Есте сақтауды дамыту жаттығулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:34, лекция

Описание

Сабақтың мақсаты: Есту, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқу- тәрбиенің міндеттері: Есте сақтаудың түрлерін қиял мен зейінді қалыптастыру. Жалпы оқу икемдігі мен дағдыны қалыптастыру. Жаңа шешімдер іздеу, қажетті нәтижеге жету қабілеттерін шыңдау. Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.

Работа состоит из  1 файл

Сабақтың тақырыбы.docx

— 16.35 Кб (Скачать документ)

Сабақтың тақырыбы: Есте сақтауды дамыту жаттығулары.

Сабақтың мақсаты: Есту, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Оқу- тәрбиенің  міндеттері: Есте сақтаудың түрлерін қиял мен зейінді қалыптастыру.Жалпы оқу икемдігі мен дағдыны қалыптастыру. Жаңа шешімдер іздеу, қажетті нәтижеге жету қабілеттерін шыңдау. Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО және АКТ технологиялары.

Көрнекіліктері: түсті беттер, тіс пастасы, слайдтар, карточкалар, ұялы телефон,

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:

  • Амандасу: «Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенің»
  • Аутотренинг: «Мен бәрін орындай аламын»

Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рахмет.

Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рахмет.

Мен барлық жерге барамын, сол үшін аяқтарыма рахмет.

Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін қолдарыма рахмет.

Мен барлығын білемін , сол  үшін басыма рахмет. 

 

 

 

2.Қызығушылықты  ояту кезеңі:

Сынпты  үш топқа бөлу үшін жұмбақ жасыру. Шеуін тапқан топтарға атауы беріледі.

1)Мейлі қалай лақтыр. 2)Қанаты  бар ұша алмас.

Жерге тимес арқасы. Құрлықта қаша алмас.

Төртаяқпен тақ тұр.

3) Тегі- тышқан,

Өзі –құстан.

Күндіз ұйықтап,

Түнде ұшқан.

Бірінші топ__________ Екінші топ_____________ Үшінші топ__________

Миға  шабуыл: Ой қозғау сұрақтары: Блум таксономиясы бойынша жалпақ сұрақтар.

  1. Мен сендерге не қойып тұрмын ?
  2. Бауырсақ ертегісіндегі басты кейіпкер кім?
  3. Қызыл түске жақын түс?
  4. Қасыңда отырған саған бала кім болады?
  5. Екі жағы тұйықталған түзу сызық?
  6. Үлкенге құрмет, кішіге ……..?
  7. Пима, шұлық, етік, бәтеңке.Бір сөзбен не деп атайды?
  8. Өте жақсы оқитын оқушыны кім деп атайды?

Сабақтын  тақырыбын, мақсатын баяндау. – Балала, сендер газет, журнал оқисыңдарма? – Ал, сендер «Ералаш», «Сиқырла әліппе», «Балапан» деген теле – журналдарды көресіңдер ме? Олай болса, бүгінгі логика сабағымыз теле – журнал түрінде өтеді. Біз бүгін кітаптан емес осы теле- журналдан оқып үйренеміз. Олай болса теле – журналдың беттерін тезірек ашайық! «Ой қиял» журналы 3- сынаптарға арналған. (1- слайд) Тақырыбы. Есте сақтауды дамыту жаттығулары.(2- слайд)

Мазмұны:

  1. Сурет – бейнелеу айдары
  2. Ауызша есептеу айдары.
  3. Топпен жұмыс айдары.
  4. Көңілді үзіліс айдары.
  5. Математикалық диктант айдары.
  6. Мультимедия айдары
  7. Журнал шебершанасы
  8. Пайдалы кеңес айдары.

3.Мағынаны  тану кезеңі: Сурет – бейнелеу айдары тапсырмасы: Суретшінің қатесін тап!

«Тікелей эфир» ойыны. Ауызша есептеу. –Алло, _______________болама? Сізді мазалап тұрған 3 – сыныптарға арналған «Ой қиял» журналының студияиясы. Сәлеметсізбе сіз тікелей эфирдесіз.Сізге  сұрағымыз бар, 3 жерде 7 неше? 8 жерде 4 неше? т.с.с

Топпен жұмыс айдары тапсырмасы: «Логикалық есептер»

1- топ есебі:

18 вафлиді тірелкелерге  былай салған: Біріншісіне – 4, екіншісіне -5, үшіншісіне -2, төртіншісіне -7. Осы тәрелкелерді екі үстелге  қойғанда, бір үстелде екінші  үстелден екі есе көп вафли  болу керек. Сонда тарелкелерді  қалай қоясыңдар?

2 – топ есебі:

Қасқыр, түлкі, аю үш үйде тұрыпты. Біріншісі – үлкен терезесі бар  ақ үйде тұрады, екіншісі – үлкен  терезесі бар сұр үйде тұрады, ал, үшіншісі – кішкентай терезесі бар  сұр үйде тұрады. Қасқыр мен түлкі  үлкен терезесі бар бар үйде тұрады, ал қасқыр мен аю сұр үйде тұрады. Кім қандай үйде тұратынын табыңдар?

3 – топ есебі:

Қыздар үш- қара, сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап көтеріп  тұр. Қыздардың есімдері мынадай: Қарақыз, Сарықыз, Аққыз. Бірақ бірде –  бір қыз өзімен аттас мысықты  ұстап тұрған жоқ. Аққыз қасындағы  құрбысы ұстап тұрған кара мысыққа  қарап тұр. Кім қандай мысықты  ұстап тұрғанын табыңдар?

Сергіту сәті: Көңілді  үзіліс

3. Ой толғаныс кезеңі: Математикалық диктант айдары. «Ия жоқ» диктанты.

  1. 24 ді 3 ке бөлгенде 8 шыға ма? Ия
  2. 1 см 1дм- дан ұзын ба? Жоқ
  3. 2 үйрек пен 2 бұзаудың аяқтарының саны тең ба? Жоқ
  4. Аптаның 7- ші күні бейсенбі ма? Ия
  5. Отансыз адам ормансыз бұлбұл ма? Ия
  6. Пойызда 10 вагон бар. Бауыржан басынан санағанда 5 – вагонда отыр, ал Ұлан аяғынан санағанда 5 – вагонда отыр.

Мультимедия айдарының тапсырмалары: 1 Видео сұрақ (логикалық есеп)

Журнал шебершанасы: Таратылып  берілген беттерге алдарыңдағы тіс пастасының көмегімен геометриялық фигуралары бар заттар салуларың керек. Ол заттар топтарыңның атына сай болу керек. Мысалы 1- топ құс бейнесін жасаса, 2 –жануарлардың пішінін….  

 

Пайдалы кеңес айдары. Журнал кеңесіне құлақ асып, көзге арналған жаттығулар жасату.

4 Қорытындылау. Сабақты бекіту.


Информация о работе Есте сақтауды дамыту жаттығулары