Азаматтың құқықтық қабілеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 20:02, реферат

Описание

Құқықтар мен міндеттеор қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.

Работа состоит из  1 файл

Азаматтың құқықтық қабілеттері.docx

— 34.14 Кб (Скачать документ)

«Азаматтың  құқықтық қабілеттері»

І. Кіріспе           

 Құқықтар  мен міндеттеор қашан да сол  құқықтар мен міндеттердің қайсыбір  субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық  тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.             

 Заң  тілінде құқықтардың және міндеттердің  иелерін «құқық субъектілері»  деп немесе тұлға« деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы  ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен  сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін  алған құқық қабіулетті атаулының  бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар.  Құқық субъектілері – ең алдымен  адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам  – құқық субъектісі.

ІІ. Негізгі бөлім

Жеке  тұлға  - азаматтық құқықтың субъектісі.            

 Азаматтық  кодекс тің 12-бабына сәйкес  жеке тұлға деп Қазақстан Респцбликасының  азаматтарын, басқа мемлекеттердің  азаматтарфын және азаматтығы  жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық  алған адам сол мемлекеттің  құқық субъектісі болады. Сондықтан  да азаматтық заңда жеке тұлғалардың  құқық қабілеттіктері туралы  емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі  туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі  ең алдымен толық түрде Қазақстан  Республикасының азаматтарына беріледі.            

 Қазақстан  Республикасының Президентінің  1995 жылғы 19 маусымда қабылданған  «Шетелдік азаматтардың құқықтық  жағдайлары туралы» Заң күші  бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, «Қазақстан  Республикасының азаматтары болып  саналмайтын және басқа мемлекеттің  азаматы туралы дәлелі бар  азаматтар шетел азаматтары болып  саналады». Қазақстан Республикасындағы  олардың азаматтық құқық қабілеттілігі  өзінің мемлекетінің заңымен  емес, Қазақстан Республикасының  заңымен айқындалады. Олар Қазақстан  Республикасының заңында қаралмаған  азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі». Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.            

 Құқық  субъектілерін сипаттайтын негізгі  құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі  болып табылады. Азаматтық құқық  қабілеттілігі АК-тің 13- бабында  азаматтық құқыққа ие болып,  міндет атқару қабілеті барлық  азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады.  Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң  мен сот алдында жұртың бәрі  тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық  және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне , дінге көзқарасына,  нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты  немесе кез келген өзге жағдаяттар  бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге  болмайды. Конституцияның аталған  тұжырымына орай азаматтарды  құқық қабілеттілігі заңда бәріне  бірдей және біріңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында  азаматтаржы құқық қабілеттілігі  барлық азаматтар үшін тең  дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік  принципі нақты субъективтік  құқық шеңберәіне жекеленген  азматтарға берілетін міндеттілік  теңдікті корсетіле қояды деуге  болмайды.   Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру мумкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі деген заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарыңда көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен қабілеттілігін шектеуге болмайды». Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот укімі алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігін толықтай айрылмайды. Қазіргі қылмыстық заңдаазаматтың құқықғын айыру мына жағдайларға:

    1.      Белгілі бір дауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.)

    2.      Елдің аумағында емін-еркін жүріп тұруға (жер аударумен шектелу)           

 Ескерте  кеткен жөн, біздің заң бойынша  құқықты жою қашан да уақытша  сипатта болады. Сонымен катар,  құқық қабілеттілігін шектеуді  азаматтық басқалай субъективтік  құқықтарынан айыру жағдайымен  шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін  шектеу дегеніміз қандайда бір  құқықты алу мүмкіндігінен айыру  болып табылады.            

 Субъективтік  құқықтан айыру дегеніміз, нақты,  іс жүзіндегі құқықтан айыру  деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік  құқықтан айыру белгіленген мерзімнің  тағайындалуымен байланысты болмауы  мумкін. Мысалы,  қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауакершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.            

