Өткір сәуленің қоршаған ортаға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 13:59, реферат

Описание

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.

Содержание

Кіріспе

Өткір радиация

А) Гамма-сәуле
Б)Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері
В)Шет мемлекеттер армияларының жаппай жою қаруы.
Ядролық жарылыс кезіндегі өткір радиация
Г)Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
Қорытынды:

Зақымданудың координаталық заңы

Работа состоит из  1 файл

өткір сәуле.doc

— 119.50 Кб (Скачать документ)

Абылай  хан атындағы қазақ  халықаралық қатынастар және әлем тілдері  университеті 
 
 
 
 
 
 

 

Тақырыбы: Өткір сәуленің қоршаған ортаға әсері 
 
 
 
 
 

Орындаған: Нысанбекова М.

Шығыстану факультеті 106 топ

Тексерген: Төлегенова Р.Т. 
 
 
 

Алматы 2011жыл

Жоспар 

  1. Кіріспе
 
  1. Өткір радиация
 

    А) Гамма-сәуле 

    Б)Адам ағзасына  лазерлі сәуленің  әсері 

  В)Шет  мемлекеттер армияларының жаппай жою қаруы. 

         Ядролық жарылыс  кезіндегі өткір  радиация 

  Г)Ядролық  жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы 

  1. Қорытынды:
 

  Зақымданудың координаталық заңы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

     «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені. 

     «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты: болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру; төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорѓау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету.

Курс  бойынша шешілетін міндеттер  мынадай талаптармен анықталады: студенттер бейбітшілік және соғыс  уақытындағы төтенше жағдайларда  құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру және авария, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.

  Студент курстың соңында төтенше жағдайларда  құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын, тыныс алу жүйелерін қорғауға арналған құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалана білу.Төтенше жағдайларда, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары.

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Өткір радиация 
 

 

     Өткір радиация (орыс. Проникающая радиация) — ядролық жарылыс кезінде тарайтын радиоактивті сәулелер (гаммасәулелер мен нейтрондар). Ядролық жарьшыс кезінде пайда болып, лезде жанжаққа тарайтын, көзге көрінбейтін және адамдар сезінбейтін сәуле ағыны. Өткір радиацияға атом жарылысы энергиясының 10-15 пайызы кетеді. Өткір радиацияның әсері 10-15 секундқа созылады да, ол организм клеткаларын иондап, оған зиянды биологиялық әсерін тигізеді. Оның әсерінен тірі клеткалар кобею мүмкіншілігін жояды да, сәуле ауруына шалдығады. Аурудың дәрежесін радиоактивті сәулелендірудің молшері арқьшы біледі, оны рентген көрсетеді. Тротнлді эквиваленті 20 мың тонна ядролык бомба ашық жерде жарылғанда эпицентрден 600 м қашыктықта сәулелену дозасы 10 мың рентгенге, 1 км қашықтықта 1000 рентгенге, 1,5 км қашықтықта 100 рентгенге жетеді. Әр түрлі заттардан (оның ішінде ауадан да) өткенде гамма-сәулелер мен нейтрондардың күші кемиді. Радиацияның әсері жабулы блиндаждардан, баспаналардан, тік ордан, үйлердің кабырғаларынан, кемелер мен танкілердің корпусынан өткенде азаяды. Бұлар сәулелерден де қорғайды. Жер астында немесе су астында жасалған ядролық жарылыстың әсерін жер қабаттары (немесе су) едәуір азайтады, қауіпсіздендіреді. Мыс., 10 см бетон, 14 см жер қабаты, қалыңдығы 25 см ағаш Өткір радиацияның күшін екі еседей кемітеді. Сондықтан да жарылыс кезінде арнаулы орындарга жасырынган адамдар бірдей кашықтыкта түрғанның өзінде радиацияның мөлшерін ашық жерде қалғандардан едәуір аз қабылдайды.  

