Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 19:29, дипломная работа

Описание

Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сапалық есептер оқушының оқуға жауапкершілікпен, түсініктілікпен қарауы сияқты бағытта қарастырылады. Оқытылған материалды түсінуді жүзеге асыратын басты құрал мұғалімнің түсіндіруі болып табылады. Бұл қағида сыныптан-сыныпқа көшкенде күрделеніп отыратын өзіндік жұмыс жүйесін құруды және қолдануды талап етеді. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмыстарына маңызды орын беріледі. Білімді жаңарту мен терендету жолдарының бірі-өз бетімен білім алу. Оқушы бойында өздігінен білім алуға деген қажеттілік тудырып оларды тиісті дағдылармен қаруландыру мектептің маңызды міндеттерінің бірі.

Содержание

Кіріспе ------------------- --------------------------------(3)
1. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мәселелері.----------------------------(7)
1.2.Эксперименттік білімдерді және дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері.------------------(11)
2. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы.---------------------------------------------(21)
2.1. Оқушылырдың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі.-------------------------------------------------------(21)
2.2. Зертханалық жаттықтыру сабағын өткізу процесіндегі оқушылардың эксперименттік іскерлік пен дағдылыларын ұйымдастыру.---------------------------------------------------(26)
2.3. Экспериментті ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері
---------------------------------------------------------------------(29)
6. Қорытынды:--------------------------------------------------(42)
Әдебиеттер:-----------------------------------------------------(45)

Работа состоит из  1 файл

Дипломная Аяулым.doc

— 560.00 Кб (Скачать документ)

     Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым   министірлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

 

 

Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы:Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

 

 

 

 

Орындаған студент: Муханова А.О.

 Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Өнербаева З.О.                           

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2010

 

Мазмұны

 

Кіріспе ------------------- --------------------------------(3)

1. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері

1.1. Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мәселелері.----------------------------(7)

1.2.Эксперименттік білімдерді және дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері.------------------(11)

2. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы.---------------------------------------------(21)                              

2.1. Оқушылырдың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі.-------------------------------------------------------(21)

2.2. Зертханалық жаттықтыру сабағын өткізу процесіндегі оқушылардың эксперименттік іскерлік пен дағдылыларын ұйымдастыру.---------------------------------------------------(26)

2.3. Экспериментті ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері

---------------------------------------------------------------------(29)   

6. Қорытынды:--------------------------------------------------(42)

Әдебиеттер:-----------------------------------------------------(45)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сапалық есептер оқушының оқуға жауапкершілікпен, түсініктілікпен қарауы сияқты бағытта қарастырылады. Оқытылған материалды түсінуді жүзеге асыратын басты құрал мұғалімнің түсіндіруі болып табылады. Бұл қағида сыныптан-сыныпқа көшкенде күрделеніп отыратын өзіндік жұмыс жүйесін құруды және қолдануды талап етеді. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмыстарына маңызды орын беріледі. Білімді жаңарту мен терендету жолдарының бірі-өз бетімен білім алу. Оқушы бойында өздігінен білім алуға деген қажеттілік тудырып оларды тиісті дағдылармен қаруландыру мектептің маңызды міндеттерінің бірі.

Сондықтан орта мектептегі оқу процесі оқушылардың алатын білімін мұғалімнің беретін білімін одан ары өз бетінше белсенді, нысаналы танымдық іс-әрекеттің нәтижесінде игеруді талап етеді. Осыдан кейін оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысқа көңіл бөлу- оқу процесін ұйымдастырудың негізгі бір шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру мектепте оқушылардың танымдық белсенділігіне септігін тигізетін оқу процесінде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруді талап етеді.

     Болашақ  химия мұғалімі химияны оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістерін, психология, педагогика ғылымдары мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасында батыл енгізу тәсілдерін университет қабырғасында жүргенде игере бастауы тиіс екені белгілі.

