MS WORD редакторы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 09:56, реферат

Описание

MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.

Работа состоит из  1 файл

MS WORD редакторы.docx

— 39.44 Кб (Скачать документ)

  Қасиеттерін шығару – экранға осы құжат туралы мағлұматтар шығару:дайындалған не өзгертулер енгізілген уақыты,көлемі және т.б.

  Ішкі  мазмұнын шығару – құжатт ыэкранда жылдам қарап шығуды жүзеге асырады.

  Командалар  мен режимдер – оқу,қағазға басу,іздеі,сұрыптау командаларының тізімін ашады.

  Егер  файл туралы кесте көмегімен информация берілеген мәліметтер жеткіліксіз  деп санасаңыз,Қасиеттерін шығару батырмасын басу қажет.Сол кезде берілетін қосымша мәліметтерден іздеп отырған керекті файлыңыз осы екенін немесе (осы емес екенін) анықтай аласыз.

  Ішкі  мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып құжатты ашпай-ақ,оның бас жағын жылдам қарап шығуға болады.Бұл мүмкіндік іздеу жүйесі арқылы ішкі мәтіні ұқсас бірнеше файл тапқанда өте қажет болады.Табылған файлдар ішінен керегін оқи отырып осылай анықтайды.Ішкі мазмұнын шығару батырмасы арқала табылған файлдар мәтіннің бас жағын қарап алып барып,тек керектісін ғана терезеге шығаруға болады. 
 
 

  Құжатты сақтау 

  Файлды  сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау  қажет: 

  1.ФайлÞ... деп сақтау командасын таңдау немесе F12 пернесін басу.

  2.Файл аты деген өріс жолына құжатқа қойылатын атты енгізу,әйтпесе тың ұсынған атын қабылдау.

  3.Буманың   ашылатын тізімінің көмегімен,алдымен  дискіні таңдап ал.Оның аты  жоғарғы кішкене терезеге шығады,ал  төменгі негізгі терезеде сол  дискідегі бумалар тізімі көрінеді.

  4.Бумалар  тізімінен файлды орналастыратын  бума атын белгілеу керек,мысалы  ВООК атын таңдаймыз.Белгіленген  бума аты жсғарғы терезеде  сол буманың ішіне кіретін  басқа бумалар мен файлдар  тізімі тұрады.

  5.Қабаттасқан  ішкі бумалардан да керектісін  таңдап ал,бізге керектісі,мысалы,PROSPECT ішкі бумасы болсын.

  6.Бумалар  деңгейлерін  толық қарастырып  керектісін таңдап алған соң,Сақтау  батырмасын басу қажет.

  7.Мәтіннің  құрамына кіретін және оны  сипаттай алатын  сөз тіркестерін  де енгіземіз,оларды Қасиеттер  сұхбаттасу терезесіне енгізіп,кейіннен  өзгертіп немесе толықтырып қоюға  болады. 
 

  Мәтінді форматтау

Символдарды форматтау 

  Символдарды форматтауға қаріп параметрлерін, символдар аралығындағы бос орындарды, және негізгі жол сызығы бойынша  жоғары не төмен деңгейге жылжыту  мүмкіндіктерін тағайындау жатады. Осы  тәсіл арқылы құжаттағы маңызды  деген элементтерді айқындап алып, олардың параметрлерін өзгертуге  және кейбір символдарды жоғарғы  не төменгі индекс ретінде кішірейтілген  жазба әріптермен бейнелеуді тағайындауға мүмкіндік береді.

  Бұлардан  өзге арнайы қаріптер бар, олар құжатты  көркейтіп, безендіру істерін жандандырады.  

  Қаріптер 

  Қаріптер  ұғымына:

  • Қаріптің типі;
  • Қаріптің мөлшері;
  • Сызылымы(начертание);
  • Түсі;
  • Арнайы эффектілері жатады.

  Әр  түрлі мақсаттарға арналған алуан  түрлі қаріптер бар. Оларды қарастырғанда  кейбір сипатты ерекшеліктерін атап өткен артық болмас.

  Қаріптегі символ мөлшері пункт өлшемі арқылы беріліп жүр, негізі мәтін үшін әдетте 9,10- пункт, тақырыптар – олардан  үлкенірек (12-ден жоғары) өлшеммен, ал ескертулер мен сілтемелерді көрсетуде  – 8-пункт пайдаланылып жүр.  

  Қаріптердің негізгі параметрлерін  тағайындау 

  Форматтау процесі негізінен символдардың қажетті параметрлерін тағайындаудан  тұрады. Енгізілген мәтінді форматтау  ісін жүзеге асырамыз немесе алдымен  оның параметрлерін анықтап, сонан  соң енгізілген мәтінді қойылған талапқа сай орындаймыз.

