Гистологиядан арнаулы лекциялар жиынтығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 12:54, курс лекций

Описание

Лекция 1. Тақырыбы: «Эпилийдің жалпы сипаттамасы мен классификациясы» (1сағ).
Лекцияның мақсаты: эпителий ұлпасына анықтама беру; эпителийлердің негізгі ерекшеліктері; эпителий ұлпасының морфологиялық, онтофилогенетикалық, функциональді және т.б. классификациялары; бір қабатты тегіс, кубтық, призма тәрізді эпителийлердің құрылысы; көп қатарлы эпителийлердің морфологиялық сипаттамасы.
Түйін сөздер: ұлпа, клетка, клетка аралық зат, эпителиоцит, эпителий.

Работа состоит из  1 файл

гистология.docx

— 88.08 Кб (Скачать документ)

 

Лекция 5. Тақырыбы: «Омыртқалы жануарлардың шырышты эпителийінің сипаттамасы » (1 сағ).

Лекцияның мақсаты: омыртқалы жаунарлардың шырышты эпителийіне сипаттама беру

Түйінді сөздер: асқазанның шырышты эпителийі, ішектің шырышты эпителийі, бүйрек эпителийі

Жоғарғы сатылы жануарлардың шырышты эпителийі  бүкіл асқорту жүйесін, тыныс  алу жүйесін, жыныс және зәр шығару жолдарын алып жатады. Шырышты эпителий мынандай қызмет атқарады:

  1. Қорғаныштық (ішкі ортамен сыртқы ортаның)
  2. Зат алмасу қызметін- секрет бөлу, кейбір жағдайда оларды жинақтау.
  3. Сұйық заттарды және қатты түйіршіктерді шырышты қабаттар арқылы жылжыту. Астың, бөгде заттардың, жыныс органдардың продуктыларын, зәрдің және слиздің жылжуы.

Шырышты эпителийдің құрылымы оның атқаратын қызметіне байланысты болады. Қорғаныштық қызметін іске асыру үшін клетканың апикальді  бетінде талшықтар мен микробүртіктер болады ал көп қабатты эпителийде- мүйізді құрылым болады. Клетка байланыстары және клетка органоидтары жақсы жетілген. Эпителий қабатында бір клеткалы бездер орналасады.

Шырышты қабаттың эпителийінің шығу тегі жағынан бір-бірінен көптеген айырмашылығы бар. Мысалы: ауыз қуысының ішектің анальді бөлімі влагалища эктодермадан пайда болған. Жұтқыншақ, тыныс жолдары және өңеш эпителийлері бірінші желбезек ішектерінен пайда болады. Олар көп қабатты және көп қатарлы болып келеді. Ішек, асқазан, қуық эпителийі-энтодермадан пайда болады. Жатырдың эпителийі- целом эпителийінен пайда болады. Ауыспалы эпителийдің шығу тегі әлі белгісіз.

Ас қазанның шырышты эпителийі. Омыртқалы жануарлардың ас қорту жүйесінің алдыңғы бөлімінің эпителийі жақсы зерттелген. Өңештің эпителийінің құрлысы оның тек қана жапырақшадан пайда болуында ғана емес, жануарлардың қандай тамақпен тамақтануына да байланысты.Адамдарда және сүтқоректілерде өңештің эпителийі көп қабатты болып келеді. Сыртқы қабаты кейбір жануарларда мысалы жыртқыштарда мүйізделеді, ол қатты тағамдармен тамақтануына байланысты. Базальді қабатында толық қалыптаспаған клеткалар кездеседі. Негізінде бұл эпителий тері эпителийіне морфология жағынан өте ұқсас келеді. Құстарда өңеш эпителийі көп қабатты болып келеді. Көбінесе шырышты-талшықты. Бауырмен жорғалаушылар да (рептилийде) жабынды эпителийден айырмашылығы бар. Бұлар негізінде көп қабатты кейде көп қатпарлы призма тәрізді эпителийден құралады. Олардың Құрамында шырышты эпителий көп кездеседі. Амфибийде және кейбір балықтарда (бекіреде) өңештің эпителийі көп қатарлы, шырышты, талшықты. Салыстырмалы гистологиялық зерттеулер бұлардың бәрі энтодермадан пайда болғанын көрсетеді. Филогенезде және онтогенезде эпителий бір қабатты негізгі ішектен пайда болды.

