Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:37, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде металлургия өнеркәсібінің рөлі зор

Содержание

Негізгі бөлім
1 Қазақстан экономикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму ерекшелігі
1.1 Нарықтық экономикаға өтуі 6
1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы республика
экономикасының дамуы 9
1.3. Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының ролі 10
2 Қазақстанның металлургия өнеркәсібі
2.1. Минаралды-шикізат ресурстары 14
2.2 Металлургия өнеркәсібінің 2002-2005 жылдары арасындағы көрсеткіштері 15
2.3 Металлургия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы 17
2.4 Металлургия кәсіпорындары. 19
3. Қазақстанда түсті және қара металлургияны дамытудың
негізгі бағыттары 21
4. Минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Работа состоит из  1 файл

Курстық жұмыс 2011.doc

— 194.00 Кб (Скачать документ)

 Нарықтық экономикаға  өту барысында экономикамызда  төмендегідей бағыттар бойынша  құрылымдық өзгерістер жүргізілді:

  • мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-

шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;

- экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;

- ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;

- жеке кәсіпкерлікті дамыту;

- отандық тауардың сапасын жақсарту арқылы дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;

- экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;

- әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.

     

 

    1. Нарықтық экономика жағдайындағы республика экономикасының дамуы

 

Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Қоғамда әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүріп жатыр. Республика экономикасы да қазіргі кезде тұрақтана бастады. Бүгінде саяси және экономикалық жүйе мүлде өзгеше.

Өтпелі кезеңде бірқатар қиындықтардың болып жатқаны да рас. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Мен өз отандастарымызға өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын түсініп, оған төзіп отырғаны үшін рахмет айтамын, осы қасиеттер біздің табысқа жетуіміздің, қоғамымыздың топтасуының, шетелдік инвесторларды тартудың және халықаралық қоғамдастықтың біздің пролемаларымызды шешуге кірістірудің елеулі кепілі деп санаймын»,- деді. Осының бәрі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақ игілігі үшін де жасалып жатқан шаралар.

Қазақстанның әлемдік  экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі  өндіріс көлемінің елеулі кемуіне  әсер еткені белгілі. Технологиялық  тұрғыдан артта қалуы, өндірістердің  даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік – осының бәрі көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға , өндірістің құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы 8 жылда өндіріс көлемі екі еседен артық қысқарды.

Ішкі капитал мен  жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да тәуелді болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы көтеру инвестицияның түсуіне байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Мәселен, Азияның ең кедей елдерінің өзі отыз жыл ішінде қайыршылықтан шығып, индустриялы мемлекттерге айналғаны белгілі. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылып отыр. Қазақстанның көршісі Қытайдың да экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Соған орай бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.

2030 жылға қарай Қазақстан  өзінен-өзі көтеріле қалмайды. Ол  республика халқының қажырлы  еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла алады.

 «2030 жылы Қазақстан  Орталық Азия барысына айналады  және өзге дамушы елдер үшін  үлгі болады деп сенемін», - деген  елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзінің  іске асырылуы Қазақстанның да  өркендеп, қуатты елге айналарына  сеніміміз мол [7].

     

1.3. Қазақстан экономикасындағы  шетел инвестицияларының ролі

 

Инвестиция барлық қоғамда  да экономиканы нығайтудың негізі болып  табылады. Инвестицияның  көмегімен  инфрақұрылымды жетілдіре беру керек. Оның  жетілдірілуі экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда алда тұрған қиын жағдайды шешудің бірден-бір  жолы, бұл отандық өндірісті дамыту. Егер де ауыр өнеркәсіпті дамытуға әзірше шама-шарқымыз жетпейтін болса, шағын және орта өнеркәсіпті дамытуды жолға қою кезектегі міндетіміз.

2005 жылдың 27-сәуірінде,  Республика президентінің шағын  және орта кәсіпкерлікпен шұғылданушылармен  кездесуінде осы мәселе ерекше  әңгіме болды. Бұл бағытты дамыту  аса мол инвестицияны қажет  етпейді. Отандық инвестицияларын  босқа жіберіп жатқан жоқ. Біз жыл сайын 1,5 млр АҚШ доллары көлемінде шетел  инвестицияларын пайдаланамыз. Ал, оларды өсіммен қайтару бізге оңай емес. Бұл салада жетіспеген жағдай, жіберілген  қателік көп, сондықтан да отандық инвестицияға қатты көңіл бөлу керек. Қор рыногын жандандырған жөн. Инвестиция иемденуші еңбектен, өндіруші еңбекке ауысқаны тиімді. Осылай болса, жұмыссыздар азаяр еді. Қазір  жұмыссыздардың саны артып отыр.