Гамма-сәуле 

Гамма-сәуле  шығару (орыс. Гамма-излучение) — ядролық жарылыс кезінде түзілетін, кемінде 1010 метр ұзын толқынды электрмагниттік иондалған сәулелену, ядролык атомдардың энергиялық жағдайының өзгеруі, ядролықка айналу және бөлшектердің аннигиляциясы. Ол өткір радиация құрайтындардын бірі болып табылады. Заттардың қалың қабатының арасынан өтіп кете алады. Тірі организмге әсер ете отырып, сәулелену ауруын тудырады.  
 

Адам  ағзасына лазерлі  сәуленің әсері 
 

      Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып  табылады, оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелермен,  ол қалыпты жарық  көздерінен монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі.

      Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде  ағзада, мүшелерде, тіндерде, тірі жасушаларда  дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі  сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне  жатады.

      Лазерлі сәулелердің биосубстраттармен  әсерінің нәтижесіне, лазерлі сәулелердің  белгілерінен басқа,  сәулелену құрлымының арнайы қасиеттері, олардың жылу сыйымдылығы  және жылуды өткізгіштігі, пигменттер және сумен қанығуы, олардың механикалық  және акустикалық қасиеттеріде белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіндердің биологиялық сәулелену қабілеті жұтылған және нәтижесінде көрінетін энергияның  көлеміне байланысты. Лазерлі сәулелер үшін көрінбейтін ағзадағы тіндер мен клеткалар жоқ. Бірақта жұтылған лазерлі сәулелердің деңгейінің  энергиясы біршама ерекшеленеді. Пигменттелген тіндер мен  жасушаларда көп мөлшерде жұтылу байқалынады. Аққа қарағанда қара тері энергияны көп жұтады. Лазерлі сәулелер гемоглобин, меланин, мидың ақ затымен салыстырғанда сұр затында, роговицамен салыстырғанда нұрлы қабатында белсенді түрде жұтылады.

      Биосубстраттармен жұтылған лазерлі сәулелердің энергиясы  жылынып, фотохимиялық процестерге  қолданылатын флюоресценциялды ұзын толқын түрінде бөлініп, электр өтімділіктерін қоздырып, өз кезегінде сәулеленген тіндердің зақымдануына әкелуі мүмкін.

      Лазерлі сәулелердің жылу және термиялық  нәтижелері өте жақсы оқылған, ол әсіресе пигменттелген тіндерде ерекше көрінеді және жұтылған энергияның көзіне байланысты зақымдалған жердегі  заттың бір мезгілде жоғалып кетуіне немесе әр түрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйікиердің пайда болуына әкеледі. Лазерлі  сәулелердің қысқа уақыттық әсерінен, температураның тез қалыптасуынан және көптеген биологиялық құрылымдардың аз жылу өтімділігінен пайда болған күйіктер қоршаған тіндерден өте жақсы шектелінеді, олар электро тоқтар және найзағай кезіндегі зақымдануларды еске түсіреді. Термиялық нәтиже қатаң түрде  шектелінеді, бірақта  зақымдалмаған тері кезіндегі, сәуленің өту жолы бойынша, зақымдану ошақтары тереңірек орналасуы мүмкн. Бұл сәуле жолы бойындағы пигменттенулердің деңгейіне байланысты, және сәулелену нәтижесінің тереңдігіндегі сәуле фокусының мүмкіндігіне байланысты.  Мысалы, көздің әйнекті денесімен лазерлі сәулелердің фокустануының әсерінен зақымдалған ошақ көздің торлы қабатында орналасады.

      Лазерлі әсердің соққы эффектісі жылу эффектісімен тығыз байланысты, себебі жылу энергиясы лазерлі сәулелермен  бірге бөлініп, сәулеленген тіндердің  көлемді жылуын шақырады, ол қоршаған тіндерге қысым тудырып, оның деформациясына әкеледі. Тіндердің бөліктерін бір сәтте жоғалтып жіберетін толқындардың соққылы эффектісінің дамуына аз көңіл аударылады.

