Қолма қолсыз Ерболат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:53, курсовая работа

Описание

Ақшалай қаржыларды жұмсаудың есебін дұрыс жолға қойып және бақылау, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерінің тәртіптерін,төлемдер мен ақша аудары,валюталық реттеу және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын орындауға байланысты болады. Кассалық операциялардың есебін жүргізу мен рәсімдеу тәртіптері ұйымның есеп саясатында көрсетілуге тиісті.

Содержание

Кіріспе
1. Қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі
1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары
1.3 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі
2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың ерекшеліктері және оның түрлері
2.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

2.2.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
2.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі
2.4. Чекпен есеп айырысу есебі
2.5.Аккредитивтік есеп айырысу есебі
2.6. Инкассалық жарлықтармен есеп айырысу есебі

Қорытынды

Қолданылған әдебиерттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қолма қолсыз Ерболат.doc

— 186.50 Кб (Скачать документ)

 

Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі есеп айырысу операцияларын бөліп көрсетуге болады:

-аккредитивтік операциялар;

-инкассолық операциялар;

-аударым операциялары;

-клирингтік операциялар.

Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына байланысты есеп айырысу операциялары былайша жіктеледі:

-төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;

-чектермен есеп айырысу;

-вексельдермен есеп айырысу;

-төлем карточкаларымен есеп айырысу;

-қолма-қол есеп айырысу.

Есеп айырысу операциялары Қазақстан Республикасының 28.07.1998 жылғы «Ақша төлемі және аударымы туралы» Заңға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен екінші деңгейлі банктерде төлемдерді жүзеге асыру және төлем құжаттарын пайдалану туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Банк аударым операцияларының үлкен көлемін жүзеге асырады, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржы аударымдарын жүзеге асыру тапсырыстарын орындау бойынша операциялар.

Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:

-         төлем тапсырмаларымен;

-         төлем-талап тапсырмаларымен;

-         инкассолық жарлықтармен;

-         чектермен;

-         аккредитивтермен;

-         вексельдермен;

-         банктік карточкалармен.

 

2.2.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі

 

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу – бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.

Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мынадай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлар мен көрсеткен қызметер үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комисиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны олтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады. Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімнен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем – бұл тауарды жөнелткенге дейін төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімнен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1- суретте берілген.

 

                                                  1               Аударушы ()

 

               4                                                             2

                                                      3

 

 

 

 

          

1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы

1 – тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 – төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 – бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 – бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.

 

Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында ақша аударуымына өтінішті ұсынады. Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген төлем құжаты бболып табылады.

Алушы банк ақша аударымына жазылған төлем тапсырмасын немесе өтінішті оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен аударысға өтініштен тыс төлем негізін дәләлдейтін басқа да құжаттарды талап етуге міндетті. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша төлем  тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін [1]  көрсетеді.

Төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады:

1. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банкте қызмет көрсетілсе, онда келесі өткізбе құрылады:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» ақша жөнелтуші

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» бенефициар

 

2. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әр түрлі банкте қызмет көрсетілсе, олардың есеп айырысу корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 1051 «Банктің Қазақстан республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты»

Немесе

Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоты»

3. Есеп айырысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссииялық ақы ұстайды:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 4601 «Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелегн комиссиялық кірістер»

 

2.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі

 

Төлем талап-тапсырмасы – бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төле мтапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың төлушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банке келісімін беруі тиіс.

Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы үш күннен отыз күн аралығында №1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.

Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны үш күн ішінде банкке хабарлайды. Соөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелеу бенефициарға қайтарылады.

Төлем талап-тапсырмасы бойынша еспе айырысудаға құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі.

                                                                1

       

                                                                         2                  3                  4

                         6

                                                                      5

        

 

 

 

 

 

5-сурет. Төлем талап-тапсырмасы бойынша  есеп айырсудағы құжат айналымының сызбасы

1- тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2- төлем талап-тапсырмасын аударушының банкіне жіберіледі; 3- есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беруі үшін беріледі; 4- төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегеріледі; 5- бенефициардың банкіне қаражатын аударып, онда бенефициардың шотына есепке алынады; 6- бенефициардың шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайды.

Төлем талап-тапсырмасымен еспе айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.

Төлем талап-тапсырмасын толыө немесе жартылай төлеуге келісім берілген жағдайда, жөнелтуші оның барлық данасын банктік шоты жүргізуге өкілетті тұлғалар қолы және мөртаңбасымен рәсмідейді және оны қызмет көрсетуші банкке жолдайды, оның:

-         бірінші данасы жөнелтуші шотынан ақша алуға негіз юолады және операция аяқталған соң банктің құжаттарына орналастырылады;

-         екінші данасы бенефициарға қызмет көрсетуші банкке жолданады;

-         үшінші данасы тауар, көрсетілген қызмет, орныдалған жұмыс үшін төлем жүргізілгендігі туралы қолхат ретінде тиеу құжаттармен қоса жөнелтушіге қайтарылады.

Төлемнің сома бөлігінде жөнелтуші шотынан алынуға тиісті сома санмен жіне сөзбен жазылуға тиіс.

 

 

2.4. Чекпен есеп айырысу есебі

 

Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырсудың қолайлылығы  мынада:

-         егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы  төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда ;

-         сатушы бегісіз болған жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банкі Басқармасының бекіткен №266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

Айтылған ережеге сәйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді:

-  Кепілдеген чек – чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің кепілін көрсететін чек.

-  Кепілдендірілмеген чек – чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;

-  Қамтамасыз етілгенн чек – банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек.

Ережеге сәйкес, чек – бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстауға төлеу туралы бұйрығы.

Чектің өзіне тән төмендегідей көрсеткіштері болады:

1.      «чек» -  деген атауы;

2.      чек номері мен сериясы;

3.      Чектің қызмет ету мерзімі;

4.      Чек берушінің аты жөні,

5.      Чек берушінің СТТН-і,

6.      Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі,

7.      Чек ұстаушының аты-жөні;

8.      Чек ұстаушының СТТН-і,

9.      Чекті төлеуге міндетті чекті беруші банктің атауы,

10. Чек беруші банктің жеке банктік коды;

11. «Бұйрық бойынша төлеңіз» кестесі;

12. «Төлемнің тағайындалу» кестесі;

13. Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушыынң белгі соғатын орны;

Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақша алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгедегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отырады. Чекті пайдалану банктен алынатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапше алуға өтініш жасайды.

Чектің қызмет ету мерзімі тоқтатылған күнді есептемегенде 10 күнді құрайды.

Чектермен есеп айырысу жасалған соң шоттардың келесі коррреспонденциясы жүргзіледі:

1. Егер чек беріші мен чек бір банкте қызмет көрсетілсе:

Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

2. Егер чек беруші мен чек ұстаушыға әр түрлі банктер қызмет көрсетсе, чек беруші банкте:

Дт 2221  «Клиенттердің арнайы салымдары»

Кт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»

Чек ұстаушы банкте:

Дт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

 

2.5.Аккредитивтік есеп айырысу есебі

 

Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында  біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив – бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредитив алушының) банкісінің жабдықтаушының аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде «Аккредитив» жеке баланстық шот ашылады.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:

-өтелген және өтелмеген;

-қайтарылатын және қайтырлмайтын.

Өтелген (қаражат аударылған) – бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс-әркектінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві.

Информация о работе Қолма қолсыз Ерболат