Педагогика мен психологияның екінші негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 05:29, реферат

Описание

Арнау сөз. Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ та және ең күрделі кезеңі болып табылады. Оның ұзақтығын түсіну үшін , ұрықтың жетіліп , даму мерзімін де,жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен , мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен. Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін , әуелі тіршілік құпияларына тереңдеп үңілмей болмайды.Өйткені , адам ғұмырының физиологиялық осы кезеңі , күллі тіршілік атаулының тылсымға толы түйіні, тіпті ақыл түгіл, көңіл көзі жетіп болмаған жұмбақ сыры сақталған көмбесі тәрізді .

Работа состоит из  1 файл

Төртінші тарау.docx

— 83.92 Кб (Скачать документ)

Ал, керісінше, ана  құрсағында  Тәннің  ішкі  және  сыртқы  мүшелері   қалай   дамып  жетілетін  болса, Жан  дүниесінің  арналары  да  осы   кезеңде  ашылып   қалыптасатындығын   ескерсек,  құрсақтағы   Жан   иесінің  түйсіктік  ақылының    кемелденуімен  ұлы  Декарттың  “ идея  туа  пайда  боладыˮ  дейтін  өз  уақытынан   озып  айтқан   тұжырымын   құптауға  да   құлықтымыз. Мұндай  тұжырымға келуге, бүгінгі ғылым жетістіктері  мүмкіндік береді. Тіпті , жоғарыда  келтірілген лабораториялық   зерттеулердің сыры, болашақ  ұрпақ  тәрбиесінің  өзгеше  өрісін  ашып, педагогика   ғылымының да  көкжиегін  кеңейте  түспек.

Сөйтіп, адам   тәрбиесінің  алғашқы   екі  кезеңдерінің  тылсымға   толы   құпия  сырларын  ашу  арқылы, адамзаттың  ұлы  ойшылдары  Декарт  пен  Локктің  пікір  таластарын  шешіп, өзара  келісімге   келулерін  қалар  едік. Сонымен  қоса,  кез  келген  философия   ғылымдарының өзі  де, халық  педагогикасы  мен  психологиясының  қойнауынан  шығатындығының  айқын  айғағын  да  көргендей  боламыз.

§4. ПЕДАГОГИКА  МЕН  ПСИХОЛОГИЯНЫҢ  ЕКІНШІ   НЕГІЗІНІҢ  ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ   СИПАТТАРЫ

“Этнопедагогика – адам   тәрбиесінің  заттық

 және   салттық   жағын  қамтиды.ˮ

Ұждан.

1.Жүкті   әйелдің киімі

Адамның  физиологиялық  даму   кезеңдерінің  өзіне  сәйкес  әртүрлі этнопедагогикалық сипаттары болуымен   қоса, осы кезеңдердің жағдайынан  туындайтын  дәстүрлік және салттық заңдылықтарымен де  ерекшеленеді. Мәселен, адам  тәрбиесінің бірінші кезеңін   шартты   түрде “Отбасын  құруға  дайындық  және  Ұрық  тазалығыˮ деп   атадық та,  оның  этнопедагогикалық   сипаттарына – құдандаласу, құда  түсу, қыз ұзату, үйлену  тойы, шашу,  жар-жар, беташар, бата  беру  тәрізді осы   кезеңнің  мәні  мен мағынасын   ашатын, халықтық  салт-дәстүрлерді жасау арқылы  тіршілігіміздің сәнін байытамыз. Ал енді  сөз еткелі  отырған, Адам  тәрбиесінің екінші  кезеңін де  шартты  түрде “Ана  құрсағындағы  тоғыз айˮ дейміз де, осы кезеңнің  ең  басты мәніне  лайықтап  жүкті   әйелдің  киімі, серуені, тағамы, ұйқысы, тазалығы, т.б.-деп, толып  жатқан  этнопедагогикалық  сипаттарына  тоқталмақпыз.

