Қолма қолсыз Ерболат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:53, курсовая работа

Описание

Ақшалай қаржыларды жұмсаудың есебін дұрыс жолға қойып және бақылау, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерінің тәртіптерін,төлемдер мен ақша аудары,валюталық реттеу және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын орындауға байланысты болады. Кассалық операциялардың есебін жүргізу мен рәсімдеу тәртіптері ұйымның есеп саясатында көрсетілуге тиісті.

Содержание

Кіріспе
1. Қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі
1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары
1.3 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі
2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың ерекшеліктері және оның түрлері
2.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

2.2.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
2.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі
2.4. Чекпен есеп айырысу есебі
2.5.Аккредитивтік есеп айырысу есебі
2.6. Инкассалық жарлықтармен есеп айырысу есебі

Қорытынды

Қолданылған әдебиерттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қолма қолсыз Ерболат.doc

— 186.50 Кб (Скачать документ)


 

Кіріспе

1. Қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары

1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу   құралдары

1.3 Банкаралық есеп айырысуды  ұйымдастыру негізі

2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың ерекшеліктері және оның түрлері

2.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

 

2.2.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі

2.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі

2.4. Чекпен есеп айырысу есебі

2.5.Аккредитивтік есеп айырысу есебі

2.6. Инкассалық жарлықтармен есеп айырысу есебі

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиерттер тізімі

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Кіріспе

 

Ақшалай қаржыларды жұмсаудың есебін дұрыс жолға қойып және бақылау, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерінің тәртіптерін,төлемдер мен ақша аудары,валюталық реттеу және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын орындауға байланысты болады. Кассалық  операциялардың есебін жүргізу мен рәсімдеу тәртіптері ұйымның есеп саясатында көрсетілуге тиісті.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі — бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығы.

Осы арқылы құжаттарды қайта пайдаланып,ақшаны  бір құжатпен екінші рет кассалық шығыс ордерін жаздырып алып кетуге жол бермейді. Кей кездері бухгалтер мен кассирлар кассалық ордерлерге штамп басады,ал дұрысы қосымша құжаттарға штамп басылуға тиісті (төлем ведомостары,расчеттар,өтініштер ж.т.б.).

Қолма қолсыз есеп айырысуды жүргізу үшін, міндетті түрде кіріс және шығыс ордерлерін  тіркейтін журнал мен кассалық кітап ашылып,толтырылып отырылады. Оларды парақтары нөмерленіп,тігіліп, кәсіпорынның мөрі баслып,жауапты тұлғалар қол қояды. Кейінгі кездері есеп жүйесін компьютер арқылы жүргізуге байланысты,кассалық операцияларға байланысты кейбір талаптар орындалмай жүр, алайда касалық кітапты жүргізуге мен касирдің есебін машинограмма түрінде рәсімдеуге болады.

             Қолма қол ақша бойынша жүргізілетін операциялардың дені мекемеге қызмет көрсетілген банктегі есептесу счеты арқылы іске асырылады. Тауар сатудан түскен ақша,есептесу счетына апарып салынады, еңбек ақы мен іссапарлары шығынына жұмсалатын ақша ж.т.б. есептесу счеты арқылы банкіден алынады. Банкке ақшаның толық көлемде өткізіліп тұруды, кассалық шығыс ордерлерімен, кассирдыің есебімен, банк құжаттырмен, банк түбіртектеріне сай тексеріліп отырады, олардың көрсеткіштері бір бірімен сәйкес келуге тиісті.

Есептесу счетынан алынған ақша мөлшері, кассалық кіріс ордерімен, банкілік құжаттармен, чек кітапшасының түбірімен, кассалық кітаппен және банкілік құжатқа қоса берілетін кассалық ордерінің түбірімен салыстырылып отырады.Олардың сомалық көрсеткіштері бір біріне сай келуге тиіс

Мекеме басшысы, каасаны кенеттен тексеріп отыру үшін, комиссия құрып,оның уақытын белгілейді. Онымен қоса ондай тексерулер тоқсан сайын кем дегенде бір рет жүргізіуге тиісті.

 

 

 

 

1. Қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі

         1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары

 

Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады. Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:

• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда,

• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде,

• банк несиелерін алу және қайтаруда;

• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;

• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда,

• басқа да банкаралық есеп айырысуларда.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі — бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығы.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі;

Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиісті.

Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістерше толық сәйкес келген болатын.

Бұл қағидалар әсіресе мыналарға қатаң қарайды:

• төлеу орны — банқ, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болады;

• төлеу уақыты — өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тыйым салынды;

• төлеушінің келісімі — төлеудің негізіне жатады;

• төлеу көзі — сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;

• қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:

Бірншіі қағидасы — барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.

Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:

1) төлемнің мерзімділігі;

2) төлемнің қамтамасыз етілуі.

Төлемнің мерзімділік қағидасы — шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдық иіарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нүсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асырады.

Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:

• сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстың төлем түрінде;

• сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;

• сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін — қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.

Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.

Мерзімінен бұрынғы төлемдер — бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.

Мерзімі кешіктірілген төлемдер — бұл көзделген уақытта қарыздың міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.

Мерзімі өткен төлемдер — бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.

Төлемнің, қамтамасыз етілу қағидасы — бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді.

Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған қағидалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.

Демеқ қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары — бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем түралы ретінде қызмет етуін білдіреді.

Валюталық шотта жүргізілетін бухгалтерлік өткізбелердің кейбіріне назар аударалық:

Кесте 1

 

Шаруашылық операциялар мазмұны

Сомма

Шоттар корреспонденциясы

Дт

Кт

1

Валюталық шоттан банк несиесі төленді

250000

3010

1050

2

Валюталық шотқа тоқыма фирмасының кассасынан ақша аударылды

50200

1050

1010

3

Валюталық шоттан тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін шетелдік жабдықтаушыларға төлемдер төленді

105800

3310

1050

4

Валюталық шотқа шетел валютасымен банк несиесі кірістелді

50000

1050

3010/2

5

Валюталық шотқа үлес қосушылардан жарғылық капиталға салым ретінде шетел валютасы қабылданды

185000

1050

5020

6

Валюталық шотқа тауарлар үшін сатып алушылардан төлемдер түсті

80000

1050

1210/2

 

          1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу   құралдары

Казақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын, яғни 3488000 = ( 4000 X 872 ) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

• төлем тапсырмасы:

• төлем талабы-тапсырмасы;

• инкассалық үкім;

• чекпен есеп айырысу;

• вексельмен есеп айырысу.

Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:

1) төлем құжатының атауы;

2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;

3) ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

4) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

5) бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

6) бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

7) төлемнің тағайындалу коды;

8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;

9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);

10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН).

Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы — төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы» ҚР

Ұлттың банктің Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы

Төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.

Информация о работе Қолма қолсыз Ерболат