Педагогика мен психологияның екінші негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 05:29, реферат

Описание

Арнау сөз. Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ та және ең күрделі кезеңі болып табылады. Оның ұзақтығын түсіну үшін , ұрықтың жетіліп , даму мерзімін де,жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен , мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен. Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін , әуелі тіршілік құпияларына тереңдеп үңілмей болмайды.Өйткені , адам ғұмырының физиологиялық осы кезеңі , күллі тіршілік атаулының тылсымға толы түйіні, тіпті ақыл түгіл, көңіл көзі жетіп болмаған жұмбақ сыры сақталған көмбесі тәрізді .

Работа состоит из  1 файл

Төртінші тарау.docx

— 83.92 Кб (Скачать документ)

Әуен  мен  сурет  өнері. Адамның  ішкі  және  сыртқы  сезімдерін  терең  баурап    әсер  ететін  жақсы   жыр  мен  тәтті  күйді  тыңдау    арқылы,  жас  ана    өзінің құрсағындағы  өсіп  келе   жатқан  жан иесіне  қалауынша    ықпал ете алады. Өзінің сүйіп тыңдайтын музыка  әуендерімен толқыған    ананың  көңіл-күйі  түгелдей  құрсақтағы   жан иесіне  ауысып, оның да  жан дүниесінің  арналарын ашумен  қоса, бүкіл психикалық   жетілулердің  жүйелі   дамуларын   жеделдетеді. Жалпы, құрсақтағы  жан иесінің бір күйден  екінші  күйге ауысып  тұратые көңіл-күйлері, тіпті барлық  сипаттарымен  анасындағы   сезім өзгерістерімен  астасып жатады. Ол –анасы  ұйықтаса  ұйықтап,  анасы ренжісе бірге көңілсізденетіні  лабораториялық  зерттеулермен анықталып отыр. Негізінен алғанда, әсіресе өнер  атаулының – сурет, сәулет, кино, теледидар, радио, театр тәрізді руханият  салаларының ықпалды тәрбиесін жиі пайдалану қажет. Міне, өздеріңіз де  анық  аңғарып отырғандай, құрсақтағы  баланың, әсіресе жан дүниесін  немесе  жүрек тәрбиесін қалыптастыру, тікелей ананың   терең сезімді парасаттарына байланысты  екен. Ендеше ,  адам  тәрбиесінің екінші  кезеңі  деп аталынатын   ана құрсағындағы  тоғыз айдың кезінде, ерлі-зайыптылардың ара қатынастарын  айтпағанда,  жалпы туыс-туғандардың арасындағы    қатынастар  да аз  әсер  етпейтіндігін ескерген  жөн. Сондықтан да, адам  ғұмырындағы ең  күрделі де  ұзақ  мерзімді  кезеңдері  болып саналатын – ұрық  тазалығы  мен ана құрсағындағы  тоғыз айдың ашылмаған сырлары әлі де  көп. Бұлардың  қиялға  сыймас  келесі   мәселелері  келешектің  еншісі  болмақ.

А)  ӘЛЕМДЕГІ  ЖАҢАЛЫҚТАР

“БІРІ  ТҮЗУ  БОЛСА  – ТҮЗУ  БӘРІ ДЕ,

БӘРІ  ТҮЗУ  БОЛСА –  ТҮЗУ  МӘНІ ДЕ.

БІР  ҚЫҢЫРДАН – БӘРІ  ҚИСЫҚ ШЫҒАДЫ

БІР  ҚИСЫҚТАН – ӘМӘН, ҚЫРСЫҚ  ТУАДЫˮ.

Ж. Баласағұн.

Адам  тәрбиесіндегі  мүлдем   жаңа көзқарастар мен батыл өзгерістердің қажеттіктерін айтқанда, ғылыми  жүйеленген   халық педагогикасы  мен психологиясының методологиясы мен жүйелерін және  негіздерін  анықтап қана  қоймай, оны мемлекеттік деңгейде  шешкенде  ғана, елеулі  табыстарға   қысқа мерзімдерде  жетуге  болады. Біздер  ұсынып  отырған  жаңа ілімнің  лабораториялық   мағлұматтарды  шет  елдерде  жасалынып  жатқанын  құлаққағыс    еткіміз  келеді. Бірақ, онда  бұл  мәселелер, тек  биологиялық  жаңалықө тұрғысында  қаралса, біздер  адам  тәрбиесінің    жаңа    көзқарастары  ретінде ондаған жылдардан бері  жазып келеміз. Басқалар  айтса бас салатын, еліктегіш әдеттеріміз,  тым болмаса осы арада көмектесер  деген үміттеміз. Енді  лабораториялық  тәжірибеге  көңіл бөліңіздер.

