Гистологиядан арнаулы лекциялар жиынтығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 12:54, курс лекций

Описание

Лекция 1. Тақырыбы: «Эпилийдің жалпы сипаттамасы мен классификациясы» (1сағ).
Лекцияның мақсаты: эпителий ұлпасына анықтама беру; эпителийлердің негізгі ерекшеліктері; эпителий ұлпасының морфологиялық, онтофилогенетикалық, функциональді және т.б. классификациялары; бір қабатты тегіс, кубтық, призма тәрізді эпителийлердің құрылысы; көп қатарлы эпителийлердің морфологиялық сипаттамасы.
Түйін сөздер: ұлпа, клетка, клетка аралық зат, эпителиоцит, эпителий.

Работа состоит из  1 файл

гистология.docx

— 88.08 Кб (Скачать документ)

 

Лекция 14. Тақырыбы: «Қалыптасқан және қалыптаспаған тығыз дәнекер  ұлпасы және шеміршек ұлпасы» (1сағ)

  Лекцияның мақсаты: студенттерге тығыз дәнекр ұлпасы және шеміршек ұлпасы туралы түсінік беру.

Түйін сөздер: тендиноциттер, эндотендиний, перитендиний, хондроцит, хондробласт, хондрокласт.

 

 

Тығыз талшықты дәнекер ұлпасы     

Тығыз талшықты дәнекер ұлпасы салыстырмалы түрде  тығыз орналасқан талшықтардың болуымен ерекшеленеді, ал клеткалары (фибробластар) мен негізгі аморфты заттары  онша дамымаған (112-сурет). Талшықты құрылымның орналасуына тәуелді тығыз қалыптасқан және тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпалары деп ажыратады. Тығыз қалыптасқан ұлпаларда талшықтардың орналасуы қатаң реттілікпен болады; көбінесе олар бір бағытқа бағытталған (сіңірде, байламдарда), немесе тор тәрізді құрылым түзеді (фиброзды мембраналарда).

113-суретте бұлшық  етті сүйекпен байланыстыратын   сіңір арқылы жасалған көлденең  кесіндісінің микросуреті келтірілген.  Сіңіркөк түске боялған қалың,  бір-біріне қарама-қарсы орналасқан  коллаген талшықтарының шоғырларынан  тұратыны көрініп тұр. Талшықтар  арасында фиброциттер (сіңір клеткалары), фибробластар және аморфты заттардың  жұқа қабаттары жатады.

Әрбір коллаген талшықтарының шоғыры көршілестерінен  фиброциттермен бөлінген, ол 1-реттік шоғыр деп аталады. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының жұқа қабаттарымен қоршалған бірнеше 1- реттік шоғыр 2-реттік шоғырларды түзеді.  Көрсетілген қабаттар эндотенон деп аталады. 2-реттік шоғыр одан да мықтырақ борпылдақ дәнекер ұлпасының қалыңдау қабаттарымен – перитенонмен қоршалған 3-реттік шоғырмен бірігеді. Ірі сіңірлерде 4-реттік шоғырлар болуы мүмкін.

Борпылдақ дәнекер  ұлпасының қабаттарында сіңірдің қоректенуі мен иннервациясын қамтамассыз  ететін қан тамырлары, нервтер және нерв соңдары байқалады. Эластинді дәнекер ұлпасында да талшықтар бар, бірақ олар коллагенді емес эластинді. Олардың арасындағы шекара анық көрінбейді.   

   Шеміршек ұлпалары.  

Шеміршек ұлпалары тыныс алу мүшелерінің (жұтқыншақтың, трахеяның, бронхтардың шеміршектері), қан тамырларының, омыртқа аралық дисктердің және т.б. құрамына кіреді (122-сурет). Олар әсіресе балалық жаста және төменгі сатыдағы омыртқалылар, мысалы, шеміршекті балықтарда жақсы байқалған. Шеміршек ұлпалары, немесе шеміршек клеткалардан (хондроциттер,хондробластар) және қысқанда тығыздығы мен мықтылығы жағынан  ерекшеленетін клетка аралық гидрофильді  заттардың үлкен мөлшерінен тұрады. Соңғы қасиетінің арқасында шеміршек тірек қызметін атқаруға қабілетті.

Созылмалы шеміршек ұлпасының құрамында шамамен 70-80% су, 10-15% органикалық заттар және 4-7% тұздар бар. Шеміршек ұлпасының 50-70 %-ке дейінгі құрғақ затын коллаген құрайды. Шеміршек ұлпасында қан тамырлары болмайды және оның қоректенуі қоршаған шеміршек шеміршек үсті қоректік заттарының диффузиясы арқылы қамтамассыз етіледі.