Ішектің шырышты эпителийі. Жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда ас ішектің шырышты эпителийінің апикальді бетінде ворсинкалар (бүртіктер) кездеседі. Ворсинкалар мен крипталар тереңірек орналасқан. Ворсинкалар мен крипталар бір қабатты энтероциттер орналасқан. Энтероциттер өздерінің бөлінуінің арқасында жоғары варсинка жағына шығады. Эпителий қабатында энтероциттерден басқа бокал тәрізді без клеткасы, энтероэндокринді клеткалар болады. Адамда және кеміргіш отрядтарында пищеристый клеткалар кездеседі. Суда жүзетін құстарда ерекше осмос реттейтін құрылым болады, «солевые железы» тұзды бездер және ректальді бездер мысалы акулада кездеседі.

Бүйрек эпителийі Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды организмнен шығарып қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады.  Бүйректің іші біртекті құрлыстан келген нефрондардан тұрады. Олардың саны 2 млн-ға дейін барады. Осы нефрондар арқылы қаннан несеп бөлініп шығады. Нефронның құрлысына келсек, ол капилляр шумағын орап жатқан капсуладан басталады. Капсула мен капилляр шумағын бүйрек денешігі деп атайды. Капсула қос қабырғалы тостақанша тәрізді. Оның капилляр шумағына тығыз байланысқан ішкі қабырғасы мен сыртқы қабырғасының арасында саңлау кеңістігі жатады. Осы кеңістікте қаннан сүзіліп шыққан сқйықтық жиналады.

Лекция 6. Тақырыбы: «Өкпенің респираторлы эпителийі және зәр шығару мен осмореттеуші жүйенің эпителийі» (1 сағат).

Лекцияның мақсаты: респираторлы және зәр шығару эпителийіне сипаттама беру.

Негізгі сөздер: өкпе, бүйрек, альвеолоциттер (пневмоциттер), сурфактант, реабсорбция, секреция, экскреция, нефрон.

Соңғы жылдары, қазіргі кезде де өкпенің нәзік құрылысы электронды-микроскоп  тәсілімен зерттелуде. Бұл тәсілмен зерттеу нәтижесінде ғалымдар көптеген бағалы мәліметтер алып, жетістіктерге  жетті. Зерттеулер бойынша тыныс  эпителийінің көпіршіктерінің ішкі бетін нәзік мембрана жауып тұрады. Тыныс эпителийінің құрамына екі  түрлі клетка кіреді, альвеолоциттердің 1-ші түрі және альвеолоциттердің ІІ-түрі. Сонымен қатар тұрақсыз клетка элементтері макрофагтар және альвеолоциттердің ІІІ-түрі де кездеседі.

Альвеолоциттердің 1-ші түрінің тығыздығы  жоғары, құрамындағы орталық денешік  цитоплазманың шетіне қарай орналасқан. Клетка денешігі ядроны құраса, альвеолдардың  эпителиалды төсенішін цитоплазма және оның өсінділері құрайды. Ядроның көлемі үлкен, сопақ немесе дөңгелек пішінді және беті қалыпсыз, тегіс емес. Хроматин кариоплазмада түйіршік түрінде, ал ядро құрамында біртегіс болып жатады. Ядроны бойлай орналасқан митохондриялар кездеседі. Митохондриялардың құрамындағы электронды- мөлдір кристалар саны көп емес. Сонымен қатар көп мөлшерде визикулярлы көпіршіктер болады.

Альвеолоциттердің 1-түрінің мембранасы қатпарлар немесе микротүтікшелер  құрайды. Цитоплазмасында көптеген вакуольдер мен визикулярлы құрылымдар кездеседі. Цитоплазмалық өсінділері жұқа, жіңішке және капилляр эндотелиясымен жанасқан жері айқын көрінеді. Альвеолоциттердің 1-түрі бір-бірімен немесе альвеолоциттердің  ІІ-түрімен байланысқа түседі.

Тыныс эпителийіндегі альвеолоциттердің 1-түрінің екі түрлі түрін қарастыруға  болады. Біреу үлкен, тығыз ядролы, тығыз цитоплазмамен қапталған  альвеолоцит. Екіншісі – сопақтау келген, ядросы бұдыр және цитопалзмалық  вакуолі ұзындау келген альвеолоцит.