                   10    ТАЙН  НЕРОДИВШЕГОСЯ РЕБЕНКА

Плод  в  утробе  матери  не  плавает  бессмысленно  в  водах, как  какое-нибудь  растнице  . Самые    современные    исследования  показали, что  начиная  с  четвертого   месяца   беременности,  человеческий  плод   обладает  сознанием. Он  “знаетˮ,  что делается  вокруг; чувствует, слышит  и по  своему    все понимает. Реагирует 4-месячный  плод  на  внутренние   изменение в лоне  матери  и на  внешние   раздражители, которые доходят   до  него. Когда ему что-то  не  нравится , он  ворочается  или бьет  ногами.

Американские  специалисты  после  многолетных   исследований  подготовили “таблицу  сознанияˮ  человеческого  плода  после  4-месяца  беременности. Вот  десять  пунктов  из   этой   таблицы:

№1. Плод  обладает   чувством  вкуса и,  как  все  дети, любит   сладкое . введение, например, глюкозы в плодные воды  ускоряет  его   глотальные  движения,  а впрыскивание  йода – наоборот, замедляет   их, причем  плод  кривится  от  отвращения.

№2. Плод  реагирует  на  раздражители  извне. Например, прикосновение  к  губам, вызывает  у  него  сосательные  движения. Пятимесячный  плод  двигает  головкой, если  погладить   рукой, а поливание  живота  матери  холодной  водой  вызывает  в  нем  гневи он  бьет   ножками .

№3. Плод  дублирует  действия  и  даже  настроение  матери. Он  дремлет, когда  мать  засыпает, пробуждается  вместе  с  ней. Когда  мать  спокойна, в хорошем   состоянии  духа, отдохнувшая, то  и плод   ведет  себя  спокойно.

№4. Известно , что  курение  вредно  для будущего  ребенка, и  он  об  этом  знает! И настолько  не  переносит  курения, что  даже  тогда, когда  мать  подумает,-“  не   затянуться  лиˮ  ей   сигаретой, его  сердце   начинает   ускоренно  биться. Это  происходит   потому, что в   результате  курения плод  получает  меньше  кислорода, что вызывает  у него  болезненные судороги. А откуда  он  может знать желании матери  закурить? Это просто:-желание получить  дозу  никотина, в гормональную  систему матери.

№5. Еще  неродившиеся  дети  запоминают   слова и целые выражения! Например, мать  двухлетней  дочери  была  страшно удивлена, когда   девочка вдруг начала  повторять: “вдох-выдох, вдох-выдохˮ?! А это были  команды с курсов  для будущих матерей. Или другой случай – маленькая двухлетная  француженка хорошо   понимала  по  английский, поскольку ее  мать   во время   беременности   работала  в американской  фирме в Париже.

№6. Плод  слышит  музыку. Он не  терпит  рока, но  у  него-поднимается  настроение –при  звуках  музыки  Бетховена, и он  млеет – от  Вивальди. Спокойная  музыка   усыпляет  его.

№7. Ссоры  родителей  вредят  плоду  хуже, чем даже  никотин, алкоголь. Они могут вызвать выкидыш.

№8. Плод  реагирует  на  свет. Направленный  на  живот  матери  слишком  яркий  свет,  вызывает   у  него  состояние  бегства. Он  переворачивется  в  животе, смыкает  веки.

№9. Еще  не  родившиеся  дети   слушают  родителей, реагируют  на  интонацию  их  голоса  когда  к  ним  обращается  отец  или  мать, они  успокаиваются, ритм  их  сердца  приходит  в  норму. Врачи  советуют,  чтобы  мать  как  можно  чаще  обращалась  к  будущему  ребенку. После  рождения  такие  дети  бывают  более  спокойными, реже  плачут.

№10. На  физические  травмы  матери  плод  реагирует  уже  со  второго  месяца  жизни. Если  ударить  по  животу  матери,  то он  как бы   прячется, ищет спасения.

Инга   Барч. “Скандалы  ˮ, 11  марта 1994г.

