MS WORD редакторы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 09:56, реферат

Описание

MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.

Работа состоит из  1 файл

MS WORD редакторы.docx

— 39.44 Кб (Скачать документ)
  • Абзацтың бірінші жолымен шегінісі мен шығын қылығы;
  • Жолдардың арасындағы интервал;
  • Абзац алдындағы және соңындағы аралық;
  • Мәтінді сол жағы, оң жағы, ортасы немесе ені бойынша туралау;
  • Табуляция параметрлерін тағайындау, «Табуляция»сұхбат терезесінде жүзеге асырылады.

  Бұл терезені ФорматÞТабуляция командасын таңдау немесе «Абзац» терезесінен «Табуляция» батырмасын басу арқылы ашуға болады.  

  «Форматтау» аспаптар тақтасының құралдары 

  «Форматтау» аспаптар тақтасы абзац форматымен нақты параметрін жылдам өзгертуге  мүмкіндік береді. Ол үшін керекті  абцацты ерекшелеп алып, аспаптар тақтасын керекті батырманы тышқанмен  басу керек. Алайда бұл «форматтау»  аспаптар тақтасын құралдар жиынтығы «Абзац» сұхбат терезесімен салыстырғанда  шектегеулі.

  Аспаптар  тақтасында алғашқы элемент –  Стиль, Қаріп және Қаріп мөлшері өрістерінің оң жақтағы бағыттауыш түріндегі батырмаларды басқанда 3 түрлі ашылатын тізім шығады, олардың ішінен қаріп типтері мен оның мөлшерін таңдап алуға болады. Жартылай қарайтылған, Курсив және Асты сызылған атты батырмалар арқылы жиі пайдаланылатын сызылымдарды тағайындауға мүмкіндік береді. Символдарды тағайындауға жататын соңғы элемент – Түс, Өсі ашылатын тізімнің көмегімен ерекшеленген мәтін фрагменттерінің фонының түсін тағайындай аламыз.

  Форматтау кезінде мәтін фрагментін ерекшелеп, соңынан тиісті батырманы басу арқылы оның керекті параметрлерін тағайындаймыз. Мұндайда тек ерекшеленген фрагменттің  ғана қаріп параметрлері өзгереді, ал қалғандары өзгеріссіз қалады. Осындай  тәсілмен мәтін абзацтарын ерекшелеп  алып, аспаптардың келесі орналасқан элемнттері арқылы олардың сол жақ, оң жақ шеттерін немесе екі шетіне туралап, тақырыптарды ортаға жылжытып та өоя аламыз.

   Егер «Форматтау» аспаптар тақтасы  экранда жоқ болса, оны көрінетін  ету үшін Түр          Аспаптар тақтасы командасын таңдаймыз. Сол сәтте экранға шыққан «Аспаптар тақтасы» сұхбат терезесінде «Форматтау» жалаушасын тағайындап, ОК-ны басу керек.  

Абзацтарды  туралау 

  Жолдың  екі шетінен бірдей туралау жиі  кездесетін форматтау түрі болып  саналады. Мұнда жолдағы сөздердің  арасындағы қашықтықтар бірдей болып  орналасып, мәтін әрбір жолда  ыңғайлы күйде бейнеледі.

   Формат          Абзац         Туралау кмандасы арқылы туралау бүкіл мәтінге қатысты деп есептеліп, жұмыс басында енгізіледі. Ал, мәтін фрагменттері бойынша туралау режимдерін пайдалану аспаптар тақтасы немесе пернелік командамен жұмыс істегеннен гөрі әлдеқайда ыңғайлы.

  Меню  командасы көмегімен режимін  тағайындау үшін келесі әрекеттерді  орындаңыз:

  • Шеттері бойынша туралануға тиіс бір не бірнеше абзацты ерекшелеу. Егер тек бір абзацты туралау қажет болса, курсор сол абзацта тұрса жеткілікті;
  • Формат          Абзац командасын таңдап «Абзац» сұхбат терезтесін ашу қажет;
  • Туралау өрісіндегі батырманы басып, экранды туралау түрлерінің тізімін ашу қажет;
  • Туралау түрлерінің керектісін таңдап, ОК-ны басыңыз;

Аспаптар  панелі батырмаларын қолданып туралау алдымен мәтін фрагментін ерекшелеп, соңынан тиісті әрекетінен тұрады. 

