ҚР қызметтерді стандарттаудағы құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 03:43, реферат

Описание

Қызметтердi сертификаттаған кезде қызметтердiң сипаттамалары (көрсеткiштерi) тексерiледi және мыналарға:
1) қызметтердi сәйкестендiрудi жүргiзуге, оның iшiнде оның жiктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгiге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестiгiн және функционалдық арналуын тексеруге;
2) сертификатталатын қызметтердiң нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауға мүмкiндiк беретiн сынақ әдiстерi (тексерiстерi) қолданылады.

Содержание

І.Кіріспе
1. Қызметтерді сертификаттаудағы негізгі ережелер
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
2. Қызметтерді сертификаттау схемасы
3. Сертификаттаудың құқықтық негіздері
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ҚР қызметтерді стандарттаудағы құқықтық нормалар.doc

— 97.50 Кб (Скачать документ)


 

  ҚР қызметтерді стандарттаудағы құқықтық нормалар

  

  

ЖОСПАР:

І.Кіріспе

1. Қызметтерді сертификаттаудағы негізгі ережелер

ІІ. Негізгі бөлім

1.      Сертификаттауды жүргізу тәртібі

2.      Қызметтерді сертификаттау схемасы

3.      Сертификаттаудың құқықтық негіздері

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қызметтердi сертификаттау

                                                  1. Негiзгi ережелер

      1. Қызметтердi сертификаттау нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қызметтердi сертификаттаған кезде қызметтердiң сипаттамалары (көрсеткiштерi) тексерiледi және мыналарға:
      1) қызметтердi сәйкестендiрудi жүргiзуге, оның iшiнде оның жiктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгiге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестiгiн және функционалдық арналуын тексеруге;
      2) сертификатталатын қызметтердiң нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауға мүмкiндiк беретiн сынақ әдiстерi (тексерiстерi) қолданылады.
       Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      3. Сертификаттау кезiнде пайдаланылатын схемаларды қызметтердi орындау ерекшелiктерiн, сынақтарды жүргiзу мүмкiндiгiн, дәлелдеудiң талап етiлетiн деңгейiн, тұтынушының мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз еткен кездегi өтiнiм берушiнiң ықтимал шығындарын ескере отырып, өтiнiм берушi анықтайды.

      4. Схемалар бiртектi қызметтердi сертификаттауды жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн құжатта көрсетiлуге тиiс.
      Қызметтердi сертификаттау кезiнде қолданылатын сертификаттау схемалары осы Регламентке 6-қосымшада келтiрiлген.

      5. Қызметтердi сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды өтiнiм берушi төлейдi.

2. Сертификаттауды жүргiзу тәртiбi

      1. Қызметтердi сертификаттау мыналарды қамтиды:
      1) Органға сертификаттауға өтiнiм беру;
      2) өтiнiм бойынша шешiм қабылдау;
      3) сертификаттау схемасын таңдау;
      4) Орган мен өтiнiм берушiнiң арасындағы сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған шартты ресiмдеу;
      5) қызметтердiң сынағын (тексерiсiн) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлiгi, кәсiпорынды аттестаттау, сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттау үдерiсiн бағалауды жүргiзу;
      6) алынатын нәтижелердi талдау мен Сертификат берудiң мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдау;
      7) берiлген сертификаттардың тiзiлiмiне тiркеу;
      8) Сертификат беру;
      9) сертификатталған қызметiне инспекциялық бақылау жүргiзу (сертификаттау схемасына сәйкес).
      Ескерту. 61-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      2. Өтiнiм берушi сертификаттауға арналған өтiнiмдi осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жiбередi.
      Осы қызметтердi көрсететiн бiрнеше орган болған кезде өтiнiм берушi өтiнiмдi олардың кез келгенiне жiберуге құқылы.     

      3. Орган оны алғаннан кейiн он күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде өтiнiмдi қарайды, өтiнiм берушiге шешiмдi хабарлайды және олар қол қойған, екi данадағы қызметтердi сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған шартты бередi. Қызметтердi сертификаттауды жүргiзуге арналған өтiнiм бойынша шешiм осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және осы қызметтi сертификаттау тәртiбiне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетiлген сертификаттаудың барлық негiзгi шарттарын қамтиды.
       Ескерту. 63-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      4. Сертификаттау сынақтары Органмен келiсiлген мерзiмде жүргiзiледi.

      5. Сынақтарды (тексерiстердi) жүргiзген кезде мыналар жүзеге асырылады:
      1) көрсетiлген қызметтердiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн iрiктеп тексеру;
      2) сынақтардың (тексерiстердiң) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресiмдеу.
      Қызметтердiң тексерiлетiн нәтижелерiнiң саны мен оларды iрiктеу тәртiбiн осы қызметке арналған нормативтiк құжаттарға сәйкес Орган анықтайды.

