Шағын және орта бизнесті дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:24, реферат

Описание

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2010 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 27% - ды құрады, ал 2011 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 30 % - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................2
1. Шағын және орта бизнес түсінігі................................................................3
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ................................................4.
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары .................................................5
3. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары...................................................................................................11
Қорытынды.......................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер................................................................................15

Работа состоит из  1 файл

шоб.doc

— 200.50 Кб (Скачать документ)

                                 Мазмұны

 

Кіріспе................................................................................................................2

 

1. Шағын және орта бизнес түсінігі................................................................3

1.2 Қазақстан экономикасындағы  шағын және орта бизнестің  рөлі ............................................................................

2. тарау. ҚР  шағын  және  орта  бизнестің  даму  тенденциялары  .................................................................................................5

3. ҚР – дағы шағын  және орта  кәсіпкерлікті  дамыту проблемалары...................................................................................................11

 

Қорытынды.......................................................................................................14

Қолданылған  әдебиеттер................................................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К і р і с п е

 

Соңғы  жылдары   шағын  және  орта  бизнес  Қазақстан  Республикасының  экономикасындағы  ролі  артып  келе  жатыр. 2010 жылы Қазақстандағы шағын  және  орта бизнес  секторымен  өндірілген  жиынтық  өнімдердің  ЖІӨ - ге қатынасы  27%  - ды құрады, ал 2011 жылы осы сектор   субъектілерінің  бұл  макроэкономикалық   индикаторындағы   үлесі  30 % - дан астам шамаға  жетті. Осы статистикалық  мәліметтер  көрсетіп  отырғандай  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  секторының қазақстан  экономикасындағы  маңыздылығы  барған  сайын салмақты  болып  келеді.  2012 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының  болжамды  көсеткіш  деңгейі 40% (бұл көрсеткіш бағдар  ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында  қарастырылып, бекітілген).

Бәрімізге мәлім  кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің  елімізде  қалыптаса қойған  жоқ.  Сондай – ақ жоғарыдағы  үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің  экономикасымен салыстырғанда   мардымсыз  болып  табылады. Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  проблемаларына  байланысты.

Сондықтан   осы  ғылыми  жұмыстың  өзектілігі  жоғарыда  аталған  әртүрлі  аспектідегі проблемаларды  және  оларды  шешу  жолдарын  зерттеумен  анықталады.

Сонымен  қатар  шағын  жәнеи орта  бизнес  секторының  бүкіл  әлемдік  сауда  ұйымына (БСҰ) кіруіне  байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру  жұмысының өзектілігін анықтайды.

Халықаралық  сыртқы  ортаға  қатысты  бүкіл  потенциялды  қиындық  қазіргі  кезде  өте  белсенді  талқылануының  себебі, шағын  және  орта  бизнестің  тек  қана ішкі  рынокқа  бағдарлануына   байланысты  бәсекелік  қабілеттің  төмендігінде.  Сондықтан егер  біздің  еліміз БСҰ – ына кірсе, онда  осы  сектордың  елімізде  экономикамызды  әртараптандыруға  мүмкіндігі  болмай  қалады. Осыған орай осы әлемдік  ұйымға  кірер  алдында  осы сектордың  бәсекелік  қабілеттерін  жоғарлатуға  бағытталған. Дамыту  жолдарын зерттеу жоғарыда  аталғандай,  осы  зерттеу  жұмысының  тақырыбының  өзектілігін  баянды  етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Шағын және орта бизнес түсінігі.

 

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион   (XVIII ғ.) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

Кейбіреулері болса, шағын  бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған  деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұның дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Йозеф Шумпетер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.

Сонымен, қазіргі ұрпақ  теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы  пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.

Ірі кәсіпорындар – нарыққа  негізгі өнім шығарушылар болып  табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі  бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде  «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты.  Кәсіпкерлік  пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға  бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ( жалпы бөлім ): « кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады ».

Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік » пен « бизнес » терминдері бірін – бірі алмастыруда. Нақтылап кететін жағдай, « кәсіпкерлік » және   «шағын бизнес» бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың  мотиві ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

 

 

 

 

 

2. ҚР – дағы шағын  және  орта  бизнестің даму  тенденциялары.

Бұл  сұрақта Қазақстандық  кіші  және  орта  кәсіпкерліктің  қазіргі  кезедегі  мен  соңғы  жылдардағы  жағдайы  қарастырылады.

Дамыған  индустриалды  мемлекеттерде  шағын  бизнестің  өзі  ғана  жалпы  ішкі  өнімнің 50% - дан астамын  алады. Біздің  елімізде болса, шағын   бизнесті  және  оған  орта  бизнесті  қосқанның  өзінде  олардың ЖІӨ - гі сыбағалы  үлесі 40% - дан аспайды.  Мәселен, 2010 жылдың  нәтижелері  бойынша еліміздегі  шағын және  орта  бизнес  субъектілерінің  жалпы іші өнімдегі  үлесі 27%  болды,  ал  2011 жылы бұл пайыздық  қатынас 30% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер  осы сектордың ұлттық  экономикасындағы  елеулі   еместігін  көрсетеді. /1.,2../.

