Қоршаған ортада мониторинг ұйымдастыру іс-шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:33, реферат

Описание

Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім

Жалпы Мониторингқа түсінік
Қоршаған ортаның Мониторингі
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері
Аэроғарыштық экологиялық мониторин
Қоршаған ортаның мемлекеттік бақылауы және табиғат қорғау заңнамаларының орындалуы.

Қорытынды
Пайдаланыдған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

3soj.docx

— 114.40 Кб (Скачать документ)




Ауа бассейнінің  жағдайы

Батыс Қазақстан облысының  Орал және Ақсай қалалары бойынша  ірі өнеркәсіп орталықтарындағы ауа бассейнінің есепті кезеңімен  салсырғандағы жағдайы тұрақты  көрсеткіштермен сипатталынады.

Батыс Қазақстан облысының, Орал және Ақсай қалаларының ірі  өнеркәсіптік орталықтарының ауа қабатының  жағдайы есеп беру кезеңінде бірқалыпты көрсеткішпен бағаланады.




Осы аэроғарыштық экологиялық  мониторинг жүргізу жүйесі геоақпараттық  технологияларды қолдануға, ғарыштық суреттерді қабылдау және өңдеу жөніндегі  қазіргі заманғы арнайы жабдық пен  математикалық бағдарламаларды  пайдалануға негізделген және барлық экологиялық деректерді ұдайы жинақтауға, талдауға және қорытуға, сондай-ақ экологиялық  жағдайды модельдеуге мүмкіндік  береді, бұл үздіксіз жаңартылып отыратын электрондық экологиялық картаны  құруға мүмкіндік берді.

2010 жылы геоақпараттық  жүйенің жаңа тиімді платформасы  негізінде үлкен мүмкіндіктері  бар және неғұрлым кең міндеттер  шеңберін шешуге мүмкіндік беретін  аэроғарыштық экологиялық мониторинг  жүйесінің жетілдірілген жаңа  нұсқасы әзірленді.




ҚМГ аэроғарыштық экологиялық  мониторинг жүргізуінің негізгі  міндеттері:

  • Атмосфералық ауаның ластану көздерін, соның ішінде ілеспе мұнай газын өртеу жөніндегі қолданыстағы шырақты қондырғыларды анықтау;
  • КТҚС мұнай дақтарын және ластану көздерін анықтау;
  • Магистральдық газ және мұнай құбырларының жоғары қауіпті тәуекелді учаскелерін анықтау;
  • Мазутталған аумақтарды анықтау және картаға түсіру, мазутталуды және ірі мұнай қоқысы қоймаларын ауданы бойынша жою серпінін бақылау;
  • КТҚС мұз жағдайын қадағалау;
  • Ақпаратты дерекқорда жүйеге келтіру және сақтау;
  • Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.

 

 

Атап айтылғандай, аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесінің  өзекті міндеттерінің бірі Каспий теңізінің  қазақстандық секторындағы мұнай дақтарын және ластану көздерін, соның ішінде мұнайдың төгілулерін анықтау және дәл математикалық модельдерді  пайдаланып жақын арадағы 120 сағатта  олардың тарауын болжау болып  табылады. Осы міндеттің өзектілігі Мексика шығанағындағы аварияның  экологиялық салдары аясында  анықтала түседі.Әзірленген жүйе және қазіргі заманғы технологиялар  табиғи және техногендік өрт, мұнай-газ  құбырларындағы авариялар сияқты төтенше  жағдайларды алыстан зондтау  әдістерімен жедел анықтау және мониторинг жүргізу міндеттерінде  тиімді пайдаланыла алады. 2010 жылғы 30 маусымда «Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және олардың салдарын жоюға дайындықты қамтамасыз ету  саласында ҚМГ қабылдаған шаралар  туралы» баяндама шеңберінде жүйе Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі  ұлттық комиссияның қаруына ұсынылған  және мақұлданған болатын.

Аэроғарыштық  экологиялық мониторинг жүйесін құру тәжірибесі Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің (JICA) Жапония мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес Каспий өңірін зерттеу жөніндегі есебіне енгізілді. тарату мемлекеттік күзет орындарының саны нормативтік талаптардың негізінде халық санымен, жергілікті рельефтер, ластанудың фактілік деңгейін есепке алу арқылы анықталады

 

Атмосфералық ауа жағдайының мониторингін Қазақстан Республикасы қоршаған орта жөніндегі Министрліктің Aэрология бойынша: ауа температурасы, дымқылдық, шық нүктесінің дефициті, желдің бағыты мен жылдамдығы туралы мәліметті кез келген атмосфералық биіктіктен (жерден 30 км қашықтыққа дейін) жердегі және жоғарыдағы инверсиялар  туралы мәлімет.

