Ақпараттық Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 10:50, курсовая работа

Описание

Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
«Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

Содержание

Бағдарламаның паспорты
Кіріспе
Ағымдағы жағдайды талдау
Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
1. Мемлекеттiк басқару жүйесін тиiмдi қамтамасыз ету
1.1. Ақпараттандыру арқылы мемлекеттiк басқару жүйесін оңтайландыру
1.2 Мемлекеттік органдарының ашықтығы
1.3 «Электрондық үкіметі» дамыту
1.4 Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жаңа моделін енгізу
1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету
2.1 Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі
2.2 АКТ-нарығын ынталандыру
3. АКТ-ны енгізу арқылы өмір сүру сапасы мен шарттарын арттыру
3.1 Адами капиталды дамыту
3.1.1 АКТ саласындағы мамандардың компьютерлiк сауаттылығы мен білім деңгейін арттыру
3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында
3.2 Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
3.3 Электрондық коммерцияны дамыту
3.4 Электрондық экономиканы қалыптастыру
3.4.1 АКТ өнеркәсiп саласында
3.4.2 АКТ көлік жүйесінде
3.4.3 АКТ агроөнеркәсiп кешенiнде
3.4.4 Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін зияткерлік жүйелері
3.4.5 АКТ экология және гидрометеорология саласында
3.4.6 АКТ туризм саласында
3.4.7 АКТ дене тәрбиесі мен спорт саласында
4. Отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту
4.1 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту
4.2 Отандық ақпараттық-мәдени контент өндірісін ынталандыру
4.3 Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу
5. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
6. Қажетті ресурстар
7. Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары

Работа состоит из  1 файл

Ақпараттық Қазақстан.docx

— 118.84 Кб (Скачать документ)

Қол жеткізу жолдары

Мемлекеттік органдардың  АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару ақпараттандырудың жаңа моделін құру және енгізу арқылы АКТ-сервистеріне тапсырыс беру және тұтынуға АКТ-өнімдерін сатып алудан жоспарланған кезең-кезеңімен ауысу жүзеге асатын болады.

АКТ-аутсорсингіне берілетін  тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізбесі анықталатын болады.

Мемлекеттік органдардың  АКТ-тапсырысын шоғырландыру механизмі  қалыптасатын болады.

Мемлекеттік органдардың  бірыңғай бұлыңғыр платформасын (бұдан  әрі - G-Cloud) қолдануға негізделген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын ақпараттандырудың аутсорсингтік моделі іске асырылады.

G-Cloud инфрақұрылымын дамытуға және G-Cloud-та мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін көшіруге жауапты, ақпараттандыру саласындағы оператор анықталатын болады.

Мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелер мен серверлік құрал-жабдықтардың ревизиясын жүргізетін және оларды жоюдың және/немесе G-Cloud-қа ауыстырылуы тіртібін анықтайтын болады.

АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару жөніндегі қосалқы  функцияларды олармен өзіне тән  емес қысқартатын мемлекеттік органдармен  жалға алу жалпы сервистерін G-Cloud жинақтау жүргізілетін болады.

G-Cloud инфрақұрылымына жауапты,  ақпараттандыру саласындағы оператор, оператордың жұмысы үшін қажетті  байланыс арналарына, қауіпсіздікке  және басқадай бағыттарға жауап  беретін даму жоспарын үйлестіру  мен шоғырландырады және органдардың  жұмысын біріктіреді.

Ақпараттандырудың жаңа моделдерінің бастамаларын қамтамасыз ету үшін АКТ-жобаларының қатынасында бюджеттендіру және мемлекеттік сатып алу үрдістерінде өзгерістер жүргізілетін болады.

 

1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін

 

Қоғамдық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету саласындағы басты  міндет табиғи және антропогендік сипаттағы  шұғыл жағдайлар мен дүлей  күштерде Қазақстан Республикасының  әрбір азаматы өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды ескертудің, алдын алудың және қабылдаудың жылдам өзара іс-қимылына құқық тәртібі органдары мен шұғыл қызметтердің жоғарғы даярлығы болып табылады.

Құқық тәртібі органдары  мен шұғыл қызметтердің өзара  іс-қимылы бірінші кезекте халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті төндіретін жағдайлар кезінде олардың барлық құрылымдарының ақпарат алмасуын және ұйымдасқан жұмысын өзіне қосады. Осындай жағдайларда, жедел деректерді алмасуға және болатын қауіп қатерлер туралы халықты уақытылы хабардар ету мен құлақтандыру үшін құрал ретінде іске кірісуге мүмкіндік беретін АКТ маңызды рөлін атап өту қажет.