Ілгері  басқан  Ел  қай  мәселеде  болмасын, өзінің  ақыл-парасатын  көрсете  алады. Осының  өзіне  де  мың  да  бір  шүкіршілік. Бұлар  болмаса, мұндай  лабороториялық  жұмысқа   қол  жеткізбек  түгілі,он  бес   жылдай  шұғылданып   бірнеше   кітаптар  да  жазған   мәселеміздің  лабораториялық  дәлелін  қайдан   алмақпыз. Тіпті, осындай   қисапсыз  дәлелдерге  де    қарамайтын,қоғамымыздағы  қалыптасып  кеткен таскереңдердің  қамалы  әлі де  берік.

Адам  тәрбиесіндегі   біздер  көтеріп  отырған   алғашқы  екі  кезеңнің  тылсымға  толы  сипаттарын  терең  түсінбейінше, болашақ  ұрпағымызды  дүние  есігін ашпай-ақ, азапқа  матап  күн  кештіре   береріміз  анық. Әлі  күнге  дейін  надандықты  да емес, иә  болмаса, алдыңғы  буын  өзімізді  де емес , тек  үлкендер дерті  етіп  дүниеге  әкелген  жас  буындарды  кінәлаудан  көз  аша  алмай  жүрміз. Олардың  болмыстарындағы  имансыздық  пен  инабатсыздықты, қатігездік  пен  мейірімсіздікті , зердесі  таяз зейінсіздік  тәрізді   толып  жатқан  кемшіліктерге  сол  жастардың  өздерін  жазғырудан  ұялатын мезгіл  жеткен  болар?! Оларды  қанша   жазғырғанымызбен, бойындағы  тума  кемшіліктерден  айыға  алмайды. Бірақ ,  олар  ата-аналарының   жіберген  қателіктерін  қайталамай  адам  тәрбиесінің  жаңа  көзқарасына  құлақ  асса, өз  балаларын  мынау  апаттан  аман  алып  қалу  қолында  тұр. Бұл  тұжырымды  жаңағы  лабораторияда  жасалған  тәжірибе  түгелдей  растап  жазғанын  өздеріңіз  де оқыдыңыздар  ғой. Ел  болып  ұрпақ  қамын  ойлайтын  мезгіл  келді.

                                   Ә) Даулы  мәселенің   бүгінгі   жағдайы

                                                                 “Границы  знания  хотели  установить  с  

помощью – все  того  же   знания. Это – типичная 

ошибкаˮ.

А.Лосев.

Психикадағы   идея  туа  пайда  бола  ма, жоқ   әлде  жүре  пайда  бола  ма?-дейтін  сауалдардың  түпкі  төркіні  тым  тереңде жатқанын  байқаймыз. Тіпті, кезінде  бұл  мәселемен  данагөй  Платонның  өзі  де  шұғылданып,  адам  психикасындағы  идеяның  туа  пайда  болуы, тікелей  құдай  тағаланың  құдіретімен  екенін  уағыздаған  екен. Оны   жоғарыда  ұлы  философ  Декарттың  осы  мәселе   жайындағы  шығармаларын  талқылағанда  білдік.

Осынау  күрделі  мәселені – XVII  ғасырдың  ортасына  таман  қайта  қарастырған  Декарт та, жан-жақты  зерттей  келіп идея туа  пайда  болады, деп  тұжырымдаса да  бірақ  оны  түртіп  оятатын  қуаттың , иә  болмаса, әселдің  не екенін  ашып  айта  алған жоқ. Ол – бұл құбылыс туралы  жаратылыстың  өз  ішінде, яғни , адамның жан дүниесіне   өзінен-өзі қалыптасатындығын айтады. Әрине бұл –осы  ілімнің   әлсіз тұсы  болатын. Бірақ, оған  себепкер- сол кездегі табиғи   ғылымдардың   даму  деңгейінің  төмендігі еді.  Әйтсе де  туа   пайда болатын идея  жайындағы Декарттың   көзқарасын,  Халық педагогикасы  мен психологиясының   екінші  негізіндегі құбылыстармен   астастыра қарасақ, сөз жоқ, Декарттың бұл мәселедегі  аса   ұшқыр танымына  танданбасқа   болмайды. Бірақ , ол  туа пайда   болатын идея да  ананың  түйсігі мен сезімдері арқылы  оянатынын ,  былайша айтқанда, бұл да  сезім   рефлекциясымен  қалыптасатынын  түсіне  алмаған. Өйткені, Декарттың   заманында, ана құрсағындағы  жан иесінің төрт   ай  мерзімінде – ақ , ести де, тыңдай  да  алатыны белгісіз  болған  ғой.