Tабиғи ортаның ластануы  бойынша: қалалардағы атмосфералық  ауаның ластану деңгейі

                                            Ауа бассейнінің жағдайы

Батыс Қазақстан облысының  Орал және Ақсай қалалары бойынша  ірі өнеркәсіп орталықтарындағы ауа бассейнінің есепті кезеңімен  салсырғандағы жағдайы тұрақты  көрсеткіштермен сипатталынады.

Батыс Қазақстан облысының, Орал және Ақсай қалаларының ірі  өнеркәсіптік орталықтарының ауа қабатының  жағдайы есеп беру кезеңінде бірқалыпты көрсеткішпен бағаланады.






мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер  көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік

факторларға байланысты биотадағы  кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру

 


Жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша ағымдағы жылда Орал қаласында атмосфералық ауаның жағдайы, өткен жылмен салыстырғанда кішкене жақсарды. Жедел мәліметтер бойынша күкірт диоксиді бойнша 1,04 есе (0,44 ШРК) және шаң 1,15 есе (1,3 ШРК ор. тәул.) концентрациясының төмендеуі байқалды. Күкіртсутегінің концентрациясы өткен жылмен бір қалыпта қалған 0,001 мг/м(0,125 ШРК). Аздап, азот диоксиді концентрациясының 1,3 есе өскені (0,58 ШРК) және көміртегі оксидінің 1,05 есе өскені(0,65 ШРК) байқалады.

Есеп беру кезеңінде анықталған ингредиенттер бойынша ШРК артықтық анықталған жоқ.

Орал қаласының атмосфералық ауасының ластануын байқау мәліметтері бойынша орташа республика бойынша аитарлықтай төмен. Атмосфераның ластану индексі (АЛИ5) 2,9 құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Ақсай қаласының атмосфералық ауасының жағдайында өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Аздап-қана көміртегі оксиді бойынша концентрацияның 1,14 есе төмендегені (0,31 ШРК), ал күкірт диоксиді бойынша концентрацияның 1,16 есе өскені байқалады (0,44 ШРК). Күкіртсутегі және азот диоксидінің концентрациясы өткен жылғы денгейде қалып, 0,002 мг/м(0,25 ШРК) және 0,03 мг/м(0,04 ШРК) құрайды.

Ақсай қаласының атмосфералық ауасында кукіртсутегі концентрациясының көптігі маусым айында байқалғанын атап айтқан жөн. Ол 0,003-0,004 мг/мқұрап, сәйкесінше 0,38-0,5 ШРК құрайды, ал азот диоксиді бойынша концентрациясының көптігі солай маусым айында болып, 0,035-0,04 мг/мқұрап, сәйкесінше 0,88-1,0 ШРК құрады.

Есеп беру кезеңінде анықталған ингредиенттер бойынша ШРК артықтық анықталған жоқ.

Батыс Қазақстан облысының ауа қабатын ластайтын негізгі көздер болып табылатын мұнай-газ кешені кәсіпорындары, жылу беретін қазандар, автокөліктер және элеваторлар. Олар атмосфераға азот қышқылдарын, көміртегін, күкірт ангидридін, күкіртсутегін, ұшқыш органикалық қосындылар және органикалық емес шаңдарды шығарады.

Су объектілерінің жағдайы.

Облыстың негізгі су көздеріне Жайық өзені мен оның салалары Шаған және Деркөл өзендері жатады. 2009 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша, былтырғы жылмен салыстырғанда жер үсті суларының сапалық құрамы аз мөлшерде өзгерді.

Талдауға қарағанда биылғы жылдың есепті кезеңінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанада БПК5, тұзды аммоний, фенол мен хром сияқты көрсеткіштер бойынша  қткен жылға қарағанда су ластау. Шаған мен Деркөл өзендерінде де осындай жағдай байқалды.

Облыстың шағын өзендері суларының құрамында хлоридтер, сульфаттар, магний тәрізді тұздардың жоғарлауымен сипатталады. 