Ағымдағы жағдайды қысқаша  талдау

Техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлардың саны (бұдан әрі - ТЖ) 2012 жылғы 8 айда 10328 жағдайларды құрайды (ТЖ жалпы санынан 81,7 % ), оның ішінде 94,4% (9751) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2011 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлардың саны 1127 жағдайға немесе 12,2% артты. Зардап шеккендердің саны  1413 адамды құрады (2011 жылғы ұқсас мерзіммен 13,1% көп).

Құқық тәртібіндегі органдармен  қоғамдық тәртіпті қорғау және көшелерде және қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру жөніндегі қажетті шаралар қолданылуда.

Қылмысты жедел елеу мақсатында нақты нарядтың орналасқан жерін  қадағалау ауданының картасында нақты уақыт режимінде және жақын арадағы полиция нарядына оқиға болған жерге жөнелтуге мүмкіндік беретін  «GPS»  навигацииясы жүйесі парулдік машиналарда енгізілді және жұмыс жасайды, осы жүйемен жаяу жүретін патрулдік нарядтарды жабдықтау мәселесі пысықталуда.

Қазіргі уақытта барлық өңірлерде  жедел басқару орталығы (бұдан  әрі - ЖБО) жұмыс істейді, ол қылмысқа әрекет етудің жеделдігін артыруға, сондай-ақ облыстық орталықтардың көбіне криминогендік аудандарын бейне бақылаумен қамтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ситуациялық Орталығы пайдалануға енгізілді, ол бірыңғай жүйеге облыстың жедел басқару орталығын біріктіреді, өңірлерде жедел жағдайларды бақылауға және олармен селекторлық бейне байланысты жүзеге асыруға  мүмкіндік береді.

Бүгін жалпы ел бойынша 606 – қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдері және 153 – тікелей учаскелік пукттеріне ЖБО қосылған 1300 аса бейнебақылау құрылғылары пайдаланылады. Олардың көмегімен 570 қылмыстар ашылды және 110 мыңнан аса құқық бұзушылықтар анықталды.

Міндет: АКТ кеңінен енгізу жолымен құқықтық тәртіп және шұғыл қызметтер органдарының қоғамдық қауіпсіздігі және жұмыстарының тиімділігі деңгейін арттыру.

 

Нысаналы индикаторлар:

 

шұғыл қызметтер жұмыскерлерінің  компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылы - 100%;

ТЖ әрекет ету уақытын қысқарту - 2017 жылы – 10,75%, 2020 жылы - 31%;

ТЖ туралы халықты жаппай хабарландырудың заманауи жүйелерімен жабдықталған елді-мекендердің үлесі 2017 жылы - 95%;

Қол жеткізу жолдары

АКТ енгізу жолымен құқық  тәртібі және шұғыл қызметтер  органдары жұмыстарының қоғамдық қауіпсіздігі және тиімділігі деңгейі бойынша міндетттерді іске асыру келесі шараларды қабылдау жолымен шешілетін болады:

орындалатын жұмыстардың  тиімділігін және сапасын арттыру  үшін шұғыл қызметтердің операциялық  және өндірістік қызметі автоматтандырылатын болады;

оқиғалар туралы, оның ішінде геоақпараттық жүйелерді пайдаланумен оқиға болған орындар туралы деректерді берумен шұғыл қызметке хабарлау бойынша міндеттерді орындау  үшін Қазақстан Республикасының  ТЖМ   әрекет етудің 112бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметі құрылатын болады;

әрбір қалада күмән келтіретін тұлғаларды, оқиғаларды, жол-көлік және өзге де оқиғаларды анықтау мәніне азаматтар көп жиналатын көшелер және орындарға тұрақты мониторинг үшін бейне бақылау орталығы құрылатын болады;

АКТ қызметтінің ісінде қолданатынды зерделеуге акцентімен шұғыл қызметтер  жұмыскерлерінің компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру курсынан өтетін болады;

мобильдік құрылғыны қосқанда барлық байланыс құралдары арқылы уақытылы хабарлау үшін ТЖ ескерту мен жоюды қамтамасыз ететін жүйе дамытылатын болады.

 

 

 

2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету

 

Негізгі міндеттер

 

Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі;

АКТ-нарықты ынталандыру.