Қан тамырсыз қоректену  примитивті болып табылады, сондықтан  да жас келе шеміршектің құрамындағы  судың мөлшері төмендегенде оның шеміршек үстінен оқшауланған орталық бөлімі біртіндеп деградацияланады және жойыла бастайды.

Алғашында мезенхимадан дамыған шеміршек клеткалары келесі диффероннан өтеді: бағана клеткалары, жартылай бағаналы (прехондробластар), хондробласттар, хондроциттер.

Хондробластар - бұл пролиферацияға және шеміршектің  клетка аралық затын синтездеуге  қабілетті жас тығыз клеткалар. Олар фибробластардың бір түрлері болып табылады. Жетілген шеміршекте хондробластар шеміршек үсті құрамында сақталады және шеміршек ұлпасының  перифериялық немесе аппозициялық өсуін қамтамассыз етеді.

Хондроциттер- шеміршек ұлпасының негізгі клетка түрі. Жасына тәуелді олар сопақша, дөңгелек немесе полигональды болуы мүмкін (123-сурет). Бұл клеткалар оқшауланған кішірек  қуыста немесе шұңқырда жатады. Бөліну кезінде әрбір клетка изогенді топ  деп аталатын бірнеше клеткаларды  беруі мүмкін.

Хондроциттің  ядросы ірі, дөңгелек пішінді, 1-2 ядрошығы бар, цитоплазмасы дәнді болып келеді. Хондроциттер өзара гель тәрізді  матрикспен бөлінген.

Өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты хондроциттердің  үш типін ажыратады. Хондроциттердің I-типі жоғарғы ядролық-плазматикалық қатынаспен, дамыған Гольджи аппаратының, митохондриялар және цитоплазмада бос рибосомалардың болуымен ерекшеленеді. Бұл клеткаларда митоз жиі көрінеді. Хондроциттердің I-типі жас шеміршекте болады. Хондроциттердің ІІ-типі ядролы-цитоплазматикалық қатынастың төмендеуімен, ДНК синтезінің әлсізденуімен, гликозаминогликандардың және протеогликандардың түзілуі мен клетка аралық затқа синтезделуін қамтамассыз ететін түйіршікті эндоплазматикалық тор мен Гольджи аппаратының қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Хондроциттердің ІІІ-типі ядролы-цитоплазматикалық қатынастың төменділігімен, күшті дамыған түйіршікті эндоплазматикалық тордың болуымен ерекшеленеді. Олар белоктардың синтез және секрецияға қабілеттілігін сақтайды, бірақ оларда гликозаминогликандардың синтезі төмендейді.

Шеміршек типтері.

Клеткалардың  орналасу ерекшелігімен, матрикстың құрылысының  негізінде шеміршектің үш түрге  жіктелуі жатыр: гиалинді, талшықты, эластинді. 

Гиалинді немесе әйнек тәрізді шеміршек ұлпасы, шеміршек ұлпаларының ішіндегі ең кең тараған  түрлерінің бірі. Эмбриональды кезеңде  гиалинді шеміршек қаңқаның модельін қалыптастырады, ал ересек ағзада қабырғаның кеудемен біріккен жерінде, жұтқыншақта, тыныс алу жолдарында, сүйектің буын беткейлерінде кездеседі. Гиалинді шеміршектің клетка аралық заттары  жарық микроскопта біртекті (гомогенді) болып көрінеді, бірақ арнайы бояу әдістерінде және поляризацияланған  жарықта ІІ-типті коллагеннің  жіңішке жіпшелері байқалады. Жіпшелердің  қалыңдығы 6-55 нм-ге дейін өзгеріп  отырады. Гиалинді шеміршектің негізгі  заты гликозаминогликандар шеміршектің метахромазиялығын көрсететін қышқыл радикалдарға өте бай (124-сурет). Радикалдардың жоғары гидрофильділігінің арқасында шеміршек ұлпасы суды жақсы ұстайды және жоғары тығыздыққа ие.

Кез-келген шеміршектік  құрылым- бұл тек ұлпа ғана емес, сонымен қатар күрделі құрылыстық құрылымы бар мүше. Шеміршектің беті суреттің үсіңгі жағынан көрініп  тұрғандай шеміршек үстімен немесе перихондроммен жабылған. Шемішек үстін  әдетте арасындағы шекарасы әлсіз көрінетін  сыртқы және ішкі қабатқа ажыратады. Сырқа қабат негізінде коллаген талшықтарынан тұрады, ал шеміршекке жақынырақ ішкісі пролиферативті потенциясы сақталған аз дифференциалданған камбиальды клеткаларға бай. Шеміршек үсті қан  тамырлар мен нервтерге батырылған, соның арқасында ол трофикалық (қоректік) қызмет атқарады.

