Дисс. Орталық Азия аймағында ядролық қару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 08:56, диссертация

Описание

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XX ғасырдың екінші жартысында ядролық қару сияқты жойқын кару түрлерінің пайда болуы мен оны жетілдіруге байланысты адамзат өркениетінің құрып кету қауіпі сезіліп, ол еселене түсті. Хиросима мен Нагасаки қасіретінен сескенген адамзат ядролық қарудың таралуына жол бермеу туралы ойлана бастады. Аталған мәселе айырықша өткір талқыланып, маңызды рөлге ие болды. Мемлекеттердің өзара байланыстылығы мен тәуелділігі жағдайында қандай да бір жанжалдың ушығуы, жалпы дүниежүзіндегі түрақтылық пен қауіпсіздікке келеңсіз әсер ететінін түйсіну үшін әлемдік қауымдастыққа біраз уақыт қажет болды.
АҚШ пен бүрынғы КСРО басшылық еткен, ешқашан бітіспес жүйелердің блоктық ядролық тайталас заманында "ықтимал дүшпанды тежеу" немесе "кепілді қүртып жіберу" қүралы ретінде жер бетіндегі тіршілікті түбімен талай рет жойып жіберуге жететін ядролық қарудың орасан зор арсеналы жиналды. Ядролық қару халықаралық қатынастарда саяси бопсалау қүралына айналды. Күш тепе-теңдігінің "өлшемі" нақ ядролық қару болатын.
КСРО ыдырап, "қырғи-қабақ" соғыстың аяқталуы нәтижесінде әлем, ядролық қаруды таратпау түрғысынан алғанда түрақты бола қойған жоқ. Жаңа әлемдік тәртіп жағдайында халықаралық түрақтылыққа қауіп төндіретін мәселе - жаппай қырьш-жоятын қарудың таралуы болып табылады. Соның ішінде ең негізгісі - ядролық қаруды таратпау мәселесі. Ғаламдық геосаяси жағдайдың түбегейлі өзгеруіне қарамастан, дүниенің бірқатар аймақтарында айтарлықтай өткір этникалық, саяси, діни т.б. қайшылықтар сақталуда және оларда тактикалық ядролық қару қолдану ықтималдығын жоққа шығаруға болмас. Оның үстіне, соңғы жылдарда ядролық қаруды қолдарына түсіргісі келетін, әртүрлі экстремистік үйымдардың лаңкестік әрекеті етек алуда. Осының барлығы және ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелерін аса жауапкершілікпен шешу қажеттілігін туындатты. Дегенмен әлем қауымдастығы бірқатар халықаралық актілер мен шарттар қабылдап, оның таралуын, белгілі-бір өңірлерге орналасу мүмкіндігін біраз шектеді. Өкінішке орай, адамзат ядролық қаруды толық жоя алмай отыр.
Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелері казіргі заман халықаралық қатынастар тарихында және Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында ең маңызды орындардың бірін алады. Орталық Азия республикаларының бастамашылдық рөлі мен Қазақстанның дишюматиялық қызметі арқасында дүниеге келген нақты үлгілі мысал арқылы аталған саладағы уағдаластықтарға қол жеткізіп және оларды іске асыру шараларын зерттеу, заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі - ядролық каруды таратпау саласындағы халықаралық қатынастар дамуының кейбір негізгі үрдістерін айқындауға мүмкіндік береді.
Ядролық қаруды таратпауға күш-жігер жүмсау Қазакстан сыртқы саясатыньщ маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бүл жөнінде президент Н. Назарбаев: "Қазақстан...бірінші

Работа состоит из  1 файл

Дисс. Орталық Азия аймағында ядролық қару.DOC

— 633.00 Кб (Скачать документ)