Катализатор түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 23:21, реферат

Описание

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.

Работа состоит из  1 файл

222.docx

— 84.54 Кб (Скачать документ)

Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлықұлу) қаған болады (715-738 ж.ж). Ол астанасын Тараз қаласына көшіреді.  

Сұлудың қағандық құрып тұрған кезде түргеш қағандығының ішкі-сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған мезгілі еді.  

Сұлу қағанға өз қағандығының тәуелсіздігі үшін екі жақтан күрес жүргізуге (батысқа және шығыска) тура келді. Батыстан басты жау арабтар болса, шығыстан Қытай өкіметі қауіп төндіріп турды.  

Сұлық қаған Тохарстандаға арабтарды біржола талқандау үшін 737 ж. ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, ойдағыдый соққы берген. Ол соғыс майдандарында өзінің тікелей қатысуымен жеңістерге жетіп отырған. Сол үшін де арабтар Сұлу қағанға «Сүзеген» деген ат қойған.  

Сұлу қаған шығыстағы жағдайында бейтарап болу үшін әскери келісім шарт жасаумен қатар дипломатиялық әрекеттер жүргізген. Шығыс түрік қағанатының белгілі қағаны Білге мен Тибет патшасының қыздарына құда түсіп, оларды құдандалық байланысты ұстап, саяси жағдайының шиеленісіп кетпеуіне аз да болса мүнкіндік туғызған.  

Халықаралық жағдайлардың түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси белсенділік көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738 жылы өзінің бақталастарының қолынан құрбан болды. Оның қолбасшысы да 739 жылы Сырдарияның бойында арабтардың қолында мерт болды.  

Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсын Құт-шар қаған болды. Алайда оның қағандық құрған мезгілі бар-жоғы екі жылға ғана созылған. Бұл кезде сары-қара түргештердің арасындағы талас-тартыс ұшығып кеткен еді. Екі тайпаның арасындағы күрес тура 20 жылға созылып қағандықтың саяси және экономикалық жағы мүлде әлсірейді.  

Түргеш қағандығының мұндай ауыр жағдайларын біліп отырған қытайлар өздерінің Куш қаласындағы әскерлерін Жетусуға аттандырып 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға (Талас) жақын жердегі Атлах қаласы түбінде аббаситердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Саяньжи арасында орасан зор соғыс болады. Айқас бес күнге созылады. Қытай әскері толық күйретіледі. Тан әскері енді Жетісу шебін ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістанды да тастап кетуге мәжбүр болады. Талас алқабында арабтар да табан тіреп тұралмай, Шашқа қарай шегініп кетеді. Бірақ ішкі қарқыс, жікке бөлінушілік Түргеш мемлекетін әбден әлсіретіп, тұралатып тастаған еді, сол себепті де ол 756 жылы (766) түрік тілді қарлұқтар тайпаларының тегеурінді шабуылына шыдамай құлап бітеді.  

Сонымен 756 жылы түргеш қағандығы құлап, оның орнына қарлұқ қағандығы құрылады.  

Түргеш қағанаты Батыс түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастыра берді. Археологиялық зерттеу жұмытарының кезінде Тараз, Баласағұн қалаларынан Түргеш қағанатының Қытай жазуымен жазылған төрт бұрышты ортасында тесігі бар, теңгенің табылуы Қытаймен сауда қатынасының дамығандығын көрсетеді. Олай болса, сондай ауыр талас – тартысқа, соғыстарға қарамастан, Қазақстан жерінде түркі дәуірінде өмір сүрген бұл қағандықтардан тарихи із қалған. 

Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар. Аумағы Алтай, Сібір жерінен бастап, Әмудария мен Еділ өзендерінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Саяси ахуалдарға байланысты шекара өзгеріп тұрғанымен Батыс Түрік қағанатының негізгі аумағы ежелгі үйсін жері, Жетісу өңірі болған. Батыс Түрік қағанатының халқы “он оқ елі” (он оқ бұдұн), “бес арыс дулу”, “бес тайпалы нушеби” деп те аталған. Қағанаттың құрамына әр кезеңде қарлұқтар, Енисей қырғыздары, шығылдар (шігілдер), чомулдар (шөмекейлер), тухсилер, т.б. енді. Батыс Түрік қағанатының мемлекет басшысы - қаған жоғары билеуші әрі әскербасы саналды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді, ру басшыларын тағайындады. Қарапайым халыққара бұдұн”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған (қ. Тат). “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған. Батыс Түрік қағанатында көшпелі мал шаруашылығы басым сала болды. Сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзендері бойында егін ш. дамыды. Ежелден егіншілікпен айналысқан. Орталық Азия мен Шығыс Түркістандағы аймақтар да Батыс Түрік қағанатына қараған. Ұлы Жібек жолының Батыс Түрік қағанатын басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасады. Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қалалары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгіленді. Қағанаттың халықаралық экономикалық және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісуда егіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түркілер теңге соғуды игерді. Теңгелер түркі қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Батыс Түрік қағанатында жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Батыс Түрік қағанатының халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға, Су анаға тағзым етті. Қағанатқа Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік діндерді уағыздаушылар ене бастаған. 626 жылы қаған ордасына Үнді елінен Будда дінін уағыздаушы Прабхакарамитра он шақты серігін ертіп келген. 627 жылы келген қытайлық будда мамасы Сюань Цзянь түрік қағанының будда діні жөніндегі көзқарасы туралы жазып қалдырған. Сондай-ақ, Батыс Түрік қағанатында зороастра, несториан, манихей діндерін жақтаушылар да болған. Бұлардың қызметі халықты түрлі діндерге тартып, қағанаттың негізі—дәстүрлі діни наным-сенімді әлсіретуге, сол арқылы мемлекетті ыдыратуға бағытталған. Батыс Түрік қағанаты Шегуй (610—18) мен Түн жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегуй қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімшілік басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 жылы Парсы еліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Түн жабғу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 — 29) қатысып, жаулап алған жерлерден Горе (Дербент) мен Тбилиси сияқты қалаларды өз үлесіне алады. Түн жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қаласы түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 жылы түріктер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 жылы Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.

Информация о работе Катализатор түрлері