Ана  өзінің  аяғы  ауыр   екіқабат  кезінде, әдейілеп  арнайы  тігілген  киімдерін   киеді. Ол  ықшам да  еркін, тұрып-жүруіне ыңғайлы. Әсіресе, іш  киімдеріне   мақтадан  тоқылған  маталарды   пайдаланып   және  оның   денесін қысып тұрмауын  ескереді. Ал   сырт киімдерінің   ыңғайлылығымен  қоса, оның  жағымды да  сәнді болуын  қарастырады. Бұл оның  осы   кездердегі сергек  сезімдеріне   демеу болады. Өйткені,  аяғы   ауыр  аналардың көңіл-күйлері  соншама  нәзік те, тіпті   тым   әсершілдігімен  ерекшеленеді. Оның  жанарына  жылы  ұшырап қуанта   алған   сәнді де   ыңғайлы тігілген   киімдер, көңіл-күйінің де  хошын келтіріп, сезімталдығына  да  жарасымды жағдайлар жасайды. Бұндай  жағымды әсерлер, құрсақтағы   жан иесіне  де  тамаша  тәлімдерін  тигізбек. Жүкті аналар  алғашқы  айларында бәлендей  арнайы  көмектерді  қажет ете   қоймайды. Ал, екінші  жартысында  үй  ішіндегі  жандардан,  әсіресе зайыбынан   шынайы  мейірімді қолқабыстарын күтеді.  Бірақ ол  өзінің   күнделікті  қимыл әрекеттерін   белгілі тәртіпке  келтіргенімен,  оны   азайтпауға  да,  көбейтпеуге де  тырысқаны жөн. Жүріп-тұруы мен   серуендеулеріне   ыңғайлы болу  үшін, арнайы  жасалынатын   бандажды,  немесе  жұмсақ   маталы  орамалдармен  белін көтере   байлап  алғанның  пайдасы көп. Ал  аяқ киімдері  аса жайлы   болуы қажет.

2.СЕРУЕНІ

“Табиғат  аясындағы   серуен  адамның  жанын

  да, тәнін де  сергітедіˮ.

Ұждан.

Аяғы  ауыр  аналарға  таза  ауа,  көтеріңкі  көңіл-күй, табиғат  аясына  серуендеп  шығу  сияқты   әрекеттер  жүйелі  түрде  болуы  керек. Өздерінің  ыңғайына   қарай, тәулігіне  2-3 сағат  уақыттарын  серуендеуге  бөлу   шарт.

Бірақ, бұл  уақытты  бірден  пайдалана  ма, жоқ  әлде  мезгіл-мезгілге   бөліп, бірнеше  рет  серуендей  ме,  оны  тікелей өздерінің   қалаулары  біледі. Қалай  болғанда  да, жүріп-тұру  қозғалыстарын  үзбей   бірқалыпты  ұстағандары  жөн. Серуендеу    уақыттарына   үй  шаруаларына   жұмсалған   немесе  дүкен  аралаған  сәттерін  қосуға  болмайды. Өйткені, аналар  серуендеген сәттерінде,  бар сезімдерімен  беріле   құрсағындағы  жан  иесіне  көңіл  аударып,  онымен  мейірлене  сөйлесу  арқылы  да  әуенмен  де,  тіпті  іштей  ұйыған  мінәжат тілеулерімен  де  қатынасқа түсуге  ынталы  болады. Мұндай  қатынасты құрсақтағы  өсіп  келе  жатқан  нәресте күтетіні  ғылымда дәлелденіп  отыр. Анасының   көңіл-күйлерін, ол да  айнытпай  қайталайтындығы анықталған  жәйт. Ендеше, ана атаулы  өзінің  серуенге  арнаған уақыттарында , құрсағындағы  сәбиін  тәрбиелеуді міндетті  түрде үйренулері  керек. Сондықтан да, серуен   жасау ана үшін , өте қызық та әсерлі  психологиялық жұмыс екенін  естен шығармаған жөн. Серуеннен  кейін   біраз  жатып  демалғанның  пайдасы  мол.