  Көлденең  сызғышты пайдалану 

  Көлденең  сызғыш немесе белдеу абзац шеттерін тағайындаудың барлық түрлерін жүзеге асыра алады,оның үстіне жоғарғы  сызық бойында сол мәндердің  нәтижесі де көрініп тұрады.Қажет  болса,сызғыш бойындағы маркерді керекті  орынға жылжыту арқылы оның жаңа мәнін  енгіземіз.Бұл тәсіл «Абзац» терезесін  ашқаннан гөрі әрі жеңіл,әрі жылдам.Бірақ  маркер арқылы шегіністі өзгерту  дәлдігі – 0,25 см,ал терезе командасы  арқылы өзіміз кез-келген мәнді жылжыта  аламыз.

  Сызғыштың сол жақ,оң жақ шетінде үшбұрыш  тәрізді маркерлер бар,оларды қалыңқылық маркерлері дейді,маркерлердің орнын  ауыстыру тышқан көмегімен жүзеге асырылады.

  Сол жақтағы үшбұрыш түріндегі екі  маркердің жоғарғысы – абзацтың алғашқы жолының сол жақ шетін,ал төменгісі – одан кейінгі жолдардың  сол жақ шетін көрсетіп тұр.Бұл  екеуін сызғыш бойымен бөлек бөлек  орын ауыстырамыз,қажет болса екеуін синхронды (байланысқан) түрде бірге  орын ауыстыруға болады.Ол үшін төменгі  маркердің квадратын курсормен  іліп алып содан кейін қозғау қажет.

  Оң  жақтағы маркер бүкіл абзацтың оң жақ шетін белгілейді. 

  Интервалдар.Абзацтың алдындағы және соңындағы  интервалдарды тағайындау. 

  Әдетте,жолдар арасындағы интервал қаріп биіктігінің 120%-не тең болып алынады.Мысалы,қаріп мөлшері 10 пункт болса,интервал 12 пункт болуы тиіс.Бірақ ол кішірек болса,қағаз тиімді пайдаланылып,оған көбірек мәлімет сияды.

  Абзацтың  алдындағы және соңындағы аралық орнына enter пернесін басып,бос жол  қалдыруға болар еді,бірақ оның мөлшері қажетті шамадан артық  болып кететіндіктен әдейілеп интервал мәнін былай енгізуге болады:

  • ФорматÞАбзац командасын таңдау;
  • «Абзац» сұхбат терезесінің «шегіністер мен интервалдар» парағын ашу керек;
  • Алдында (перед) және артында (после) деген өріс жолдарына керекті сандық мәндерді тағайындау немесе оң жақ шеткі батырманы басып,шыққан сандар тізімінен керектісін таңдау.алдын ала келісім бойынша аралықтар мәні пунктпен (пт) көрсетіледі,оң жақтағы батырманы бір басу оны 6 пунктке үлкейтеді.

      Егер интервал мәндерін басқа  өлшеу бірліктерімен бергіңіз  келсе,керекті өріс жолына сол  өлшеу бірлігінің қысқаша атын  енгізу жеткілікті.Негізінде,жалпы  мәтін үшін СервисÞПараметрлерÞЖалпыÞӨлшеу бірлігі команддаларын орындау арқылы қажетті бірлікті енгізіп,ОК-ны басу керек.WORD редакторында мынадай өлшеу бірліктері қолданылады.

    

        Өлшеу бірліктері

        Сантиметр (см)

        Дюйм (")

        Пика (пк)

  Эквиваленттері

  2,54 см - 1 дюйм

  1 дюйм – 72 пункт – 6 пика

  1 пика – 12 пункт – 0,677 дюйм

        Пункт (пт) 12 пункт – 0,677 дюйм – 1 ст

        Қатар (ст) 1 ст – 12 пункт – 0,677 дюйм 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе MS WORD редакторы