Жалпы психология-педагогикалық  әдебиеттерде өз бетімен жұмыс істеу  ұғымына әртүрлі көзқарастар  қалыптасқан. И.Н.Нұғманов, У.М.Маканов, М.Ж.Жадрина т.б өз бетімен жұмыс істеу жеке тұлғаға тән қасиет ретінде қарастырса , П.И.Пидкасистый, Т.И. Шамова,М.И.Махмутов және т.б. зертеушілердің пікірінше ізденімпаздылық танымдық іс-әрекеттің сапалық көрсеткіші ретінде сипатталады. Мектеп оқыту жүйесінде, әсіресе химияны оқытуда өзіндік жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру туралы зерттеулер жеткіліксіз деп айтуға болады.

    Бұдан оқушылырдың  өзіндік жұмыс істеу дағдысын  химиядан зертханалық сабақтарда қалыптастыру мәселесінің әліде, болса толық зерттелінбегені және қазіргі уақытта, көкейкестілігін анықтай отырып, зерттеу тақырыбын. «Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру»,-деп тұжырымдауға мүмкіндік жасады.

      Зерттеудің объектісі. Орта мектепте химияны оқыту процесі.

      Зерттеу пәні. Зертханалық сабақтар барысында оқушылардың өзіндік жұмыс істеуін тиімді қалыптастыру процесі.

       Зерттеудің пәні. Зертханалық сабақтар барысында  оқушылардың   өзіндік жұмыс істеуін тиімді қалыптастыру процесі.

       Зерттеудің мақсаты. Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік  жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру  әдістемесін  ғылыми түрде  негіздей отырып оны қолданудың педагогикалық  мүмкіндіктерін анықтау.

      Зертеудің болжамы. Егер химиядан зертханалық сабақтарда 8 сыныптан  бастап оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысы жүйелі түрде әрдайым қалыптастырып отырса, онда олардың ойлау қабілеттері артып білім сапасының жоғарлауына, сабаққа қызығушылығына ықпал жасалынады  және болашақ маман- мұғалімдердің мектеп оқушыларының өзіндік жұмыс дағдысын   қалыптастыруға дайындығы артады.

       Зертеудің  мақсатына, пәніне  және ұсынылған болжамға сәйкес  зерттеу барысында  төмендегідей міндеттерді шешу керек екендігі айқындалды:

-психология-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау  негізінде оқушылардың  өзіндік жұмыс істеу дағдыларының мән-мағынасын, мазмұны мен құрылымын  ашу және негіздеу;

  - өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыратын оқушылардың танымдық іс-әрекеттеріне сипаттама бере отырып оның негізгі жолдарын ашып  көрсету;

  - зертханалық сабақтарда химиядан арнайы  жеке-дара  тапсырмалар құрастыру, оқушылардың өзіндік  жұмыс  істеу дағдысының даму деңгейлеріне сәйкес әдістемесін  ұсыну;

  - оқушылардың өзіндік  жұмыстарын ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің  тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

     Қойылған міндеттерді  түбегейлі  шешу үшін келесі

ғылыми  педагогикалық  әдістер қолданылды:

  -зерттелініп отырған  проблемаға  байланысты  психологиялық, педагогикалық, логикалық, философиялық  және әдістемелік еңбектерге  талдау  жасау;

  - орта мектепте химияны оқыту процесін бақылау;

  - мұғалімдермен анкета, пікірталас, әңгімелер  жүргізу;

  - ұсынылған әдістеме туралы оқытушылардың, оқушылардың және әріптестердің пікірлерін тыңдау;

  - зерттеу барысында дайындалған әдістемелік жүйенің мақсатқа  сәйкестігін және педагогикалық  тиімділігін эксперимент арқылы тексеру;

Қорғауға  мына мәселелер  ұсынылады:

  -өзбетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың  негізгі құралы бола алатын оқушылардың өзіндік жұмыстарын  химиядан зертханалық  сабақтарды ұйымдастырудың әдістемелері.