Серуен түрлерін – оның  арнайы  орындарын, мемлекеттік  деңгейде  шешсе  тіпті  жақсы  болар  еді. Қазір  мемлекетімізде   қаншама  қоғамдық  ұйымдар: Бөбек  қоры, оның  облыстық  қорлары, мұсылман  әйелдері, әйелдер комитеті  тәрізді, арнайы  ана мен бала  денсаулықтарын  қорғайтын мекемелер, тәрбиенің пәрменді  де  жүйелі  әдістеріне  ауысқандары дұрыс. Қашан да  құр дақпырт пен дабырадан салиқалы  іс  шықпайды. Сондықтан,  ауылдан бастап ірі қалаларға дейін қамтып, ғылыми  жүйеленген  тұжырымдамалармен жүкті және   жас босанған  аналардың демалыс орындарын ұйымдастыру қажет. Әсіресе, адам  тәрбиесінің психо-физиологиялық жаңа  көзқарастарына  бұл ұйымдар ерекше  мән берулері  шарт. Өйткені, адам  тәрбиесі  оңалмай, салауатты да  мейірімді қоғам орнату  мүмкін  емес. Оның   қиындығые, адамзат өздері  жүріп өткен дәуірлерден көріп отыр.

Егер  жоғарыда  аттары  аталған  мекемелер, жас  босанар  аналар  үшін  серуендеу орындарын, тіпті ар  ұялмастай    ақылы етіп  жасаса  да  халық   олардың ұлағатты  мақсаттарын түсініп қана   қоймай, ел  ішіндегі   шамасы  бар азаматтар сөзсіз  қолдап  кетер  еді. Тек, демалыс орындарын  бұрынғыша  әркімге еліктемей, халқымыздың  ұлттық  психологиясының  негізінде  жасалынуы  бұлжымайтын басты шарт  болуы міндетті. Себебі, бұл – жаппай  күллі әлеумет серуендейтін  орын  емес, мұнда тек жас босанатын   аналар  ғана, яғни  бір халықтың  болашақ ұрпағының тәрбиесі  мен тәлімдері жүргізілмек. Сондықтан да, сол халықтың  мінез-құлқы мен психикалық  темпераменттеріне   лайықты етіп  ойластыру, ең  басты қажеттілік  болып табылады.

Мәселен, сонау  ықылым  замандардан  көшпенді  тіршілікпен  көзін   ашқан  қазақ   халқы  үшін, төрт  түлік  малдың  орны  ерекше  екендігі айтпаса  да   түсінікті. Соның ішінде  де,  әсіресе жылқы малына  деген    құрметінің  ерекше  екені белгілі. Ендеше, тап осы   ерекшелікті ескеріп, жылқы малының неше   алуан   жүрістіліктерін пайдаланып , атпен серуендейтін  алаңдарды   ұйымдастырса?! Оның   орналасатын аумағы   кең нулы   да  сулы  табиғат қойнауларында болғаны жөн. Мұнда,  жүкті аналарға  жайлы  болуы  үшін  , бірыңғай   неше  алуан  жорға  аттарды  ұстау  да  ескерілуі  керек. Сонда, мұның   басқа  серуен  түрлерінен   қандай  артықшылығы  бар? Ең  негізгі  себебі  не? – дейтін  сауалдар  да  туындауы  мүмкін.  Ат  үстінде  серуендеудің  басты  артықшылығы  оның  ұлттық   психологияға   аса  жағымды  әсер  етуімен  қоса,  теңселе  тайпалған  жорға  аттың  жүрісінен  адам ағзасының сыртқы  және  ішкі  мүшелері, біртұтас  ырғақпен  үндестік  тауып ерекше  шынығады. Ат үстіндегі адамның көңіл- күйіндегі   өзгерістерді  айтуға   тіл жетпейді. Оның  үстіне, мінәжәты  арқылы  құрсағындағы  жан иесіне  әсер  ететін  ананың  түйсігі мен сезімдерін, жылқы малы,  үстіндегі отырған адамның денесінен-ақ, оның   толғаныстарын сезініп көмектесуге де  тырысатынын, мал өсірген елдің баласы  жақсы біледі. Ат үстіндегі жүрістер  қазақ үшін, ата-баба  зердесімен  жалғастырар тамаша  дәстүрлеріміздің   бірі  екені де   рас. Жанға жайлы тайпала қозғалған   жорға жүрісімен астасатын,  ана көңіліндегі   қиял  қанаттарын  немен салыстыруға болар екен? Сірә, ештеңемен де! Міне, осы құдіреттің  әсерлері  құрсақтағы  жан иесінің де,  жан дүниесінің  арналарын ашып  түйсіктік ақыл  мен түйсіктік тәрбиені,  теңдессіз тереңдікте  жатқан  мидың экстросенсорлық  қабаттарындағы  табиғи  қасиеттермен   жалғастырады.