  Қаріптің  негізгі параметрлерін(тип, өлщемі, сызылымы) формат командасының менюі  «Форматтау» аспаптар тақтасы, пернелік командалар мен контексттік меню жүйелерінің көмегеімен тағайындауға болады.  

  «Қаріп» сұхбаттасу терезін  пайдалану 

  Қаріптермен жұмыс істеуге арналған аспаптардың  толық жиынтығын «Қаріп» сұхбат терезесі ұсынады. Бұл терезе кез  келген қаріп типін таңдауға Word жүйесінде  талап етілетін барлық параметрлерді  тағайындауға мүмкіндік береді.

  Жұмыс процесінде пернелік командалардың,контекстік менюдің және аспаптар тақтасының батырмаларының көмегімен қаріптердің параметрлердің өзгертуге және толықтыруға болады.

    «Қаріп» сұхбат терезесін ашу  үшін мына әрекеттердің бірін  орындау керек: 

  1. Формат          Қаріп командасын таңдау;
  2. Құжаттың жұмыс аймағында тышқанның оң батырмасын басу. Сонда экранда пайда болған контекстік менюден «Қаріп» командасын таңда. Осы әрекеттер нәтижесінде шыққан терезеде екі парақ бар: «Қаріп» және «Интервал». Енді қаріп парағының жолдарын қарап шығайық

    Қаріп – компьютерде орналасқан қаріптер тізімі. Қаріптердің сызылымы мына опциялардан тұрады.

    • Кәдімгі – негізгі мәтін символдары үшін пайдаланылады;
    • Курсив -  сөздерді тақырыптарды айқындау үшін пайдаланылады;
    • Жартылай қалыңдатылған - сөздерді тақырыптарды айқындау үшін пайдаланылады;
    • Жартылай қалыңдатылған курсив – алдыңғы екі түрлі қаріптер комбинациясын бірге пайдалану.
    • Мөлшер – әріптердің мүмкіндік мөлшерінің тізімі
    • Астын сызу мыналардан тұрады: - Жоқ – мәтіннің асты сызылмай бейнеленеді: - Кәдімгі – мәтіннің астын тұтас сызықпен сызу;
    • Тек сөздер – тек сөздердің асты сызылып, сөз арасындағы бос орындар асты сызылмайды;
    • Қоссызық – сөздердің астын қоссызықпен сызу;
    • Пунктирлік – үзбе сызықпен астын сызу;
    • Түс – мәтінді бояйтын мүмкін түстер (Авто,Қара,Қызыл,Сары т.б)тізімі бар;
    • Эффектілер құрамы;
    • Сызылған – мәтін үстінен тұтас түзу сызықпен сызу (түзету кезінде пайдаланылады);
    • Жоғарғы индекс – мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен жоғары көтеріледі;
    • Төменгі индекс  – мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен төмен көтеріледі;
    • Жасырын – мәтін баспаға берілген кезде көрінбейді;
    • Кішірейтілген үлкен әріптер – мәтін әріптері кіші әріптердіғ мөлшерінде үлкен әріптермен жазылады;
    • Алдын-ала келісім бойынша – бұл батырманы бассақ, «Қаріп» терезесіндегі тағайындалған параметрлер бұдан бұлай осы нұсқамен даярланып,барлық құжаттарға келісім бойынша пайдаланылады.

  Өңделіп жатқан мәтіннің кейбір фрагменттерінің  қаріптерінің параметрін өзгертуге  болады. Ол үшін сол керекті фрагментті ерекшелеп,артынын «Қаріп» терезесі көмегімен оның керекті параметрлерін  тағайындаймыз.

  Мұндайда  тек ерекшеленген фрагменттің ғана қаріп параметрлері өзгеріледі,ал қалған мәтін өзгеріссіз қалады. Осындай  тәсілмен тақырыпты немесе мәтін  ішіндегі ескертулерді ерекшелеп олардың  астын сызып немесе қарайтылған  қалың қаріппен айқындап қоюға болады.

  Сонымен Қаріптер сұхбат терезесі арқылы оның параметрлерін өзгерту үшін:

  1. Қаріп форматы өзгертілген мәтін фрагментін ерекшелеу керек
  2. Формат          Қаріп командасын таңдау
  3. Терезенің ішкі «Қаріптер» парағы арқылы қаріп типін,мөлшерін және сызылымын таңдап алу керек.
 
 

    Мәтін астын сызу 

  WORD редакторы мәтіннің астын сызу  тәсілдерінің 4 түрін ұсынады: тек  сөздердің астын сызу, дара сызықпен, қоссызықпен және пунктир(үзік  сызықмен) сызықпен астын сызу.

  Мәтін астын сызу «Қаріп» сұхбат терезесінде  жүргізіледі. Ол үшін асты сызылатын  мәтін фрагментін ерекшелеп, содан  кейін «Астын сызу» өріс жолының  батырмасын баса отырып, экранға шыққан тізімдерге өзімізге қажетті түрін  таңдап аламыз.   

  Абзацтарды  форматтау 

  Кез келген  редактордағы сияқты, WORD жүйесінде  де абзац деп мәтіннің жаңа жолынан  бастап, оның келесі Enter пернесін басу аралығымен шектелген  бөлігін айтады. Абзацты жеке форматтауға болады.

  Оны форматтау кезінде мынадай үғымдарды  пайдаланамыз:

  Шегініс – мәтіннің сол жақ шетінен абзацтың алғашқы жолының басына дейінгі аралық, жай мәтін жолындағы азат жол.

  Абзацтың  бірінші жолы шегініп оң жаққа  ығысумен қатар, нөмірленген тізім  элементтерін көңіл аударарлық ету  үшін немесе библиографиялық әдебиеттер тізімін көрсету кезінде, нөмірлер жолдың сол жақ өрістің шетінен  де асып жазыла береді.  Бұл әрекет ФорматÞ Абзац арқылы орындалады.

  Мәтінді туралау – әрекеттердің мақсатына байланысты 4 түрлі болады:

  • Сол жақ шетке туралау – жай құжат мәтіндерін тергенде қолданылады;
  • Оң  жақ шетке туралау – колонтитулдарда, яғни бөлім тақырыптарын беттердің жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезінде;
  • Жол ортасына қарай туралау – тақырыптарды жазғанда;
  • Екі шетіне жақ туралау – іс-қағаздарын, баспахана материалдарын даярлауға пайдаланады.

  Табуляция – әрбір абзац алдында тұрақты азат жол даярлау үшін және мәтінді бірнеше бағана түрінде кестелеп жазғанда, сол бағаналарға жылдам өту үшін қолданылады.

  Жол арасындағы интервал – жолдардың ара қашықтығын тағайындайды. Бұдан өзге абзац алдында немесе соңында да қашықтығы тұрақты етіп өзгертіп беру мүмкіндігі бар.  
 

  Абзацты форматтау тәсілі 

  Жаңа  құжат дайындалған кезде шаблон параметрі пайдаланылады. Олар жаңа форматтау параметрлерін енгізгенше сақталады. Егер сіз «Кәдімгі» нұсқаны  пайдаланып құжат даярласаңыз, онда келісім бойынша кәдімгі стиль  пайдаланылады. Бұл стиль бойынша  абзац сол жақ шетке қарай  тураланады.

  Абзацты мәтін енгізілген соң немесе оған дейін де форматтай беруге болады. Енгізілген мәтінді форматтау үшін оны ерекшелеу керек. Тек бір  абзацты жеке форматтау үшін, оның алдында курсорды сол абзац ішіне  орналыстырса болғаны.

  WORD редакторы абзацты форматтаудың  мынандай тәсілдерін ұсынады:

  • Формат  Абзац командасы – бір ссұхбат терезесінде абзацты форматтаудың қажетті параметрлерін тағайындайды;
  • Контекстік менюдегі Абзац командасы (тышқанның оң жақ пернесін басқанда) – жабылып алдынғы пунктегі команда әрекетін қайталайды;
  • «Форматтау» аспаптар тақтасы – әр параметрді тағайындау, сәйкес батырма басу арқылы орындалады.Осындай бір әрекетпен бір ғана параметр тағайындалады. Егер сізге форматтаудың бір элементін өзгерту керек болса, бұл тәсіл басқа тәсілдерге қарағанда жылдам жүзеге асырылады;
  • Көлденең белдеу – шегініс пен табуляция позициялары тағайындалған пайдаланылпды;
  • Пернелік - «Форматтау» аспаптар тақтасы батырмалары секілді формат параметрлерін бірін жылдам өзгерте алады;
 
 
 

    Формат  менюінің немесе контекстік менюі Абзац командасы 

   Форматтаудың бірнеше параметрлерін  тағайындау үшін (Абзац) сұхбат терезесін  пайдаланған жөн. Бұл терезені ашу  үшін формат менюіне немесе контекстіік  менюіне Формат         Абзац командасын таңдау қажет.

  Мысалы, осы команданы «Шегіністер» мен  «Интервалдар» деп аталатын парағы форматтың төмендегідей абзац параметрлері тағайындауға мүмкіндік береді:

Информация о работе MS WORD редакторы