Сонымен бірге ауыл шаруашылығына  да инвестиция бөлу мардымсыз. Қазіргі  кезде бұған  балл құрылымдары  да, шетілдік инвесторлар да барып отырған жоқ.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық тауарлары арасындағы ара қатынасты жөнге келтіру керек. Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлгенде, неше  беруге келгенде Үкімет те белгілі мөлшерде тәуекелге баруы керек. Ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындарын ашып, олардың күн көруіне керекті табыс көзін жасап, оларға жалақы төлемесе, күнелту үшін малдан басқа ештеңе қалмағандықтан, мал басы әрі қарай шұғыл азаятын болады. Бұл жағдай халқымыздың  бұрынғыдан да арзан жүдеуіне әкеліп соғады.

Қазіргі кезде аграрлық рынок қорғаусыз қалды, ол әлемдік  экономика кеңістігіне тиісті қорғау шараларынсыз енуде. Ал елімізге азық-түлік  өнімдерін тасымалдау өсіп келуде. Ет өнімдерін әкелу 1,4 % -дан 10% -ға, қант 37,7 % -дан 60 % -ға дейін, өсімдік майы 25 % -дан 60 %-ға дейін т.б. өсті. Республикада тамақ өнімдері жетіспейтінін пайдаланып, батыс елдері Қазақстанға сақталу мерзімі бітуге таяған арзан азық-түліктерін әкелуде. Өз елімізде жеткілікті көлемде өндірілетін өнімдерді (астық, мақта, жүн, қаракөл, ет. т.б.) сырттан әкелуге алымдарды жоғары белгілеп, ал өзіміздікін сыртқа еркін шығаруға рұқсат беру керек. Өзімізде жетіспей  отырған өнімдерді сыртқа шығаруға тосқауыл қойған жөн. Ең бастысы, өз елімізде өндіруге мүмкіндігі бар тауарларды, әсіресе тамақ, жеңіл өнеркәсіп өнемдерін шеттеп тасымалдауымыз орынсыз. Осының салдарынан, бір жағынан экономика ақсап отырса, екінші жағынан елімізде еңбек жасындағы көптеген тұрғындары жұмыссыз жүр [8].

Халық шаруашылығының қай  саласы да қаржысыз дамымайды. Оны табу, толықтыруға түрлі қиындықтар кездесуде. Ел экономикасын  дамытуда ішкі қаржының маңызды екені белгілі, бірақ ,ол жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Осыған байланысты, шетел қаржыларын тарту басты мақсатымызға  айналып отыр. Осы тұрғыдан біраз  жұмыстар да тындырылды. Алдағы уақытта шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты мәселеге айнала бастады. Бұл орынды да. Себебі, шетелдік инвестициялар бізге тегін келіп жатқан жоқ. Оны пайдаланғанымыз үшін шетелдіктерге көптеген қосымша қаржы төлеуге мәжбүрміз. Оның мөлшері онша аз да емес және жыл сайын артып келуде. Егер шетелдік қаржыны алғашқы алған жылдары біздің борышымыз 1,2-1,3 млрд. АҚШ доллары көлемінде болатын болса, соңғы жылдары ол 5,8 млрд. АҚШ долларына жетіп отыр. Біз жыл сайын шетел капиталын пайдаланғанымыз үшін салық өсе беретін болады. Ал, оны уақытымен толық  мөлшерде төлеу үшін еліміздің өндіріс орындары, шаруашылық салалары өз жұмыстарын жандандыруы керек.

Қазақстанда  200 – дей мұнай  және  газ  кен  орындары  анықталып  барланған,  оның  ішінде  102 мұнай,  29 мұнай-конденсат,  30 мұнай-конденсат,  6 мұнай-газ,  11 газ конденсат,  19 газ  кен  орындары  бар.  Барланған  мұнайдың  алынатын  қоры  2,2 млрд тонна,  газ – 2,5 трлн  текше  мерт,  конденсат – 0,7 млрд  текше  метр.  Қазақстанда  мұнайдың  болжамдық  қорлары  20 – 25 млрд  тонна  деп  бағаланады. 