Бірақ  шағын  бизнес  субъектілерінің  елеулігі  бөлшек  сауда  саласында  байқалады. Осы  саладағы  олардың  үлесі 90% - ға жетеді.

Мұндай жағдайдың  қалыптасуын ең  алдымен  осы  сектордың  бәсекелестік  еместік  қабілетімен   байланысты.

Шағын  және   орта  кәсіпкерлік  секторындағы  қалыптасып  отырған  жағдайдың  қандай  екенін  көру  үшін енді статистикалық  мәліметтерді  келтірейік.

Қазақстандық  экономиканың  соңғы  бес жылдағы  қарқынды  өсуі өзінің  бастауын  әлемдік  рыноктардағы  шикізат  ресурстарына  бағалардың шарықтауынан  және  үкіметтің  сауатты  нарық  реформаларды жүргізуінен  алады.  Олардың  нәтижесінде  Қазақстандық  экономикаға  ақша  массасының (мұнай  долларының  түсімінен) қысымы  артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің  елімізде инвестициялау объектілерінің  тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген  тұлғалар  өз  істерін ашуға тырысуда.

Статистика  бойынша  ҚР – сы агенттігінің  мағлұматтары  бойынша  2010 жылғы 1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде  шағын бизнестің 130779  субъектілері  тіркелген. Олардың 71,5%  әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы  осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2010 жылдың 1 қаңтарында  белсенді  кіші  кәсіпорындарының  42,2%  саудаға, автомобильдерді  жөндеуге   және  үй  шаруашылығы  қолдамындағы  өнімдерді  өндіруге  мамандырылған. Ал өнеркәсіптік  бағыттағы  әрекет ететін  белсенді  шағын  кәсіпорындардың  үлесі  12,5% , ал осы  кәсіпорындардың 90,2% өңдеу  бойынша  өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асырады /3./.

Жоғарыда келтіріліп  кеткен  статистикалық  мәлеметтерден  көріп  отырғанымыздай  шағын  бизнес субъектілері  көбінесе  сауда  мен қызмет көрсету  саласында әрекет  етеді. Ол көбінесе  шағын кәсіпорынды ашушылардың бастапқы  капиталдарының  аздығымен байланысты.  Сондай–ақ, өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асыратын  кіші  бизнес  субъектілерінің  аз  үлесі  мемлекеттік  реттеудің  жетілмегендігімен  және құрал – жабдықтармен  технологияларды  импорттауға  кедендік  төлемдердің  ауыртпалығымен   түсіндіріледі.

Одан ары  біз  Қазақстанда  әрекет  ететін  шағын  кәсіпорындардың  салалар  бойынша  ұсынысының  құрылымын  қарастырамыз. Олардың    ұсыныстарының салалар  бойынша  құрылымы  келесі (2.1. кесте)  кестеде  берілген /1/.

2.1.  кесте. Салалар   бойынша кіші  бизнес  субъектілерінің  ұсыныс құрылымы. (01.01.11)14

 

Қызмет  ету  сферасы

Үлесі,  %

Орташа  құны

Сауда

28,9

94300

Аптекалар, формакология

2,5

90100

Ойын - сауық  индустриясы

4,2

527500

Қоғамдық  тағамдану

11,3

240800

Өндіріс

23,1

418300

Ауыл  шаруашылығы

10,0

222100

Сервис  сферасы

19,5

428050

Барлығы

100

288736


 

Келесі  статистикалық  мәліметтерде  біз  шағын бизнестің  сфералары  бойынша  инвесторлардың  артықшылықтарын  беруді  қарастырамыз. Олар  келесі кестеде (2.2)  берілген:

2.2 кесте. Шағын бизнестің сфералары бойынша инвесторлардың  артықшылық  берулері. (2011ж. 1 қаңтар)

 

Қызмет  ету  сферасы

Үлесі, %

Сауда

17,6

Аптекалар, формакология

8,8

Ойын – сауық  индустриясы

5,9

Қоғамдық  тағамдандыру

17,6

Өндіріс

29,4

Ауыл  шаруашылығы

10,0

Сервис  сферасы 

20,6

Барлығы

100


 

Көріп  отырғанымыздай  кіші бизнес субъектілерінің  ұсынысындағы  сауданың алатын сапалық үлесі ең жоғары болып тұр.  Екінші орында өндіріс секторы – 23,1% , ал үшінші сервис секторы  - 19,5%. Төртінші орында қоғамдық тағамдандыру 11,3% - бен алады.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті дамыту жолдары