Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:56, лекция

Описание

Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.
Негізгі ұғымдар:
Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.
Windows – IBM PC платформалы ко

Работа состоит из  1 файл

Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы .doc

— 2.59 Мб (Скачать документ)

Негізгі ұғымдар:

Деректер базасын жасаушы (разработчик БД) кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізеді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін  деректер базасын жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.

Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк  іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы  өрістерге деректерді енгізгенде деректер  автоматты түрде деректер базасының  кестелеріне толтырылады.

Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көру үшін) экранның арнаулы  пішімі (формат)  болып табылады. Пішін  деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға  мүмкіндік береді.

Access-тің басқа да  объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде  бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).

Деректер  базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар: кесте режимінде  немесе форма режимінде.

 

Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:

  1. Конструктор -  пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.
  2. Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access  диалог  режимінде қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде жасайды.  Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор режимінде түзетуге болады.
  3. Автопішіндер (Автоформы) - пішін шеберінің жеке жағдайы болып табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін автоматты түрде жасайды.
  4. Диаграмма - диаграммасы бар  пішінді жасайды  жасайды.
  5. Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің корытынды кестесі бар форманы  жасайды.



Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу.  Кестеге деректерді енгізу.

1. Пішін  шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.

а) Пәндер пішінін жасау үшін:

    • Деректер қоры терезесінде Формы бөлімін таңдап, Создать батырмасын басыңыз.
    • Ашылған Новая форма атты сұхбат (диалогтық) терезесінде Мастер форм пунктін таңдаңыз.
    • Терезенің төменгі жағындағы тізімдегі  тілше      батырмасын басып пайда болған тізімнен Пәндер кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз.
    • Ашылған терезеден пішінге орналастыратын өрістерді таңдаңыз. Бұл жаттығуда барлық өрістер қажет, сондықтан  
      алдымен , одан соң Далее батырмаларын басыңыз.
    • Енді пішіннің сыртқы түрін – кестелік (табличный) етіп беріңіз. Далее батырмасын басыңыз.
    • Өзіңіз қалаған стиль түрін таңдап, тағы да Далее батырмасын басыңыз.
    • Пішінге Пәндер деп ат беріп, Готово батырмасын басыңыз.
  1. Жасалынған пішінді 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Сақтап, пішінді жабыңыз.

1- кесте.

 

Пән коды

Пән аты

1

Информатика

2

Математика

3

Физика

4

Экономика


2.  Кесте режимінде Оқытушылар кестесін толтыру керек. Ол үшін:

  • Деректер базасының терезесінде Таблицы  бөліміндегі өздеріңіз алдыңғы зертханалық жұмыста құрылымын жасаған Оқытушылар кестесін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп (немесе кестенің атын белгілеп,Enter  пернесін басып) ашыңыз.
  • Пән коды өрісін 8- кестедегідей етіп толтырыңыз. Кестені сақтап, жабыңыз.

3.   Автопішін көмегімен пішін режимінде  Студенттер кестесін толтыру керек.

  1. Для создания формы Студенттер пішінін жасау үшін:
    • Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;
    • Ашылған терезенің төменгі жағынан Студенттер кестесін таңдаңыз.   
    • Автопішін (Автоформа) пунктінен: ленталық (ленточная) түрін белгілеп, <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде деректер енгізілетін пішін жасалынды.
  2. Студенттер кестесін 2- кестеге сәйкес пішін көмегімен толтырыңыз. 2- кесте.

Студент коды

Фамилиясы

Аты

Әкесінің  аты

Топ

Телефон

Сти-пендия

1

Арбузов

Николай

Николаевич

Ф-15

260-15-63

Иә

2

Киршин

Петр

Валерьевич

Ф-15

110-67-82

Иә

3

Кривинский

Сергей

Николаевич

Ф-17

172-97-21

Жоқ

4

Крылова

Елена

Петровна

Ф-18

130-31-87

Иә

5

Кульчий

Григорий

Викторович

Мн-12

269-53-75

Иә

6

Патрикеев

Олег

Борисович

Ф-17

234-11-63

Жоқ


 

  1. Пішінге Студенттер деген ат беріп сақтап, пішінді жабыңыз.
    1. Конструктор арқылы пішін жасау.

Осы тәсілмен Бағалар пішінін жасап үйренейік. Ол үшін:

  • Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;
  • Ашылған Новая форма сұхбат терезесінен Конструктор режимін таңдаңыз. Пайда болған терезеден Бағалар кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Осы кестенің негізінде пішін жасалынады.
  • Экранға Конструктор режиміндегі пішіннің терезесі шығады. Саймандар панеліндегі Список полей (өрістер тізімі) батырмасын басыңыз. Ctrl клавишасын сол қолыңызбен жібермей басып отырып барлық өрістерді белгілеңіз. Бұл өрістерді тышқанның сол жағын басқан күйі деректер облысына (область данных) жылжытып алып барыңыз.
  • өрістер тізімі терезесін жабыңыз. Енді элементтерді пішіннің алаңына қалаңызша ыңғайлы орналастырыңыз.
  • Студент коды өрісіндегі текстің өлшемін 18 деп беріңіз. Жазбаның өлшеміне сәйкес элементтің өлшемін ұлғайту үшін Формат – размер - по размеру данных командасын орындаңыз. Пішіндіе Бағалар деген атпен сақтап, жабыңыз.
  1. Деректер базасының терезесінде Бағалар деген пішін пайда болды. Осы пішіннің атына тышқан курсорын апарып екі рет шертіңіз.  Ашылған пішін терезесінде Бағалар кестесін төмендегі 3-кестеге сәйкес толтырыңыз.

