АЖ функционалдық талабының спецификациясы – процестік ағындық модель
Лекция, 18 Февраля 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Жобаланатын АЖ құру талаптары компанияны статикалық және динамикалық суреттеу негізінде құрылады. Компанияның статикалық суреттелуі функционалды үлгі деңгейінде өткізіледі және бизнес-потенциалдың сипатталуынан, функционалдан, сәйкес жауапкершілік матрицаларынан тұрады.
Содержание
1. Процестік ағымдық үлгілер
2. Бизнес-процестің референтті үлгісі
3. Кәсiпорындарды жобалаудың адындағы тексеруден өткiзу
Работа состоит из 1 файл
6 – Лекция. Процестік ағындық модель.doc
— 192.00 Кб (Скачать документ)6
– Лекция. АЖ функционалдық
талабының спецификациясы
– процестік ағындық
модель.
- Процестік ағымдық үлгілер
- Бизнес-процестің референтті үлгісі
- Кәсiпорындарды жобалаудың адындағы тексеруден өткiзу
Процестік ағымдық үлгілер
Жобаланатын АЖ құру талаптары компанияны статикалық және динамикалық суреттеу негізінде құрылады. Компанияның статикалық суреттелуі функционалды үлгі деңгейінде өткізіледі және бизнес-потенциалдың сипатталуынан, функционалдан, сәйкес жауапкершілік матрицаларынан тұрады.
Бизнес-үлгінің ары қарай дамуы (бөлшктенуі) процестік ағындық үлгiлер деңгейінде компанияны динамикалық түрде сипаттау кезеңіңде болады.
Процестік ағындық үлгiлер — бұл қандай да бір бизнес-қызметті немесе менеджмент қызметін жүзеге асыру барасында компаниядағы материалдық және ақпараттық ағындарды уақыт бойынша бірізді түрлендіру процесін сипаттайтын үлгілер. Ең жоғарғы деңгейде процеске қатысушылардың өзара әрекеттесу логикасы, ал ең төменгісінде - жеке мамандардың өздерінің жұмыс орындарындағы жұмыс технологиясы сипатталады.
Процестік ағындық үлгiлер кім - не - қалай - кімге деген сұрақтарға жауап береді.
Экономиканың
қазіргі заманғы жағдайы
Функционалды тәсілдің маңызды кемшіліктері болып табылады:
- жұмыстың орындалу технологиясының жеке үзінділерге бөлінуі кейде өзара байланыспайды, олар бөлімшенің әртүрлі құрылымымен орындалады;
- жұмыстың орындалу технологиясының бүтін сипатталудың болмауы;
- нақты қызмет немесе тауар өндіретін ең оңай есептердi технологиямен байланыстырудың қиындығы;
- соңғы нәтижеге жауапкершіліктің болмауы;
- келісім шығындарының көптігі, өзара әрекеттесуді түзету, бақылау және т.б;
- клиентке бағыттылықты болмауы.
Процесті тәсіл барлық құрылымды элементтердің қызметтерін байланыстыратын жеке құрылымды элементтерді басқарудан акценттерді өтетін бизнес-процестерді басқаруға жылжытады деп ұйғарады. Әрбір iскер процес бөлімшелер қатарымен жүреді, яғни оның орындалуына компанияның әр түрлі бөлімдерінің мамандары қатысады. Көбінесе процестерді ешкім басқармайды, тек бөлімдерді басқаратын жағдайлармен соқтығысуға тура келеді. Керiсiнше, компания құрылымы қажет қызметтерді қамтамасыз ететін iскер процестердiң ықшамдау мүмкiндiктерін есепке алмай жасалады. Процесті тәсіл жұмыста үзінділікті түзетуге, ұйымдастыру және ақпараттық ажырату, қайталау, қаржылық, материалдық және кадрлық ресурстарды рационалды емес түрде пайдалануға мүмкіндік береді.
Процесті
тәсіл кәсіпорынның ұйымдастыру қызметін
болжайды:
- орындаушыларға кең өкiлеттiктi және жауапкершiлiк табыс ету;
- шешiм қабылдаудың деңгейлерін қысқарту;
- мақсатты басқару қағидасының еңбек ұйымы тобымен үйлесімі;
- сапаны қамтамасыз ету басты назар аудару;
- бизнес-процесті орындау технологиясын автоматтандыру.