Жоғарыда  аналар  үшін  арнайы  ұйымдастырылған  серуен   орындарына  қиналмай  жету  мен  қайтудың  маңызы   үлкен. Оған  апаратын  арнаулы  автобустардың  жұмыс  істеу  әртібі  қатаң  режимдерде  болуы  керек.  Барар  және  қайтар   жолдардың  екі   жақ  бетіне  ағаштар  отырғызылып, барынша  көркем  болуын  ескерген  жөн. Тіпті, жылдың  әр  мезгілдеріне    лайықты  дем  алатын   орындар  мен  сусындап  дәм   ауыз  тиетін  шайханалар  да  ұмыт    қалмауы   керек. Отбасымен  келген  жағдайларды   да  ескерген  артық  емес. Әсіресе , ұлттық  тағамдардың   неше  алуан   түрлерін  осы  арада  ұйымдастырудың  мәні  зор. Өйткені, халықтың  бүкіл  заттық  және  салттық  ерекшеліктерінің  бәрі де  этнопедагогикалық  сипаттарға  жататыны  белгілі.

Жалпы  мемлекетіміз  ат   спортына  ерекше  көңіл бөлсе, әсіресе жоғарыда  айтылғандай серуен   алаңдарын    көбейтсе, халқымыздың жан дүниесін  де, тән   құрылысын да шынықтырар  пәрменді  әрекет   болар еді. Себебі, адамның ат үстіндегі қозғалыстарына   хауыздағы суға   жүзу де,  жанталасып  ертелі-кеш жүгіру  де  шендесе алмайды . ал осы ат  үстінде серуендеу орындарын ұйымдастыру қиын  ба? Біздіңше ешқандай  қиындығы  жоқ.  Бұл мәселеге  де  жүріп жатқан  нарықтық  жүйе  көмеккке  келуге  тиіс. Бұл халқымыздың рухани  өсуіне  де, оның  ұлттық  ерекшеліктерін  көрсететін  мақтанышына да  айналар еді.

3. ТАҒАМЫ

“Ас -  адамның  арқауыˮ,-дей  тұра

“Ауру – астан,

Дау -қарындастанˮ,-дейді.

Халық  мақалы.

Жүкті  әйелдің  ең басты  көңіл  аударатын  мәселесінің  бірі, ол  өзінің асқазан-ішек  жолдарының   қызметін  үнемі  бірқалыпты   дұрыс  жұмыс  істеуін  қадағалауға  тиіс. Өйткені, оның  жағдайында  іштің  қатуы  жиі  мазалайды. Оны  бірден  дәрі-дәрмекпен  шешуге  тырыспаған  жөн. Оның  орнына,  тағамның  табиғи   түрлерін  алмастыра  пайдалану  арқылы, нақтырақ айтқанда – ашқарынға  айран  ішу, қақтаған  жемістерді  қайнатып  соның  тоспасын  сусын  ретінде  қолданудың  пайдасы  көп.