                          3- кесте.

Студент коды

Пән коды

Бағалар

1

1

4

1

2

5

1

3

4

1

4

4

2

1

5

2

2

5

2

3

4

2

4

4

3

1

3

3

2

5

3

3

4

3

4

3

4

1

4

4

2

4

4

3

5

4

4

4

5

1

5

5

2

5

5

3

5

5

4

5

6

1

5

6

2

4

6

3

5

6

4

4


5.   Конструктор режимінде элементтер панелінің көмегімен заставка түріндегі пішінді өз бетіңізбен жасап көріңіз. Бұл пішінде өздеріңіз жасаған бар жасалынған пішіндерді ашатын батырмалар орналасады.

Өздік жұмыс  тапсырмалары:

  1. Үш кестеден: «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын алдыңғы зертхана жұмысында өзіңіз жасаған «Музыкалық альбом» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.
  2. Үш кестеден: «Дәрігер», «Пациент», «Бөлімшелер» тұратын «Емхана» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.
  3. Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.
  4. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.
  5. Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Пішін (форма) дегеніміз не?
  2. Пішінді жасаудың қандай тәсілдері бар?
  3. Автоформа дегеніміз не?
  4. Батырмалық пішінді (Кнопочная форма) қалай жасауға болады?
  5. Кестені толтырудың қандай тәсілдері бар?

 

зертханалық жұмыс №19

Тақырыбы:    «Сұратуларды жасау»

 

Мақсаты: Microsoft Access  деректер базасын басқару жүйесінің объектілерінің бірі сұратумен,оның түрлерімен және сұратуды құру жолдарымен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

Сұратулар. Сұрату – бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту құралы. Сұрату көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты)  арналған деректер көзі ретінде қолданылады.

Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:

  • Конструктор сұратудың кех келген типін өз өалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді.
  • Қарапайым сұрату Сұрату шебері (Мастер запросов) белгілі бір кестелердің өрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама  (выборка) жасауға мұмкіндік береді
  • Айқастырылған сұрату (Перекрестные запросы) құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұрату статистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған кесте түрінде топтайды.  
  • Қайталанатын жазбалар  қарапайым кестедегі немесе сұратудағы қайталанатын жазбаларды іздеуге сұрату жасайды. Ал Записи без подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұрату жасалынады.  Мұндай сұрату көп кестелік деректер базасында қолданылады.

Сұрату типтері:

Таңдама

(Выборка)

Бір немесе бірнеше кестедегі  әртүрлі деректерді біріктіру қажет  болған жағдайда әртүрлі кестелерден  деректерге таңдама жасау үшін қолданылады.

Жаңарту

(Обновление)

Бір сұратудың көмегімен  бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады.

Қосу

(Добавление)

Бұрыннан бар кестеге  басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады.

Жою

(Удаление)

Қажетті жазбаларды бір  мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына  (целостность) нұқсан келмеу керек.

Айқастырылған

(Перекрестный)

Айқастырылған сұратулар  —бұл  деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.

Кесте жасау

(Создание

таблицы)

Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап,  іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады.  Жаңа кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.


Сұратулардағы есептеулер

Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті есептелетін өріс (вычисляемое поле) деп атайды.  Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы (базалық) кестелерде мұндай өріс жасалындайды және кестенің қарапайым сұратуында өзгертілмейді. Сұрату арқылы деректер базасына қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап, нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы (исходные) кестелер барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады.

Формулада квадрат жақшаға алынған  есептеуге қатысатын өріс аттары мен математикалық операциялардыі таңбалары  жазылады.  Мысалы:

Нәтиже : [Гол] / [Ойын]

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу.  «Сұратуларды жасау және қолдану»

  1. Оқытушылар кестесінің негізінде Фамилия, Аты, Әкесінің аты және Қызметі өрістері  көрсетілетін таңдамаға қарапайым сұрату жасау.

    а)   қарапайым сұрату жасау үшін:

  • Деректер базасының терезесінде Запросы бөліміне өтіңіз;
  • Ашылған терезеде <Создать>батырмасын басыңыз;
  • Пайда болған «Новый запрос» терезесінен Простой запрос пунктін белгілеп <ОК> басыңыз;
  • Пайда болған терезедегі Таблицы/запросы жолынан Оқытушылар кестесін таңдаңыз (егер басқа кестелер мен сұратулар жасалынбаса, ашылған тізімде тек осы кестенің аты ғана тұрады);
  • в окне «Доступные поля» терезесінде Фамилия жолын белгілеп, . батырмасын шертсеңіз Фамилия сөзі «Выбранные поля» терезесіне тауысады; 
  • осылайша «Выбранные поля» терезесіне «Аты», «Әкесінің аты», «Қызметі» өрістерін ауыстырыңыз. (Мұнда ауыстыру реті (порядок) маңызды, соған сәйкес деректер көрсетіледі);
  • <Далее> батырмасын басыңыз;
  • Задайте имя запроса параметрінің жолында жаңадан Оқытушылар қызметі деп ат беріңіз;
  • <Готово> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранға сұрату нәтижелерінің кестесі шығады.

Информация о работе Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы