Құқық норма жиынтығы

Автор работы: d******************@list.ru, 27 Ноября 2011 в 15:44, реферат

Описание

Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Работа состоит из  1 файл

ұқықтық норма ұғымы.docx

— 43.37 Кб (Скачать документ)

ұқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже.  
Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады. 
 
Құқықтық нормалардың белгілері: 
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды. 
2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек. 
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді. 
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді. 
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді. 
 
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида. 
 
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция. 
 
Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады: 
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді. 
Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі. 
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады. 
 
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар. 
 
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы. 
 
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді: 
 
1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар. 
2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар. 
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар. 
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар. 
5. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытынд

Информация о работе Құқық норма жиынтығы