      6. Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жiбередi.

      7. Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерiстер) мен берiлген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелерi кезiнде Сертификатты ресiмдейдi және оны берiлген сертификаттар тiзiлiмiнде тiркейдi және өтiнiм берушiге бередi.

      8. Қажет болған жағдайда қызметтердi орындаушы белгiленген нысандағы бланкiде орындалған Сертификаттың көшiрмесiн пайдалана алады.

      9. Сертификаттың қолданылу мерзiмiн қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзiмге менеджмент жүйесiне берiлген Сертификат мерзiмiн ескере отырып, Орган белгiлейдi.

      10. Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне ықпал етуi мүмкiн қызметтердi орындау технологиясына өзгерiстер енгiзiлген кезде өтiнiм берушi бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерiстердi жүргiзу қажеттiлiгi туралы шешiм қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиiс.

      11. Сертификатталған сынақтардың (тексерiстердiң) терiс нәтижелерi, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтiнiм берушi сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтiнiм берушiге Сертификат беруден бас тарту себептерiн көрсетiп қорытынды бередi.

      12. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.

      13. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейдi:
      1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;
      2) инспекциялық бақылауды жүргiзу үшiн комиссиялар ұйымдастыру;
      3) тексерiстер жүргiзу;
      4) тексерiстердiң нәтижелерiн ресiмдеу мен шешiмдер қабылдау.

      14. Қызметтердiң сертификаттау кезiнде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн инспекциялық бақылаудың кезеңдiлiгi мен көлемiн сертификатталған қызметтердiң жай-күйi мен тұрақтылығына қарай, бiрақ кемiнде жылына бiр рет Орган анықтайды.

      15. Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердiң сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардан шағымдар бiрнеше рет түскен жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн.

      16. Инспекциялық бақылау нәтижелерi бойынша Орган инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкiлi қол қоятын 2 данадағы актiнi жасайды.
      Актiнiң бiр данасы Сертификатты ұстаушыға, екiншiсi Органға жiберiледi.

      17. Инспекциялық бақылаудың нәтижелерi бойынша Орган көрсетiлетiн қызмет нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ:
      1) қызмет көрсетуге арналған нормативтiк құжат өзгерген;
      2) қызмет көрсетудiң технологиялық процесi өзгерген;
      3) бақылау, сынақтар (тексерiс) әдiстерi, егер көрсетiлген өзгерiстер қызметтердiң сәйкессiздiгiн тудыруы мүмкiн болғанда, сапаны қамтамасыз ету жүйесi және сертификаттау кезiнде тексерiлетiн талаптарға қызмет көрсету шарттары өзгерген;
      4) егер кәсiпорын қызметтер көрсету бойынша өз қызметiн тоқтатқан жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкiн.

      18. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм сәйкессiздiктiң анықталған себептерi оны берген Органмен келiсiлген түзеу әрекеттерiнiң жолымен жойылған және қызметтердiң нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргiзбестен растаған жағдайда қабылданады.
      Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшiн жою туралы ақпаратты қызметтердi орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделi адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiнен шығарған сәттен бастап күшiне енедi.

      19. Қызметтердiң немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестiгi белгiленген талаптардан бұзылған кезде түзеу әрекеттерi жүзеге асырылады.

      20. Түзеу әрекеттерiн жүргiзген кезде Орган:
      1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;
      2) қызметтердi орындаушыға, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкiлеттi органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделi адамдарға ақпарат бередi;
      3) түзеу әрекеттерiн орындау мерзiмiн белгiлейдi;
      4) түзеу әрекеттерiн орындауды тексередi;
      5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделi ұйымдарға қызметтердi пайдаланудың қауiптiлiгi (немесе қажет еместiгi) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртiбi туралы хабарлайды.
       Ескерту. 80-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      21. Түзеу әрекеттерi орындалғаннан кейiн Орган қызметтердi орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жiбередi.
      Қызметтердi орындаушы түзеу әрекеттерiн орындамағанда немесе олар тиiмсiз болған кезде Орган Сертификатты жояды.

                                          Қызметтердi сертификаттау схемаcы

 

Схе-
маның
нөмi-
рi

 

Орын-
далу
шебер-
лiгiн
баға-
лау

 

Қызмет-
тер
көрсету процесiн бағалау

 

Кәсiп-
орынды
аттес-
таттау

 

Менед-
жмент
жүйе-
сiн
серти-
фикат-
тау

 

Қызмет-
тердiң
нәтиже-
сiн
iрiктеп
тексеру

 

Инспекциялық бақылау

 

1

 

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

 

1

 

+

 

 

 

 

+

Қызметтердiң
нәтижелерiн
тексеру

 

2

 

 

+

 

 

+

 

Қызметтер
көрсету
процесiнiң
тұрақтылығын
бақылау

 

3

 

 

 

 

 

+

Қызметтердiң
нәтижелерiн
iрiктеп
тексеру

 

4

 

 

 

+

 

 

+

Қызметтердiң
нәтижелерiн
iрiктеп
тексеру

 

5

 

 

 

 

+

 

Қызметтер
көрсету
процесiнiң
тұрақтылығын
бақылау

      Ескертпе.