«Основные Положения и Словарь — ИСО/ОПМС 9000:2000» стандартына сәйкес (п. 2.4) «Процесті тәсіл» түсінігі төмендегідей анықталады:
«Кіру және шығуларды түрлендіру үшін ресурстарды қолданатын кез-келген қызмет немесе қызмет кешені процесс ретінде қарастырылуы мүмкін. Нәтижелi жұмыс iстеу үшін ұйымдар көп рет өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін процестерді анықтауы және басқаруы керек. Бір процестің шығуы жиі тiкелей келесі кiрудi құрастырады. Жүйелік теңестіру және ұйыммен қолданылатын процесстердiң менеджментi, және әсіресе мұндай процестердің өзара әрекеттесуі «процесті тәсіл» болып саналуы мүмкін.
Процесті тәсілдің негізгі принципі қызметке және кәсіпорыннның оның ұйымдастыру - штаттық құрылымымен сәйкес емес, бизнес-процесіне сәйкес бизнес–жүйенің құрылымдалуын анықтайды. Тұтынушылар үшін елеулі нәтижелерді қамтамасыз ететін нақ бизнес-процестерАЖ жобалайтын мамандар үшін де құндылықтарды ұсынады. Компанияның процесті үлгісі келесі жағдайларды есепке ала отырып жасалуы керек:
- Үлгінің жоғарғы деңгейі тек диаграмманың мәнмәтінін қамтып көрсетуi керек – моделденетін кәсiпорынның жалғыз контекстiк процес арқылы сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуі.
- Екінші деңгейде тақырып арқылы топтастырылған кәсiпорынның бизнес-процестері және олардың өзара байланысулары қамтып көрсетілуi керек.
- Қызметтің әрқайсысы бизнес-процестерге бөлінуі керек.
- Бизнес-процестердің бөлінуі бизнес –функциялар арқылы жүзеге асырылады.
- қарапайым бизнес–операцияның суреттелуі миниспецификациялардың көмегімен іске асырылады.
Процесті тәсіл кешенді ұйым өмірінің әр түрлі жақтарын меңгеруді — ұйымдық құрылымның құқықтық негіздерін және қызмет ету ережелерін, функциялар мен олардың орындалу нәтижелерінің көрсеткіштерін, ұйымдық мәдениеттің интерфейстерін, жабдықтау ресурстарын талап етеді. Талдау нәтижесінде қызмет «дәл солай» үлгісі құрылады. Әр түрлі аналитикалық әдістердің көмегімен бұл үлгінің өңделуі iскер процесстердің қаншалықты тиiмдi екенін тексеруге мүмкіндік береді, сонымен бірге сол немесе басқа операция қоғамдық маңызды соңғы нәтижеге бағытталған немесе артық бюрократтық процедура болып табыла ма екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Iскер
процесстерді талдлау кезінде
мекеме бөлiмшелерiнiң
Алайда таза «процесті компания» жұмысты дұрыс ұйымдастыруды иллюстрациясы болып табылады. Шындығында компанияның барлық бизнес-процестері функционалдық құзыреттiлiктерді және қатынастарды сипаттайтын кәсіпорынның ұйымдық құрылымдар шеңберiнде жылжиды.
Компанияның барлық ағымдағы қызметін басқару екі бағытта жүргізіледі — операцияларға бөлінген, бiр iзге салынған бизнес- процесстерлердi жиындарын қолдайтын функционалды аймақтарды басқару және интеграцияланған бизнес-процестерді басқару. Оның жұмысы тұтынушылардың жедел тапсырыстарды да және ұйымның өзiнің глобалдi жобаларын да орындауы үшiн бiр iзді процестердiң маршрутизациялау және үйлестiрілу болып табылады (6.1-сурет).
6.1-сурет. Компания қызметін басқарудың
сұлбасы
Iс
жүзiнде ұйымдастырылған
Процесті тәсілдің негізгі элементтері
Процесті тәсіл шеңберінде кез-келген кәсіпорын бизнес-жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйе байланысқан бизнес-процестер жиыны, өнім шығарылымы немесе қызмет болып табылатын қорытынды мақсат болып табылады.
Бизнес-процестің ретінде нәтиже құратын, тұтынушы үшін бағалылығы бар әр түрлi қызмет түрлерiнiң жиынтығы түсініледі. Бизнес-процесс – бұл жұмыс тізбегі (қызметтер), ол қандай да бір өнім немесе қызметтің нәтижесі болып табылады.
Әрбір бизнес-процестің өзінің шегі (толығырақ 6,7-лекциялар) және рөлдері болады.