 Құқық  қабілеттілігі адамның  - құқық субъектісін өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара мұра қысқарады, ішінара мұрагерге көшеді. Өлім – бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туылғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.   

Азаматтардың  әрекет қабілеттілігі           

 Азаматтардың  әрекет қабілеттілігі дегеніміз,  азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық  құқықтарға ие болуға және  оны жүзеге асыруға, өзі үшін  азаматтық міндеттер жасап, оларды  орындауға қабілеттілігі болып  табылады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі  азаматтың құқық қабілеттілігінен  ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі  оның дүниеге келген сәтінен  бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік еті немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіру қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей емес , бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін. Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.  Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18-жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарды ғана болады. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады. Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымына толық құқықлы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азмат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.           

 Жасы  кәмелетке толмағанжар келиірілген  зиянды өтеуге оның жеткілікті  мүлкі немесе қамқоршысы өтеуге  тиісті бөлігін, оның ата-анасы  немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиын келтірушінің  жасы толғаннан кейін, сондай-ақ  келтірілген зиынды өтеуге оның  жеткілікті мүлкі немесе еңбек  табысы жасы толғанға дейін  пайда болған ретте жойылады.

Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері.           

 Азаматтың  құқығы мен міндеттерін алу  және жүзеге асыру тиісіншеғ  дербестікке ие болу керек.  Әрбір жеке азамат өзінің атымен  аталады. АК-тің 15-*бабының 1-тармағына  сәйкес азамат өз фамилиясы  мен өз есімін, содай-ақ қаласа, әкесінің атын да қоса алды. Азаматқа туылған кезде ат  қояды. Ал ата-анасы болмаған  жағдайда оны тәрбиелеп отырған  адам жүзеге асырады. Әдетте  балаға ата-анасының ыамилиясы  беріледі. Егер әртурлі фамилияда  болса, онда ат-аналары қайсысын  біреуді өздері келісіп шешеді. Некесіз туылған балаға әкесі  жоқтыңынан сот арқылы қажет  болмаған жағдайда анасының фамилиясы  беріледі. Біздің елімізде 1998 жылдан  бастап ата-анаға ұлттық дәстүрді  ескере отырып, баланы әкесінің  атымен мүмкіндігі беріледі.            

 Қазақстан  Республикасының азаматтарының  фамилиясы мен әкесінің атын  ауыстыру жөніндегі тілек Республика  Үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26 қыркүйекте  қабылдаған Ережесімен айқындалады.             

 Азаматтың  жеке дербестігі есімімен қатар  оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік  жасау және басқа да азаматтық-құқықтық  әрекеттер азаматтың тұрғылықты  жерінде жүзеге асады. Азаматтың  есімімен қатар оның тұрғылықты  жері азаматтық, құқықтық қатынастың  субъектісі нақтылай түседі. Өмірде  аты, фамиилиясы және әкесінің  аты бірдей болатын жағдайлар  аз кездеспейді. Егер азаматтың  атында әкесінің аты көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын  анықтау қиындай береді, Сондықтан  да тұрғылықты жері бойынша  азаматтың жеке басын куәландыру  мәліметтер нақтыланады. АК-тің  16-бабында азаматтың тұрақты немесе  тұратын елді-мекені оның тұрғылықты  жері деп танылатындығы тұжырымдалады.  Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай келеді. ДЕйтұрғанмен, өзі бір жерде тұрып, екінше жерде жұмыс істейтін жағдайлар да кезедеседі.

ІІІ. Қорытынды бөлімі           

 Қорыта  келгенде, әрекет жасау қабілеттілігі  жоқ адамдардың да құқықтарға  және міндеттерге ие бола алатындығы  айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады? – деген сұрақ туады.            

 Ішінара  әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы  кәмелетке толмағандарға тән.  Ал берілген әрекет ауқымы  олардың жасына байланысты. Заң  мұндай тұлғаларды екі топқа  бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындар, б)  жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа  дейінгі жас балалар.            