      * - Материалдық емес қызметтердi сертификаттау социологиялық бағалау әдiсiмен жүзеге асырылады

Қызметтердi сертификаттау схемаларын қолдану

      1. 1-схема қызметтердi орындаушының шеберлiгiн бағалауды көздейдi, жұмыс жағдайын, технологиялық, нормативтiк құжаттаманы бiлуiн, жұмыс тәжiрибесiн, бiлiктiлiгiн арттыру туралы мәлiметтердi тексерудi және қызметтер көрсету нәтижесiн (жөнделген, тазартылған және басқа бұйымдар) iрiктеп тексерудi, сондай-ақ кезектi инспекциялық бақылауды қамтиды.
      Жеке кәсiпкерлер мен шағын кәсiпорындар көрсететiн қызметтердi сертификаттау үшiн қолдану ұсынылады.
      2. 2-схема мынадай екi тәсiлмен:
      технологиялық процестi, орындаушы шеберлiгiн, қызмет көрсету жағдайларын тексерумен;
      менеджмент жүйесiн бағалаумен жүзеге асырылуы мүмкiн қызметтер көрсету процесiн бағалауды көздейдi.
      Инспекциялық бақылау қызмет көрсету процесiнiң тұрақтылығын бақылау жолымен жүзеге асырылады.
      Технологиялық процестi тексергенде:
      1) технологиялық құжаттаманың толықтығы;
      2) жабдықтардың орындалатын техпроцесс талаптарына сәйкестiгi;
      3) орындаушылар бiлiктiлiгiнiң орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестiгi;
      4) технологиялық тәртiптiң сақталуы;
      5) керек-жарақтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестiгi бақыланады.
      Менеджмент жүйесiн бағалау кезiнде:
      1) сапа саласындағы саясат;
      2) сапа жөнiндегi нұсқау;
      3) менеджмент жүйесi элементтерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгi;
      4) сапа салаларында белгiленген мақсаттарға жету көзқарасы тұрғысынан менеджмент жүйесiнiң тиiмдiлiгi тексерiледi.
      Өтiнiм берушiде менеджмент жүйесiне сертификат болған кезде менеджмент жүйесiн бағалау жүргiзiлмейдi.
      3. 3-схема қызметтер нәтижесiн жаппай тексерудi көздейдi. Схема материалдық қызметтердi (жеке тапсырыстар бойынша бұйымдарды жөндеу және дайындау) сертификаттау үшiн қолданылуы мүмкiн.
      Инспекциялық бақылау қызметтер нәтижесiн iрiктеп тексеру жолымен жүзеге асырылады.
      4. 4-схема кәсiпорынды аттестаттауды көздейдi, ол:
      оның материалдық-техникалық базасының жай-күйiн;
      тұтынушыларға қызмет көрсетудiң санитарлық-гигиеналық жағдайларын;
      нысаналы қызметтермен қатар қосымша қызметтердi де қоса алғанда, қызметтердiң түр-түрi мен сапасын;
      қызмет көрсетудiң анықтығы мен уақтылығын;
      қызмет көрсету сапасын (қатынас әдебi, жайлылық, келiсiмдiлiк, тұтынушы сұранымының есебi және т.с.с);
      қызмет көрсетушi персоналдың кәсiби шеберлiгiн тексерудi қамтиды.
      Қонақ үйлердi, мейрамханаларды, шаштараздарды, кинотеатрларды және басқаларды сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
      Кәсiпорынды бағалаудың нәтижесiнде тұтастай алғанда дәреже (санат, сынып, жұлдызша) берiлуi мүмкiн.
      Инспекциялық бақылау социологиялық әдiстердi пайдаланып жүзеге асырылуы мүмкiн.
      4. 5-схема менеджмент жүйесiн және оның жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығын кейiннен инспекциялық бақылауды сертификаттауды көздейдi.
      Менеджмент жүйесiн сертификаттауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң нормативтiк құжаттарына сәйкес менеджмент жүйелерi бойынша сарапшы-аудиторларды тарту арқылы қызметтердiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi орган жүзеге асырады. Сертификаттау кезiнде барлық қызмет түрлерi қолданылуы мүмкiн.

Информация о работе ҚР қызметтерді стандарттаудағы құқықтық нормалар