Мұнайдың  қазіргі  шаруашылықтағы  ролі  аса  зор.  Ол  сұйық  отын  өндіретін  басты  шикізат  болып  есептеледі.  Одан  автомобиль,  транспорт,  дизель  двигательдері  үшін  бензин,  дизель  майы,  керосин алынады.  Мұнайды өңдегеннен  кейін қалатын сұйық қалдық – мазут электр  станциялары мен металлургия пештерінде  отын  ретінде жағылады,  ал  қатты қалдық  гудрон – жол құрылысында пайдаланылады. 

Мұнайды  өңдеген  кезде  бөлінетін  газдар – химия  өнеркәсібі  үшін  бағалы  шикізат.  Серіктес  мұнай  газдарынан  синтетикалық  спирт,  синтетикалық  каучук,  синтетикалық  талшықтар,  пластмассалар  алынады.  Мұнайдан  әрбір  машинадағы  жұмысшы  бөліктердің  үйкелісін  азайтып,  олардың  жұмыс  істеу  мерзімін  ұзарту  үшін  қажетті  жағар  майлар  жасалады.

Осы тұрғыдан қарағанда, шетел капиталын өзімізге тарта берудің жағымсыз жақтары баршылық. Шетел инвестициясын өз экономикамызды дамытуға тартқанның өзінде олардың қай пиғылмен келгенін, не істеуді жоспарлағанын, қандай технологияны өндіріске енгізілетінін алдын ала білуіміз керек. Инвестиция  алған өндіріс орынна қандай пайда түсетіні күні бұрын көрініп тұрғаны жөн. Шетел инвестициясын өндіріске тарта отырып, оларды шаруашылықтың қай саласына пайдалану тиімді – осыған көбірек мән беру керек. Кейін осы капиталды падаланғанымыз үшін өсім төлейтін болғандықтан өзіміз шешуіміз керек.

Шетел инвестициясын  ғылым мен білімді, ғылым жетістіктерін  көбірек керек ететін шаруашылық салаларын дамытуға, жаңа технологияны енгізуге жұмсаған тиімді тәжірибеден байқалып жүргендей, инвестицияны ұзақ өндірістік циклды дамытуға немесе шетел тауарлары көп тасымалдауынан бәсекелестік кең өріс алған салаларға жұмсау самарқаулау. Сондықтан да мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетелдік тауар өндірушілерден қорғауы керек. Бөл жөнінде арнайы бағдарлама болғаны жөн. Қазіргі валюта курсына байланысты шикізатты шетелге көптеп сату оны отандық тауар өндірушілерге сатудан әлдеқайда пайдалы. Сол себепті еліміздің шикізаты шетке кетіп жатыр, ал отандық  кәсіпорындар шикізатсыз қалуда. Бұған жол бермес үшін валюта курсын өзімізде қай өндіріс саласын дамыту тиімді, соған байланысты өзгеріп отыру керек.

Экономикалық дамуды ынталандырудың бағдарламасына инвестициялық және өнеркәсіптік саясаттарын қаржыландырудың қосымша көздерін іздестірген жөн.

Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, отандық өнеркәсіп  пен ауыл шаруашылығының дамуына  жағдай жасау, халықты жұмысқа орналастырумен, олардың хал-ахуалының жақсартумен тығыз байланысты. Жұрт жаппай еңбекпен айналысқан жағдайда жұмыссыздықтан (әзірше  шағын қалаларда) қоғамның тұрақтылығына келетін қауіп азаяды.

Инвестицияның біраз  бөлігі жаңа технологияны сатып алуға  және өндіріске енгізуге жұмсалуы тиіс. Бұл жерде екі түрлі қиындықты айта кету керек: біріншіден, Шетел  технологиясын жаппай сатып алу өз елімізде техникалық прогрестің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Жаман да болса, шетел  технологиясын алу керек  деген  пікір қалыптасады. Сөзіміз жалаң  болмас үшін, мына дәлелді келтірейік. Сонау 1965  жылы Каз ПТИ қызметкерлері бұрғылау жұмысында пайдаланатын жасанды алмас коропкасы бар бұрғы дайындаған болатын. Бұл жаңалыққа  инвестициядан патент алынған. Оның көмегімен бұрғылау жұмысының құнын 20 пайызға арзандатуға болады.