Шеміршек ұлпасының өсуі.

Шеміршектің өсуі постнатальды кезеңде екі әдіспен  жүзеге асады: интерстициальды және аппозиционды. Жоғарыда айтылғандай шеміршек ылғи камбиальды қор болып табылатын, құрамында аз дифференциалданған хондробластары бар қан тамырларға бай шеміршек үстімен қоршалған. Шеміршек үстінің ішкі қабатындағы хондробластар митоз жолымен бөлінеді, ал содан соң интерфазада клетка аралық матриксты секреттейді. Жаңа қабаттың қалыптасуына байланысты шеміршек ұлпасында шеміршектің қалыңдауы болады. Өсудің мұндай типі аппозициялық деп аталады.

Шеміршек ұлпасының  интерстициальды өсу кезінде  хондроциттар бірнеше рет бөлінеді, және клетканың изогенді топтарын түзеді. Жас клеткалар клетка аралық матриксты  секреттейді, нәтижесінде шеміршектің  көлемі ұлғаяды. Өсудің бұл типі интерстициальды  немесе интеркалярлы деп аталады. Түтікті  сүйектірдің ұзына бойына өсуі метафизарлы  пластинка деп аталатын  қалған шеміршектің есебінен жүзеге асады, мұнда шеміршек клеткалары қарқынды түрде көбейеді және сүйектің ұзаруын  қамтамассыз ететін клетка аралық заттар бөлініп шығады.

Шеміршек әртүрлі  өзгерістерге ұшырайды, бұлардың көпшілігі  қалыпты жағдайдың шегінен шығып  кетеді және қартаюдың немесе дегенерацияның белгілері болып табылады. Оларға шеміршек ұлпасында ерекше талшықты құрылымның, шытынаудың, некроздың  пайда болуы және шеміршектің  известелуі жатады. Күш жағынан аз эффектілі диффузды трофикалы шеміршек, мүше ретінде, ұзындығы бойынша оның орталық аймақтары оларды қоректендіретін  шеміршек үстінен өте алшақ болатындықтан, олар үлкен мөлшерлі болмайды. Қоректену  тапшы болғандықтан хондроциттер көбеюін  тоқтатады, олардың кейбір бөліктері  өледі, ал матрикстың протофибрильдері жай оксофильді белок- альбумоидқа  айналады.

Шеміршек ұлпасындағы  протеогликандардың концентрациясының  төмендеуі, қартаю барысында гидрофильділіктің  төмендеуіне соғады. Клеткалар аз қалады, олардың цитоплазмасында  органоидтардың көлемі түседі және ферменттердің белсенділігі төмендейді. Дистрофикалық өзгерген клеткалар және клетка аралық заттар хондрокластармен ыдыратылады.

 

Талшықты шеміршекті ұлпа.

Талшықты шеміршек сіңір мен байламдардың гиалинді шеміршекке ауысқан жерлерінде, жартылай қозғалмалы жіктерде, омыртқа аралық дискілерде байқалады. Клетка аралық заттар біртіндеп борпылдақтанып және гиалинді шеміршекке ауысатын паралельді бағытталған  шоғырлардан тұрады. Шеміршекті клеткалар  қуыстарда жалғыз немесе кішігірім  изогенді топ түрінде жатады. Клеткалардың цитоплазмасы жиі вакуольденеді.

Эластинді шеміршекті ұлпа.

Эластинді шеміршек шеміршектің негізі иілетін жердегі  мүшелерде дамиды (құлақ қалқаны, жұтқыншақтың мүйіз тәрізді және сына тәрізді шеміршегінде және т.б.). Созылмалы жағдайдағы эластинді  шеміршек сары түсті болады. Шеміршек клеткалары (жас және мамандандырылған хондроциттер) капсулаларда жалғыздан  орналасады немесе 2-3 клеткалардан изогенді топтар қалыптастырады. Эластинді шеміршекке тән ерекшелік оның клетка аралық заттарында коллаген талшықтарымен  қоса, матрикста күрделі үш өлшемді  тор құрайтын эластинді талшықтардың болуы. Шеміршек ұлпасының берілген типіне тән өзіндік механикалық  қасиет эластинді талшықтың және гиалинді шеміршекке қарағанда хондроитинсульфаттардың  аз болуымен байланысты.

Лекция 15. Тақырыбы: «Сүйек ұлпасы». (2сағат)

Лекцияның мақсаты: сүйек ұлпасы туралы студенттерге сипаттама беру.

Түйін сөздер: остеоцит, остеобласт, остеокласт, остеогенез, эндост, периост, диафиз, эпифиз.