Өткен жылмен салыстырғанда шағын өзендердегі ластаушы заттардың концентрациясы мен  СЛИ көрсеткіштері жоғарылау, бұл қысқы-көктемгі кездердегі табиғи-климаттық жағдайлармен байланысты.

Ластану деңгейі біршама жоғары болып келген өзендердің қатарына: Өленті, Березка,  Ащы,  Шолақ-Анқаты, Шедірті, К. және Ү. Өзен және Рыбный Сакрыл көлі  жатады.

Органикалық және фенолдық ластанудың жоғарлауы, ал мұнай өнімдері бойынша өткен жылмен салыстырғанда төмендеуі байқалды.

2.Қоршаған ортаның мемлекеттік  бақылауы және табиғат қорғау заңнамаларының орындалуы.

2009 жылдың 8 айы бойынша экологиялық инспекция бөлімімен 293 табиғат  пайдаланушыларға тексеріс өткізді. Тексеріс барысында экологиялық нормалар мен ережелердің бұзылуы бойынша 239 факт анықталды.

Тексерістің нәтижесінде сомасы 4 129 034,4 мың.тенгенің 152 әкімшілік айыппұлы салынды.

Есеп кезеңіндегі салынған 152 айыппұлдың заңды тұлғаға  79 әкімшілік айыппұл, лауазымды тұлғаларға 48 айыппұл, жеке тұлғаларға 21 айыппұл, жеке кәсіпкерлерге 4 айыппұл салынған.

Жалпы айыппұл сомасының заңды тұлғаларға салынғаны 4 128 128,0 мың тенге, ал лауазымды тұлғаларға 756,1 мың.тенге, жеке тұлғаларға 101,9 мың.тенге, жеке кәсіпкерлерге 48,4 мың.тенге.

140  әкімшілік айыппұл, жалпы сомасы 4 128 018,2 мың тенге салынған.

Қоршаған ортаға келтірген залалына байланысты жалпы сомасы 7 967,5 мың тенгені құрайтын 66 қуыным талабын қойды. 2009 жылдың 8 айы бойынша жалпы сомасы 7 465,0 мың тенге көлемінде 65 талап қойылды.

3.  Экологиялық талаптар мен нормалардың сақталуын насихаттау бойынша өткізілген кездесулер, БАҚ шығу туралы мәліметтер.

Облыстың экологиялық мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару және қоршаған ортаны туралы экологиялық ақпаратты тарату бойынша Жайық-каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы мамандары үнемі облыстық, қалалық және аудандық басылымдарда мақалалары жарияланып, «Ақ қайнар», «Маман кеңесі», «Это актуально» радиобағдарламалар, облыстық телеарналардағы тікелей эфирде «Ел алдында», «Время вашего вопроса» телебағдарламаларына қатысып тұрады.

Филиал тоқсан сайын экологиялық жаршы «Жайық табиғаты». 

Басылымдарда 29 мақала жарияланса, телевидение, радиодан берілген сұхбаттар саны 25, экологиялық тақырыпта 24 дәрістер оқылды.

Есеп кезеңінде  табиғат қорғау прокуратурасының, арнаулы-уәкілетті органдар,коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Орал қаласы полигонының қазіргі жағдайы және коммуналдық, улы қалдықтарды орналастыру инфрақұрылым объектілерін талдау» атты жұмыс кеңесі өткізілді.       

Наурыз айында филиал мамандары облыстық  табиғат және экология мұражайында өткізілген «Батыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

             Қазақстандық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері дүниежүзілік «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты. Акция барысында  студенттер баяндама жасап, экологиялық мәселелер мен олардың шешу жолдарын  талқыға салды.  Бұл акцияның мақсаты қоршағана ортаның қалыптылығын сақтап қалуға және парниктік газдардан шығатын шығарындыларды азайтуға бағытталған шаралар арқылы өз үлестерін қосу болып табылады. Облыстық экологиялық-биологиялық орталығында «Қазақстан болашағы балалар көзімен»  атты  облыстық конференция өткізілді. Конференцияға облыс және қала мектептерінің оқушылары қатысты. Конференция барысында «Экоүй», «Космосқа жаңа қадамдар», «Қуаттың дәстүрлді емес көздері», «Қалдықтарды пайдаға» т.б. секциялар жұмыс жасады. ЕҚЫҰ мен «Таң» ҮЕҰ (Атырау қ-сы) ұйымдастыруымен өткізілген «Тәжірибеліоқытуды пайдалану арқылы ынтымақтастық пен сенім қалыптастыру» атт 3-күндік семинарға филиал басшылығы мен мамандары қатысты. Бұл семинардың мақсаты коммерциялық емес ұйымдар мүшелері мен аймақтық билік өкілдері арасында шешім қабылдау кезінде ынтымақтастық пен сенім орнату болып табылады.