Бірақ ол қолдау таппады. Оның себебі, біздің елімізде шетел технологиясына бас ұру басым да, отандық технологияға, отандық  опертапқыштарға мән беру кем. Қазіргі уақытта  Қазақстанға шетел тауарымен, технологиясымен бәсекелесуге жарамды отандық тауар мен технологияға көңіл бөлетін уақыт жетті.

Ал, екіншіден, отандық  машина жасауды тірілтеміз деп өзіміздің  өнімсіз технологияны көбірек пайдалана  берсек, шетелдіктерден артта қалып  қоямыз. Осыны ескере келіп, өз елімізде өндіруге тіпті мүмкіндігі жоқ немесе тиімсіз технологияны сырттан алдырған орынды. Бұл тұрғыдан алғанда еліміздің технологиялық қаіпсіздігін ескерген жөн [9].

Қорыта айтқанда, инвестициялық  қорларды тиімді пайдалану үшін төмендегі  талаптарды сақтаған орынды:

  • экспорттық шамамызды көтеріп, шетелден тасымалданатын тауарды елімізде өндіру;
  • елімізден валютаны заңсыз жолмен сыртқа шығаруға жол бермей валюталық бақылау жүйесін жетілдіру.
  • шетел капиталын елімізге тартуға мемлекеттік кепілдеме берулі шектеу.
  • экономикалық өсу тұрақты болуы үшін оны отандық инвестициясымен жарақтандырып, халықтық төлеу (салық, сатып алу) қабілетін жоғарылату.

Осыған байланысты еліміз алдында екі басты міндет тұр: инвестициялық белсенділікті көтеру, ішкі рыноктың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі , оның басты бағыттары:

  • инвестицияны өндірістік салаларға молырақ бөлу;
  • ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалана білу. Оны жекеменшікке біржолата сатып жібермей, жалға  беру, түсетін жал ақысы-жалға алушыларға оны тиімді пайдалануға көмек көрсету;
  • шетелдіктерге жерді пайдалануға шек қою баға қоюдағы арақатынасты реттеп, олардың арасындағы алшақтықты азайту;
  • отандық тауарлар есібінен ішкі рыноктың дамуына жағдай жасау.

Қорыта келгенде айтарымыз, шетелдік және отандық  инвестицияларды  қайда жұмсауды, қалай пайдалануды  тиісті басшылар мен мамандар болып мықтап ойланып, айқын бағыт алған жағдайда, одан еліміздің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы үлкен пайда көрері анық [10]. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстанның металлургия өнеркәсібі

 

2.1. Минералды-шикізат  ресурстары

 

Қазақстан табиғат ресурстарына өте бай ел. Оның жер қойнауында Менделеев кестесінің 110 элементінің 105 табылған.ТМД-дағы хромның -94,2 %, бариттің -81,7 % , фосфориттің -64,7 %, молибденнің- 29,3 % , мыстың – 28,4 % , бокситтің – 22,1 % ,асбесттің – 20,1% , марганецтің -13% , көмірдің – 11,9 %  қоры  республика  үлесіне тиеді.

Жалпы Қазақстан  көмірсутегінің мол қоры бар мемлекеттердің қатарына кіреді. Республика территориясында көмірсутегінің 208 кен орын ашылған болса, оның жартысы- мұнай, үштен бірі-мұнай-газ, қалғандары газ және газконденсаттары. Осылардың ішінен қазіргі уақытта 70-тен астам кен орындары игерілуде. Жалпы Қазақстандағы көмірсутегінің қоры 13млрд. мұнай және конденсат және 7,1 трлн. метр куб табиғи газ. Атырау және Маңғыстау облыстарының территориясында мұнай қорының 70 % орналасқан. Мұнайдың ең ірі кен орындары: Теңіз, Өзен, Қарашығанақ, Қаламқас. Газдың ең ірі кен орындарына Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, және Жамбыл облысының территориясындағы кен орындарының Амангелді тобы жатады.

Информация о работе Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі