MS WORD редакторы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 09:56, реферат

Описание

MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.

Работа состоит из  1 файл

MS WORD редакторы.docx

— 39.44 Кб (Скачать документ)

  MS WORD редакторы 

  MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.

  Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограммалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.       

    

  WORD редакторын тағайындау, іске қосу және  онымен жұмыс істеуді  аяқтау  

  WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.

  Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:

  1.Басқару  тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының  көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

  2. Программалардың Microsoft Office тобындағы  WORD шартбелгісінде тышқанды екі  рет шерту арқылы.                                                                                        

  3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник)  терезесін пайдалану арқылы.

  4. WORD редакторына дайындалған құжаттың  шартбелгісіне тышқан курсорын  жеткізіп, оны екі рет шерту  арқылы т.б. 

  Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

  - Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

  - WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  - тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол  жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  - редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

  - Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.

  Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.  

  Word редакторына тән қосымша элементтер 

  Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар.

  Қалып күй немесе қалып жолы негізгі терезенің төменгі жағында орналасқан,

  оның  сол жақ бөлігінде теріліп  жатқан құжат жөнінде информация бейнеленеді.

  • стр 5 – теріліп жатқан ағымдағы бет нөмірі,5-бет;
  • разд 1 – ағымдағы бөлім нөмірі,бұл элемент бөлімдерден тқратын Басты құжат үшін ғана қажет;
  • 5/8 – құжаттың басынан есептегенде курсор тұрған орын 5 бетте,ал құжат барлығы 8 беттен тұрады;
  • 15,8 см – курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғары шетіне дейінгі қашықтық;
  • Ст27 – осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі жолдар саны;
  • Кол 1 – осы жолдың басынан курсорға дейінгі символдар саны,табуляция символдары мен бос орындар да есепке алынады.Бұл курсор экранда тұрғанда ғана көрінеді.

  Қалып  жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің  іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар:

  ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді;

  ИСПР - түзетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;

  ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін ( Расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген  мөлшерді кішірейту - Shift + F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату - Esc арқылы орындалады;

  ЗАМ - символдарды ауыстыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне ауысу - режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір пернелік INSERT  пернесін басу арқылы жүргізіледі

  Сонымен, жоғарыдағы командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып  жолына жалғаса орналасқан қажетті  индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын  білген дұрыс.

  Цифорлық  таңбалары бар көлденең және тік  жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін  береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады.      

  Көлденең  орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен:            

    - абзац алдындағы жаңа жол басын;           

   - беттің сол жақ және оң  жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс  бос   орындар ( поле) аумағын;           

   - мәтін аралықтарындағы кесте  бағаналарының енін;           

   - көлденең табуляция позицияларын  өзгертуге, олардың жаңа мәнін  бекітуге болады.

  Тышқан  курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол  абзацқа қатысты екенін естен  шығармаған абзал.

  Ал  енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің  мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен  ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.

  Қарап шығу режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:       

   - кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир – сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды.        

   - беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.        

   - құрылым режимі,  құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны т  үйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей аустыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.

  Аспаптар  тақтасы командалар мен іс - әрікеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені,қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп тұрады.

  Меню  жолының төменгі жағында Стандарты және Форматтау әрікеттерін ғана атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра  әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әр түрлі батырмаларының атқаратын қызметі  жұмыс барысында түсіндіріледі.

  Терезенің негізгі элементінің бірі болып,бірнеше  мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұратын,ашық түске бооялған жұмыс аумағы (рабочая область) болып саналады. 

  Word редакторында құжаттарды  дайындау және  оларды сақтау 

  Жаңа  құжатты даярлау 

  Word іске қосылған соң, экранда  1- құжат деген бос терезе пайда  болады.Құжаттың бұлай аталу себебі Word  п рограммасы  іске кіріскен  кезден бастап,бұл сөздің 1-құжатыңыз  болып саналады.Келесі құжат 2-нөмірлі  онан кейін 3- нөмірлі.т.с.с. болып  әрбір келесі нөмірлі осылай  өсіп отырады.Егер ашылған 1- құжат  жабылса да,осы тереземен жұмыс  істеп отырғанда даярланған келесі  мәтін 2- құжат болып нөмірленеді. 

  Жаңа  құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі  бір шаблонды пайдаланады.Нұсқа  жаңа құжатты форматтау параметрлерін  анықтайды.Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы,парақ айналасындағы  бос қалдыратын өрістер мәні ,табуляция  символдары және т.б. жатады.Нұсқалардың  бұлардан басқа мынадай  элементтері  болуы мүмкін:

  - Мәтін( мысалы,жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);

  - Кестелер (таблицалар);

  - Төртбұрышты жақтаулар (керегелер);

  - Графикалық бейнелер;

  - Кейбір арнайы құралдар және т.б.

  Алдын-ала  келісім бойынша,жаңадан ашылған  құжат «Кәдімгі» нұсқа (Шаблон «Обычный» ) бойынша жасалады.WORDредакторын алғашқы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс,олар:іс-қағаздар,қызмет жазбалары;газет беттері;т.б. типтегі құжат түрлері.Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандартты өріс жолдары (Кімге,Кімнен,Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан,олар әркімнің уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.  
 

  «Құжат  ашу» сұхбат терезесінің  мүмкіндіктері 

  «Құжат  ашу»терезесінің мүмкіндіктері:

  - файл іздеуді жүзеге асыру;

  - мәтіндік құжат ашу ;

  - файлды басқа орынға орналастыру;

  - файлды қиып алу( алмасу буфері арқылы) ;

  - файлдың көшірмесін алу;

  - жарлықты дайындау;

  - файлды жою;

  - файл атын өзгерту;

  - файл қасиеттерін қарап шығу;

  - файлды ашпай-ақ,оны жылдам қарап шығу ;

  - файлдағы мәліметті тек оқу үшін ашу;

  - файлды қағазға басып шығару ;

  - бумадағы файлдарды реттеу.

  «Құжат  ашу» терезесінің басқару тақтасы  батырмаларының  атқаратын қызметтерін  былай суреттеуге болады:

  Бір деңгей жоғары өту – бумалар сатысы мен жоғары бір деңгейде өтуді жүзеге асырады.

  Өз  бумаңды ашу – өзіңнің пайдалануыңа арналған буманы ашады.

  Өз  бумаңа орналастыру – құжатты өз бумаңа орналастырады.

  Майда белгілер – бумалар тізімін олардың шарт белгілері (пиктограммалары) мен атын жазу арқалы бейнелейді.

  Кесте – бумалар тізімі кесте түрінде олардың соңғы өзгертілген мерзімімен бірге бейнеленіледі.

Информация о работе MS WORD редакторы