Казақ сазы-өмір айнасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 21:05, практическая работа

Описание

Қазақ саз мәдениетінің өркендеуіне академик Ахмет Жұбанов, сазгерлер: Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Латиф Хамиди, халық артистері: Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Нұрғиса Тілендиев және т.б. өз үлестерін қосқан. Осыларға қысқаша тоқталып өтсек.

Работа состоит из  1 файл

Презентация1.ppt

— 637.50 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 

Маңғыстау гуманитарлық колледжі 
 
 

Қазақ сазы - өмір айнасы  
 
 
 

                                        Курманиязова Данекер

                                                              ШБ 41 тобы

 
 
 
 

    Халықтың: Сөз  күміс, ән - алтын, Ел көркі- қыз, той көркі - ән немесе Ән өмір ұзартады деген асыл сөздері осы ән өнерін құрметтегендіктен шыққан. 
 

 
 
 
 
 
 

                                          Әннің шығу тарихы туралы аңыз

      Ежелгі заманда жер бетін мекендеген бірде -бір халық өлеңнің, әннің не екенін білмеген. Өлеңсіз өмір - жетім, әнсіз - жеміссіз. Өлеңнің бір қалыпты ырғағы мен мақамын естімеген халық күлкі мен қуанышсыз өмір сүрген. Ол кезде мереке де, той - думан да болмайтын. Адамдар түнеріп, қабақтарынан қар жауып, кірпіктерінен мұз тамғандай болып жүретін, олар өздерінің көңілдерін көтеретін, қайғыларын ыдырататын сиқырлы ән құдыретін көмекке шақыруды білмейтін. Бір рет қайғы шеккен адам өмір бойы қабағын ашпай, құсадан өлгең өйткені, ол кезде ән жер бетінен қашық болған. Ерте кезде таудан аққан бұлақ та, жағалауы жайқалған өзендер де дыбыс шығармайтын. Дала таңын қарсы алған жұмсақ желдің ырғағымен орман да ән салмайтын, құстың да шырылы естілмейтін. Осы өлі тыныштықты, жабайы дауыл үні ғана бұзатын болған. Ақыр соңында әдемі, құпия, сұлу, сиқырлы ӘН өзінің ескі қонысын тастап, бүкіл жер бетін аралауға жолға шығады. Мүмкін, оны жетіқат аспан биігінде пайдасыз өмір сүру жалықтырған шығар немесе ол кең байтақ даланың үстімен армансыз жүгіргісі келді ме, әлде ол қайғылы адамдардың ренішін ыдыратып, оларға қуаныш сыйлағысы келген шығар, әйтеуір, неге екенін белгісіз ӘН қанат қақты. Көңіл - күйіне қарай ән жер бетінен біресе өте жоғары, біресе өте төмен ұшты. Ән төмен ұшқан сәтте осы өлкені мекендеуші барлық халық оның әуенін, қайырмасын, күйі мен жырын анық естіп, үйренуге тырысты, ал ӘН жоғары ұшқан сәтте, адамдар осы асыл қазынаның бір бөлігін ғана естіді. ӘН өз өлкелерінен тым биікте ұшқан халық тіпті әнсіз, жырсыз, өлеңсіз қала жаздады. Қазақ даласынан өткенде ӘН өте төмен ұшқан, - дейді аңыз сондықтан да қазақ поэзиясы бай, сұлу, терең болып келеді.

 

 
 
 
 

Музыка қазақ өмірінде... 

    …қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі ішекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс-тарих үшін елеулі бұйым.

                           Мұхтар Әуезов  
 

    Мұхтар Әуезов

 
 
 
 

          Ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбаев  (1845 1904 ж.ж.) музыка өнерінің халық өміріндегі алатын орнын мынадай өлен жолдары арқылы анықтайды: 

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.

                                                            

Абай Құнанбаев

 
 
 
 

Қазақ саз мәдениетінің өркендеуіне академик Ахмет Жұбанов, сазгерлер: Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Латиф Хамиди, халық артистері: Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Нұрғиса Тілендиев және т.б. өз үлестерін қосқан. Осыларға қысқаша тоқталып өтсек.

Информация о работе Казақ сазы-өмір айнасы