      Зақымдалған ошақта пайда болған толқындардың соққысы  қоршаған тіндерде алғашында ультрадыбыспен, сосын дыбыспен, және соңында дыбыстан аз жылдамдықпен таралады. Сондықтан толқындар соққысының эффектісі сәулелену жерінің аз қашықтығындада анықталуы мүмкін.

      Сәулелер  толқындарының соққысы өте жоғары биіктерге дейін жетуі мүмкін (106 атм дейін). Әсіресе жабық қуыстардағы (бас сүйек, көз, кеуде клеткасы және т.б) толқындардың соққысының әсерінен пайда болған жылу көлемінің кеңеюі өте қауіпті, егерде осы жағдайларда толқындардың соққысының әсері будың түзілуімен жүретін болса.

      Тіндерде  ультрадыбыстардың тарауынан, толқындардың   соққысы кавитацияны тудыруы мүмкін, яғни  заттардың бөлшектерінің тез жоғалып кетуінің нәтижесінен қуыстар түзіледі. Пайда болан қуыс, толқындардың соққысынан кейін төмендеп, өз кезегінде қосымша компрессорлық толқынды тудырады.

      Лазерлі сәулелердің жылулық және соққылық эффектісінен басқа, электрлі және магнитті аймақтардағы биообьектілердің өзгерістерін тудырады. Күшті сәулелердің әсерінен пайда болған электрлік аймақ 107 В/см2 жетуі мүмкін, ол химиялық байланыстың әлсіреуі мен үзілуіне, бос радикалдардың түзілуіне, әртүрлі химиялық реакциялардың катализіне  жеткілікті болады. Осыған орай, лазерлі сәулеленудің әсерінен әртүрлі фотоэлектрлік және фотохимиялық нәтижелер пайда болады.

      Лазерлі сәулелер биологиялық обьектілерге күшті әсер етуіне байланысты, бұндай жағдайлар өндірістердегі техникалық қауіпсіздік бұзылыстарының күрделі бұзылыстары кезінде кездеседі. Лазерлі құрылыстармен жұмыс істейтін адамдар ұзақ , созылмалы аз күштіліктегі тура сәулелердің әсері адам ағзасында әлі күнге дейін оқылмаған. Өндітірсте жұмыс істейтін адамдарға өндірістік ортадағы бірқатар қолайсыз факторлардың  әсері бар:

  1. жұмысшылар бірқатар технологиялық  операцияларды орындау кезінле қолдарына тура лазерлі сәулелердің әсер етуі. Сонымен қатар, юстировка үшін қолданылатын, аз күштіліктегі гелий-неонды лазерлердің әсерінен тура лазерлі сәулелер жұмысшының көзіне түсуі мүмкін.
  2. диффузды көрінетін және жайылмалы лазерлі сәулелер, минималды тура сәулелену кезінде көру ағзасын тура зақымдау деңгейін жоғарлатады.
  3. факел және лампаларды үрлеу кезіндегі жарық светтерден пайда болған жарық импульстарының жиілігі бір лазеолік құрылымда бір тәулік ішінде 230 000-250 000 жетуі мүмкін.
  4. жұмысшылардың кей жағдайларда жартылай немесе толық  жарығы жоқ мекемелерде лазерлі сәулелермен жұмыс істеуілері керек.
  5. технологиялық операциялардың бірқатар ерекшеліктеріне байланысты қөру ағзасына жоғары мөлшерде көру ағзасына күш түсіреді (микроскоптың көмегімен лазерлі сәулелердің юстировкасы кезінде, микросхемаларды пайкалау кезінде және бинокулярлы ұлғайғыштардың бақылауымен тастардағы тесіктерді тігу және т.б).
  6. лазерлі құрылымдардың жұмысы кезіндегі тұрақты және импульсті шулар.
  7. лазерлі сәулелердің әсерінен жұмыс орындарындағы  ауаның ионизациясы өзгереді, озон, азот қышқылы және металл және қосындыларының  конденсациясының аэрозолдары. Осы заттардың барлығының ауадағы РБК жоғарлаған кезде адам ағзасына токсикалық әсер етеді.
  8. лазермен жұмыс жоғарғы электрлік тоқтың кернеулігімен, тура лазерлі сәулелердің  қауіптілігі және үлкен жауапкершілігіне негізделген, нервтік эмоционалдық бұзылыстармен жүреді.