Аяғы  ауыр  аналардың  ішкен  тамақтарының  дұрыс  қорытылуы  мен  нәрлі  болуы, оның  өзінің  денсаулығы  үшін де, және  құрсағында  өсіп келе  жатқан жан  иесінің   жылдам  жетілуіне де керек. Мәселен, жеңіл де жұғымды  тағамдар   ретінде: сүттен  жасалынатын қатық, құрт-ірімшік, жаңа  сауған  сүттен  жасалынған  ақ  ірімшік, кілегей мен қаймақ, сүтке пісірілген  ботқалар  тәрізді жылдам  қорытылып сіңетін астарды   жиірек  пайдалану қажет. Сонымен қоса, құстың,  жылқы мен сиыр  еттерінен жасалынатын сорпа-судың орны  бөлек. Көбінесе  қара  нанның   пайдасы мол. Бір ескеретін жағдай, аяғы  ауыр  аналар  етті  қуырып  жегеннен  гөрі , қайнатып   немесе  буға  пісірсе сіңімді   келеді. Жалпы жүкті кезеңінің екінші   жартысында, тағамға да  оның  дұрыс қорытылуына да, барынша мән  берудің қажеттігі   естен шықпағаны жөн. Сонда ғана  көптеген  жайсыздықтардан   аман  болады. Екінші бір есте  болатын жәйт, ол  жүкті әйелдердің  жерік   астарына  мейірі  қанғанша  тояттауы  қаншалықты  қажет болса, соншалықты  сыры  ашылмаған құбылыс. Бірақ оны орындау ауадай қажеттілік. Жалпы қақталған, тұздалған және  консервіленген  тағамдардан аулақ болған  жөн. Тамақтың  құнары да, мөлшері де  құрсақтағы  жан иесіне  ерекше  әсері бар.

4.ҰЙҚЫСЫ

“Ұйқы  ми  мен  жүйкенің  құндағыˮ.

Ұждан.

Ана  болудан  үлкен  арман жоқ.  Табиғат  шебер  әйелдерге  осынау  бір  құдіретті  қасиеттің  кілтін  берген. Адамзат  ұрпағының   үзіліссіз жалғасуының міндетін, тек аналарға  ғана  сеніп тапсырған тәрізді. Сондықтан да, олардың ана болар сәттерінде  болмысындағы  мың сан қуаттардың  көзін ашып  қана  қоймай, сонымен   бірге ішкі-сыртқы   тән құрылысы  мен жан дүниесінің  жаңғыра жасаңғырауын  да  қамтамасыз   етеді. Осыншама  мол сападағы  өзгерістер, ана табиғатынан ұлан-ғайыр қуат-күштерін  талап етеді.  Сондықтан да  бойына  бала  біткен  әйел  атаулы  тез маужырағыш келеді де,  сол ұйқы  арқылы  ағзасындағы ғажайып   құбылыстардың   табиғи  реттелуін жөндеп  отырады. Олай болса, аяғы  ауыр  ана үшін  ұйқы  ауадай  қажеттілік  екенін  түсіну  керек. Әсіресе, алғашқы айлар мен соңғы кезеңдерде, ұйқыға  ерекше  маңыз берген  жөн. Бірақ,  олар  ешуақытта да  түнгі ұйқыларын күндізге   ауыстырып алмауы  керек.  Тәуліктік ұйқыларын дұрыс   ұйымдастыра білген  аналардың   көңіл-күйлері де,  ішкен астарының қорытылуы да, құрсағындағы   жан иесінің дұрыс   жетілуі де жақсы жағдайда  болады.