Дүниежүзілік  қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту шеңберінде төмендегідей шаралар  аталып өтті:

Дүниежүзілік  қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту қарсаңында өткізілген шаралар:

-3-6 маусым аралығында «Нұр Отан» ХДП БҚФ бірігіп Жайық өзенінің су қорғау аймағын тазалау акциясы өткізілді. Бұл шараны ұйымдастырушы «Жас эколог» ЖҚҰ. Акцияға «Нұр Отан» ХДП БҚФ, Зашаған кенттік округі әкімдігі өкілдері, Ж.Домухамедов атындағы педагогикалық колледж студенттері, №1, 27, 33 мектеп оқушылары және ЖКЭД БҚОФ мамандары қатысты.

- облыстық табиғат және экология мұражайында жаңадан Алматы қаласынана әкелінген экспонаттардың тұсаукесері және С.Ғұмаров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының экологиялық суреттер көрмесі ұйымдастырылды;

- Жайық-Каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы қалдықтарды жинау, сақтау, қайта өңдеу және залалсыздандыру мәселелерін жүйелі шешу бойынша  ұсыныстар қабылдау мақсатында «Батыс Қазақстан облысында қалдықтарды орналастыру мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына жергілікті атқарушы жетекшілері және билік өкілдері, қалдықтар мәселесімен айналысатын мамандар, ғалымдардың қатысуымен өтті.

- 6  маусым күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында облыстық экологиялық-биологиялық орталық БҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және ЖКЭД БҚОФ бірлесіп «Гүлдер әлемі» облыстық фестивалі өткізілді. Бұл фестивальдың  мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақты және экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу,  эстетикалық және  экологиялық тәрбиені насихаттау. 

4. Қоршаған ортаны ластануына берілген рұқсаттың есебі, Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы (МЭС), қоршаған ортаға эмиссияға төлемдердің түсуі:

2009 жылдың 8 айы бойынша Жайық-Каспий экология департаментінің облыстық филиалында 1 санат бойынша  7 тапсырыс қабылданды, соның 4 қаралу үстінде, 1 тапсырыс қоршаған ортаға эмиссияға қажетті құжаттардың жетіспеуінен кейінге қалдырылды, 2 рұқсат рәсімделді.

Қабылданған 25 тапсырыс материалдары қаралды, оның  22-сі бойынша рұқсат рәсімделіп, 3 тапсырыс өңдеу үшін кері қайтарылды.

Жылдың басынан бері 105 жобалық және жоба алды құжаттамалары қаралды, соның 60 бойынша МЭС қорытындысы берілді, 45-іне ұсыныстар мен ескертулер берілді. 2009 жылдың 1 қыркүйегі бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін облыстық бюджетке барлығы 11 757 562,0 мың теңге түскен, ол жоспардың 10 732 706 мың тенгесі немесе 109,5 %. Төлемақылардың көп мөлшері Бөрлі ауданының табиғат пайдаланушыларынан түскен - 11304794,8 мың тенге, Жаңақала аудпанынан - 39450,1мың тенге, Зеленов ауданынан- 178724,8 мың тенге  және Орал қаласынан - 128124,8 мың тенге.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6  
  • Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983 
  • Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.
  • Трифонова Т.А., Мищенко Н.В., Краснощеков А.Н. Геоинформационные системы и дистанционное зондирование в экологических исследованиях. М.:Академический проект, 2005 
  • Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК (проблемы совершенствования, перспективы развития). Алматы, Жеты Жаргы, 1995.

 

   Голиченков А.К. Экологический контроль: теория и практика правого обеспечения. М: Изд-во МГУ, 1991, 136 с.

 


Информация о работе Қоршаған ортада мониторинг ұйымдастыру іс-шаралары