14 пен  18 жас аралығындардың әрекет қабілеттілігі  мейлінше ауқымды, олар заңда  көрсетілген шекте әртүрлі мәлімелер  жасай береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі  кәмелетке толмағандар басқалай  мәлімелерді, яғни мәлімелерді  ата-анасының, асырып алушыларының  немесе қорғаншыларының келісімімен  жасайды.            

 Біздің  білуіміз бойынша тұлғаның екі  категорисы бар. Құқық субъектілері  – ең алдымен адамдар ( жеке  тұлға). Әрбір адам – құқық  субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің  басқа да категориясының барлығы  мәлім. Бұл – ұжымдар, тоып  жатқан ұйымдар және т.б. құқық  пен міндеттердің иелері.   

Қолданылған әдебиеттер.

    1.      Қазақстан Республикасының азаматтық құқықғы, авторы – Ғазиз Төлеуғалиев, Алматы, 2001 жыл.

Құқық қатынастарына  қатысушылардын азаматтық құқықтары  мен міндеттері болады, олар құқық  қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық кодекстік 1-бабын-да азаматтық зандармен реттелетін қатьшастардын қатысушылары азаматтар, занды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік -аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген. 
Азаматтық құкық қатынастарының субъектідері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі — Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген. 
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Азаматтық кодекстің маңызды жаналығы болып табылады. Көсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау (Азаматтық кодекстін 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық кодекстін 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және басқалар келтірілген. 2 Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыба алады. Шетеддіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Ресрубликасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы). Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т.б. бар. 
«Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы). 
Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт режимін немесе ұлттың режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге асыруға байланысты телемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және басқалар енгізіледі. 
Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстін 33-бабында айтылған занды тұлға анықтамасыңан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтык құқық қатынастарына қатысуының бола алмайтыны көрінеді. 
Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі. 
Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік занды тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап еткен жөн. Атап айтканда, сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы ретіндегі қызметіне тыйым салынады. 
Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқык қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматгық заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер белгіленген. 
Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтың құқық қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда жалпы (субъектілердің барлық санатгарына қолданылатын) нормалармен қатар, субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр жағдайлардың тоғысуы салдарынан жасалған мәміленің (Кіріптарлық мәміле) шын екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген. 
Азаматтардың құқық қабілетгілігі. 
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі — азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады. 
Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол — азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі. 
Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей мойындалады. 
Азаматтық кұқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азрматтық зандарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Азамат-тық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кеңш тоқтатылады. Сонымен бірге занда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық Кодекстің (негізгі белім) 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қальш, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей! тең үлеске тиесілі. 
Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меңшік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында" еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйымсалынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға,.— ғылым, әдебибт және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.  
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.  
Азаматтардың әрекет қабітеттілігі құқық субъектілігінің екінші элемеітті болып табылғаңдықтан оған төмеңдегідей шықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімең азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (Азаматтық Кодекстің 17-ші бабы). 
Азаматтық әрекет қабілеттілігінін маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесіңде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесіңде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдзр жасау және-олар үшін жауап беру ғана түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зияңды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.  
Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлеміңде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Он сегіз жасқа толғаңнан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады. 
Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады. 
Әрекет қабілеттілігің шектеудің екі түрі бар: 1. Әрекет кабілеттілігін табиғи түрде шектеу; 2. Әрекет қабілеттілігін сот орыңдарының шешімі негізінде шектеу. 
Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты. Сөйтіп, азаматтық құқық теориясыңда қалыптасқан ережелерге байланысты әрекет қабілеттілігін үш түрге белуге болады. Толық жартылай (ішінара) және шектеулі әрекет қабілеттілігі. 
Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі туралы жоғарыда айтылып кеткендіктен, оған тағы қайтып оралудың қажеті жоқ. 
Азаматтық кодекстің 23-ші бабы атап көрсеткендей. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, бір заң құжаттары өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаштылары жасайды.

Информация о работе Азаматтың құқықтық қабілеттері