Қоршаған ортаны қорғау мониторингі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 17:35, реферат

Описание

Қоршаған орта жай-күйіне бақылаулар 1972 жылдан бастап ұйымдастырылып, 1999 жылы қалпына келтірілді.
Қоршаған ортаның міндеттеріне және зерттеліп отырған құрауыштарына байланысты қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингісінің жүйесі мыналарды:
Атмосфералық ауа мониторингісін;
Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйінің мониторингісін;
Беткі сулардың сапалы жай-күйінің мониторингісін;

Работа состоит из  1 файл

Қоршаған орта мониторингісі.docx

— 249.93 Кб (Скачать документ)

`Қоршаған орта мониторингісі

Қоршаған орта жай-күйіне бақылаулар 1972 жылдан бастап ұйымдастырылып,  1999 жылы қалпына келтірілді. 
Қоршаған ортаның  міндеттеріне және зерттеліп отырған  құрауыштарына байланысты  қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингісінің жүйесі  мыналарды:

  • Атмосфералық ауа мониторингісін;  
  • Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы  жай-күйінің мониторингісін;  
  • Беткі сулардың сапалы жай-күйінің мониторингісін;
  • Топырақ жай-күйінің мониторингісін;
  • радиациялық мониторингті
  • трансшекаралық су ағыстарының мониторингісін қамтиды. 

Қоршаған орта жай-күйі үшін бақылаулар.

 


Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
Республиканың 28 елді-мекеніндегі стационарлық бақылау пунктерін қамтиды.

 


Атмосфералық жауын-шашын жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
45 метеостансаларды қамтиды.

 


Беткі сулардың жай-күйі үшін бақылаулар желісі. 
81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 57 өзенді, 9 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды.

 


Радиациялық мониторингтің  бақылау желісі. 
43 метеостансада жиынтық бета-белсенділікті анықтау. 
79-метеостансада гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеу.

Атмосфералық  ауа жағдайы – Қазақстан Республикасының  елді – мекендеріндегі атмосфералық ауаның ластануын бақылау жүйесі. Әрбір елді-мекендердегі бақылау  мен тарату мемлекеттік күзет  орындарының саны нормативтік талаптардың  негізінде халық санымен, жергілікті рельефтер, ластанудың фактілік деңгейін есепке алу арқылы анықталады. 
Атмосфералық ауаның мониторингі 
Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  республиканың барынша  ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында орындалады. 
Қазіргі таңда атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар республиканың  27 елді-мекеніндегі  69 ЛБП жүргізіледі. Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  мыналар бойынша:    
·        толық емес бағдарлама бойынша(тәулігіне 3 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ. 07,13,19); 
·        толық бағдарлама бойынша(тәулігіне 4 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ. 01, 07,13,19); 
·        үздіксіз режимде жүргізіледі.  
Атмосфералық ауа ластануын зерделеген кезде 17-ден астам ластаушы заттар, оның ішінде жүзбе заттар(шаң) күкірт диоксиді, көмірсутегі тотығы, азод диоксиді, күкірт сутегі, фенол, формальдегид, аммиак және т.б   анықталды. 
Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне мониторинг  
Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне бақылаулар Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым(ДМҰ) бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жауын-шашын және қар сынамаларында мыналар: 
- аниондар -сульфаттар, хлоридтер, нитраттар; 
- катиондар - аммоний, натрий, калий, кальций, магний; 
-  микроэлементер - қорғасын, жез, кадмий, күшәла 
-   қышқылдығы 
-   меншікті электр өткізгіштігі анықталады.  
       Атмосфералық жауын-шашын үшін бақылаулар күнделікті 45 метестансада жүргізіледі. 
Қар жамылғысындағы ластаушы заттардың барлығына бақылаулар жылына бір рет, қардағы ылғал қорының максималды жиналуы кезеңінде жүргізіледі.  Қар жамылғысының химиялық құрамы үшін Қазгидрометтің бақылау желісі  38 метеостансаны қамтиды.    
Радиациялық мониторинг 
Атмосфераның жерге жақын  қабатының радиациялық ластануы үшін бақылау Қазақстанның 14 облысындағы 43 метеорологиялық метеостансасында жазық планшеттармен ауа сынамаларын алу жолымен жүзеге асырылады. Барлық стансаларда бес тәуліктік сынамалар алу жүргізледі. Планшеттер экспозицияланғаннан кейін Алматы ГМО ОХАИ жіберіледі, мұнда жиынтық бета-белсенділігіне және гамма-сәуленену мөлшері қуаттылығына  радиометрикалық зерттеулер жүргізіледі.

