Қолма қолсыз Ерболат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:53, курсовая работа

Описание

Ақшалай қаржыларды жұмсаудың есебін дұрыс жолға қойып және бақылау, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерінің тәртіптерін,төлемдер мен ақша аудары,валюталық реттеу және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын орындауға байланысты болады. Кассалық операциялардың есебін жүргізу мен рәсімдеу тәртіптері ұйымның есеп саясатында көрсетілуге тиісті.

Содержание

Кіріспе
1. Қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі
1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары
1.3 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі
2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың ерекшеліктері және оның түрлері
2.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

2.2.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
2.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі
2.4. Чекпен есеп айырысу есебі
2.5.Аккредитивтік есеп айырысу есебі
2.6. Инкассалық жарлықтармен есеп айырысу есебі

Қорытынды

Қолданылған әдебиерттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қолма қолсыз Ерболат.doc

— 186.50 Кб (Скачать документ)

Өтелмген (кепілденген) – бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.

Кепілденген аккредитивті эмитент-банк сатып алушымен келісімшарт негізінде, сондай-ақ басқа банкпен арадағы корреспонленттік қарым-қатынас жағдайына байланысты ашады.

Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады.

Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді.Аккредитив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады.

Аккредитивтің басты артықшылығы, оныңтөлеуге кепіл болуымен сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімінжөнелте алмайды және оның сақталуы да қосыымша шығындарды қажет етеді.

Аккредитивмен еспе айырысуды жүзеге асыру кезінде келесі шоттар корреспонденциясы құрылады.

-Банкте жабылмаған аккредитивті ашу:

Дт 6005 «шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Кт 6505 «Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

-Басқа банк ашатын аккредитивті банктің бекітуі:

Дт 6010 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Кт 6510 «расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

-Клиент есебінен ашылатын жабылған аккредитивті банктің ашуы:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар»

Жабылған аккредитив банктің басқа банктегі қаржысы есебінен ашылғанда:

Дт 1855 «Құжаттандырылған есеп айырысу бойынша дебиторлар»

Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоттары»

Банк басқа банкте жабуды жүргізбесе.

Дт 6020 «шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Кт 6520 «шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

-Аккредитив орындалса немесе жойылса, келесі шоттар корреспонденциясы құрылады. Жабылмаған аккредитивті дайындау немесе жою кезінде:

Дт 6505 «Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

Кт 6005 «шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Жабылған аккредитивті орындау немесе жою кезінде, егер банк басқа банкте өтеу жасамаса:

Дт 6520 «шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер»

Кт 6020 «шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Жабылған аккредитивті орындау кезінде баланстық шотбойынша келесі өткізбе жасалады:

Дт 2855 «құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар»

Кт 1052 «Банктің басқа банктегі корреспонденттік шоты»

      1855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша дебитрлар

 

 

2.6. Инкассалық жарлықтармен есеп айырысу есебі

 

Инкассалық жарлық – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келесімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инкассалық жарлық салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндай салық және кеден органдарының инкассалық жарлықнан басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы , қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.

Инкассалық жарлық төлемінің тағайындалуы ақшаны аударышының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық берілетін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық жарлық сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық жарлықтар шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше  жағдай ол шоттағы қаражаат қозғалысына тиым салынады. Мұндай төлем басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

Алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдылықтарының талаптарына және жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы келісімге қайшы келетін бұйрықты қайтару туралы жарлықтарды қабылдамауы тиіс. Алушы-банк немесе бенефициар банк төлем тапсырысын қайтару туралы жарлықты уақаталы алмаса ақша аударымын жүзеге асыруға құқылары жоқ. Бұл кезде алушы-банк немесе бенефициар банк түскен соманы жөнелтушіге қайтаруға міндетті. Бұйрық алушы банкке бұйрықты орындауды тоқтата тұру туралы жарлық жөнелтушінің жолдауы арқылы тоқтатылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, есеп айырысу операциялары - екі формада жүзеге асады: қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.

Есеп айырсу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.

«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 2 сәуірде бекіткен №179 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

      төлем тапсырмасы;

      төлем-талап тапсырмасы;

      инкассалық жарлық;

      чекпен есеп айырысу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиерттер тізімі

 

1.      ҚР-ның 28 шілде 19968 жылғы «Ақшаларды аудару мен төлеу жөніндегі» Заңы, өзгертулері және толықтыруларымен бірге.

2.      15 қыркүйек 1999 жылғы «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банкті шоттарын ашу, жүргізу жәнежабу тәртібі жөніндегі» нұсқау.

3.      Ақша, несие, банктер: Оқулық /жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейітқасымов/ - Алматы: Экономика, 2001

4.      Мақыш С.Б., Іляс А.Ә. Банк ісі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2004

5.      Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы : Экономика, 2004.

6.      Сейткасимов Г.С. Банковское дело. – Алматы : Қаржы-қаражат, 1998.

 

 

3

 



[1] Валюталау күні – бұл инициатор белгілеген бенефициар ақша алатын төлем тапсырысында көрсетілген күн.


Информация о работе Қолма қолсыз Ерболат