2.1  Қазақстан Республикасы  үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі

 

Бүгінде ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым экономикалық дамудың аса маңызды элементіне айналып отыр. Уақтылы қолжетімді телекоммуникациялық инфрақұрылымсыз Қазақстанның әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке енуі мүмкін болып табылмайды. АКТ-ның қолжетімділігі ақпараттық қоғамды құруға арналған тұғырнама болып табылады.

Ағымдағы жағдайды қысқаша  талдау

2012 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұраныстың өсуі экономиканың өсуіне оң ықпал жасады, мұны көтерме және бөлшек сауданың 14,3%-ға, көлік қызметінің 7,2%-ға, байланыс қызметінің 12,8%-ға өсуінен көруімізге болады.

Телекоммуникация қызметтерінің  дамуы келесі индикаторлармен сипатталады:

 

жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі  95,6%;

Интернет желісін пайдаланушылар саны 8,8 миллион адамға жетті (53,5 %);

тіркелген байланыс абоненттерінің саны 4,2 миллионнан астам абонентті  құрады (26%);

ұялы байланыс абоненттерінің саны 26,2 млн. құрады (158,3 %).

Қазақстанда ұялы байланыс қызметтерінің тұрғындар арасындағы сұранысы артуда, бұл абоненттер санының тұрақты артуын білдіреді.

Сондай-ақ, 2011-2012 жылдары  Интернет және ұялы байланыс қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша іс-шаралар  жүргізілді. Ұялы байланыс операторларының  желі ішінде қоңырау шалуға жұмсалатын ең төменгі құны 30%-ға, мобильді интернетке ең жоғарғы тариф 50%-ға дейін төмендеді.

Интернет желісіне тіркелген кең жолақты қолжетімділік тарифтері бойынша жарияланған IT 2012 әлемдік есебіне сәйкес Қазақстан әлемде 13-орынды иеленді (2009 жылғы қорытындылар бойынша 19-орын).

Міндет: Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтары  ақпараттық инфрақұрылымының қолжетімділігі

Нысаналы индикаторлар: 

 

Интернет желісіне қолжетімді үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы - 65%; 2020 жылы - 80%;

Тіркелген телефон байланысы  бар үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы – 80%; 2020 жылы - 100%;

Мобильді телефоны бар  үй шаруашылықтарының үлесі – 2017 жылы – 80%; 2020 жылы - 100%;

Теледидары бар үй шаруашылықтарының  үлесі 2017 жылы – 100%; 2020 жылы - 100%;

Қол жеткізу жолдары

Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті дамыту келесі бағыттар бойынша қамтамасыз етіледі:

1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;

2) Қазақстан Республикасы  өңірлеріндегі «цифрлық теңсіздікті»  қысқарту (ірі қалалар, моноқалалар, ауылдар).

Интернет желісіне КЖҚ  қызметтерін дамыту мақсатымен қолданушыларға жоғары жылдамдықпен үлкен көлемді мәліметтерді жіберуге және қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қолдану қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, қолданушыларды Интернет желісіне КЖҚ мақсатында Министрлік байланыс операторлармен бірлесіп 4G еңгізу және FTTH, CDMA 450/EVDO, 3G технологияларды әрі қарай дамыту туралы іс-шаралар жүзеге асырылуда.

2013 жылы CDMA 450/EVDO  технологиялары  бойынша Интернет желісіне КЖҚ  қызметтерімен тұрғындар саны 50 және одан да көп елді-мекендердің тұрғындары қамтамасыз етіледі.

FTTH технологиясы бойынша  Интернет желісіне КЖҚ барлық  қалалар мен облыс орталықтарында 2015 жылға дейін аяқталады.

3G үшінші буынның мобильді  байланысымен 2013 жылдың басында  тұрғындар саны 50 мың және одан да көп адамды құрайтын елді-мекендердің тұрғындарын, ал 2015 жылдың басына дейін тұрғындар саны 10 мың және одан да көп адамды құрайтын аудан орталықтары мен елді-мекендердің тұрғындарын қамтамасыз ету жоспарланады.

2013 жылдың басына 4G төртінші  буын стандарты Астана, Алматы  қалаларында, 2014 жылыдың басына –  республиканың барлық облыстық  орталықтарында, 2015 жылдың басында  -  тұрғындар саны 50 мың және одан да көп адамды құрайтын барлық елді-мекендерде, ал 2018 жылдың басында – Қазақстан Республикасының бүткіл райондық орталықтарында енгізіледі.

