Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 23:21, реферат
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.
Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып,
тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде түрік қағанаты Силзебул Орта Азиядағы эфталиттерді өздеріне
толық
бағындыруға әрекет
жасайды. Алайда бір шеті Каспий теңізінен,
екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі ұлаң-ғайыр
жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қоймайтыны
білген түрік қағаны
Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен келісімге
келеді (561-563 жж.).
563-567 жылдары эфталиттермен
болған ұрыстарда
түрік қағанаты
жеңіске
жетеді. Алайда, осы жеңістен кейін түрік қағанатымен Иран шахының арасындағы достық ұзаққа созылмады.
Оған
басты себеп, Шығыстан Батысқа қарай созылып жатқан керуен жолының барлығы дерліктей түрік қағанының қарамағында қалып қоюы Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғыза
бастайды. Дегенмен, екі ел арасында болған соғыс келісімі
563-567 жылдары эфталит патшалығын жоюға мүмкіндік берді дейміз.
Сонымен еліміздің қазіргі
шығыс
солтүстіктегі өлкелерінен
бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлаң-байтақ өңірде түрік қағандығы құрылып күшейді. Олардың ордасы Орхон өзенінің бойында орналасты. Осы өңірде
мекендеген қазақ тайпалары да түрік қағанатының қол астына қарады.
Өз
ішінде де саяси билік үшін күрес, талас, сыртқы шапқыншылықтың салдарынан ұлаң-байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты 603 жылы батыс және шығыс түрік қағанаты
болып екіге бөлінді.
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.).
Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан
Жоңғарияға дейінгі
жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.
Қағандықтың халқының этникалық құрамы
«оң
оқ
бұдын»
ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған.
Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік
жағынан
тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618
жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері.
Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған,
жоғары
билеуші, әскербасы
болды. Қағанның билігі
шексіз мұрагерлік
түрде
болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан
кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу,
шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін
бұйрықтар
мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары
мен өкілдері
жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара
жұмыс
істейтін қанаушы
халық
түркі
тілінде «қара
бұдындар
деп аталған».
Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен
шұғылданды.
Жетісу бойында
түріктердің қалалары өркендей
бастады. Қалаларда
сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына орта Азия және Қытай
жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Ұлы Жібек
жолының
Түрік қағанаты
жерінен өткендігі
сауда мен қолөнердің дамуына әсер
етті.
Түріктердің ежелгі көне жазуы болған. Бізге белгілі Орхон-Енисей
жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді.
Моңғолия
жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегеннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығанын көрсетеді. Бұл ескерткішті 716 жылы жазған.
Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған. Осы ескерткіштегі тасқа қашап
жаздырып қалдырған Білге қағанның «Ілгері-күн шығысында,
оң
жақта-күн ортасында,
кейін-күн
батысында, сол жақта-түн ортасында-осының ішіндегі
халықтың бәрі маған қарайды»
деуі түріктердің қаншалықты зор
мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда
түріктердің мәдениеті
көп
халықтарға қарағанда
жоғары
деңгейде
болды.
Сонымен, Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік
ету мен бағыну
формаларының алуан түрлілігіне қарамастан, Батыс түрік қағанатында
таптардың құрылу
және
ежелгі феодалдық қатынастардың біршама тез қалыптасу процесінің жүргені
аңық.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
Батыс түрік қағанатындағы 16 жылға созылған (640-657 жж.) екі тайпаның (Дулу
мен Нишаби) арасындағы соғыс қағандықтың саяси жағынан мүлде әлсіретеді. Батыс түрік қағанатының мұндай
іштей әлсіреп
жатқанын
білген Қытай
Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік
тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында өздерінің ұзақ жылдарға созылған соғыстың нәтижесінде
тәуелсіздігін
жеңіп
алады. Сөйтіп,
VIII ғасырдың басында
Батыс түрік қағандығы құлап,
оның
орнына түргеш қағандығы пайда
болады (704 ж.). Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол Жетісудан
Бөрішадты қуып
шығып,
Ташкенттен бастап, Бесбалыққа дейін төселіп жатқан жерде өз үкіметін орнатады. Ол ордасын
Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші
ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында болатын.