Түрік қағанаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 21:05, реферат

Описание

Қазақстан жері ҮІ ғасырда аса қуатты держава - Түрік қағанатының билігінің астына түсті. Оның басқарушылары ашин руының түрік тайпасы әулетінен шықты. Қағанат құрылуы алдындағы түрік этносының өз қалыптасуы кезеңдесіп ІІІ ғасырдан ІҮ ғасырдың ортасына дейін Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында өтті. Алғаш рет "түрік" этнонимін еске алу қытай жылнамаларында кездеседі және 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді хұндардың ұрпақтары деп санады. Тарихи сахнада Түрік қағанатының пайда болуы Бумын қаған атымен тікелей байланысты. Халық арасында оны "Ел қағаны" немесе "Ілік қаған" (бірінші қаған) деп атады.

Содержание

Кіріспе
Түрік қағанатының құрылуы, оның екіге бөлінуі
Батыс Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, құлауы
Түргештердің шығу тегі, Түргеш қағанатының күшеюі, әлсіреуі
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Реферат.Керимбай Молдир ИО-21.doc

— 121.00 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар:

    1. Кіріспе
    2. Түрік қағанатының құрылуы, оның екіге бөлінуі
    3. Батыс Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, құлауы
    4. Түргештердің шығу тегі, Түргеш қағанатының күшеюі, әлсіреуі
    5. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан жері ҮІ ғасырда аса қуатты держава - Түрік қағанатының билігінің астына түсті. Оның басқарушылары ашин руының түрік тайпасы әулетінен шықты. Қағанат құрылуы алдындағы түрік этносының өз қалыптасуы кезеңдесіп ІІІ ғасырдан ІҮ ғасырдың ортасына дейін Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында өтті. Алғаш рет "түрік" этнонимін еске алу қытай жылнамаларында кездеседі және 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді хұндардың ұрпақтары деп санады.

Тарихи сахнада Түрік  қағанатының пайда болуы Бумын  қаған атымен тікелей байланысты. Халық арасында оны "Ел қағаны" немесе "Ілік қаған" (бірінші қаған) деп атады. Мұның мағынасы "Бүкіл елдің патшасы" дегенді білдіреді. Бумын қағанның басшылығымен теле рулары мен тайпалары болып бірігіп, өздері билігінің астында болған "жуан-жуандарға" қарсы шығады.

Бумынның басшылығымен түріктер 552 жылы шайқастарда жуан-жуандарды талқандайды. Соғысқа араларында ең күшті Ашин руы бар түріктердің жуан-жуандардың қарамағынан құтылу тілегі себеп болды. Жуан-жуандарды соғысқа арандату үшін түріктер жуандар қағаны Анахуанның қызын өздерінің көсеміне әйелдікке айттырады. Бұл тілек Ананхуанның намысына тиеді, өйткені түріктер бұрын бұл туралы ештеңені ойларына алмайтын, олардың әскерлері үшін темір қорытып, жуандарға алым салықтарын мінсіз төлеп тұрған. Жеңіске өз тілектеріне орай түріктер жетеді. Бумын қаған оларға шабуыл жасап, талқандайды. Анахуань өзін-өзі өлтіреді, ал жуандардың тақ мұрагері өз өмірін сақтап қалу үшін көрші елге бас сауғалайды. өкінішке қарай, халық "Ел қағаны" деп атаған Бумын қаған сол жылы өледі.

Бумынның қазасынан кейін таққа оның кіші інісі Қараескі отырады, оның басшылығымен түріктер жуан-жуандарға Бұқрат тауында, Орхонның жоғарғы ағысының бір жерінде екінші рет соққы береді. Қысқа уақыт ішінде (552-554 ж.ж.) түріктер каи (татабтар), қидандар және оғыз-татарлар, солтүстікте енисейлік қырғыз тайпаларын жаулап алады.

Бұл жылдары түріктердің  батыстағы әскери науқаны одан да белсендірек бола түседі. Оларды Түрік қағанатының негізін құрушы Бумын қағанның екінші бір інісі Истеми қаған басқарады. Ол ағасының көзі тірісінде 10 рулық-тайпалық бірлестіктерді (тайпаны) басқарды және бірнеше рет батысқа жорықтар жасады.