Жұмыстың  ғылыми жаңалығы:

  -оқушылардың өзіндік жұмыс істеуін тиімді  қалыптастыру процесінің мазмұны  ашылды, оның негізгі  кедергілерінің үлгісі жасалынды;

  -химиядан зертханалық  сабақтарда  оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелері ұсынылды.        

Диплом  жұмысының  құрылысы:

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

²Оқушылардың  өзіндік жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері², атты-тарауда психологиялық, педагогикалық  әдебиеттердегі өзіндік  жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мәселесі туралы  зерттеу  еңбектерге,  көзқарастарға жан-жақты талдау  жасалынады.

²Оқушылардың өзіндік жұмыс дағдыларн қалыптастыратн тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы², деп аталатын екінші  бөлімде, оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың нақты  әдістемесі беріліп, оның оқу процесінде жүзеге асуының тиімділігі  мен нәтижелері талданады.

   Педагогика оқулығында И.П.Подласый [1] негізгі керекті категориялардың

анықтамаларын келтірген:

  Білік - адамдардың фактілерге, ұғымдарға және ғылыми заңдарға сүйене отырып көрсете алатын объективті шындық,өмір тәжірибесіне және игерілген дағдылары мен білімдері негізінде саналы түрде өз бетімен орындайтын практикалық және теориялық тұжырымдар жасаудағы іс-әрекеттер.

   Дағды - көптеген жаттығулар  арқылы шыңдалған, керекті іс-әрекеттерді орындауда байқалатын, практикалық түрдегі іс-әрекеттің компоненттері.

   Яғни,білік- оқып-үйренген білімдерді іс жүзінде қолдану тәсілдерін игеру, ал дағды -жоғары дәрежелі автоматты түрге дейін жетілдірілген білім деңгейі.

   С.В.Иноземцева [2] білім мен дағды ұғымдарына талдау жасай келе, Ильина Т.А.Лернер И.Я., Разумовский В.Т.,Скаткин М.Н.,Талызина Н.Ф. еңбектерінде білімді адамның игеруін саналы түрде орындайтын әрекеттері, жекеленген жалпы іс-әрекеттер және жалпы іс-әрекеттер процесі деп аталатын ойларын, Кабанова-Меллер Е.Н., Усова А.В., Щукина Г.И. еңбектерінде білімді іс-әрекеттердің белгілі түрлерін орындауға керекті қабілеттілік ойларын атап  көрсете отырып, бұл ұғымдарға автор өзінің анықтамасын төмендегідей түрде ұсынады: білім-саналы түрде  бақылауды талап ететін  адам игерген  іс-әрекет қабілеттілігі, ал дағды -саналы түрде бақылауды қажет етпей-ақ жүргізілетін іс-әрекет қабілеттілігі.  

    Осы айтылғандарды қорыта келе, біздің көзқарасымыз бойынша бұл ұғымдарды былай тұжырымдауды ұсынамыз: білім - іс-әрекет қорытындылары сапалы болуда қамтамасыз ететін, адамның өз бетімен істейтін әрекеттер жинағы; ал дағды көптеген қайталаулар арқылы шыңдалып жетілдірілген және солардың негізінде жоғары деңгейдегі жаңа білімдерді қалыптастыру мүмкіндігін туғызатын білім. 

    Қазақстандағы  білім жүйесін дамытудағы қазіргі кезеңдері оқыту әдістемесінің жалпылама түсіндірілетін түрінен проблемалық түрге ауысуын және оқушылардың әрқайсыларының жеке бастарына икемделген  әдістерді бағдарлайды. Жеке адамның шығармашылық қабілеттілігін дамыту қазіргі кездегі білім жүйесіндегі ең маңызды  мақсаттардың бірі, осы проблеманың әртүрлі қыры мен сырына соңғы жылдардағы көптеген ғылыми зерттеулік жұмыстарында назар аударылды.[3,4,5].           