Радиациялық мониторингтің  бақылау желісі мыналарды:  
 -        43 метеостансада-жиынтық бета –белсенділікті анықтауды;   
-         79 метеостансада-гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеуді қамтиды.

 
Топырақ жай-күйінің  мониторингі  
Топырақ жай-күйіне бақылаулар 20 өнеркәсіптік қалаларда жүргізіледі. 
Сынамалар жылына екі рет бес белгілі бір нүктелердегі қалалар шетінен және өнеркәсіп орталықтарынан одан әрі ауыр металдардың(қорғасын, мырыш, кадмий, жез, хром) бар болуын анықтаумен алынады. 
Беткі сулардың сапалы жай-күйі үшін мониторинг. 
Құрлықтың беткі суларының ластануы үшін бақылау пунктерінің көбі гидрологиялық стансалар және бекетттермен біріктірілген. Бұл ретте, тек қана гидрохимиялық  емес, сондай-ақ гидрологиялық сипаттамаларды (су өтімі мен деңгейінің, ағыстың орташа жылдамдығын) анықтау міндетті болып табылады. 
Беткі сулар жай-күйі үшін бақылау желісі 81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 57 өзенді, 9 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды. 
Алынатын су сынамаларындағы құрлықтың беткі суларының ластануын зерделеген кезд, су сапасының  40-тан астам физикалық-химиялық көрсеткіштерін(аммонийлі азот, жүзбе заттар, гидрокарбонаттар, сульфаттар, хлоридтер, кальций, қаттылық, магний, натрий, калий, жалпы темір,  кремний қос тотығы, марганец, жез, мұнай өнімдері, нитраттар, нитриттер, сутегі көрсеткіші, ерітілген оттегі, иіс, оттегінің биохимиялық тұтынуы  (ОБТ5), оттегінің химиялық тұтынуы (ОХТ), фенолдар, жалпы фосфор, меншікті электр өткізгіштік, фторидтер, синтетикалық беткі-белсенді заттар(СББЗ), роданидтер, цианидтер, мырыш, хром және т.б.) анықтайды.

 
  
Шығарылатын өнімнің түрлері 
§    Қазақстан Республикасының қоршаған орта жай-күйі жөніндегі   ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық бюллетеньдер;   
§       Қоршаған орта жай-күйі және Арал маңы халқының денсаулығы   жөніндегі ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық бюллетеньдер;   
§         «Морпорт Актау» АэА аумағында, 
§          Балқаш көлінің бассейнінде, 
§         Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде, 
§         Щучье-Бурабай  курорт аймағында; 
§         Нұра ө.бассейнінде 
§         Қоршаған ортаның жоғары(ЖЛ) және экстремальді жоғары ластануы(ЭЖЛ) жөніндегі шұғыл ақпарат; 
§        Қоршаған орта ластануының аялық жай-күйі жөніндегі анықтамалар. 
                                                                     АЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ    

 Қазақстанда биосфера  ластануының аялық жай-күйі және  оның өзгеру үрдістері жөніндегі  ақпаратты алу мақсатында Ақмола облысында «Бурабай» табиғи ортасының кешенді аялық мониторингісініңбір стансасы (КАМС) ұйымдастырылды.


Информация о работе Қоршаған ортаны қорғау мониторингі