      Клиникасы. Көз және тері жабындылары лазерлі сәулелердің әсеріне ұшырайтын критикалық ағзаларға жатады. Бұл жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері болмайды, ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді. Лазерлі сәулелермен шыны дененің күйігі катарактаны шақыруы мүмкін, ол туа пайда болған немесе жасына сай өзгерістер түрінде болады, нұрлы қабаттың күйігі  меланоманы тудырады.

      Көздің  тура немесе айналы көріністегі сәулелермен  сәулелену кезіндегі зақымданулар ауыспалы  қызметтерінің бұзылысчтарымен сипатталуы мүмкін: қараңғылық адаптациясының бұзылулары, мүйізді қабаттың сезімталдығының өзгерістері, ауыспалы соқырлық және т.б.

      Ауыр  жағдайларда лазерлі сәулелердің  қарқынды түрде ұзын толқынды көрінетін жәнеде жақын инфрақызыл спектрлердің  көру аймағына түсуі ауырсынусыз көрудің шектелуімен (скотоманың дамуымен) жүреді. Бұндай жағдайларда көз түбінде торлы қабаттың ісінуі және әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйіктер, әйнекті денеге және торлы қабатқа қан құйылулар анықталынады. кейін хориоретиналды күйіктің орнында, әдетте макулярлы немесе парамакулярлы аймақта көрудің төмендеуімен жүретін тыртық пайда болады.

      Ультрафиолетті  лазерлі сәулелер және спектрдің  инфрақызыл бөліктері  негізінен  оптикалық жүйенің беткей элементтерімен жұтылады: роговицца, хрусталик, әйнекті дене. Сондықтан ультрафиолетті диапазонда жұмыс істейтін лазерлер  роговицаның ауырсынумен жүретін күйіктерін тудыруы мүмкін, ол доғалы сваркілеу кезіндегі күйіктерге ұқсайды.

      Ұзақ  уақыт бойы лазерлі сәулелермен  қатынаста болған жұмысшыларда көру аймағы жағынан әртүрлі органикалық  және функционалды бұзылыстар болуы  мүмкін. Қараған кезде науқастар  жұмыстың соңында көздерінің шаршауына, көз алмасындағы тұйық және кесіп  ауырсыну «жарықты көтере алмау» сезімі, жылағыштық және көздің құрғауы «құм құйылғандай», қабақтың ісуі және ауырлық сезімінің болуына шағымданады.

      Көру  өткірлігі өзгермейді, бірақ түстерді ажырату босағасы, қараңғылық адаптациясының ұлғаюы, кейде көру аймағының тарылуы мүмкін.

      Лазермен  жұмыс істейтін науқастардың көбінде  хрусталиктің әртүрлі қабаттарындағы бірен саран немесе көптеген  лайланулар анықталынады. бұлар арнайы өзгерістерге жатпайды, және көптеген жағдайларда әртүрлі жастағы  топтарда кездеседі. Бірақта аз қарқындылықтағы лазерлі энергияның сүлелі әсерінен хрусталиктің субкапсулярлы аймағында ұсақ нүктелі немесе сызықты бұлдыраулар болуы мүмкін, ол хрусталиктің мезгілінен ерте қартаюына әкеледі.

Информация о работе Өткір сәуленің қоршаған ортаға әсері