I-тарау. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері

 

  1. Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мәселелері

    Оқушылардың танымдық өзбеттілігін дамытуды арнайы ұйымдастыру – оқу процесін ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру мектепте оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзбеттілігін ынталандыруға септігін  тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.[6]

    Оқушылардың  өзбеттілігін қалыптастыру проблемасына  педагогтардың, психологтардың,  әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бұл проблеманың кейбір қырлары тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алатыны жөнінде айта кеткен дұрыс.

    Сократтың  өзі – ақ оқыту процесінде  оқушылардың танымдық белсенділігі  мен өзбеттілігін басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Кейіннен бұл идеялар ежелгі Рим философтарының еңбектерінде, содан кейін Я.А.Коменский. И.Г.Песталоций, А.Дистервег, Н.Г.Чернышевский және тағы басқа еңбектерінде одан әрі дамытылды.

    Сондай –  ақ В.П.Есипов, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, Н.А.Половникова, М.Н.Скаткин, Н.Ф.Талызина, Т.И.Шамованың және тағы басқа зерттеулерінде де бұл проблемаға ерекше көңіл бөлінді. Көптеген еңбектердің авторлары танымдық өзбеттілік пен белсенділік ұғымдарының арасындағы байланысты әрқайсысы өзінше түсіндіреді. Сонымен қатар зерттеулердің авторлары танымдық өзбеттілік ұғымының мазмұнына түрліше мағына берген. Бір зерттеушілер өзбеттілікті жеке туылған қасиет, екіншілері қабілет, ал үшіншілері он қажетсіну мен бейімділік деп түсіндіреді. Авторлар танымдық өзбеттіліктің қалыптасу жолдарын түрліше, яғни өзбеттілік жұмысты ұйымдастыру, танымдық әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және тағы басқа арқылы қарастырады.

    Танымдық өзбеттіліктің мазмұнына, біздіңше Г.Н.Кулагинаның көзқарасы неғұрлым дұрыс көзқарас болып табылады. “Мұғалімнің танымдық өзбеттілігін тек қажетсінуді, іс - әрекетті жүзеге асыруды және оны ретке келтіруді ғана біріктіретін тек кәсіптік біліктілікті игеруі дұрыс емес, бұл ұғымның мазмұнын тым тарылтады,” – дейді ол. [7]

    Көптеген зерттеу жұмыстарының  авторлары оқушылардың оқу барысында өзбеттілігі мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын атап көрсетеді:

1) танымдық іс – әрекетті қалыптастырудағы өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;

2) танымдық іс - әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы жүргізу;

3) іс - әрекеттің бағдарланушылық негізін құрастыратын жалпылама білімдерді енгізу;

4) оқытуды әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы жүргізу;

5) оқу іс - әрекетін өздігінше бақылауды дамыту;

    Оқушлардың танымдық іздемпаздығын қалыптастыру проблемаларын шешуде В.И.Загвязинский, Д.В.Вилькеев, Н.И.Никандров және басқалардың еңбектерін атап өткіміз келеді. Жеке тұлғаның ерекше қасиеттері сияқты танымдық өзбеттіліктің дамуына әлеуметтік – педагогикалық факторлардың ықпалын, әдістері мен тәсілдері жүйесін бөліп көрсетуді зерделенген арнаулы зерттеулерді айта кетейік.

   Б.П.Есипов: “Белсенділік шәкірт ақыл – ойының өзбеттілігінің белгілі бір дәрежесін көрсетеді”, - дейді. [8]

   И.Я.Лернер танымдық белсенділік пен танымдық өзбеттілік ұғымдарының ара қатынасы жөнінде бұған қарама қарсы пікірді ұстанады. Б.П.Есиповтың пікірімен таныса келіп, ол белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың дейді, сөйтіп белсенділікті өзбеттіліктің шартына жатқызады.

Информация о работе Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру