Ақпараттық Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 10:50, курсовая работа

Описание

Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
«Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

Содержание

Бағдарламаның паспорты
Кіріспе
Ағымдағы жағдайды талдау
Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
1. Мемлекеттiк басқару жүйесін тиiмдi қамтамасыз ету
1.1. Ақпараттандыру арқылы мемлекеттiк басқару жүйесін оңтайландыру
1.2 Мемлекеттік органдарының ашықтығы
1.3 «Электрондық үкіметі» дамыту
1.4 Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жаңа моделін енгізу
1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету
2.1 Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі
2.2 АКТ-нарығын ынталандыру
3. АКТ-ны енгізу арқылы өмір сүру сапасы мен шарттарын арттыру
3.1 Адами капиталды дамыту
3.1.1 АКТ саласындағы мамандардың компьютерлiк сауаттылығы мен білім деңгейін арттыру
3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында
3.2 Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
3.3 Электрондық коммерцияны дамыту
3.4 Электрондық экономиканы қалыптастыру
3.4.1 АКТ өнеркәсiп саласында
3.4.2 АКТ көлік жүйесінде
3.4.3 АКТ агроөнеркәсiп кешенiнде
3.4.4 Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін зияткерлік жүйелері
3.4.5 АКТ экология және гидрометеорология саласында
3.4.6 АКТ туризм саласында
3.4.7 АКТ дене тәрбиесі мен спорт саласында
4. Отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту
4.1 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту
4.2 Отандық ақпараттық-мәдени контент өндірісін ынталандыру
4.3 Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу
5. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
6. Қажетті ресурстар
7. Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары

Работа состоит из  1 файл

Ақпараттық Қазақстан.docx

— 118.84 Кб (Скачать документ)

Барлық кезеңде құнды  ақпараттық-талдау жүзеге асырылғанда жоғарыда жазылған ақпараттық қызметтің ауқымдығын қайта құру мемлекеттік органдарға қажет болады. Қазақстандық әлеуметке ақпараттық қоғамға біртіндеп өткенінше бұл міндеттерді шешу ахуалдық және формальды қадамдарды жоятын болады.  Негізі осы қызмет байланыс жүйесі келесі бағытта  жүзеге асырылатын болады:

республикалық және өңірлік  деңгейде ақпараттық талдау алаңы мен мониторинг өткізіледі,

түпкілікті жұмыстың ұйымын байқауға, бейімделуге және енгізу бойынша шарттарын құру және ақпараттық саясаттың құзырлығын табысты шетелдік тәжірибесінің Қазақстанның, тиімді медиа технологиялардың, соның ішінде Интернет саласында,

әлеуметтік зерттеу жасау  ақпараттық қажеттілік пен проблемалық және жанрлық халықтың форматын бағалау мен ұсыныстарды мемлекеттік ақпараттық саясатына қарап түзету,

негізі аталмыш республикалық  және өңірлік БАҚ пен талдау зерттеу масс-медиа саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың сұранысын әдістемелік қамсыздандыруы керек.

Ақпараттық кеңістікті мониторингілеу, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәселелерін әдістемелік және талдамалық қамтамасыз ету бойынша бизнес-процесстерді тиісті технологиялық қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін отандық мемлекеттік құрылымдарды заманауи телекоммуникациялық жабдықтармен, ақпаратты жинау және ұзақ мерзімді сақтау құралдарымен, жаңа технологияларды пайдалану арқылы мәтіндік, аудио-, бейне деректерді өңдеу жүйелерімен және материалдық-техникалық қордың өзге де элементтерімен жарақтандыру мәселесі пысықталады.

Сонымен қатар, осы міндеттер  аясында ақпараттық кеңістікке мониторниг жүргізудің автоматтандырылған жүйесі енгізілетін болады. Бұл түрлі мәліметтердің біртұтас алгоритмін қолдану арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысына баға берудің объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді. Адами мүмкіндіктердің шектеулігімен сипатталатын дәстүрлі әдіс қолдана алмайтын деректердің үлкен легін жедел өңдеу мүмкіндігі елеулі пайда әкелмек.

 

 

 

5. Бағдарламаны жүзеге  асыру кезеңдері

 

Бағдарламаны жүзеге асыру  екі кезеңнен тұрады:

1 кезең - 2013-2017 жылдар;

2 кезең - 2018-2020 жылдар.

Аталған Бағдарламаның шеңберінде барлық нысаналы индикаторлардың мәні көрсетілген екі кезең бойынша белгіленеді.

Кезеңдердің әрқайсысында жылдар бойынша Бағдарламаны іске асыру барысын сипаттаушы көрсеткіштерді өзгерту және бағдарламалық іс-шаралардың ақпараттық қоғамға көшуге дайындыққа әсер етуі жоспарланады.

Бірінші кезеңде (2013-2017 жылдар) мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын  құру, атап айтар болсақ, нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді енгізу қажеттілігі боынша қарастыру, типтік құрылымдарды әзірлеу, оларды пилоттық енгізуді бастау жоспарланады, «мобильдік үкімет» құрылады, «электрондық үкімет» порталы дамытылды, бұлыңғыр технологияларға көшуді ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу басталады.

Экономика саласында барлық салалар бойынша жер-жерде біртіндеп  АКТ-ны енгізуді бастау, АТ мамандарды жаппай даярлау және қайта даярлауды  бастау, сондай-ақ, барлық салалардағы  профильді компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін қажетті тәсілдерді әзірлеу және тиісті оқытуды бастау жоспарланады.

Ақпараттық салада БАҚ  саласындағы заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-ты техникалық жаңғырту, қазақстандық мас-медианың географиясын әрі қарай кеңейту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарланады.

Екінші кезеңде (2018-2020 жылдар) бірінші кезеңдегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылады, алдыңғы кезеңде қол жеткізілген нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру көзделеді.

Екінші кезең аяқталғандағы Бағдарламаның мақсаты – ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайларды жасауға қол жеткізіледі.

 

 

 

6. Қажетті ресурстар

 

Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін мемлекет пен жеке меншік секторының қаржылық қорлары шоғырландырылады, осы ретте мемлекет АКТ-ны дамытуды жүйелік және секторальді қолдау шараларын қаржылық қамтамасыз етуге, ал жеке меншік сектор мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар жобалық қаржыландыруға назар аударады.

Бағдарламаның нысаналық  көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалатын тікелей шығындардың болжамды көлемі мынадай қаржы көздері арқылы қамтамасыз етіледі:

жеке меншік ішкі және сыртқы инвесторлар;

мемлекеттің қатысуымен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдардың қаражаты;

инфрақұрылымдық жобаларды  іске асыруға, сондай-ақ индустрияландыруды мемлекеттік қолдаудың секторальді  және жалпы жүйелік шараларын  қаржыландыруға арналған мемлекеттік бюджет.

 

 

 

7. Бағдарламаны іске асыруды  басқару схемасы және құралдары

 

Бағдарламаны іске асыруды  басқару мәселелерін үйлестіру  Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық комиссиясымен іске асырылады.

Бағдарламаны орындауды  мониторингілеу және бағалау тетіктері  әзірленеді және бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет арқылы халықтың бағдарламаны іске асыру нәтижелері жөнінде ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаны іске асыруды  мониторингілеу және бағалау нәтижелері бойынша тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мүмкін.

 

 

 

Cоңғы өзгеріс: 27.08.2013

 

Жоғары 

Print

Достарыңызбен бөлісіңіз

Я.ру

ВКонтакте

Одноклассники

Twitter

Facebook

Мой Мир

LiveJournal

Google Plus

Яндекс


Информация о работе Ақпараттық Қазақстан