  Жужандарды 554 жылы толық талқандағаннан  кейін, көктемде, шөп өскен соң, тек салт аттылардан тұратын әскерімен Истеми Каспий теңізінің жағалауынан шығады. Кейін ақын Әбілқасым Фирдауси "Шахнамеде" - "Патшалар кітабында" жазғандай, Истеми иеліктері Қытайдан Әмударияға дейін созылып жатты. Бұдан бір жарым - екі жыл ішінде түріктер өздеріне бүкіл Орталық Қазақстанды, Жетысуды және Хорезм хандығын бағындырып алғаны көрінеді.

Истеми 561 жылы Орта Азияға орнығып алған эфталиттерге (Ақ ғұндар) қарсы соғыс бастайды. Эфталиттер жуан-жуандардың одақтастары  болды, сондықтан оларға қарсы тұру үшін Истеми Иранмен одақ құрады. Несефа (Қарши) қаласының түбінде эфталиттер түріктерден ойсырай толық жеңіледі.

Парсылармен де күресе жүріп, Истеми Византиямен одақ құрады. Мәселе эфталиттер мұрасын бөлісуде түріктер мен парсылар (Иран) келісімге келе алмауында болады. Византиялық елші Менандр Истемидің ордасында болғанын өзінің жазбаларында былайша суреттейді: "Олар түстенді, және сол күнін шатырда тойлаумен өткізді. Ол түрлі бояулармен әдемі бүркілген жібек маталардан жасалған. Олар шарап ішті, бірақ біздегі жүзімді сығып алатындай емес. Олар пайдаланатын қайдағы бір тағылық сусын. Келесі күні олар (римдіктер) сондай жібекпен жабылған және қожалақтанған басқа баспанаға ауыстырылды. Мұнда да түрлі кейіптегі табынатындары (ардақтысы) тұрды. Дизавул (Истеми қаған) түгел алтыннан апталған былғары үстінде отырады. Бұл бөлменің ортасында алтын ыдыс-аяқтар мен әшекей бұйымдар самсап тұрады ... Келесі күні олар алтынмен қапталған ағаш бағандары, сондай-ақ алтыннан құйылған төрт тауыс құс бейнелі тіреуге орнатылған тағы бар бөлмеге келеді. Бөлменің алдындағы кең жерге арбалар ұзынынан қойылыпты, олардың үсті күміске, ыдыс-аяқ пен кәрзіңкелерге және күмістен құйылған, бізде жасалатындардан бірде кем емес төрт аяқты аңдардың мүсіндеріне толы".

Алайда 575 жылы Византия мен Рим өзара келісім жасасады. Түріктерге қарсы күреске олардың вассалдарын тарту үшін, Византия Закавказьеге және Кавказға да еніп кетуге талпынады. Бұған жауап ретінде бұл аймаққа түрік салт аттылары жойқын жорық жасайды.

Бірақ осыншама кең жерде мемлекеттігі әлі қалыптаса бастау шеңберіндегі Түрік қағанаты ұзақ уақыт тұра алмады. Еуразияның аса үлкен бөлігін қамтыған, әртүрлі тілдерде сөйлейтін және әртүрлі этностарды күшпен біріктірген көшпелілердің әскери империясы болып табылатын ұлы Түрік қағанатын бір орталықтан басқару қиынның қиыны еді.

Өздері мұздай сауытпен құрсанған, бақайшағына дейін қаруланған қуатты әскерге сүйенген жоғарыдан төменге дейін ел басқарған қағандар, тегіндер, шадтар, ябғулар, елтеберлер, тұтықтар және жергілікті рулық-тайпалық бірлестіктерді басқарған бектер үлкен қиыншылықпен қол жеткізген арайлы тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең түсіне қойған жоқ. Мансапқорлық пен таққұмарлық елді билеген Ашына әулетінің ұрпақтарын меңдеп алып, емі жоқ «ауруға» айналды. Осындай мерез пиғылға тосқауыл қою үшін кезінде данагөй Ашына Мұқан қаған әкесінің орнына баласы таққа отыратын дәстүрді бұзып, ағаның тағына іні отыратын жаңа салтты енгізген еді. Осылайша қаған ауысқанда таққа сарыауыз жас бала емес, ақыл тоқтатқан азамат ие болатын болды.        

Алайда айтарлықтай  өсіп-өнген және қажетті деңгейдегі билікке қол жеткізе алмаған Ашына әулетінің өкілдері мемлекеттің тәуелсіздігінен гөрі өздері басқаратын аймақтардың тәуелсіздігін жоғары қоятын болып алды. Олар жергілікті жерлерден рулық-тайпалық негізде құралған айтарлықтай қуатты да садақты әскерлерімен жоғарғы билікті басып алуға болады деген зиянды пікір жетегіне ілесті. Мұның өзі оларды өзара ішкі соғыстарға алып келді. Нәтижесінде қағанат ішінде әртүрлі аймақтарды басқаратын бірнеше қаған қатарласа пайда болды. Бұл шырғалаң 20 жылдан астам уақытқа созылып, ақырында 603 жылы Ұлы қағанаттың екі мемлекетке – Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлініп кетулеріне алып келді.