Ұялы байланыс қызметтері тарифтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін (сондай-ақ, мобильді Интернет) ұялы байланыстың басым операторларының  трафигіне қосылу және оларды жіберу қызметтерінің тарифтерін төмендету  іске асырылады (жыл сайын 2015 жылға дейін 10% төмен емес).

Қазақстанның барлық аумағында  халықтың 95% эфирлік хабарларды таратумен  және 100% спутниктік хабарларды таратумен  қамтуды қамтамасыз ететін эфирлік  цифрлық желі құрылады.

 

2.2 АКТ-нарықты ынталандыру

 

АКТсаласы әлемдік экономиканы  дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ақпарат дәуірінде АКТ және ақпараттық инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді, жаңа ашылулар мен өнертабыстарды дайындауға ықпал жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отыра бизнес-үлгілерді ұйымдастыруды іргелі түрде қайта құрудың ғылыми-технологиялық кілті болып табылады.

АКТ-ны кеңінен қолдану, ең алдымен жыл санап артып келе жатқан аталған саладағы инновацияларды дамытудың өсіңкілік трендімен байланысты. Бүгінде Интернет, бұлыңғыр есептеулер, мобильді және мультимедиалық технологиялар, RFID, NFC, роботтар, виртуалды шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар елдердің міндетті атрибутына айналып отыр.

Қазақстан Республикасының  ірі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кіруге қатысты кеудемсоқ мақсаттары елде білімге негізделген жаңа экономиканы қалыптастыру бойынша үлкен күш жұмсауды талап етеді, қазіргі таңда бұл тек АКТ-ны дамыту және енгізу арқылы мүмкін.

Ағымдағы жағдайды қысқаша  талдау

Дүниежүзі банкінің мәліметтері  бойынша, әлемде АКТ нарығының жалпы  көлемі 2011 жылы  3 280 миллиард АҚШ доллорын құрады және жыл сайын 4%-ға артуда. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2011 жылы 840 миллиард теңгені құрады, яғни Қазақстанның ЖІӨ-ның 3,02 %.

IDC бағалауы бойынша, барлық  ІТ-нарықтың көлемі 2011 жылы 207 миллиард  теңгені құрады. 2010 жылмен салыстырғанда  өсім - 19,2%. Осы ретте нарықтың 88,6%-ы  жабдықтарға, 5,2%-ы БҚ-ға, 6,2%-ы ІТ-қыметтерге тиесілі. Бағдарламалық қамтамасыз ету және ІТ-қызметтер нарығының төмен көрсеткіштері ең алдымен АКТ саласындағы кәсіпорындарда инновациялық қызметтердің дамымағандығын көрсетеді. Бұл, ең алдымен, ғғылыми-зерттеу қызметі қауіп-қатерінің жоғары болуы мен елдегі АКТ компаниялар, ЖОО-лар, АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының инновациялық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты.

Сонымен қатар, аталған саладағы негізгі проблемалар АКТ құралдарының отандық өндірісі деңгейінің төмендігі және оның импортқа тәуелділігі, сондай-ақ, ІТ-білім берудің халықаралық стандарттары мен жаңа білім беру технологияларының трансферті мақсатында отандық ЖОО-лардың шетелдік университеттермен ынтымақтастығын дамытудың төмен деңгейі.

Міндеті: Ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық инфрақұрылым мен ғылыми-зерттеу қызметін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті отандық АКТ нарығын құру.

Нысаналы индикаторлар:

 

ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 2017 жылы - 3,8 %, 2020 жылы - 4%;

АКТ саласындағы инновацияларға жұмсалатын шығындардың үлесі 2017 жылы - ЖІӨ 0,5%, 2020 жылы - ЖІӨ  0,9 %;

Елдегі АКТ саласындағы  кәсіпорындардың инновациялық белсенділіг 2017 жылы - 7 %, 2020 жылы - 10%;

АКТ-парктердің саны 2017 жылы 2, 2020 жылы 4;

АКТ саласында МЖӘ сызбасы  бойынша бизнес-инкубаторлардың  саны 2017 жылы 2, 2020 жылы 4;

МЖӘ сызбасы бойынша ортақ  қолданыстағы зерттеу зертханаларының  саны – 8;

PhD дәрежесіндегі АКТ мамандарының  саны 2017 жылы 200, 2020 жылы 300.

Қол жеткізу жолдары

Қазақстанның АКТ нарығын  дамытудың мемлекеттік саясаты  келесі шараларды қолдана отыра  отандық АКТ кәсіпорындарды қолдау мен АКТ саласындағы инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыруға бағытталады:

Информация о работе Ақпараттық Қазақстан