Сүйек ұлпасы механикалық қызметтері жақсы жетілген дәнекер ұлпасының  бір түрі. Организмдегі минералды  заттардың алмасуын реттейді. Сүйектің негізгі заттарының құрамында кальцийдің, магнийдің, фтордың, фосфор қышқылы  тұздары кездеседі. Cүйек ұлпасы тығыз  ұлпалардың бірі. Сүйектен омыртқалылардың  қаңқасы құрылады. Шеміршек пен сүйек  дененің беріктігін қамтамасыз ететін және формасын белгілейді. Сүйектің аралық заты аморфты заттан және коллаген талшықтарынан тұрып, біркелкі болмайды. Солардың орналасуына сәйкес торлы  талшықты және пластинкалы құрылысы сүйектер деп ажыратылады.

Егер жуандығы әртүрлі және талшықты немесе олардың шоғырлары сүйектің негізгі затында әртүрлі бағытта  бірін-бірі қиып өтіп орналасса, ондай  сүйекті- торлы сүйек деп атайды. Мұндай сүйектерден жоғарғы сатыдағы омыртқалылар ұрығының қаңқасы даму процесінде біртіндеп пластинкалы  сүйекке айналады.

Пластинкалы сүйектер өте жұқа және күрделі құрылысты болып келеді. Бұл сүйектің негізін дұрыс орналасқан тығыз коллаген талшықтарының шоғырларынан тұратын сүйек пластинкаларын құрайды. Пластинкалы сүйек филогенездік дамуында талшықты сүйектен кейін пайда  болып, тығыз ұлпалардың ең жоғары формасына жатады.

Остеобластар

Остеоциттер

Остеокластар болып бөлінеді.

Ұлпаның негізгі қызметі- минералды  зат алмасуында. Құрғақ сүйектің 65-70%-і минералды заттардан, ал 30-35%-і органикалық компоненттерінен тұрады.

Сүйек ұлпасы сүйек клеткаларынан  және клетка аралық заттардан тұрады. Бірақ клетка аралық заттары-өте жақсы жетілген. Клетка аралық заттарды қарайық, онда каллоген талшықтарының басқа түрі-оссеин кездеседі, бұл талшық барлық ұлпаның 20-40%-ін алып жатады.

Сүйек ұлпасының серпімділігі және беріктігі ондағы каллоген талшықтары мен минералды тұздарға байланысты. Талшықтардың қалыңдығы 15-600А°-дей. Ересек адамдарда 1500А°.

Тірі сүйектің: 50%-су

                        15,7%-майлар

                        12,45%-орг.заттар

                        21,85%-тұздар

Беріктілігі және серпімділігі каллоген және минералды тұздарға байланысты. Минералды заттар негізінде гидрокси және оксиапатит кристаллдарынан тұрады. Сүйектің ізбестелінуі бірінші фибриллдер пайда болғаннан кейін жүреді.

Клетка аралық заттарына байланысты сүйек ірі талшықты және пластинкалы. Сүйек пластинкасы сүйек ұлпасының негізгі бөлігі. Сүйек пластинкалары бір-біріне өте тығыз орналасады. Сүйек пластинкасының арасында остеоциттер орналасады.

Сүйек организмдегі кальцийдің  депосы. Адам қанында 100 мл қанда кальций 7 мл шамасындай келеді. Кейде оның мөлшері  қанда 10-20мг% ке дейін өседі. Оның көбею  себебі қалқан снрік безінің активті қызметіне байланысты. Мұндай жағдайда сүйек жұмсарады, остеобластар фибриобластарға ауысады да фиброзды заттар синтездеп ол сүйектің орнын басады.

Қалқан серік безі кальцийтони гормонын синтездеп қандағы кальцийдің мөлшерін азайтады. Сонымен қанның құрамындағы кальцийдің мөлшері 2 жерден бақыланады. Сүйек ұлпасының минералдануына құлақ асты безінің гормоны паротин және қалқан безінің гормондары үлкен роль атқарады.

Са және Р сүйекте қалыптасуына организмінде Д витаминінің мөлшеріне байланысты. Д витаминінің гиповитаминозға байланысты сүйектену рахит ауруында жай жүреді.

Гистоавтографиялық методтар арқылы сүйек ұлпасында минералды заттардың, кальцийдің сүйек ұлпасына қосылуын жақсы байқауға болады. Остеобластар сүйек ұлпасының минералдануында үлкен роль атқарады.

Жасалған сүйектің құрамында мукополиқанттар  коллагенге қарағанда көп. Сүйек  ұлпасы организмнің құрамында өзгеріп отырады. Органикалық және минералды заттар алмасуы гормональді түрде жүреді.

Информация о работе Гистологиядан арнаулы лекциялар жиынтығы