Альвеолоциттің ІІ-түрі көлемді  болып келеді. Үстінде көптеген қысқа  және жіңішке микротүтікшелер түзілген. Кариоплазмасы түйіршікті тығыз  электронды. Ядроларының көлемі үлкен, бөлшектенген. Цитоплазмасы ашық түсті, вакуольдер мен митохондрияларға бай. Митохондриялардың құрамын түйіршікті негіздер және көптеген параллель орналасқан кристалар құрайды. Ядро жанында  орналасқан Голдьжи аппараты тығыз  көпіршіктерден тұрады. Құрамындағы  эндоплазмалық тордың тегіс және түйіршікті түрлері бар.

Альвеолоциттің ІІ-түрінің өзіне  тән ерекшелігі диаметрі 1-1,5 мкм  болатын осмиофильді денешіктердің  болуы. Ядро құрамындағы хроматиндер  тығыз жатады. Ядро маңайында аз мөлшерде түйіршікті, ашық түсті митохондриялар кездеседі. Цитопалзма құрамындағы  көптеген вакуольдер клетка орталықтарына  жақын орналасқан.

Альвеолоциттің ІІ-түрінің 1-түрінен  негізгі айырмашылығы цитоплазмасында  осмиофильді денешіктердің болуында. Осмиофильді денешіктер белсенді түрде  секреттеуші клеткалар тобы. Олар эпителий бетіне сурфактант түзеді.

Эпителиалды және эндотелиалды клеткалардың базальді мембраналары жұмсақ және тығыз  қабаттардан тұрады. Альвеолоциттің І-түрі мен цитоплазмалық өсінділердің жанасқан жерінде шекаралы базальді мембрана түзіледі, яғни олардың арасында аэро-гематикалық тосқауыл түзіледі.

 

Лекция 7. Тақырыбы: «Бездердің жалпы сипаттамасы  және олардың классификациясы» (1сағат).

Лекцияның мақсаты: бездер классификациясы және безді эпителийге сипаттама беру.

Негізгі сөздер: экзокринді, эндокринді және паракринді бездер, ацинус, рекреция, секреция.

Жабынды эпителий сияқты безді эпителийде бір-бірінен  аз ажыратылған клетка аралық заттармен  бөлінген өзара өте тығыз байланысқан  клеткалардан тұрады. Барлық клеткалар  тіршілікке қажетті өнімдерді бөліп  шығарады, бірақ безді эпителийдің  өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері  бар, яғни клеткалар (грандулоциттер) әртүрлі  секреттерді көп мөлшерде өндіреді және бөледі. Ағзада секрет ретінде: сүт, сілекей, ас қорыту сөлдері, өт, тер,әртүрлі  иісті заттар, гормоны. Сөл не тері беткейіне, шырышты қабықшаға, ішкі мүшелер қуысына (экзокринді секреция кезінде), не қанға, лимфаға немесе ұлпалық  сұйықтыққа (эндокринді секреция кезінде).

Эмбриогенезде безді  эпителий жабынды эпителийдің туындысы болып табылады. Алғашында ол төменде  жатқан ұлпаға батып тұратын клеткалық  шоғыр түрінде болады. Содан соң  қабат өседі және әртүрлі бағытта  дифференцацияланады. Кейбір қабаттар (сурет А) эпителийдің бастапқы затымен  байланысты болып қалады. Жабынды  эпителийдің инвагинациясы болып  табылатын (сөлді бөлімімен бірге) шығару ағымына байланысты. Олардан  бөлінетін өнімдер ағын арқылы ішкі ортаға шығарылады. Бездің мұндай түрін  экзокринді деп атайды.  Басқа  қабаттар (сурет В) эмбриогенездің ерте кезеңінің өзінде эпителийдің бастапқы затынан бөлініп кетеді және өздері бөлген сөл синтезделінетін қан тамырларымен тығыз байланысқа түседі. Мұндай бездерді эндокринді деп атайды.

Барлық безді  клеткаларға өздерінің өндіретін  сөлінің құрамына байланысты эндоплазмалық  тордың (егер сөлдің табиғаты белокты  болса, онда түйіршікті, ал егер белок, көмірсу және стероидтар болса, онда түйіршіксіз), Гольджи аппартының, митохондрияның гипертрофиясы тән (күшейтілген  даму). Грандулоциттердің цитоплазмасында  әсіресе цитоплазманың апикальды  бөлімінде әдетте түйіршіктер немесе сөлдің тамшылары жақсы ажыратылады. Әдетте олар Гольджи аппаратының  ішінде шоғырланады. Органеллалардың  даму деңгейі және безді клеткалардағы  сөлдің мөлшері сөл бөліну циклының фазына тәуелді  периодты түрде өзгеріп  отырады.