Ендеше, болашақ  ұрпақ  тәрбиесінде  пайдаланбақ  болып  отырған  жаңа  көзқарас  өзінің   гнесеологиясы   мен  методологиясы  бойынша,  тіршіліктің   тереңдігі   түп-тамырымен  сабақтас  екен.  Ал  оның өмірдегі   орнын    батыл да  жедел   тауып беру  үшін, ең  әуелі   адам  ғұмырының    физиологиялық кезеңдерін   мойындаумен қоса, және   осы кезеңдердің әрқайсысының  өзіне   тән тәрбие          әдістерінің   бар екенін   түсіну қажет.  Әсіресе,   сол кезеңдердің   ішінде  көздің  қарашығындай  сақтайтын,  ең  құдіреті  мол пәрмендісі – Ұрық  тазалығы  мен Ана құрсағындағы  кезеңдерді   ерекше  бөліп айтқан  жөн. Өйткені,  дәл осы кезеңдерде,   адамның ең  негізгі   қасиеттері:-түйсігі мен ұяты, зейіні  мен зердесі, мінезі  мен жігері,  ішкі  бес сезімдері мен психикалық  темпераменттері және  табиғи  туа   пайда болатын қабілеттері – тек  өзіне   тән  тәрбие   әдістерімен  ғана   ашылып  қалыптасады.

Адамзаттың  Ұлы  ойшылдарының  бірі  Декарттың  философиялық  ілім  дәрежесіне  дейін  дамытқан  “идея  туа  пайда  боладыˮ - деп  дәлелдейтін  еңбектерін   жаңаша  көзқараспен   игеруге  тиіспіз.

“Жалпы   философияны  сөздіктер  жүйесіне  айналдырып  түсіндіруге   болмайды,- деп   нақтылайтын  ғұлама  А.Ф. Лосев  – керісінше    оны   дүниетаным  ілімі   ретінде  , ал  философиялық  сөздіктер  сол  біртұтас   дүниетанымның    әрбір  бөлшектерін    терең  игеруге   көмектесетінін  айтады. Сонымен  қоса , ең  алғаш  идея  жайындағы  пікірді  тудырған  Платон ба?- жоқ  әлде  Демокрит  пе?  -  ол  жағын   дәл  басып  айту  қиын. Өзінің  атом  туралы  ілімін  Демокрит  те   идеяға  балаған  екен. Платон  идея   жайындағы   ілімін   жинақтай  келіп,  күллі   идея   атаулыны   өзінің  заттық  негіздерінен   бөлек   қарау, тіпті  де  ойға   қонбайтын  оғаштық  деп  тұжырымдағанˮ.

Егер  осы  принципті   негізге   алсақ, сөз  жоқ  Декарттың, - “идея  туа  пайда  боладыˮ  дейтін  тұжырымындағы    заттық  негіз  болып   табылатын,  ми  қабаттары  екені  даусыз. Бірақ, осы  заттық  негіздің  ішінде  жатқан  идеяны  да  түртіп  оятпаса,  ол  өз  мәніне   жетпейтіндігін  бүгінгі  адамзат  қауымының  кемшіліктері  мол    тәрбиелерінен  анық   аңғаруға  болады.  Еуропацентризм   методологиясының  ықпалымен, адамның    биологиялық   индивид  ретіндегші  алғашқы  екі   кезеңдерін,  яғни  Ұрық  тазалығы  мен  Ана  құрсағындағы   тәрбиені  қағаберіс  қалдырудың  зиянын   тұшынудамыз. Осы    пікірдің   айқын  дәлеліндей  Декарттың  ескермеген  тұсын  айтқымыз   келсе, “ туа  пайда  болатын  идеяныңˮ   өзіне де  оны ояту  үшін  құрсақтағы   баланы   ана сезмдерімен тәрбиелеудің  қажеттігін  аңғармаған . Сондықтан да, ол  жайында ешқандай  ой  қозғамаған.