 Түріктердің  сорына қарай дәл осы тұста,  бұрын Қытайды бытыраңқылықта  ұстап келген Сәнбилердің Тоба  әулеті тақтан тайдырылып, оның  орнына қытай нәсілін жедел біріктіріп күшейтуді қолға алған қытайлық Суй әулеті (583-638 ж.ж.) өкілдері билікке келді. Олар өздерінің байырғы ата жаулары түріктерге қарсы «алыстағысымен бірлесіп, жақындағысына қарсы тұру, күштісінен бой тасалап, әлсізімен бірлесу» саясатын ұстанды. Бұл, әрине, жаңалық емес болатын. Көшпелі түріктердің өздері де мұндай арандату әдісін өзінің жауларына қарсы талай рет қолданған еді. Мұның өзі шын мәнінде дұшпандар арасына іріткі салып қана қоймай, оларды әдейі бөлшектеп, өзара іштей қақтығыстыратын бағыт еді. Түріктердің өзара жауласып, екі қағанатқа бөлініп кетулері олардың ішкі саясатына Қытайдың араласуын күшейте түсті.

Бұған қолайлы  жағдай 603 жылы түркітілдес он Телес  тайпалары біртұтас Түрік қағанатын 599 жылдан бері билеп келген Қара  Шұрын Түрікке қарсы көтерілгеннен кейін қалыптасты. Ол көтерілісшілерден бейтарап аймақ Тогонға қашып құтылды. Енді екіге бөлінген елдің Шығыс қағанатындағы билікке Жоңғар келсе, ал Батыс қағанат тағына Тарман отырды. Тарман Қара Шұрынның хансу әйелінен туған еді және әкесіне қарсы бас көтергендерді қатал жазалаумен жүйелі түрде айналысты және өзінің ішкі саясатын Дулу тайпалық одағына біріккен бес түрік тайпаларына сүйене отырып жүргізді. Анасы қытайлықтардан болса да, Тарман Батыс түріктерін қытайлықтарға тәуелсіз елге айналдыру үшін барынша күресті.

Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар.

Аумағы

Батыс түрік  қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тай-па» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.

Шаруашылық-экономикалық жағдайы

Шаруашылық-экономикалық жағынан  алғанда, қағанат екі негіздің —  мал шаруашылығын көшпелі әдіспен  жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік  қоғамның ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті. Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік каганатының) халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлегі болды. Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.

Қоғамдық -экономикалық қатынастары

Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық  қатынастардың орнығу арнасында  жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.

  Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзіңде шығыс түріктері де ездерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.

Суябқа жақын жазғы  резиденция — Цзедань қағанның ордасы болған. Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді. Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер кеп болды. Кәшпелі коғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы ұжымдарының көшіп-қонып жүруі қағанаттың жоғарғы өкіметіне енжар қарсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдере көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді. VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны Ябғудың ордасында болған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, — дейді ол. — Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аңтерісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті «көз қаратпайды» дейді ол.

Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар — ябғу, шад және елтебер — қаған руының өкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар атқарды. Бектер — тайпа бастық- тары мен өкілдері — жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Тағы бір категория — үй-қаған барынша назар аударарлық. Деректеме оны былай деп сипаттайды: «Дәрежесі ябғудан төмен қағандар болады. Сондай-ақ бір үй болып тұратын бір атадан тараған көп адамдар да (фамилиялар) өз басшысын үй-қаған деп атайды; түріктер үйді үй деп атайды, демек бұл үй қағаны деген сөз»'°. Әңгіме бұл жерде қауымның негізгі экономикалық бөлінісі партиархаттық отбасылық қауым жөнінде болып отыр. Қағанаттың қанауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардың қалай аталғаны белгісіз, бірақ шығыс түрік әлеумеггік терминологиясына ұксастырып, оларды «қара бұдун» («тобыр», «қара халық») деп атаған деп топшыланады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, ал екінші жағынан, оларға бағынышты, вассалдық, тәуелді тайпалар болып бөлінген.

Информация о работе Түрік қағанаты