақпен жүреді. Осының салдарынан бұлшық етері көлемі кішірейіп, аурудың саны жіңішкеріп кетеді.

Туберкулез микробы  ұршық мойынығ кеміріп жұқартқандықтан аз ғана күш түскенде сынып кетуі мүмкін. Бұл ауру аяғының 4-8 см. Қысқаруына әкеліп соғады. Микроб әсерінен шіріген сүйек ірінге айналады да, көбейе келе жанбастан тесіп шығады.

Уақытында емделген жанбас ұршығы туберкулезі сүйек  фунцияларын бұзбай жазылады. Аурудың  көпшілігінде туберкулез ұршық ұясын  зақымдайды, ал кейін жазылғанда дәнекер  шандырлар арқылы шоғырланып бітумен  аяқталады. Осы себепті бұл шоғырланып біту аяқ қозғалысын азайтады, ал кейде тіптен қозғалмай қалуы да мүмкін.

Информация о работе Туберкулез как понятие