Ал  Декарттың  осы  пікірін  қатты  сынға  алған  Локктың “ идея  жүре  пайда  боладыˮ  дейтін   тұжырымына   келсек, оның  да  өз  дұрыстығы бар екенін  айтқан  жөн. Мұның анық  мысалы  ретінде,  осы Локктің идеясының ықпалымен бүгінге дейін қалыптасып  келген   ана құрсағындағы   тәрбиені  мойындау  немесе    жүрек тәрбиесін   жүргізбеу тәрізді    білместіктің   салдарынан   тартып   отырған азабымыз аз  емес.  Д.Локк  өзінің    келтіретін  дәлелдерінде,  бала  шыр етіп   дүниеге    келгенде,  оның  миы ақ  қағаздай  таза  болатындықтан,  туа пайда болатын   идеяның болуы мүмкін  еместігін айтады. Керісінше,  осы “табула расса ˮ, яғни  жазылмаған  тақтаға,  тек сырттан түсетін   рефлекцияның  арқасында   ғана “ идея  жүре  пайда болатындығынˮ   дәлелдеуге   тырысады.

Мінеки, осы  екі  философтың  қарама-қарсы   даулы  пікірлерін  зерделей  зерттеп  байқасақ,  екеуінің   де   мамандықтары    дәрігер    бола   тұрса  да, ана  құрсағындағы   өсіп  жатқан  Жан  иесіне  де тәрбиенің  керектігін, яки  жанның  арналарын   ашатын  жүрек  тәрбиесі  болатынын   ескермеген. Былайша   айтқанда, бір медальдің екі бетін    өзара   байланыссыз сыйпаттап    отырғандай   әсер   қалдырады. Екеуіне де  өз  уақыттарынан   ерте  бір мәселесінің   белгісіздігінен,  яғни   ана құрсағындағы  бала  төрт  айдан кейін-ақ  ести де, түсіне   де  алатыны,  олар  үшін   белгісіз  болған. Таңғажайып   осы құбылыс, оларға  бір-біріне   қарама-қарсы болжамдар   қабылдауына   мәжбүр   еткен. Жазып отырған кітабымыз негізінен   философиялық  еңбек   болмағандықтан, көтеріп  отырған  даулы    мәселенің,  тек  адам  тәрбиесіне   қатысты  жағын  ғана   қарастырып, педагогика   саласында  аса  елеулі  зерттеулер    қалдырған  ұлы   философтарымыз  Р. Декарт  пен Д. Локкті  аттап   өте алғанымызды ескертеміз. Олардың кезінде   келісе  алмаған   ғылыми   көзқарастарына  биотехнологияның  жаңа  деректерін   пайдалана отырып,  ескі  ұғымдардың  ересен   үлкен қуаттарына   үн  қосуды   жөн көрдік.  Сонымен , екі философтың  өз  уақыттарына    лайық, бір мәселенің екі жақ бетін сөз еткен пікірлерінде  аса үлкен алшақтықтың   жоқ   екендігін айтқымыз  келеді. Біз бұл философтардың екеуінің  де  пікірлері дұрыс дегенде, тек адам   тәрбиесінің қай кезеңнен  қалай   басталуына  байланысты, салыстырмалы  сипатта ғана  айтып отырмыз. Мәселен, адам  ғұмырының алғашқы екі кезеңдерін  немесе  Ұрық  тазалығы  мен Ана құрсағындағы  тәрбиені  қалыс қалдырған   жағдайда, шамамен Локктің айтқан - “идея жүре  пайда боладыˮ - дейтін  тұжырымы  өз  күшінде көрінеді. Оның  сипаты- осы уақытқа дейін жүргізіліп келген , тәрбие  жүйелерімен астасатындығын   ашып  айтқан  жөн. Жалпы империялық  саясаттар қалыптастырған  тәрбие  жүйелерінде, адамның   жан дүниесі оның   генетикалық күрделі   күрмеулері,  ана құрсағында    ғана   қалыптасатын  тума   қасиеттері   және   биологиялық индивид ретіндегі ерекшеліктері,  ешуақытта да  ескерілмеген   және   оларды  сақтап  жетілдіруді көздемеген. Міне, осындай жүрек тәрбиесі  мүлдем   ескерілмейтін жүйеде,  түйсік  тәрбиесінсіз  дүниеге   келген  нәрестеде ғана  “идея жүре   пайда болуыˮ әбден ықтимал. Себебі, ол  ана құрсағында  жүргізілетін  тәрбие    тәсілдерінен  мүлдем  мақұрым   қалатындықтан, оның  ми   қабаттарындағы  ата-баба  зерделері оянбай, жан дүниесінің  арналары   ашылмауын да  жоққа шығара   алмаймыз. Олай  болса, Локктың - “табула рассаˮ дейтін  философиялық  тұжырымында да өз  шындығы бар екенін  түсінген  жөн.

Информация о работе Педагогика мен психологияның екінші негізі