Жалпы  әйел  атаулы  үшін, бала  көтерудің  мәселесі қарама-қайшылықсыз  деу, шындыққа  жанаса  бермейтін  ағаттық  болар  еді. Оның жүрек  тебірентер  қуанышымен  қоса, жағымсыз  сәттерінің  өзі  де табиғи  нәрсе, оны әрбір   ақылды   әйел  жақсы түсінеді. Мұндай  қарама-қайшы сезімдер, әсіресе алғаш рет жүкті болу  сәттерінде  кездеспей қоймайды. Себебі, осы сәтпен  бойжеткеннің  бойдақтық дәурені аяқталады. Дүниеге бала  келумен әйел  адамдардың  өмірлік мақсаттары  өзгеше  сағаға   түседі. Бірінші тұмса туар  кезеңдердегі  көңіл-күйлері  сан-салаға  жетелей берсе,  одан  кейінгі балаларында аналар  онша  мазасыздануды   бастарынан  кешпейді. Әйткенмен де,  әйелдердің  екіқабат  кездерінде  көбінесе  екі ұшты  сезімдер  болмай  қоймайды. Бұл тәріздес  сезімдердің болатынын ескертіп  отырған   себебіміз, ананы   алаңдатар ішкі  толқыныстар сөз жоқ, оның  ұйқысына да, жан дүниесіне де  әсер  етпей қоймайды.  Бірақ, оның  сәбиіне деген   сүйіспеншілігі  әлдеқайда   басым жататындығы анық. Соның арқасында сабырлы сезімдерге  иланып, ана атаулы  барлық  жағдайларын ақылға жеңдіруге тырысады. Міне осы сәттер де, әртүрлі серуендердің  де, дене  шынықтыру жаттығуларының  да  берер пайдасы көп.

5. ТАЗАЛЫҚ  ТӘЛІМІ

“ Тәні  менен Жаны лас,

Тазалыққа  қам  қылмасˮ.

Платон.

Жүкті  әйелдер  жеке  бастарының  тазалығына  ерекше  мән  берулері  керек. Әсіресе, бұл  кездегі – тек екіқабат  ананың  ғана  игілігі емес, сонымен  қоса  құрсақтағы  жан  иесі  де  анасының  тән  тазалығы  мен  жан  самалының  әсерімен, ол да  үнемі  сергек   сезімдерде болады. Көне  гректің  Ұлы  ойшыл-дәрігері Гиппократ : “Тән  лас  болған жерде, оны  елемесең  қолдап  демегенмен бірдей, шынайы  шырқыңды  бұзар  жамандақты  көбейткенің  боладыˮ -деген екен. Олай  болса, әрбір жеке  адамның тазалығы, бүкіл қоғамның  игілігі. Ал, ана  атаулының  тазалығы – әсіресе  жас  босанар  аналардың – болашақ  ұрпақ  игіліктеріне  қосқан  үлесі  деуге  болады. Тазалық  сақтаудың  жолдары да, әдістері де көп. Мәселен, жаз  айларында ,  табиғат  қойнауындағы   бастаулары   таза  өзен-суларды пайдаланумен  қоса, көгалды жерлерге  аунап-қунап және  жалаңаяқ  жер басу  арқылы  әлемдік үндестіктермен  жалғасу да аз  олжа  емес. Қысқы мерзімдерде, үйдегі  шағын хауыз бен себелей ағатын  суға  құйыну    немесе  мезгіл-мезгіл  моншаға түсуді  баптап  пайдаланудың  жөні  бөлек.  Жалпы, жүкті әйелдер де  және  басқалары да  құман ала барып   дәрет алуды қадеттеріне айналдырса, мұның өзі жанашырың ұсынған сыйдан  да  артық болар еді.  Ата-анасынан  көргенін  жас балалар да , тағылымды тәлімнен  жақсылықты  бойларына сіңіруге  талпынары қақ. Дәрет алудың  да  өз  әдісі, яғни  алдынан артқа   қарай жуынуды ескерген  жөн. Айтпа берсе тазалықтың  тәсілдері көп. Оны арнаулы кітаптардан іздестіру әркімнің  өз  міндеттері.

Информация о работе Педагогика мен психологияның екінші негізі