Процесті тәсілде келесідей кілттік рөлдер қолданылады:
Процестің иесі - жалпы процестің жүруіне және нәтижелеріне жауап беретін тұлға. Ол бизнес-процесті білу керек, оның орындалуын бақылап, оның тиiмдiлiгiн жетiлдiру керек. Бизнес-процестің иесінің үйлесiмдiлiгі, құлшынысы болуы керек және адамдарға ықпал ету қабiлеттiлiгі мен өзгеріс енгізу сияқты қасиеттерге ие болуы керек.
Команда көшбасшысы — бизнес-процес туралы білімі және позитивті жеке қасиеттері бар жұмысшы.
Коммуникатор – ұжымды жұмыстың әртүрлі әдістерімен үйрететін, жетекшiмен бiрге мәжiлiстерді дайындайтын және олардың нәтижелерін талдайтын қызметкер.
Процес координаторы – бизнестің барлық бөліктерінің келісімді жұмысына жауап беретін және басқа бизнес-процестермен байланысты қамтамасыз ететін жұмысшы. Координатор административті қабілеттерге ие болуы және кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын түсіне білуі керек.
Команда қатысушылары – иерархияның әр түрлі деңгейлерінің мамандары. Команда қатысушылары кеңесшіден және коммуникатордан әдістемелік жабдықтау және қолдау алады, көшбасшымен бірге бизнес-процеске моделдеу, талдау және бағалау жүргізеді.
Процесті тәсілдің негізгі ерекшеліктерінің бірі команда болып табылады. Процесті командалардың бірнеше түрлері бар:
Жағдайға байланысты команда – әдетте тұрақты негізде жұмыс істейді және периодты түрде қайталанатын жұмысты орындайды.
Виртуалды команда – жаңа өнімді немесе қызметті құрастыру үшін жасалады.
Жағдайға байланысты менеджер – жұмыс көлемін 90%-ға дейін өз бетімен орындай алатын жоғары дәрежелі маман.
Процесті тәсілдің маңызды жұмысы процесті командаларды құрастыру болып табылады. Командаларды дайындау және құрастыру төмендегілерден тұрады:
- оқу курстары;
- әдiстер, әдiстемелердi және т.б. игеру бойынша жаттығу тренингi;
- психологиялық тестіден өткізу;
- жұмыс дағдыларын тестілеу.
Бизнес-процестерді орындау арқылы нақты мақсаттар жиынтығына қол жеткізу мақсат ағашы деп аталады. Мақсат ағашы ереже бойынша, иерархиялы түрде болады. Әрбір мақсаттың өзінің қол жеткізу өлшемі және сын-пікірі (сандық немесе сапалық) болады.
Бизнес-процестер кәсіпорынның бизнес-функцияларын жүзеге асырады. Бизнес-функция деп кәсіпорын қызметінің түрі түсініледі. Көптеген бизнес-функциялар функционалдық қызметтiң иерархиялық декомпозициясын ұсынады және қызмет ағашы деп аталады.
Бизнес-қызметтер көрсеткіш ағашын құратын кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерімен байланысты. Көрсеткіштер негізінде процестерді орындау эффективтілігін бағалаудың көрсеткіштер жүйесі құрылады. Процес иелері берілген көрсеткіш жүйелерінің көмегімен өздерінің бизнес-процестерін бақылайды.
Бизнес-
процестердiң тиiмдiлiгiн
- белгілі уақыт интервалында берілген сапамен өндірілетін өнім саны;
- қолданлатын өніи саны;
- типтік операциялардың орындалу ұзақтығы және т.б.
Үрдістерді ерекшелеу және жіктеу
Үрдістік сипаттамада минимум ретінде екі есеп шығарылуы қажет:
1. Барлық "Функционалық аудандар " жүйесін және ұйым үрдістері мен олардың арасындағы байланысты идентификациялау.
2.
"Кілттік" интеграцияланған
үрдістерді ерекшелеу және
Әр ұйымның қызметі өз тұтынушысы бар үрдіс ретінде іске асады: сыртқы – клиент немесе ішкі – қызметкер немесе ұйымның басқа үрдістерді іске асыратын бөлімшелері.Үрдістерді жүйелік сипаттау деңгейінде әр үрдістің маңыздылығы анықталады – сонымен бірге аз түсінігі бар қызметтерден тазарту жүреді. Бұл этапта ағымдық сипаттауға кілттік үрдістер таңдалады, олар қажет болатын, мысалы, үйымның ақпараттық жүйесін құру.