Әртүрлі гландулоциттерде сөл бөліну механизмі бірдей емес. Секрет бөлудің 3-5 негізгі  түрлері  бар.

  1. Голокринді сөл бөлу сөлдің жиналуымен және клетканың тіршілігін жоятын цитоплазманың майлы қайтадан туылуымен сипатталады (терінің тер безінде).
  2. Макроапокринді сереция жарық микроскопта көрінеді.Цитоплазманың апикальды беткейінде кейін құрамындағы заттармен бірге үзіліп қалатын мембранамен қоршалған ісіну болады.
  3. Микроапокринді секреция электронды микроскоптың көмегімен ғана анықталады және микробүрлердің кеңейген түптерінің бөліну жолы арқылы  жүзеге асады (өт жолдары).
  4. Мерокринді секреция электронды микроскоп арқылы ажыратылады. Соған қоса мембранада қоршалған вакуольі бар сөл уақытша плазмалеммада пайда болған микроскопиялық тесік арқылы бездің қуысына шығарылады (қарын асты без).
  5. Экринді секреция- сөлдің бөлінуі молекула түрінде  немесе плазматикалық мембрананың біртұтастығы бұзылмайтындай өте ұсақ агрегацит түрінде  болады, (асқазанның негізгі клеткалары).

 

Лекция 8. Тақырыбы: «Сүтқоректілердің  эндокринді және экзокринді бездері». (1сағат)

Лекцияның мақсаты: сүтқоректілердің эндокринді және экзокринді бездеріне сипаттама беру.

Түйін сөздер: экзокриноцит, эндокриноцит, сілекей бездері, гипофиз, қалқанша безі.  

Барлық эндокринді бездер маманданған заттарды синтездейтін секретті клеткалардан тұрады және оларды шығару ағыны арқылы не дененің беткейіне, не ішкі мүшелер беткейіне  бөледі (ас қорыту, тыныс алу және басқа  жүйелер). Экзокринді бездер бір клеткалы (бокал тәрізді клеткалар) және көп  клеткалы болуы мүмкін. Барлық безді  клеткалар анық полярлылықпен сипатталады. Олардың апикальды бөлімінде  сөл болады, ал клеткалық органоидтар  мен ядроның негізгі массасы  базальды бөліміне ығыстырылған. Безді  клеткалардың морфологиясы өздерінің  өндіретін сөлінің табиғатына байланысты анықталады. Көп клеткалы бездер екі бөлімнен тұрады: секреторлы немесе аяққы бөлім және шығару ағындары. Секреторлы бөлім базальды мембранада жатқан грандулоциттерден құралған. Шығарушы ағындар эпителийдің әртүрлерімен жіберілген. Шығу тегі энтодермальды бездерде (қарын асты бездер) олар бір қабатты куб тәрізді немесе призма тәрізді эпителийден жіберілген, ал шығу тегі эктодермальды бездерде (терінің май бездері)- көп қабатты. Экзокринді бездер әртүрлі болып келеді және классификация кезінде сөлдің типі, сөлдің құрамы, морфологиясф және т.б. есепке алынып отырады.

Батыста экзокринді бездерді бес топқа бөледі:

Дара безді  клеткалар

Безді клеткалардың шоғырлануы

Интраэпителиальды бездер

Түтікті бездер

Альвеолды бездер (ацинарлы)

Дара безді  клеткалар бездердің ішіндегі ең жай формасы болып есептелінеді.Мысал  ретінде шырышты қабықтың муцинді  секреттейтін жоғарғы призма тәрізді  эпителийдің клеткаларын айтуға болады. Соңғылары цитоплазманың  апикальды бөлімінде жинақталады  және оны кеңейтетіні соншалық ол бокал тәрізді болып тұрады. Осыған байланысты мукоциттердің аталуы бокал  тәрізді клеткалар болған. Бокалдың тығыз аяқтары базальды мембранадан  көршілес эпителий клеткалары арасында тартылады. Кейбіреулері апикальды  соңында ашық  және олардың сөлдері  эпителийдің беткейінде шырыштың жұқа қабатын түзе отырып бөлінеді. Сөлдің бөлінуінен кейін берілген клеткалар  тіршілігін жояды.

Клетканың жұқа негізінің құрамында ядро және клеткалық  органеллалардың қалдықтары болады. Кесінді беткейлік эпителий бойынша  сәл қисық кеткен, соған байланысты апикальды беткей ішектің саңлауына  жетпейді.

Информация о работе Гистологиядан арнаулы лекциялар жиынтығы